17/05/2024  Пятница
Государственное учреждение

Ревизионная комиссия
Мангистауской области

Маңғыстау облысы бойынша

тексеру комиссиясының 20.07.2018ж. №02-02/8

қаулысымен бекітілген

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

I. Кіріспе бөлік

1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: «Маңғыстау облыстық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі мен оған қарасты ведомстволық ұйымдарға жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойыншабөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына мемлекеттік аудит жүргізу.

1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты:«Маңғыстау облыстық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі мен оған қарасты ведомстволық ұйымдарға жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойыншабөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына мемлекеттік аудит жүргізу.

1.3. Мемлекеттік аудиттің объектілері:

1) «Маңғыстау облыстық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі (одан әрі – Мекеме);

Үстеме бақылаумен келесі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар (бұдан әрі – Кәсіпорындар) қамтылды:

2) Маңғыстау облысының білім басқармасының «Оразмағанбет Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды-техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

3) Маңғыстау облысының білім басқармасының «Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

4) «Жаңаөзен политехникалық колледжі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

5) Маңғыстау облысының білім басқармасының «Маңғыстау туризм колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

6) Маңғыстау облысының білім басқармасының «Маңғыстау гуманитарлық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

7) Маңғыстау облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

1.4. Мемлекеттік аудит тобының құрамы:мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаубөлімінің басшысы А.Н. Таганов (сертификат №1266) және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бөлімініңбас маман – бас мемлекеттік аудиторлары С.А. Ордабаев (сертификат №1421) пен А.О. Рзамбек (сертификат №0165) жүргізді.

1.5. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2016 жылдың 01 қаңтарынан – 2017 жылдың 31 желтоқсанын қоса алғандағы аралығы.

 

II. Негізгі (талдамалық) бөлік:

Техникалық және кәсіптік білім беру (бұдан әрі – ТжКБ) саласындағы саясат облыста өңір экономикасында орын алып отырған өзгерістерді, инновациялық технологияларға көшуді ескере отырып, білікті мамандар мен жұмысшы кадрларының дайындығын қамтамасыз ететін бәсекеге қабілетті ТжКБ жүйесін қалыптастыруға бағытталған.

Техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы саясаттың мақсаты экономиканың инновациялық дамуына, қоғамның және әрбір азаматтың заманауи қажеттіліктеріне сәйкес келетін, сапалы техникалық және кәсіптік білімнің қол жеткіліктілігін арттыру арқылы еңбек нарығында сұранысқа ие білікті кадрларды даярлауды қамтамасыз ету болып табылады.

Осы мақсатқа қол жеткізу ТжКБ саласының түпкілікті көрсеткіштеріне және даму бағыттарына қол жеткізуге бағытталған Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асыру барысында жүзеге асырылады.

2016/2017 оқу жылында Маңғыстау облысында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі 26 колледждерден тұрған, олардың 15-і мемлекеттік колледждер болып табылады.

2015/2016 оқу жылында студенттер саны 22 454 адамды құраған, оның ішінде: мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитындар 12 380 адам. Күндізгі бөлімде оқитындар 17 729 адам, сырттай бөлімде – 4 725 адам.

2016/2017 оқу жылында студенттер саны 21 792 адамды құраған, оның ішінде: мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитындары 12 836 адам. Күндізгі бөлімде оқитын студенттер 17 572 адам, сырттай бөлімде – 4 220 адам.

Ауылдық аумақтарда – Бейнеу, Қарақия, Түпқараған, Маңғыстау аудандарында және Жаңаөзен қаласының Рахат ауылында – 6 колледждер өз қызметтерін атқарады.

Маңғыстау облысын дамытудың 2017 жылға арналған бағдарламасында «Әлеуметтік сала» бағытының «Білім беру сапасы мен қолжетімділігін арттыру, жастар саясатының тиімділігін арттыру» мақсаты бойынша 2 нысаналы индикаторы белгіленген:

- «Мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алған, оқуды бітіргеннен кейінгі бірінші жылы жұмысқа орналасқан техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары бітірушілерінің үлесі» - 57,9 % жоспарланған, нақты – 58 %;

- «Техникалық және кәсіптік біліммен қамтылатын типтік жастағы (14-24) жастардың үлесі» – 20,4 % жоспарланған, нақты – 18,2 %. Басқарманың лауазымды тұлғаларымен нысаналы индикатордың орындалмауы жастар санының азаюымен және Қазақстан Республикасы шегінен тыс жерлерде оқитын жастардың да болуымен түсіндіріледі.

2016-2018 жылдарға арналған 024 «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мамандар даярлау» бюджеттік бағдарламасыМаңғыстау облысының білім басқармасы басшысының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №418 бұйрығымен бекітілген (жыл ішінде өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып).

Тiкелей нәтиже көрсеткiштерi:«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы көлемі» көрсеткіші бойынша 2016 жылы оқитындар саны жоспарланбаған; «Орта жылдық стипендиат контингенті» көрсеткіші бойынша 2016 жылы – 7438 адам жоспарланған, нақты - 6794 адам.

Түпкілікті нәтиже көрсеткіші:мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыған, оқуды бітіргеннен кейінгі бірінші жылы жұмысқа орналасқан техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары түлектерінің үлесі 2016 жылы - 57,1%, нақты 58; дуальды оқытудың негізгі қағидаттарын енгізген колледждердің үлесі 2016 жылы – 65 %, нақты – 46,2 %.

2017-2019 жылдарға арналған 024 «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мамандар даярлау» бюджеттік бағдарламасы Маңғыстау облысының білім басқармасы басшысының 2016 жылғы 25 желтоқсандардағы №162нқ бұйрығымен бекітілген (жыл ішінде өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып).

Тiкелей нәтиже көрсеткiштерi:«Орта жылдық стипендиат контингенті» көрсеткіші бойынша 2017 жылы – 9045 адам жоспарланған, нақты – 6 853 адам.

Түпкілікті нәтиже көрсеткіші:техникалық және кәсіптік колледждерді бітірген кейін жұмысқа орналасқан және жоғары оқу орындарына оқуға түсетін түлектердің үлесі 2017 жылы - 58%, нақты 58%.

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуын көрсететін негізгі индикатор болып табылатын, мемлекеттік бағдарламада белгіленген«Мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алған, оқуды бітіргеннен кейінгі бірінші жылы жұмысқа орналасқан және еңбекпен қамтылған техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары бітірушілерінің үлесі» нысаналы индикаторы Басқарманың 2016-2018 және 2017-2019 жылдарына арналған бюджеттік бағдарламасының түпкілікті нәтиже көрсеткіштерінде көрсетілмеген.

Аудитпен қамтылған кезеңде жылдан жылға мемлекеттік тапсырыс бойынша техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарын бітіргеннен кейінгі бірінші жылы жұмысқа орналасқандар үлесінің серпіні бір қалыпты болып отыр: 2016 жылы -1477 адам немесе 58%; 2017 жылы – 1872 адам немесе 58%.

Ал, мемлекеттік тапсырыс бойынша еңбекпен қамтылған техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарын бітірушілерінің үлесі 2016 жылы – 390 адам немесе 15,4%; 2017 жылы – 1052 адам немесе 32,6% кұраған.

Республика деңгейінде техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында оқытудың өзіндік құнын айқындайтын бірыңғай нормативтік-құқықтық құжаттар жоқ.

Қазақстан Республикасының 27.07.2007 жылғы №319 «Білім туралы» Заңының (бұдан әрі – Білім туралы Заң) 5-тармағы 62-бабына сәйкес, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына білім беру тапсырысы бойынша қаржыландыру білікті жұмысшылар мен мамандар даярлау бағыттарын, оқыту нысандары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемін (орындар, гранттар санын) және бір маманды оқытуға жұмсалатын шығыстардың орташа құнын қамтуға тиіс.

