17/05/2024  Пятница
Государственное учреждение

Ревизионная комиссия
Мангистауской области

Маңғыстау облысы бойынша

тексеру комиссиясының 05.09.2018ж. №02-02/9

қаулысымен бекітілген

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

I. Кіріспе бөлік

1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: «Маңғыстау ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінебюджеттік бағдарламалар бойынша бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына мемлекеттік аудит жүргізу. 1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты: ««Маңғыстау ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінебюджеттік бағдарламалар бойынша бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына мемлекеттік аудит жүргізу.

1.3. Мемлекеттік аудиттің объектілері:

1) «Маңғыстау ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (одан әрі – Мекеме).

1.4. Мемлекеттік аудит тобының құрамы: мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бөлімінің басшысы А.Н. Таганов (сертификат №1266) және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бөлімініңбас маман – бас мемлекеттік аудиторы С.А. Ордабаев (сертификат №1421).

1.5. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2016 жылдың 01 қаңтарынан – 2017 жылдың 31 желтоқсанын қоса алғандағы аралығы.

II. Негізгі (талдамалық) бөлік:

2.1. Өңірлік бөліністе аудиттелетін саланың, соның ішінде мемлекеттік басқарудың және (немесе) экономика саласының, әлеуметтік-экономикалық дамудың ағымдағы жай-күйін жиынтық талдау:

Маңғыстау ауылы 06.04.2005 жылы №16/161 облыстық мәслихат шешіміне сәйкес құрылған, аул ауданы 4 374 мың га. Маңғыстау ауылына Маңғыстау, Маңғыстау 1,2,3,4,5 тұрғын массивтері кіреді, халық саны 30 860 адам. Маңғыстау ауылы облыс орталығынан 15 шақырым қашықтықта орналасқан.

Маңғыстау елді мекенінде:

- 18 - білім беру ұйымдары, оның ішінде: 4 мектеп, 14 балабақша;

- 6 - халыққа қызмет көрсету объектілері, оның ішінде:1аудандық аурухана, 1 аудандық емхана, 1 дәрігерлік амбулатория, 1 жедел жәрдем бөлімшесі, 1 туберкулез диспенсері және жекеменшік 1 медициналық орталық;

- 1- аудандық кітапхана;

- 1- спорт зал.

Маңғыстау ауылы 100% газ және электр желілерімен қамтылған, 49,8% сумен қамтылған.

Маңғыстау ауылында шағын және орта бизнес белсенді дамуда. Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 190, оның ішінде: 23- жауапкершілігі шектеулі серіктестер, 18- шағын кәсіпкерлер, 150- жеке кәсіпкерлер.

2.2. Өңірлік бөліністе аудиттелетін салаға, соның ішінде мемлекеттік басқаруға және (немесе) экономика саласына, әлеуметтік-экономикалық дамуға жүргізілген мемлекеттік аудиттің жиынтық нәтижелері:

Мемлекеттік аудиттің алдына қойылған көрсеткіштер:

Базалық көрсеткіш – бюджеттік бағдарламалардың орындалуының тиімділігі (жоспарланған нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізу) (%).

Арнайы көрсеткіш – әрбір қаржы жылына бөлінген қаражаттың игерілуі, бюджет қаражатын басқару, шығыстардың дұрыстығы (бюджеттік бағдарламаларды іске асыру үшін қаражат көлемін растайтын қажетті құжаттардың болуы)

Базалық көрсеткіш – Балаларды (3-6 жас) мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту бойынша жоспарланған көрсеткіштердің орындалуы (%).

Арнайы көрсеткіш - мектепке дейінгі білім беру саласындағы мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырудың нәтижелілігі.

Мекеменің бюджет шығыстарының бағытын айқындайтын және нәтиже көрсеткіштері мен бюджет шығыстарын қаржыландыру көлемдерін қамтитын бюджеттік бағдарламалар жасалмауына байланысты, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалау мүмкін болмады.

