17/05/2024  Пятница
Государственное учреждение

Ревизионная комиссия
Мангистауской области

Маңғыстау облысы бойынша

Тексеру комиссиясының

15.06.2018 ж. № 02-02/7 қаулысымен бекітілген

 

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

Мемлекеттік аудиттің мақсаты: бюджет қаражаты мен мемлекет активтерінің пайдаланылуына мемлекеттік аудит жүргізу.

Мемлекеттік аудит объектісі: Маңғыстау облысы әкімдігі Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Маңғыстау облыстық Е. Оразақов атындағы туберкулезге қарсы санаторийі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын).

Мемлекеттік аудитті Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бөлімінің бас маман – бас мемлекеттік аудиторы А.О. Рзамбек жүргізді.

Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2016 жылдың 01 қаңтарынан – 2017 жылдың 31 желтоқсанын қоса алғандағы аралығы.

 

Негізгі (талдамалық) бөлік

Кәсіпорынның басқару органы Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы болып табылады.

Кәсіпорын қызметінің мәні мен басты мақсаты туберкулезден зардап шегетін адамдарға медициналық көмек көрсету, тиісті құжаттамасы болған жағдайда облыстың аудан және қалаларынан келген науқастарды қабылдау және орналастыру, туберкулезді диагностикалаудың, емдеудің және алдын алудың заманауи әдістерін тәжірибеге енгізу, халықтың денсаулығын нығайту міндеттерін шешу болып табылады.

Кәсіпорын өз қызметін мерзімі шектелмеген 24.11.2011 ж. № ЛП00347DE мемлекеттік лицензиясы негізінде жүзеге асырады.

2016 жылы Кәсіпорынның кірістері 83 040,0 мың теңгені құраған. Кәсіпорынның даму жоспарының негізгі көрсеткіштерін талдау қаржыландыру толықтай бюджет қаражаты есебінен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында медициналық қызметті көрсетуге «Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ-мен жалпы сомасы 83 040,0 мың теңгеге жасалған шарт бойынша жүргізілгендігін көрсетеді.

Шығыстары 83 040,0 мың теңгені құраған, олардың басым көпшілігі еңбекақы қоры және дәрі-дәрмектер мен санаториялық режиммен азық-түліктерді сатып алу бойынша шығыстардың үлесіне тиесілі.

2017 жылы Кәсіпорынның кірістері 88 762,0 мың теңгені құраған. Кәсіпорынның даму жоспарының негізгі көрсеткіштерін талдау қаржыландыру толықтай бюджет қаражаты есебінен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында медициналық қызметті көрсетуге «Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ-мен жалпы сомасы 88 762,0 мың теңгеге жасалған шарт бойынша жүргізілгендігін көрсетеді.

Шығыстары 88 762,0 мың теңгені құраған, олардың басым көпшілігі еңбекақы қоры және дәрі-дәрмектер мен санаториялық режиммен азық-түліктерді сатып алу бойынша шығыстардың үлесіне тиесілі.

31.12.2017 ж. жағдайына 4 692,8 мың теңге көлемінде кредиторлық берешек қалыптасқан. Кәсіпорынның бас есепшісінің түсіндіруінше, Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының 253.033.015 бюджеттік бағдарламасы бойынша 2017 жылы ғимаратты күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалық-сметалық құжаттама дайындау жұмыстарын сатып алуға 4 692,8 мың теңге қаражат қарастырылғандығы туралы хатын негізге алып, Кәсіпорын аталған жұмысты сатып алуға мемлекеттік сатып алу процедураларын жүзеге асырып, «Ақтау Сәулет-Құрылыс» ЖШС-мен шартқа отырған. Алайда, Денсаулық сақтау басқармасымен қаржыландыру жүргізілмеуіне байланысты, өнім берушінің алдында кредиторлық берешек пайда болған.

Маңғыстау облысы әкімдігі Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Маңғыстау облыстық Е. Оразақов атындағы туберкулезге қарсы санаторийі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының сақталуына жүргізілген аудиторлық іс-шара қорытындысы бойынша жалпы сомасы 10,3 мың теңге қаржылық бұзушылықтары анықталды, оның ішінде: қалпына келтірілуге (өтелуге) жататыны – 10,3 мың теңге. Сонымен бірге, жалпы сомасы 1 053,9 мың теңгені құрайтын рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар орын алғаны да анықталды.