Қазақстан Республикасының 01.03.2011 жылғы №413-IV «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 156-бабы 2-тармағы бұзылып, 2016-2017 оқу жылына жергілікті атқарушы орган болып табылатын Маңғыстау облысының әкімдігімен бір маманды оқытуға жұмсалатын шығыстардың орташа құны белгіленбеген.

Техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға 2016-2017 оқу жылына бір маманды оқытуға жұмсалатын шығындардың орташа құны бөлінген бюджет қаражатын оқитын студент санына бөлу арқылы есептелген.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша бітірген түлектер саны 2016 жылы 2529 адам, бітіргеннен кейін бірінші жылы өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасқан түлектер саны 1034 адам немесе 40,9%.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша бітірген түлектер саны 2017 жылы 3228 адам, бітіргеннен кейін бірінші жылы өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасқан түлектер саны 1310 адам немесе 40,6%.

Нақты өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасу деңгейі өте төмен.

Бітіргеннен кейін бірінші жылы өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасқандар 50% -ға да жетпейді, бұл өз кезегінде техникалық және кәсіптік білімінің сапасына көңіл бөлу қажеттігін және Басқарма тарапынан мемлекеттік тапсырыс көлемін жоспарлауда жұмыс берушілердің мамандарға деген нақты қажеттілігін ескеру керектігін көрсетеді.

базалық көрсеткіш –техникалық және кәсіптік оқу орнын бітірген түлектердің өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасуы.

арнайы көрсеткіш – оқубітіргеннен кейінгі бірінші жылы жұмыспен қамтылған және жұмысқа орналасқан мемлекеттік тапсырыс бойынша оқу бітірген түлектердің саны (жұмыспен қамтудың тиімділігі (%): жұмыспен қамтылғандар санымен түлектер саны арасындағы арақатынасы).

2015/2016 оқу жылы, 2016 жыл:

Мемлекеттік тапсырыс бойынша бітірген түлектер саны 2529 адам. Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқу орындарын бітіргеннен кейін бірінші жылы еңбекпен қамтылғандар және жұмысқа орналасқандар саны 1867 адам. жұмыспен қамтудың тиімділігі (%): жұмыспен қамтылғандар санымен түлектер саны арасындағы арақатынасы - 1867/2529 – 73,8% (респ. жоспар 90%).

2016/2017 оқу жылы, 2017 жыл:

Мемлекеттік тапсырыс бойынша бітірген түлектер саны 3228 адам.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқу орындарын бітіргеннен кейін бірінші жылы еңбекпен қамтылғандар және жұмысқа орналасқандар саны 2924 адам. жұмыспен қамтудың тиімділігі (%): жұмыспен қамтылғандар санымен түлектер саны арасындағы арақатынасы - 2924/3228 – 90,6% (респ. жоспар 92%).

Жылдан жылға еңбекпен қамтылғандар және жұмысқа орналасқандар саны 73,4% -дан 90,6%-ға көбейген.

Жылдан жылға техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарын бітіргеннен кейінгі бірінші жылы жұмысқа орналасқандар үлесі бір қалыпта 2016 жылы -58%; 2017 жылы - 58%.

2016-2017 оқу жылында облыс колледждерінде 21 792 оқушы (2016 жылы – 22 454 адам, мемлекеттік тапсырыс бойынша 12 716 адам), оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша – 12836 адам (58%) адам оқыған.

2016 -2017 оқу жылында мамандардың облыстың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын бітіруі 4550 адамды құрап (2016 жылы – 4104 адам), оның ішінде 3228 адам (2016 жылы – 2529 адам) мемлекеттік тапсырыс бойынша бітірген.

Техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдармен студенттердің үлгеріміне есеп ай сайын жүргізіледі.

«О.Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриальды – техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға 2015-2016 оқу жылында білім алғандар саны -1347 студент, оның ішінде мемлекеттік білім беру тапсырыс бойынша 12 мамандық бойынша 300 студент.

2016-2017 оқу жылында білім алғандар саны-1218 студент,оның ішінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 10 мамандық бойынша 325 студент.

О.Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриальды – техникалық колледжі2016 жылы бір бала оқытуға шыққан шығындар көлемі 314,0 мың теңгені құраған.

«Жаңаөзен политехникалық колледжі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға 2015-2016 оқу жылындабілім алғандар саны – 872 студент, оның ішінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 9 мамандық бойынша 250 студент оқыған.

2016-2017 оқу жылында білім алғандар саны –788 студент,оның ішінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 8 мамандық бойынша 275 студент оқыған.

Жаңаөзен политехникалық колледжі2016 жылы бір бала оқытуға шыққан шығындар көлемі 163,8 мың теңгені құраған.

Маңғыстау облысының білім басқармасының «Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны2015-2016 оқу жылында білім алғандар саны - 698 студент, оның ішінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 10 мамандық бойынша 250 студент оқыған.

2016-2017 оқу жылында білім алғандар саны - 846 студент, оның ішінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 9 мамандық бойынша 225 студент оқыған.

Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі 2016 жылы бір бала оқытуға шыққан шығындар көлемі 355,4 мың теңгені құраған.

Маңғыстау облысы білім басқармасының «Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі»мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға

Маңғыстау туризм колледжі2016 жылы бір бала оқытуға шыққан шығындар көлемі 239,6 мың теңгені құраған.

Техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға 2016-2017 оқу жылына бір маманды оқытуға жұмсалатын шығындардың орташа құны бөлінген бюджет қаражатын оқитын студент санына бөлу арқылы есептелген.

 

Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша келесі бұзушылықтар анықталды:

1-тармақ. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 4 бабында көрсетілген бюджет жүйесінің нәтижелілік принципі сақталмай, Басқарма тарапынан 2016 және 2017 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларда көзделген тікелей және түпкілікті нәтижелерге толықтай қол жеткізілмегені анықталды.

2-тармақ.Қазақстан Республикасының 27.07.2007 жылғы №319 «Білім туралы» Заңының (бұдан әрі – Білім туралы Заң) 62-бабы 5-тармағы сақталмай Білім басқармасымен 2016 жылы мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орындау үшін жасалған техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға 2016-2017 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы қаулысында және келісім шарттарда бір маманды оқытуға жұмсалатын шығыстардың орташа құны көрсетілмеген.

3-тармақ. Мемлекеттік аудит барысында үстеме бақылаумен қамтылған объектілердегі Техникалық және кәсіптік білім алып жүрген студенттердің құрамына жасалған талдау жұмыстарымен 2016-2017 жылдары кейбір студенттердің әр түрлі себептермен оқудан шығып қалғаны белгілі болды және осы студенттерді оқытуға жұмсалған бюджет қаражатының көлемі 6 677,2 мың теңгені құраған. Сонымен бірге, қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алып жүрген студенттердің жауапкершілігі мен оқуды аяқтамай кеткен жағдайда білім алуға жұмсалған бюджет қаражатының қайтарылу тәртібі реттелмеген. Бұл болса, техникалық және кәсіптік білім алу үшін бөлінген бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуына теріс әсерін тигізген.

Атап айтқанда:

Маңғыстау облысының білім басқармасының «Оразмағанбет Тұрмағанбетұлы атындағы маңғыстау индустриалды - техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны бойынша – 47 оқушы үшін 2800,7 мың теңге;

Маңғыстау облысының білім басқармасының «Маңғыстау туризм колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны бойынша – 13 оқушы үшін 599,1 мың теңге;

Маңғыстау облысының білім басқармасының «Маңғыстау гуманитарлық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны бойынша – 4 оқушы үшін 683,9 мың теңге;

«Жаңаөзен политехникалық колледж» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бойынша – 25 оқушы үшін 2593,5 мың теңге.