Елбасының2020 жылы балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен 100% қамтуды қамтамасыз ету міндеті «2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына» енгізілген. Мұнайлы ауданы бойынша 2016/2017 жылы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарымен қамту 83% құраған. 2017 жылдың статистикалық мәліметі бойынша ауданда 3-6 жас аралығында 14237 бала тіркелген. Балабақша саны аудан бойынша 42 құраған. 2018 жылдың соңына дейін ауданда 879 орындық 13 жекеменшік балабақша және мемлекеттік жекеменшік әріптестік есебінен 140 орындық балабақша жоспарланған. Барлығы 1019 орын. 2018 жылда ауданда 3-6 жас аралығында 15137 келесі оқу жылында оның 6 жастағы 3850 баласы 1 сыныпқа, 1783 бала жарты күнмен тәрбиеленсе, 5 жастағы 3100 баласы мектепалды даярлық топқа барады деп жоспарланған. Сонда 2018 жылдың аяғына дейін қамтылуға тиіс 11287 баланың 10734-і немесе 95,1 % мектепке дейінгі оқыту және тәрбиемен қамтылады.

2016/2017 жылдары Маңғыстау ауылы бойынша 11 мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасаған. Статистикалық мәлімет бойынша 2017 жылдың соңында 3-6 жастағы 6942 бала болса, қамтуға жататын бала саны -2961, пайыз 89,26 % құраған. Себебі бұрынғы есеп бойынша статистикалық есепте тұрған бала санымен есептелген. Қазіргі таңда кезектегі бала санымен есептеледі.

2.2.1. Бюджет қаражатының, Ұлттық қор қаражатының, қарыздар мен активтердің бюджеттік бағдарламалардың түпкілікті тікелей және түпкілікті нәтижелеріне, сондай-ақ қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге пайдаланылу тиімділігін жиынтық талдау және бағалау, аудиттелетін саланың дамуына әсері және саланың, экономиканың ілеспе бағыттарына мультипликативтік әсері:

«Маңғыстау ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне бюджеттік бағдарламалар бойыншабөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша жалпы сомасы 69 767,5 мың теңгебюджетке қайтарылуға және қалпына келтірілуге жататын қаржылық заң бұзушылықтар анықталды,оның ішінде:

- бюджетке өтелуге жататыны – 662,5 мың теңге;

- есеп бойынша қалпына келтірілуге жататыны – 69 105,0 мың теңге.

Сонымен бірге, саны 8 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар орын алған.

Аудиторлық іс-шарамен қамтылған мемлекеттік аудит объектісінде келесідей бұзушылықтар мен кемшіліктердің орын алған:

1-тармақ.Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 66-бабының талаптары сақталмай,2016 жылы 001, 003, 004, 008, 009, 011, 022, 027, 041 және 2017 жылы 003, 004, 008, 009, 011, 022, 041 бюджеттік бағдарламалары бойынша бюджеттік өтінімдер әзірленбеген.

2-тармақ.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31.12.2015 жылғы №1193 қаулысының 2-қосымшасында көрсетілген талаптары сақталмай, Мекеменің штаттан тыс қызметкері Е. Домалақовтың жалақысына еңбек өтілдерінің дұрыс есептелмеуінің салдарынан лауазымдық айлықақы есептеуге арналған коэффиценттер қате есептеліп,2017ж. жалпы сомасы 13,5 мың теңге жалақы артық төленгендігі анықталды.

3-тармақ.Мекемеде Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 03.08.2010 ж. №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесінің»(бұдан әрі - бухгалтерлік есеп жүргізу ережесі) 243 тармағының талабы сақталмай, жалпы сомасы 69 105,0мың теңгені құрайтын негізгі құралдар есепке алынбағаны анықталды.

4-тармақ.31.12.2016 жыл жағдайына Мекеменің «Маңғыстауэнерго» МКК-ны алдында 008 бюджеттік бағдарламасы бойынша 4 372,9 мың теңге кредиторлық берешек қалыптасқан.