1-тармақ. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 27.03.2015 ж. № 249 бұйрығымен бекітілген «Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингілеу мен бағалау қағидаларының» 4, 5 және 6 тармақтарының талаптары сақталмай, аудитпен қамтылған кезеңде Кәсіпорынның даму жоспарында санмен өлшенетін түйiндi көрсеткiштер көрсетілмеген.

Сондай-ақ,Кәсіпорынның даму жоспарында қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері көрсетілмеген.

2-тармақ.Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 28-бабының 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес, денсаулық сақтау саласындағы жекелеген қызмет түрлері немесе әрекеттер (операциялар) лицензиялауға жатады.

Кәсіпорынмен Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасына рентген кабинеті бойынша мемлекеттік лицензия алуға өтініш жолданғанымен, 2016-2017 жылдары аталған медициналық қызметке лицензия болмаған.

Алайда, Кәсіпорын мен «Маңғыстау орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны арасында 01.01.2016 ж. ақылы медициналық қызмет көрсетуге жасалған келісім-шарт негізінде 2016 жыл ішінде дене клеткаларының ренгенографиясы бойынша ақылы қызметтер көрсетіліп, Кәсіпорын есеп-шотына жалпы сомасы 166,3 мың теңге қаражат түскен. Сондай-ақ, Кәсіпорын мен «Маңғыстау орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны арасында 01.01.2017 ж. № 1 ақылы медициналық қызмет көрсетуге жасалған келісім-шарт негізінде 2017 жыл ішінде дене клеткаларының ренгенографиясы бойынша ақылы қызметтер көрсетіліп, Кәсіпорын есеп-шотына жалпы сомасы 105,2 мыңтеңге қаражат түскен.

3-тармақ. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 79-бабының 1-тармағының және 103-бабының 1-тармағының талаптары бұзылып, 2016-2017 жылдары Кәсіпорынның еңбек демалысында болған 4 жұмыскерлеріне нақты жұмыс істемеген уақыттары үшін жалпы сомасы 8,6 мың теңге жалақылар есептеліп, төленген: 2016 жылы 3 жұмыскерлерге – жалпы сомасы 2 262,0 теңге; 2017 жылы 1 жұмыскерге – жалпы сомасы 6 388,0 теңге.

4-тармақ. ҚР Үкіметінің 10.02.2003 ж. № 145 «Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы» қаулысының және ҚР Үкіметінің 22.09.2000 ж. № 1428 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етілетін мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасы шегіндегі іссапарлары жөніндегі ереженің» 9-тармағының талаптары бұзылып, жалпы сомасы 1,7 мың теңгеіссапар шығыстары негізсіз, артық өтелгені анықталды.

Кәсіпорынның 06.04.2017 ж. № 44 бұйрығымен бас дәрігер Г.А. Сағындықова 06.04.2017 ж. – 09.04.2017 ж. аралығында Астана қаласына 4 күнге іссапарға жіберілген. Іссапардан оралған қызметкермен 10.04.2017 ж. тапсырылған № 17 аванстық есеп бойынша 845 теңге тәулікақы артық төленген.

Кәсіпорынның 06.04.2017 ж. № 44 бұйрығымен бас бухгалтер К. Ермағанбетова 06.04.2017 ж. – 09.04.2017 ж. аралығында Астана қаласына 4 күнге іссапарға жіберілген. Іссапардан оралған қызметкермен 10.04.2017 ж. тапсырылған № 18 аванстық есеп бойынша 845 теңге тәулікақы артық төленген.

5-тармақ. Кәсіпорынның 29.04.2017 ж. № 121 бұйрығымен бас дәрігер Г.А.Сағындықова 02.10.2017 ж. – 27.10.2017 ж. аралығында Ақтөбе қаласына 28 күнге іссапарға жіберілген. Іссапардан оралған қызметкермен 30.10.2017 ж. тапсырылған №51 аванстық есеп бойынша 9,1 мың теңгеге тәулікақы кем төленгендігі анықталды.

6-тармақ.Аудит барысында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 6-бабының 4-тармақшасының талаптары сақталмай, 17.04.2018 ж. жағдайына бастапқы құны 592,0 мың теңге дезинфекция жасайтын камера (2005 жылғы) жұмысқа жарамды болғанымен де, мақсаты бойынша пайдаланылмай отырылғандығы анықталды. Кәсіпорынның аға мейірбикесі К. Өмірбаеваның түсіндіруінше, аталған медициналық құрал-жабдықты бөлек ғимараттың жоқтығы және орталық ғимаратқа қосылған жағдайда электр қуатының көтермейтіндігі себепті пайдалану мүмкін болмай отыр.