Бюджеттік бағдарлама бойынша белгілі мақсатқа бөлінген бюджет қаражаты толық жұмсалғанымен, нәтижесінде күтілген көрсеткіштерге толық қол жеткізуге әкелмегеніне байланысты, ҚР Бюджет кодексінің 4-бабында көрсетілген бюджет жүйесінің нәтижелілік және тиімділік принциптерінің сақталмағандығы жөнінде қорытынды жасауға негіз бар.

4-тармақ.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі №243 Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысының «Техникалық және кәсіптік білім алу үшін жағдайлар жасау арқылы жастарды әлеуметтік-экономикалық интеграциялау» мақсатында көрсетілген 1-нысаналы индикатор бойынша мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыған, оқуды бітіргеннен кейінгі бірінші жылы жұмысқа орналасқан және еңбекпен қамтылған ТжКБ оқу орындары түлектерінің үлесі 2016ж. – 90%, 2017ж. – 92 % көзделген.

Алайда, үстеме бақылау нәтижесінде кейбір білім беру ұйымдарында көрсеткіштерге қол жеткізілмегені анықталды, атап айтқанда:

«Оразмағанбет Тұрмағанбетұлы атындағы маңғыстау индустриалды - техникалық колледжі» МКҚКмемлекеттік тапсырыс бойынша оқыған, оқуды бітіргеннен кейінгі бірінші жылы жұмысқа орналасқан және еңбекпен қамтылған ТжКБ оқу орындары түлектерінің үлесі 2016ж. –64,1%, 2017ж. – 79,9%.

«Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі» МКҚК 2017ж. – 82,4%.

«Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі» МКҚК 2016ж. – 88,6%.

«Маңғыстау туризм колледжі» МКҚК 2016ж. – 82,7%.

Жоғарыда көрсетілген білім беру ұйымдары түлектерінің оқуды бітіргеннен кейінгі бірінші жылы жұмысқа орналасуының және еңбекпен қамтылуының көрсеткіші төмен.

«Маңғыстау облыстық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі:

5-тармақ. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 4-бабында көрсетілген бюджет жүйесінің негізділік принципі сақталмай, Басқарма орналасқан ғимарат ауыз су жүйесімен қамтамасыз етілгеніне және Басқармамен оған шығындар жоспарланып, 151 ерекшелігі бойынша төлемдер жүргізіліп отырғандығына қарамастан, Басқарма тарапынан 169 «Өзге де ағымдағы шығындар» ерекшелігі бойынша бюджет қаржысы есебінен ауыз суға қосымша шығындар қаралып, жалпы сомасы 55,3 мың теңгеге құтыдағы ауыз сулар сатып алынған: 2016 жылы – 11,7 мың теңгеге, 2017 жылы – 43,6 мың теңгеге

6-тармақ.Басқарманың2016-2018 және 2017-2019 жылдарға арналған аудитпен қамтылған бюджеттік бағдарламалары Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 32-бабының 2, 9 тармақтарының және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 30.12.2014ж. № 195 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттік бағдарламалары (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидалары және олардың мазмұнына қойылатын талаптардың» 9, 15 тармақтарының талаптарына сай келмейді.

Атап айтқанда, бюджеттік бағдарламалардың түпкілікті нәтижелер көрсеткіштерідұрыс көрсетілмеген, ал тiкелей нәтижелер көрсеткіштерінің ақшалай көрсеткіште көрсетілуіне жол берілген. Сол себепті Басқарманың бюджеттік бағдарламаларының іске асырылуын бағалау мүмкін болмады, яғни, аталған бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстар жасалғанымен, нәтижесінде бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы өңірдің даму бағдарламасына байланысты индикаторлар мен көрсеткіштерге қол жеткізуге берген әсерін бағалауға мүмкіндік бермейді.

7-тармақ.2017жылы 024.000 «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мамандар даярлау» бюджеттік бағдарламасы бойынша 4 374 611,0 мың теңге жоспарланып, қаражат толық игерілген, 4-20 нысаны бойынша міндеттемелер толық орындалған.

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 82-бабының 6-тармағына сәйкес, бюджеттің атқарылуы жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімімен бекітілген тиісті қаржы жылына арналған бюджет қаражаты көлемінің шегінде жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің» 183-1 тармағына сәйкес, секвестр салдарынан немесе тиiстi бюджеттердiң ҚБШ-да ақша болмаған не жеткiлiксiз болған кезде туындаған есепті жылдың азаматтық-құқықтық мәмілелері бойынша мемлекеттік мекемелердің бюджеттік бағдарламалары бойынша кредиторлық берешекті өтеу келесi қаржы жылында бөлiнген қаражат есебінен жүргізіледі.

2017 жылы 024 бюджеттік бағдарламасы бойынша кассалық шығыстар 100%-ға орындалғанын және кредиторлық берешектің туындауына негіз болатын орындалмаған азаматтық-құқықтық мәмілелердің болмағанын ескерсек, 01.01.2018ж. жағдайына 233 343,9 мың теңге кредиторлық берешектің қалыптасу фактісі мемлекеттік мекемемен міндеттемелер қабылдаудың заңдылығын, азаматтық-құқықтық мәмілелерде көрсетілген ақпарат пен деректемелердің дұрыстығын қамтамасыз етілмегендігін көрсетеді.

8-тармақ. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 44-бабының 3- тармағы талаптары бұзылып, 2016 жылы республикалық бюджеттен 089 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мемлекеттік әкімшілік қызметшілер еңбекақысының деңгейін арттыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы бойынша мемлекеттік әкімшілік қызметшілер еңбекақысының деңгейін арттыру мақсатында бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен Басқарманың29.12.2016 ж. № 81ж/қ бұйрығынегізінде19 мемлекеттік қызметкерлерлерге 2 551,0 мың теңгесыйақылар берілген.

Сол сияқты, көрсетілген бұйрық негізінде республикалық бюджеттен бөлінгенеңбекақы төлеу жүйесінің жаңа моделіне көшуге, сонымен қатар лауазымдық айлықақыларына ерекше еңбек жағдайлары үшін ай сайынғы үстемеақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен Басқарманың 5 өзге де қызметшілеріне 204,0 мың теңгесыйақы берілген.

9-тармақ. Басқарманың мемлекеттік қызметшілердің еңбек стажын белгілеу комиссиясы Қазақстан Республикасы Президентінің 13.07.2016 ж. № 298 Жарлығымен бекітілген «Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақысын белгілеугеқұқық беретін жұмыс өтілін есептеу қағидасына» сәйкес, Басқарма қызметкерлерінің жұмыс өтілдерін 05.08.2016 ж. жағдайына қарап, белгілеген. Осы комиссияның 15.08.2016ж. №01 хаттамасымен Басқарма қызметкерлері Ш.Байдуллаеваның, К.Газимованың, К.Кулатаеваның, Г.Мамаеваның, Ж.Саркитованың еңбек өтілдері төмендету жағына және Ж.Сармурзина мен О.Мұқанованың еңбек өтілдері өсу жағына қайта қаралған.

Алайда, Қазақстан Республикасы Президентінің 13.07.2016 ж. №298 Жарлығымен бекітілген «Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақысын белгілеугеқұқық беретін жұмыс өтілін есептеу қағидасының»5-тармағының талаптары бұзылып, Басқарманың бухгалтерлік қызметі аталған қызметкерлер Ш.Байдуллаеваның, К.Газимованың, К.Кулатаеваның, Г.Мамаеваның және Ж.Саркитованың жалақыларына еңбек өтілдеріне сәйкес қайта есептеулер жүргізбеуі салдарынан жалпы сомасы 169,1 мың теңге жалақы артық төленгендігі анықталды: 2016 жылы – 129,1 мың теңге; 2017 жылы – 39,9 мың теңге.