Аудит барысында 2017жылы 008 бюджеттік бағдарламасы бойынша 60 068,0 мың теңге бөлінгені анықталды. Оның ішінде: 4 375,0 мың теңге 2016 жылдағы кредиторлық берешекті өтеу үшін және 55 693,0 мың теңге 2017 жылға келісім шартқа отыру үшін бөлінген. Мекемемен «Маңғыстауэнерго» МКК-ны арасында жалпы сомасы 55 693,0 мың теңгеге келісім шарт жасалып, орындалған жұмыс актілерімен келісім шарт сомасы 55 693,0 мың теңге толықтай төленген. Ал, 2016 жылдың кредиторлық берешегі үшін бөлінген қаражат төленбеген. Мекеменің 2017 жылға жасалғанбухгалтерлік балансында008 бюджеттік бағдарламасы бойынша «Маңғыстауэнерго» МКК-ны алдындағы кредиторлық берешегі 4 375,0 мың теңгеемес, 10 270,2 мың тенге деп көрсетілген.

Нәтижесінде, Қазақстан Республикасының28.02.2007 жылғы №234 «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Заңының 4-бабының талабы бұзылған.

5-тармақ.Мекеменің 2016-2018 жылдарға жасалған 004, 008, 009, 011, 022, 041 бюджеттік бағдарламаларда Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 30.12.2014ж. №195 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптардың»15-тармағының талаптарына сай келемейді.

Атап айтқанда:

түпкiлiктi нәтиже көрсеткiштерiнде белгілі бір уақыт кезеңінде қол жеткізілуге тиіс белгілі бір қорытындылары және абсолюттік, сол сияқты салыстырмалы немесе пайыздық шамалары көрсетілмеген.

Сол себепті, Мекеменің бюджеттік бағдарламаларының іске асырылуына талдау жасау мүмкін болмады.

6-тармақ.Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 32-бабының талаптары сақталмай, 2016-2018 жылдарға арналған001, 003, 027 бюджеттік бағдарламалар және 2017-2019 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалар жасалып, бекітілмеген.

7-тармақ.Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 30.11.2016 ж. №629 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттік мониторинг жүргізу туралы» Нұсқаулықтың 48-ші тармағының талабы орындалмай, Мекеме тарапынан бюджеттік бағдарламаларды іске асыру мониторингінің нәтижелері туралы есептері жасалмаған.

8-тармақ.Қазақстан Республикасының 27.07.2007ж. №319 «Білім туралы» Заңының 62-бабы 4-тармағына сәйкес мемлекеттік білім беру кәсіпорындарын, басқа да ұйымдық-құқықтық нысандардағы білім беру ұйымдарын қаржыландыру мемлекеттік білім беру тапсырысының негізінде жүзеге асырылады.

Мұнайлы ауданы әкімдігінің 18.03.2016ж. №54-қ Қаулысымен аудан бойынша 33 балабақшаға,мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысыжан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі бекітілген.

Мекемемен балабақша (ЖК Ходжаметова А.Ж.) арасындағы келісім шарт бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысының қаржыландыру көлемі 649,0 мың тенгеге негізсіз артық төленген.

9-тармақ.2016 жылыМұнайлы ауданы әкімдігінің 18.03.2016ж. №54-қ қаулысымен мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы «Байтерек» МКҚК-на 82 697,2 мың теңге және «Алтын сақа» МКҚК-на 82 697,2 мың теңге көлемінде бекітілген.Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орындау мақсатында Мекемемен жоғарыда аталған мектепке дейінгі білім беру ұйымдармен келісім шарт жасалған. 2016 жылдың тамыз айында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына бейне бақылау орнату үшінмемлекеттік білім беру тапсырысы ретінде қосымша қаражат бөлінген.

Атап айтқанда,Мұнайлы ауданы әкімдігінің 18.03.2016ж. №54-қ Қаулысымен бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемінен артық 2 балабақшаға жалпы сомасы 7 092,0 мың теңге («Байтерек» МКҚК-на 3 546,0 мың теңге, «Алтын сақа» МКҚК-на 3 546,0 мың теңге) қаражат бөлініп,жұмсалған.

Нәтижесінде, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 4 бабында көрсетілген бюджет жүйесінің принциптері сақталмаған.

10-тармақ.Мекемеде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесінің 29,30 тармақтарының талаптары сақталмай, 2016,2017 жылдар кезеңінде жұмыс атқарған есепшілер Н.С. Қаржаубай, Б.Б. Куанышев, А.С. Ажибаева және А.Н. Асганбаев бухгалтерлік есеп жүргізу кезінде алғашқы құжаттарды, бухгалтерлік есептің тіркелімдерін қағаз және электрондық тасығыштарда сақтауды қамтамасыз етпеген. Бухгалтерлік құжаттар (шот-фактура, орындалған жұмыс актілері, жұмыстардықабылдау актілері, накладнойлар) аудит барысында мердігерлерден сұрату арқылы қалпына келтірілді.