Санаторий аумағында орналасқан негізгі және қосымша қызметтік ғимараттар жағдайы күрделі жөндеуден өткізуді талап ететіні байқалады.

7-тармақ.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 23.11.2009ж. № 762 бұйрығымен бекітілген «Денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларын әзірлеу және келісу қағидаларының» 8-тармағының талабына сәйкес, 2016 және 2017 жылдарға арналған дәрілік формулярлар Кәсіпорын директорымен бекітілгенімен, облыстың денсаулық сақтау басқармасымен келісілмеген.

8-тармақ.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 30.10.2009 ж. № 1729 қаулысымен бекітілген «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтер көрсетуді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларының» (бұдан әрі – № 1729 Қағида) 8-бөлімінің (27.01.2016 ж. редакциясында) талаптары сақтамай, Кәсіпорын 2016 жылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде бірыңғай дистрибьюторға өтінім беру арқылы алынуы көзделген бірыңғай дистрибьютордың тізіміне кіретінжалпы сомасы 3,0 мың теңгедәрілік зат (аскорбиновая кислота) 17.05.2016 ж. № 51 келісім-шартпен «Бамур-Фармация» ЖШС-нен сатып алған.

9-тармақ.№ 1729 Қағиданың 11-бөлімінің (29.12.2016 ж. редакциясында)талаптары сақтамай, Кәсіпорын 2017 жылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде бірыңғай дистрибьюторға өтінім беру арқылы алынуы көзделген бірыңғай дистрибьютордың тізіміне кіретінжалпы сомасы 178,3 мың теңгеге дәрілік заттарды келесі өнім берушілерденсатып алған:

- 30.06.2017 ж. № 123 келісім-шартпен «ДДУ ка 2011» ЖШС-нен жалпы сомасы 480,0 теңгеге «диклофенак» дәрісі сатып алынған;

- 23.06.2017 ж. № 116 келісім-шартпен «ДДУ ка 2011» ЖШС-нен жалпы сомасы 1 000,0 теңгеге бинт серильный және 2 500,0 теңгеге«индометацин» дәрісі сатып алынған;

- 29.05.2017 ж. № 105 келісім-шартпен «Фармсервислимитед» ЖШС-нен 12 500,0 теңгеге «аскорбиновая кислота» дәрісі және 16 000,0 теңгеге«диклофенак» дәрісі сатып алынған;

- 17.04.2017 ж. № 78 келісім-шартпен «Азамат полюс» ЖШС-нен 790,0 теңгеге «папаверин г/хл2%2.0 №10» дәрісі және 145 000,0 теңгеге«натрия хлорид 0.9% 400.0» сатып алынған.

 

Мемлекеттік аудиттің барысында қабылданған шаралар

Мемлекеттік аудит барысында қызметкерлерге негізсіз, артық өтелген іс-сапар шығындары бойынша 1 690,0 теңге қайтарылуы қамтамасыз етілді (бухгалтерлік анықтама).

Кәсіпорын қызметкерлеріне нақты жұмыс істемеген уақыттары үшін есептеліп, төленген жалпы сомасы 8 650,0 теңге жалақыларынан қайтарылып, өтелді (бухгалтерлік анықтама).

 

Мемлекеттік аудиттің нәтижесі бойынша тұжырымдар

«Маңғыстау облыстық Е. Оразақов атындағы туберкулезге қарсы санаторийі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында бюджет қаражаты мен мемлекет активтерінің пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша жалпы сомасы 10,3 мың теңге қаржылық бұзушылықтары анықталды, оның ішінде: қалпына келтірілуге (өтелуге) жататыны – 10,3 мың теңге. Сонымен бірге, жалпы сомасы 1 053,9 мың теңге рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар орын алғаны да анықталды.

Аудитпен қамтылған кезеңде Кәсіпорынның даму жоспарында сапа және тиімділік көрсеткiштерін қамтитын санмен өлшенетін түйiндi көрсеткiштер көрсетілмегені анықталды. Сонымен қатар, Кәсіпорынның даму жоспарында қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері де көрсетілмеген. Бұл болса, Кәсіпорынның даму жоспарының іске асырылуын объективті бағалауға теріс әсерін тигізіп, көрсеткіштерге қол жеткізбеудің себептерін талдауға, сондай-ақ қызметті жақсарту бойынша ұсыныстарды қалыптастыруға қиындық келтіреді.