10-тармақ. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің 13.07.2016 ж. №298 Жарлығымен бекітілген «Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақысын белгілеугеқұқық беретін жұмыс өтілін есептеу қағидасының»5-тармағының талаптары бұзылып, Басқарманың бухгалтерлік қызметі Ж.Сармурзина мен О.Мұқанованың жалақыларына еңбек өтілдеріне сәйкес қайта есептеулер жүргізбеуі нәтижесінде оларға жалпы сомасы 123,2 мың теңге жалақылары кем төленгендігі анықталды: 2016 жылы – 119,9 мың теңге; 2017 жылы –3,3 мың теңге.

11-тармақ.2014-2016 жылдары ҚР Үкіметінің 22.09.2000 ж. № 1428 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етілетін мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасы шегіндегі іссапарлары жөніндегі ереженің» 9-тармағының талаптары бұзылып, жалпы сомасы 67,5 мың теңге тәулікақы және тұрғын үй-жайды жалдау бойынша іссапар шығыстары артық өтелгені анықталды: 2016 жылы – 119,9 мың теңге; 2017 жылы – 9,9 мың теңге.

12-тармақ. 2014-2016 жылдары ҚР Үкіметінің 22.09.2000 ж. № 1428 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етілетін мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасы шегіндегі іссапарлары жөніндегі ереженің» 9-тармағының талаптары бұзылып, Басқарманың іссапарда болған қызметкерлеріне жалпы сомасы 75,7 мың теңге тәулікақы және тұрғын үй-жайды жалдау бойынша іссапар шығыстары кем өтелгендігі анықталды: 2016 жылы – 65,5 мың теңге; 2017 жылы – 10,2 мың теңге.

13-тармақ.07.11.2016ж. Басқармамен «Opportunity» ЖШС-гі арасында 100 адамнан тұратын мемлекеттік және азаматтық қызметшілерді ағылшын тілі курстарында оқыту үшін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың өткізілмеуі бойынша бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу арқылы жалпы сомасы 10000,0 мың теңгені құрайтын №167 келісім шарт жасалған.

Келісім-шарттың 3.1 тармағына сәйкес өнім беруші келісім-шарт жасалған күннен бастап 10 күн ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету үшін 300,0 мың теңге төлеуге міндетті. Алайда, өнім беруші бұл қаражатты төлемеген.

Қазақстан Республикасы 04.12.2015 жылғы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік сатып алу туралы Заң) 44-бабына сәйкес егер жеңімпаз деп танылған өнім беруші белгіленген мерзімдерде тапсырыс берушіге мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбесе, онда мұндай әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарды деп танылады.

Сонымен қатар, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 12-бабының 4-тармағы 2-тармақшасына сәйкес, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған өнім беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне қосылуы тиіс.

14-тармақ.Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 40 бабы 2 тармағының 3-тармақшасына сәйкес «Бір көзден алу тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауар беруді, жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді жүзеге асыруға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға белгіленген мерзімде ұсынылатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға негіздемесін және еңбек өтілін растайтын құжатты ұсынуға тиіс. Алайда аталған құжаттар өнім беруші тарапынан тапсырылмаған.

15-тармақ. Сонымен қатар, Басқармамен ұсынылған құжаттар негізінде өнім беруші тарапынан тапсырылған орындалған жұмыс актілеріне сәйкес жалпы сомасы 9400 мың теңгеге қызметкерлерді 18.11.2016ж. - 20.12.2016ж. аралығында оқытқан..

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 11.12.2015 ж. № 648 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының» 426-1 тармағында көрсетілген мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау кезектілігіне сәйкес орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) тапсырылуы және қабылдануы тиіс. Сондай-ақ, осы Қағиданың 425-тармағына сәйкес, тапсырыс беруші мен өнім беруші көрсетілген шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін толық орындаған жағдайда шарт орындалды деп есептеледі.

Алайда, Орындаушымен тапсырылған орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісі «Бастапқы есеп құжаттарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 20.12.2012 ж. № 562 бұйрығына 50-қосымшаға (Ж-1 нысаны) сәйкес келмейді. Атап айтқанда, орындаушымен акті орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) өлшем бірліктері, сандары, бірлік үшін бағалары көрсетілмей тапсырылған. Орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісінде өлшем бірлігі «1 қызмет» деп көрсетілген. Сол себепті ұсынылған есеп құжаты негізінде орындалған қызметтер көлемінің мемлекеттік сатып алу шартының талаптарына сәйкес толық орындалғанына көз жеткізу мүмкін емес.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 03.08.2010 ж. № 393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесінің» 18-тармағына сәйкес, операцияны немесе оқиғаларды жасау фактісін белгілейтін, дұрыс рәсімделген бастапқы құжаттар бухгалтерлік есептің тіркелімдерінде жазбаларды көрсетуге негіз болып табылады. Осы Ереженің 20-тармағына сәйкес, бухгалтерлік қызметке түскен алғашқы құжаттар нысан бойынша да (алғашқы құжаттарды рәсімдеудің толықтығы мен дұрыстығы, деректемелердің толтырылуы), мазмұны бойынша да (құжатталатын операциялардың заңдылығы, жекелеген көрсеткіштердің қисынды үйлесімі) тексеруге жатады.

Бұлар өз кезегінде Басқарма тарапынан көрсетілген қызметтерді қабылдауды және тапсырылған бастапқы құжаттарды тексеруді белгіленген тәртіпте жүзеге асырмау салдарынан, ҚР Бюджет кодексінің 97-бабының 6-тармағының талаптарына сәйкес, төлеуге берілетін шотты табыс етудің негізділігі және жасалған азаматтық-құқықтық мәмілеге сәйкес көрсетілген қызметті растаудың дұрыстығы қамтамасыз етілмегендігін көрсетеді.

16-тармақ. Басқарма 14.06.2016ж. «InterPress Distribution» ЖШС-мен оқулықтар және оқу-әдістемелік әдебиетті басып шығару қызметін көрсетуге 005 бюджеттік бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 7 085,6 мың теңгеге мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасаған.

ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 39-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, сатып алынатын тауарларға, көрсетілетін қызметтерге қатысты айрықша құқықтар расталған жағдайда, осындай құқықтарға ие тұлғадан зияткерлік меншік объектілері болып табылатын тауарларды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылады.

Oxford University Press баспаханасының хаты «InterPress Distribution» ЖШС-нің көрсетілетін қызметке қатысты айрықша құқықтарын растайтын құжат болып табылмайды.

17-тармақ. Сол сияқты,Басқарма 16.06.2017 ж. «InterPress Distribution» ЖШС-мен оқулықтар және оқу-әдістемелік әдебиетті басып шығару қызметін көрсетуге 005 бюджеттік бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 9 734,0 мың теңгеге мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасалған.

ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 39-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, сатып алынатын тауарларға, көрсетілетін қызметтерге қатысты айрықша құқықтар расталған жағдайда, осындай құқықтарға ие тұлғадан зияткерлік меншік объектілері болып табылатын тауарларды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылады.

Oxford University Press баспаханасының хаты «InterPress Distribution» ЖШС-нің көрсетілетін қызметке қатысты айрықша құқықтарын растайтын құжат болып табылмайды.

Маңғыстау облысының білім басқармасының «Оразмағанбет Тұрмағанбетұлы атындағы маңғыстау индустриалды - техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны:

18-тармақ.2015-2017 жылдарыҚР Үкіметінің 22.09.2000ж. №1428 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, ҚР Парламенті депутаттарының ҚР шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженің» 9 тармағының талабы бұзылып, 2016 жылы жалпы сомасы 5,5 мың теңге іссапар шығындары артық, негізсіз төленгені анықталды.

19-тармақ.11.09.2017 жылы Кәсіпорын мен жеке кәсіпкер Ж.Н. Космаганбетов арасында №151/2017 жалпы сомасы 198,0 мың теңгеге дәрі-дәрмек жеткізуге келісім шарт жасалған. Келісім шарт 8.4.-тармағына сәйкес жұмыстың мерзімі 24.11.2016 жылға дейін.

Келісім шарттың №1 қосымшасына сәйкес тауарларды жеткізу мерзімі 24.11.2017ж. белгіленген. Алайда, қабылдап алу-беру актісіне сәйкес тауарлар 04.12.2017ж. жеткізіліп, яғни 7 күнге кешіктіріліп жеткізілген. Осыған байланысты, ЖК Ж.Н. Космаганбетов 08.12.207ж. №008 төлемімен 1980 теңге Кәсіпорын счетына айыппұл өтеген.

Сонымен бірге, Мемлекеттік сатып алу Заңының 12-бабының 4-тармағы 3- тармақшасының талабы сақталмай, Мекеме жоғарыда аталған өнім берушілерді сотқа жосықсыз деп тану үшін жүгінбегендігі анықталды.

20-тармақ.Білім туралы Заңның 62-бабының 5-тармағы сақталмаған, яғни Білім басқармасымен жалпы сомасы 908 365,7 мың теңгеге мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орындау үшін жасалған келісім-шарттарда бір маманды оқытуға жұмсалатын шығыстардың орташа құны көрсетілмеген.

21-тармақ.2016 жылы Кәсіпорын мен Білім басқармасы арасында мамандарды даярлау бағыттары және бір маманды оқытуға жұмсалатын шығыстардың орташа құны көрсетілмей, жалпы сомасы 386 653,0 мың теңгеге жалпы саны 1231 оқушы болатын мамандарды даярлауды қамтамасыз етуге келісім-шарт жасалған. Алайда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің» 163 тармағының талабы сақталмай, Кәсіпорын әр-түрлі жағдайлармен оқудан шыққан 47 оқушыларды ескермей, оларды орындалған жұмыстар актісіне негізсіз қосып, 1 230,2 мың теңге(386 653/1231/12*47) артық қаражат алған.

«Жаңаөзен политехникалық колледжі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – ЖШС):

22-тармақ.2016 жылы 156 593,0 мың теңгені құрайтын 05.01.2016 жылы келісім шарт жасалған. Шартты орындау барысында ЖШС-гі 170 994,3 мың теңгеге орындалған жұмыс актілерін тапсырған.

Облыстық білім басқармасы 146 592,0 мың теңге қаражат аударған. Жыл соңында, ЖШС-де 24 402,3 мың теңгедебиторлық берешек қалыптасқан, алайда 2016 жылы жылдық бухгалтерлік балансында дебиторлық берешек көрсетілмеген.

Нәтижесінде, ҚР 28.02.2007ж. №234 «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңының 4-бабының талабы сақталмай, бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiктiң мақсатына сәйкес ЖШС-нің қаржылық жағдайы, қызметiнiң нәтижелерi және қаржылық жағдайындағы өзгерiстер туралы толық және дұрыс ақпаратпен қамтамасыз етілмеген.

23-тармақ.Білім туралы Заңның 62-бабының 5-тармағы сақталмаған, яғни Білім басқармасымен 2016 жылы жалпы сомасы 430 866,2 мың теңгеге мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орындау үшін жасалған келісім-шарттарда бір маманды оқытуға жұмсалатын шығыстардың орташа құны көрсетілмеген.

24-тармақ.2016 жылы ЖШС мен Білім басқармасы арасында мамандарды даярлау бағыттары және бір маманды оқытуға жұмсалатын шығыстардың орташа құны көрсетілмей жалпы сомасы 156 593,0 мың теңгеге жалпы саны 956 оқушы болатын мамандарды даярлауды қамтамасыз етуге келісім-шарт жасалған. Алайда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің» 163 тармағының талабы сақталмай, ЖШС әр-түрлі жағдайлармен оқудан шыққан 25 оқушыны ескермей, оларды орындалған жұмыстар актісіне негізсіз қосып, 341,2 мың теңге(156593,0/956/12*25) артық қаражат алған.

Маңғыстау облысының білім басқармасының «Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны:

25-тармақ.2015-2017 жылдарыҚР Үкіметінің 22.09.2000ж. №1428 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, ҚР Парламенті депутаттарының ҚР шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженің» 9 тармағының талабы бұзылып, жалпы сомасы 20,8 мың теңге (2016 жылы – 3,0 мың теңге, 2017 жылы – 17,8 мың теңге) іссапар шығындары артық, негізсіз төленгені анықталды.

26-тармақ.Сонымен қатар, Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 39-бабы 3-тармағы 42-тармақшасының «егер біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетiн қызметтердің құндық мәндегі жылдық көлемі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жүз еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспаса, осындай біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу» делінген талабы сақталмай, Кәсіпорын мен «СМР Соmpany» ЖШС-гі арасында негізсіз жалпы сомасы 235,2 мың теңгені құрайтын бір көзден сатып алу тәсілімен келісім шарт жасалған.

Нәтижесінде, Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 4-бабында көрсетілген мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаттары басшылыққа алынбай, өзге әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысуына тең мүмкіндік берілмеген.

27-тармақ.Білім туралы Заңның 62-бабы 5-тармағы сақталмаған, яғни Білім басқармасымен 2016 жылы жалпы сомасы 234 643,8 мың теңгеге мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орындау үшін жасалған келісім шарттарда бір маманды оқытуға жұмсалатын шығыстардың орташа құны көрсетілмеген.

«Маңғыстау туризм колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны:

28-тармақ.Білім туралы Заңның 62-бабының 5-тармағы сақталмаған, яғни Білім басқармасымен 2016 жылы жалпы сомасы 164 883,0 мың теңгеге мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орындау үшін жасалған келісім-шарттарда бір маманды оқытуға жұмсалатын шығыстардың орташа құны көрсетілмеген.

29-тармақ.2016 жылы Кәсіпорын мен Білім басқармасы арасында мамандарды даярлау бағыттары және бір маманды оқытуға жұмсалатын шығыстардың орташа құны көрсетілмей, жалпы сомасы 164 883,0 мың теңгеге жалпы саны 688 оқушы болатын мамандарды даярлауды қамтамасыз етуге келісім-шарт жасалған. Алайда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің» 163 тармағының талабы сақталмай, Кәсіпорын әр-түрлі жағдайлармен оқудан шыққан 13 оқушыны ескермей, оларды орындалған жұмыстар актісіне негізсіз қосып, 259,6 мың теңге(164883,0/688/12*13) артық қаражат алған.

Маңғыстау облысы білім басқармасының «Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны:

30-тармақ.Білім туралы Заңның 62-бабының 5-тармағы сақталмаған, яғни Білім басқармасымен 2016 жылы жалпы сомасы 194 811,0 мың теңгеге мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орындау үшін жасалған келісім-шарттарда бір маманды оқытуға жұмсалатын шығыстардың орташа құны көрсетілмеген.

31-тармақ.2016 жылы Кәсіпорын мен Білім басқармасы арасында мамандарды даярлау бағыттары және бір маманды оқытуға жұмсалатын шығыстардың орташа құны көрсетілмей, жалпы сомасы 194 811,0 мың теңгеге жалпы саны 664 оқушы болатын мамандарды даярлауды қамтамасыз етуге келісім-шарт жасалған. Алайда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің» 163 тармағының талабы сақталмай, Кәсіпорын әр-түрлі жағдайлармен оқудан шығарылған 4 оқушыны ескермей, оларды орындалған жұмыстар актісіне негізсіз қосып, 97,8 мың теңге(194 811000/664/12*4) артық қаражат алған.