Кәсіпорынның рентген кабинеті бойынша медициналық қызметке тиісті лицензияболмағанымен, 2016-2017 жылдары дене клеткаларының ренгенографиясы бойынша ақылы қызметтер орындалған.

Аудиторлық іс-шара жүргізілген уақытта дезинфекция жасайтын камера жұмысқа жарамды болғанымен де, мақсаты бойынша пайдаланылмай отырылғандығы анықталды.

2016-2017 жылдары Кәсіпорынның еңбек демалысында болған жұмыскерлеріне нақты жұмыс істемеген уақыттары үшін жалпы сомасы 8,6 мың теңгеге жалақылары есептеліп, төленген.

2017 жылы тәулікақы бойыншаіссапар шығыстарының мөлшері дұрыс есептелмеуі себепті жалпы сомасы 1,7 мың теңгеіссапар шығыстары негізсіз, артықөтелген және 9,1 мың теңге тәулікақы қызметкерге кем төленген.

2016 және 2017 жылдарға арналған дәрілік формулярлар Кәсіпорын директорымен бекітілгенімен, облыстың денсаулық сақтау басқармасымен келісілмеген.

Сонымен қатар, Кәсіпорынментегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде бірыңғай дистрибьюторға өтінім беру арқылы алынуы көзделген бірыңғай дистрибьютордың тізіміне кіретіндәрілік заттардың өзге өнім берушілерден сатып алынғандығы анықталды.

Жоғарыда көрсетілген заң бұзушылықтар фактілері Кәсіпорынның лауазымды тұлғаларының өз міндеттеріне жауапты қарамағанын, қаржылық тәртіптің сақталуының тиісті дәрежеде болмауын көрсетеді және нәтижесінде бюджет заңнамасы мен өзге де заңнама талаптары бойынша бұзушылықтар мен кемшіліктердің орын алуына әкеліп соқтырған.

 

Мемлекеттік аудиттің нәтижесі бойынша ұсынымдар

1. Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында «Маңғыстау облыстық Е. Оразақов атындағы туберкулезге қарсы санаторийі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында бюджет қаражаты мен мемлекет активтерінің пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысын қарауды ұсынамын.

2. Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасына (Бапиев Т.Ә.) келесілер ұсынылады:

1) анықталған заң бұзушылықтар фактілеріне назар аудару және оларды болдырмау мақсатында жауапты лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігін қарау;

2) 2017 жыл қорытындысы бойынша Кәсіпорында қалыптасқан кредиторлық берешектерді жою үшін Басқарма тарапынан тиісті шаралар алу.

3. «Маңғыстау облыстық Е. Оразақов атындағы туберкулезге қарсы санаторийі» МКҚК-на (Сағындықова Г.А.) келесілер ұсынылады:

1) анықталған заң бұзушылықтар фактілеріне назар аудару және оларды болдырмау мақсатында аудиторлық іс-шара нәтижелерімен Кәсіпорынның лауазымды тұлғаларын таныстыру;

2) Кәсіпорынның даму жоспарын қайта қарап шығып, қажет болған жағдайда қолданыстағы заңнама тәртібіне сәйкес санмен өлшенетін түйiндi көрсеткiштерін және қаржылық тұрақтылық көрсеткіштерін әзірлеп, Кәсіпорынның даму жоспарына тиісті толықтырулар мен өзгерістер енгізу;

3) 2017 жыл қорытындысы бойынша Кәсіпорында қалыптасқан кредиторлық берешектерді жою үшін тиісті шаралар алу.

4. Жоғарыда көрсетілген Басқарма мен Кәсіпорын басшыларына осы Аудиторлық қорытындымен берілген ұсынымдардың орындалуы туралы ақпаратты 2018 жылдың «01» қыркүйегіне дейін Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясына хабарлау тапсырылады.

5. «Маңғыстау облыстық Е. Оразақов атындағы туберкулезге қарсы санаторийі» МКҚК-мен мемлекеттік аудит жүргізу барысында жалпы сомасы 10,3 мың теңгеқаражаттың өтелуінің қамтамасыз етілгендігін ескеруді ұсынамын.

6. «Маңғыстау облыстық Е. Оразақов атындағы туберкулезге қарсы санаторийі» МКҚК-на тексеру комиссиясының нұсқамасын жолдауды ұсынамын.

 

Қосымша (___парақ): мемлекеттік аудитнәтижесі бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің жиынтық тізілімі.

 

Тексеру комиссиясының мүшесі Гапуов Е.Г.

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Блог председателя