Маңғыстау облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны:

32-тармақ. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 27.03.2015 ж. № 249 бұйрығымен бекітілген «Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингілеу мен бағалау қағидаларының» (бұдан әрі - № 249 Қағида) 4, 5 және 6 тармақтарының талаптары сақталмай, аудитпен қамтылған кезеңде Кәсіпорынның даму жоспарында санмен өлшенетін түйiндi көрсеткiштер көрсетілмеген.

Сондай-ақ, Кәсіпорынның даму жоспарында қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері көрсетілмеген.

33-тармақ.Басқарма мен Кәсіпорын арасында 261 007 «Облыстық ауқымда мектеп олимпиадаларын, мектептен тыс іс-шараларды және конкурстар өткізу» бюджеттік бағдарламасы, 015 «Жергілікті бюджеттен берілетін есебiнен» кіші бағдарламасының 159-ерекшелігі бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын орындауға келісім-шарт жасалып,Кәсіпорынға 138 253,0 мың теңге қаржы аударылған. Басқармамен аталған келісім-шартқа қосымша келісімдермен толықтырулар енгізіліп, келісім-шарттың жалпы сомасы 163 630,0 мың теңгені құраған.

«Қазақстан Республикасы Президентінің атынан балалардың жаңа жылдық шыршасын өткізу туралы» Маңғыстау облысы әкімінің 30.11.2016ж. № 69 нқ өкімі негізінде Басқарма басшысының 16.11.2016ж. №176 нқ бұйрығымен 2016 жылдың 26 желтоқсанында Жаңа жылдық шыршаны дайындау және өткізу Кәсіпорынға жүктелген. Кәсіпорынмен Білім туралы Заңының 1-бабының 45-тармағының талаптарын сақталмай, 11 207,4 мың теңге қаржы мемлекеттік білім беру тапсырысына жатпайтын жаңа жылдық шырша мерекесін өткізуге жұмсалған.

34-тармақ. Сол сияқты2017 жылыБасқарма мен Кәсіпорын арасында 261 007 «Облыстық ауқымда мектеп олимпиадаларын, мектептен тыс іс-шараларды және конкурстар өткізу» бюджеттік бағдарламасы, 015 «Жергілікті бюджеттен берілетін есебiнен» кіші бағдарламасының 159-ерекшелігі бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын орындауға келісім-шарт жасалып, Кәсіпорынға 165 930,0 мың теңге қаржы аударылған. Басқармамен аталған келісім-шартқа қосымша келісіммен толықтырулар енгізіліп, келісім-шарттың жалпы сомасы 180 930,0 мың теңгені құраған.

Кәсіпорынмен Білім туралы Заңның 1-бабы 45-тармағының талаптарын сақталмай, 11 888,0 мың теңге қаржы мемлекеттік білім беру тапсырысына жатпайтын жаңа жылдық шырша мерекесін өткізуге жұмсалған.

35-тармақ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31.12.2015 жылғы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкелеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» № 1193 қаулысының қосымшаларының талаптарында көзделмеген жалпы сомасы 155,96 мың теңге құрайтын 40 % қосымша ақылар 2016 жылы Кәсіпорын директоры мен оқу-әдістемелік жұмыс бойынша директордың орынбасарына төленіп келген.

36-тармақ.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31.12.2015 жылғы № 1193 қаулысының 18-қосымшасында мемлекеттік мекемелердің және қазыналық кәсіпорындардың негізгі лауазымы (мамандығы) бойынша жұмыс уақытының шегінде қосымша жұмыс орындайтын қызметкерлеріне лауазымдарды қоса атқарғаны (қызметтер көрсету аймағының кеңейгені) үшін қосымша ақы қызметкердің өзінің БЛА-нан 50 %-ға дейін төленеді деген талаптары сақталмай, Кәсіпорынның 5 жұмысшысына нақты 75 % ( 25% ) мөлшерінде 2016 жылы жалпы сомасы 71,40 мың теңге құрайтын, 2017 жылы 346,14 мың теңге құрайтын қосымша ақы төленіп келген.

37-тармақ. Есеп саясатының 12-тармағының 2-тармақшасы сақталмай, Кәсіпорынның 18.08.2016 ж. № 192-жқ бұйрығымен тәртіптік жазасы алынбаған шаруашылық меңгерушісі Д. Султанғалиевқа 45,29 мың теңге сыйақы төленген.

38-тармақ. Кәсіпорынның Есеп саясатының 12-2 тармағында кредиторлық берешек болмаған жағдайда сыйақы беру қарастырылмаған. Алайда, Кәсіпорын басшысының бұйрығымен 2017 жылы 700,0 мың теңге кредиторлық берешек бола тұра, кәсіпорын қызметкерлеріне жалпы сомасы 1710,8 мың теңге көлемінде сыйақы берілгендігі анықталды.

39-тармақ. ҚР Үкіметінің 22.09.2000 ж. № 1428 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етілетін мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасы шегіндегі іссапарлары жөніндегі ереженің» 12-тармағының талабы сақталмай, іссапардан оралғаннан кейін бес күннің ішінде ақша қаражатының нақты шығыстары туралы аванстық есептері Кәсіпорын қызметкерлерімен мерзімдерінен кеш тапсырылғандығы анықталды.

40-тармақ.Кәсіпорын балансында жалпы баланстық құны 356 489,5 мың теңгені құрайтын 3-жатақхана, 1-мектеп, спорт кешені, асхана ғимараты орналасқан 9, 8315 гектар жер учаскесі «Балдәурен» демалыс аймағы бар.

Кәсіпорынға 2016 жылы демалыс аймағында орналасқан 4-ші жатақханаға бюджеттен 7 479,66 мың теңге қаржы бөлініп, ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізілген.

2016 жылы «Маңғыстау облысының құрылыс басқармасы» ММ-мен «Балдәурен» демалыс аймағында орналасқан алаңы 0,4087 гектар құрайтын № 4 жатақханаға ағымдағы жөндеу жұмысына конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүргізілген. Алайда, Басқарма тарапынан Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы N 413-IV «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 17 бабының 23 тармағындағы облыстық коммуналдық мүліктің пайдаланылуына және сақталуына бақылауды қамтамасыз етеді деген талабы және 24 тармағындағы облыстық коммуналдық мүліктің есепке алынуын ұйымдастыруды және, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді деген талаптары тиісті деңгейде сақталмай отырғандығы анықталды.

Нәтижесінде, 2016 жылы ағымдағы жөндеуден өткен пайдалануға жарамды Кәсіпорын базасындағы № 4 жатақхана бүгінгі таңға дейін мақсаты бойынша пайдаланылмай отырғаны анықталды.

41-тармақ. Кәсіпорын балансында 5 автокөлік тіркелген. Кәсіпорынның жанар-жағар май есептілігінің шығысталуын тексеру барысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 тамыздағы № 1210 қаулысымен бекітілген «Жанар-жағармай материалдары шығыстарының және автокөлікті күтіп ұстауға арналған шығыстардың нормаларының» талаптары бұзылып, 2016-2017 жылдары жалпы сомасы 83,71 мың теңгені құрайтын жанар-жағар майдың артық шығысталғаны анықталды.

42-тармақ. Жаңа жылдық шырша мерекесі 26.12.2016 жылы өтіп кетсе де, суретке түсіру қызметі үшін Кәсіпорын ЖК Д.Г.Токтагуловпен 200,0 мың теңгеге келісім-шартқа отырып, аталған қызмет түріне Орындаушының есеп шотына 28.12.2016 ж. № 506 төлем құжатымен қаржы аударылған. Аталған шарт бойынша жұмыстардың орындалғандығы туралы акті 28.12.2016 ж. жасалған.

2016 жылы 261 007 бюджеттік бағдарламасының мақсатына сай келмейтін, суретке түсіру қызметі сатып алынған.

43-тармақ. Қазақстан Республикасы Президентінің атынан балалардың жаңа жылдық шыршасын өткізу мерекесінде 200 (9-дан 13 жасқа дейінгі жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүгедек балалар, аз қамтамасыз етілген, көп балалы отбасы) балаларға таратылуға арналған киім-кешектер (шарфымен бірге қыз балаларға арналған телпектер, қыз балаларға арналған спорттық костюмдер, қыз балаларға арналған қыстық күртелер, қыз балаларға арналған қысқы етіктер, сол сияқты шарфымен бірге ұл балаларға арналған телпектер, ұл балаларға арналған спорттық костюмдер, ұл балаларға арналған қыстық күртелер, ұл балаларға арналған қысқы етіктер) сатып алуға 10 304,0 мың теңгеге шығын сметасы бекітілген.

ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 39-бабына сәйкес, сатып алынатын тауарларға, көрсетілетін қызметтерге мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасуға негіз болмаса да, негізсіз бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған.

«Еңбек шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның «Еңбек-Ақтау» филиалымен 26.10.2017ж. Заң нормаларын қолданбай, жалпы сомасы 10 304,0 мың теңгеге келісім-шартқа отырған.

Ал, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 79 Қаулысымен бекітілген «Қылмыстық-атқару жүйесі (пенитенциарлық) мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындарынан сатып алынатын, олар өндіретін, орындайтын, көрсететін тауарларың, жұмыстарың, қызметтерің тізбесі мен көлемінде» үлбір (қаракөл, қой терісі) жағасы бар нысанды жылы күрте, ерлердің қысқа қонышты үлбір етігі, әйелдердің үлбір етігі нысанды киімдердің тізімінде көрсетілген.

Оқушыларға арналған киім-кешектер мен аяқ киімдерді (қыз балалардың қысқы етіктері, ұл балалардың қысқы етіктері, ұл балалардың курткелері, қыз балалардың курткелері) сатып алынбай, жалпы сомасы 6 944,0 мың теңгеге Кәсіпорын нысанды киімдер тізбесіндегі киімдерді сатып алғаны белгілі болды.

44-тармақ. Кәсіпорын 2016 жылы Қазақстан Республикасы білім және

ғылым министрлігінің 31.12.2015ж. №717 бұйрығымен бекітілген «Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу туралы қағидаларының» 1 қосымшасына (бұдан әрі – Орта білім беру ұйымдарында оқитындарды тамақтандыруды ұйымдастыру Қағидасы) сәйкес, азық-түлік сатып алуға конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүргізген. Конкурс нәтижесімен ЖК Н. С. Кенжегалиевпен жалпы сомасы 7500,5 мың теңгеге келісім-шартқа отырып, алу-беру акті негізінде есеп-айырысулар жүргізілген.

Кәсіпорын орта білім беру ұйымдарында оқитындарды тамақтандыруды ұйымдастыру Қағидасының 4-тармағы 64-тармақшасын негізге алып, 2017 жылы ЖК Н. С. Кенжегалиевпен 04.01.2017ж. жалпы сомасы 7 435,05 мың теңгеге № 1 келісім-шартқа отырған.

Алайда, Кәсіпорынның Жарғысына сәйкес, «Дарын» облыстық қосымша білім орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны орта білім беру ұйымы болып табылмайды.

III. Жиынтық бөлік

3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар:

Мемлекеттік аудит барысында Басқармамен ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен берілген сыйақылардың өзге де қызметкерлерге берілген 135,0 мың теңге және мемлекеттік қызметкерлерге берілген 1722,0 мың теңге сомасының республикалық бюджетке өтелуі қамтамасыз етілді (түбіртек көшірмелері жалғанды).

Оразмағанбет Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды-техникалық колледжімен жалпы сомасы 5,5 мың теңге төленгеніссапар шығындары қалпына келтірілді (11.05.2018ж. №150343720).

Жаңаөзен политехникалық колледжімен жалпы сомасы 341,2 мың теңге(25.05.2018ж. №276) бюджетке өтелді.

Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжімен жалпы сомасы 20,8 мың теңге қалпына келтірілді (25.05.2018ж. №1503437205.0002).

Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжімен97,8 мың теңгебюджетке өтелді (11.06.2018ж. №284).

Маңғыстау туризм колледжімен 259,6 мың теңге бюджетке өтелді.

«Дарын» облыстық қосымша білім орталығымен жалпы сомасы 702,5 мың теңге қалпына келтірілді.

Тексеру комиссиясының отырысына дейін Оразмағанбет Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды-техникалық колледжіменжалпы сомасы 1 230,2 мың теңгемың теңге бюджетке өтелді (16.05.2018 ж. №24).

Әкімшілік құқық бұзушылық фактілері бойынша бақылау материалы Маңғыстау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жолданды.

3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар:

«Маңғыстау облыстық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі мен оған қарасты ведомстволық ұйымдарға жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойыншабөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша жалпы сомасы 7 614,2 мың теңге қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде: бюджетке өтелуге жататыны – 4 975,7 мың теңге; есепте қалпына келтірілуге жататыны –2 638,5 мың теңге. Сонымен бірге, жалпы сомасы 209 093,5 мың теңгені құрайтын, саны 38 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар орын алғаны да анықталды.

2016/2017 оқу жылында Маңғыстау облысында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі 26 колледждерден тұрған, олардың 15-і мемлекеттік колледждер болып табылады.

Мемлекеттік аудитпен 2016-2017 жылдар кезеңі және 7мемлекеттік аудит объектілері қамтылды.

Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру барысында Казахстан Республикасының бюджет жүйесінің нәтижелілік принципі сақталмаған, атап айтқанда бюджеттік бағдарламалардың көзделген тікелей және түпкілікті нәтиже көрсеткіштеріне толық қол жеткізу қамтамасыз етілмеген.

Мемлекеттік аудиттің алдына қойылған көрсеткіштер:

базалық көрсеткіш – техникалық және кәсіптік білім беруге арналған бюджеттік бағдарламалардың орындалуының тиімділігі. Тікелей нәтиже көрсеткішіне қол жеткізу, бюджет қаражатын игеру, бюджеттік бағдарламаның орындалуының тиімділігі (тікелей нәтиже көрсеткіштерінің (%) игерілген бюджет қаражатының арасындағы арақатынасы);

арнайы көрсеткіш – қаржы жылына техникалық және кәсіптік білім беруге бөлінген бюджет қаражаттын игерілуі.

Бюджеттік бағдарламалардың орындалу тиімділігі:

- 2016 жылы тікелей нәтижеге қол жеткізу пайызы – 0 (2 көрсеткіштің 1-уі жоспарланбаған, 2 –ші көрсеткіш - 91,3%-ға орындалған);

2016 жылы бөлінген бюджет қаражаты 99,5 % игерілген;

Орындалу тиімділігі – 0/99,5*100=0%.

- 2017 жылы тікелей нәтижеге қол жеткізу пайызы -0 (2 көрсеткіштің 1-уі жоспарланбаған, 2 –ші көрсеткіш - 75,8%-ға орындалған );

2017 жылы бөлінген бюджет қаражаты 100 % игерілген;

Орындалу тиімділігі – 0/100*100=0.

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуын көрсететін негізгі индикатор болып табылатын, мемлекеттік бағдарламада белгіленген«Мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алған, оқуды бітіргеннен кейінгі бірінші жылы жұмысқа орналасқан және еңбекпен қамтылған техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары бітірушілерінің үлесі» нысаналы индикаторы Басқарманың 2016-2018 және 2017-2019 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларының түпкілікті нәтиже көрсеткіштерінде көрініс таппаған.

базалық көрсеткіш(нәтижелілік) - техникалық және кәсіптік оқу орнын бітірген түлектердің өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасуы.

арнайы көрсеткіш - бітіргеннен кейінгі бірінші жылы мемлекеттік тапсырыс бойынша оқу бітірген түлектердің жұмыспен қамтылғандардың және жұмысқа орналасқандардың саны, жұмыспен қамтудың тиімділігі (%). (жұмыспен қамтылғандар санымен түлектер саны арасындағы арақатынасы).

2015/2016 оқу жылы, 2016 жыл:

Мемлекеттік тапсырыс бойынша бітірген түлектер саны - 2529 адам.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқу орындарын бітіргеннен кейін бірінші жылы еңбекпен қамтылғандар және жұмысқа орналасқандар саны - 1867 адам.жұмыспен қамтудың тиімділігі (%): жұмыспен қамтылғандар санымен түлектер саны арасындағы арақатынасы - 1867/2529 – 73,8% (респ. жоспар 90%).

2016/2017 оқу жылы, 2017 жыл:

Мемлекеттік тапсырыс бойынша бітірген түлектер саны 3228 адам.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқу орындарын бітіргеннен кейін бірінші жылы еңбекпен қамтылғандар және жұмысқа орналасқандар саны 2924 адам. жұмыспен қамтудың тиімділігі (%): жұмыспен қамтылғандар санымен түлектер саны арасындағы арақатынасы - 2924/3228 – 90,6% (респ. жоспар 92%).

Жылдан жылға еңбекпен қамтылғандар және жұмысқа орналасқандар саны 73,4% -дан 90,6%-ға көбейген.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша бітірген түлектер саны 2016 жылы 2529 адам, бітіргеннен кейін бірінші жылы өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасқан түлектер саны 1034 адам немесе 40,9%.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша бітірген түлектер саны 2017 жылы 3228 адам, бітіргеннен кейін бірінші жылы өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасқан түлектер саны 1310 адам немесе 40,6%.

Нақты өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасу деңгейі өте төмен. Оқу бітіргеннен кейін бірінші жылы өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасқандар 50%-ға да жетпейді, бұл өз кезегінде техникалық және кәсіптік білімінің сапасына көңіл бөлу қажеттігін және Басқарма тарапынан мемлекеттік тапсырыс көлемін жоспарлауда жұмыс берушілердің мамандарға деген нақты қажеттілігін ескеру керектігін көрсетеді.

Техникалық және кәсіптік білім алып жүрген студенттердің құрамына жасалған талдау жұмыстарымен 2016-2017 жылдары әр түрлі себептермен оқудан шығып қалған студенттердіоқытуға жұмсалған бюджет қаражатының көлемі 6 677,2 мың теңгені құраған. Сонымен бірге, қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алып жүрген студенттердің жауапкершілігі мен оқуды аяқтамай кеткен жағдайда, білім алуға жұмсалған бюджет қаражатының қайтарылу тәртібі реттелмеген. Бұл болса, техникалық және кәсіптік білім алу үшін бөлінген бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуына теріс әсерін береді.

Сонымен қатар, аудиторлық іс-шаралармен мемлекеттік аудит объектілерінде келесідей бұзушылықтар мен кемшіліктердің орын алғаны анықталды:

Басқарма мен оған қарасты кәсіпорындардабухгалтерлік есептің жүргізілуі тиісті деңгейде жүргізілмеген. Жаңаөзен политехникалық колледжі жыл соңында қалыптасқан жалпы сомасы 24 402,3 мың теңге дебиторлық берешек есептілікте көрсетілмеген;

- мемлекеттік сатып алуларға бөлінген бюджет қаражатының оңтайлы және тиімді пайдаланбауы салдарынан жалпы сомасы 31 931,8 мың теңге бұзушылықтар орын алған;

- жалақы, сыйлықақы және үстемақыларды есептеу және төлеу, сондай-ақ, іссапар шығыстарын өтеу кезінде жалпы сомасы 7 614,2 мың теңге қаржылық бұзушылықтарына жол берілген;

-Басқарманың бюджеттік бағдарламаларында тікелей және түпкілікті көрсеткіштері көрсетілмей және сапа, тиімділік көрсеткіштерінің нақты, өлшемді болуы қамтамасыз етілмей жасалған;

- «Дарын» облыстық қосымша білім орталығында 2016,2017 жылдары мемлекеттік білім беру тапсырысына бөлінген жалпы сомасы 23 095,4 мың теңгені жаңа жылдық шырша өткізуге жұмсаған;

- «Дарын» облыстық қосымша білім орталығының балансында тұрған №4 жатақхана пайдаланылмай тұрғаны анықталды;

-бюджет қаражатын пайдалануда бюджет жүйесінің тиімділік принципі басшылыққа алынбай, нәтижесінде жалпы 6 677,2 бюджет қаражаты тиімсіз пайдаланылған.

Анықталған заң бұзушылықтар мен кемшіліктер мемлекеттік аудит объектілерімен білім беру туралы заңнаманың, бюджет заңнамасының және мемлекеттік сатып алулар туралы заңнама талаптарының, сондай-ақ бухгалтерлік есеп жүргізу тәртібінің тиісті дәрежеде сақталмауы себепті орын алып отыр. Жоғарыда көрсетілген заң бұзушылықтар фактілері Мекеменің лауазымды тұлғаларының өз міндеттеріне жауапты қарамағанын көрсетеді.

 

3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар

Жоғарыда айтылғандарды талдай келе төмендегілерді ҰСЫНАМЫН:

 

1. Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында «Маңғыстау облыстық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі мен оған қарасты ведомстволық ұйымдарға жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойыншабөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысын қарауды ұсынамын.

2. «Маңғыстау облыстық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (Н.Қойжанов)2018 жылдың 22 қазанына дейін:

1) Басқарманың құзыреті шегінде бюджет қаржысының тиімді және мақсатына сай, нәтижелі пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін ТжКБ ұйымдарының қызметтеріне бақылауды күшейтуді;

2) 2017 жыл қорытындысы бойынша «Дарын» облыстық қосымша білім орталығында қалыптасқан кредиторлық берешектерді жою үшін Басқарма тарапынан тиісті шаралар алуды;

3) Мемлекеттік бағдарламаға және өңірдің даму бағдарламасына байланысты индикаторлар мен көрсеткіштерге қол жеткізу үшін бюджеттік бағдарламалардың, мемлекеттік білім беру тапсырысының заңнама талаптарына сәйкес жоспарлануын мен сапалы орындалуын қамтамасыз етуді;

4) «Дарын» облыстық қосымша білім орталығыныңбалансындағы мақсатына сай пайдаланылмай тұрған № 4 жатақхана бойынша тиісті шаралар қабылдауды;

5) Маңғыстау облысының даму бағдарламасының «Мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алған, оқуды бітіргеннен кейінгі бірінші жылы жұмысқа орналасқан және еңбекпен қамтылған техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары бітірушілерінің үлесі» нысаналы индикатор көрсеткішін (58 %) Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының көрсеткішіне (95%)сәйкестендіру бойынша өзгерістер енгізуді;

6) Дуалды жүйесінде оқитын студенттер үлесін арттыруға бағытталған шараларды қабылдауды;

7) Тексеру комиссиясының 29.07.2018 ж. аудиторлық есебінде көрсетілген кемшіліктерді талқылау үшін және бұдан әрі осындай кемшіліктерді болдырмау мақсатында аудитпен қамтылған кәсіпорын қызметкерлерінің қатысуымен жиналыс өткізуін ұсынамын.

4. Осы Аудиторлық қорытындымен берілген ұсынымдардың орындалуы туралы ақпаратты 2018 жылдың 22 қазанына дейін Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясына хабарлау тапсырылады.

5.«Маңғыстау облыстық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі мен оған қарасты кәсіпорындарменжалпы сомасы 3 785,8 мың теңгеқаражаттың бюджетке өтелгендігін және 728,8 мың теңге қалпына келтірілгенін ескеруді ұсынамын.

3.4. Қосымша: ( парақ)

 

Тексеру комиссиясының мүшесі Ж. Кошмагамбетова

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Блог председателя