III. Жиынтық бөлік

3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар:

Әкімшілік құқық бұзушылық фактілері бойынша бақылау материалы Маңғыстау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жолданды.

3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар:

«Маңғыстау ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне бюджеттік бағдарламалар бойыншабөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша жалпы сомасы 69 767,5 мың теңгебюджетке қайтарылуға және қалпына келтірілуге жататын қаржылық заң бұзушылықтар анықталды,оның ішінде:

- бюджетке өтелуге жататыны – 662,5 мың теңге;

- есеп бойынша қалпына келтірілуге жататыны – 69 105,0 мың теңге.

Сонымен бірге, саны 8 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар орын алған.

Мемлекеттік аудиттің алдына қойылған көрсеткіштер:

Базалық көрсеткіш – бюджеттік бағдарламалардың орындалуының тиімділігі (жоспарланған нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізу) (%).

Арнайы көрсеткіш – әрбір қаржы жылына бөлінген қаражаттың игерілуі, бюджет қаражатын басқару, шығыстардың дұрыстығы (бюджеттік бағдарламаларды іске асыру үшін қаражат көлемін растайтын қажетті құжаттардың болуы)

Базалық көрсеткіш – Балаларды (3-6 жас) мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту бойынша жоспарланған көрсеткіштердің орындалуы (%).

Арнайы көрсеткіш - мектепке дейінгі білім беру саласындағы мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырудың нәтижелілігі.

Мекеменің бюджет шығыстарының бағытын айқындайтын және нәтиже көрсеткіштері мен бюджет шығыстарын қаржыландыру көлемдерін қамтитын бюджеттік бағдарламалар жасалмауына байланысты, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалау мүмкін болмады.

Елбасының2020 жылы балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен 100% қамтуды қамтамасыз ету міндеті «2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына» енгізілген. Мұнайлы ауданы бойынша 2016/2017 жылы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарымен қамту 83% құраған. 2017 жылдың статистикалық мәліметі бойынша ауданда 3-6 жас аралығында 14237 бала тіркелген. Балабақша саны аудан бойынша 42 құраған. 2018 жылдың соңына дейін ауданда 879 орындық 13 жекеменшік балабақша және мемлекеттік жекеменшік әріптестік есебінен 140 орындық балабақша жоспарланған. Барлығы 1019 орын. 2018 жылда ауданда 3-6 жас аралығында 15137 келесі оқу жылында оның 6 жастағы 3850 баласы 1 сыныпқа, 1783 бала жарты күнмен тәрбиеленсе, 5 жастағы 3100 баласы мектепалды даярлық топқа барады деп жоспарланған. Сонда 2018 жылдың аяғына дейін қамтылуға тиіс 11287 баланың 10734-і мектепке дейінгі оқыту және тәрбиемен қамтылып, 95,1 %-ды құрайды.

2016/2017 жылдары Маңғыстау ауылы бойынша 11 мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасаған. Статистикалық мәлімет бойынша 2017 жылдың соңында 3-6 жастағы 6942 бала болса, қамтуға жататын бала саны -2961, пайыз 89,26 % құраған. Себебі бұрынғы есеп бойынша статистикалық есепте тұрған бала санымен есептелген. Қазіргі таңда кезектегі бала санымен есептеледі.

Аудиторлық іс-шарамен қамтылған мемлекеттік аудит объектісінде келесідей бұзушылықтар мен кемшіліктердің орын алған:

-Мекемеде бухгалтерлікесеп және есептілік тиісті деңгейде жүргізілмеген;

- бухгалтерлiк бастапқы құжаттамалары электрондық жеткiзгiштерде және қағаз жүзінде жүргізілмеген;

- аудитпен қамтылған кезеңде бюджеттік өтімдер мен бюджеттік бағдарламалар жасалып, бекітілмеген;

- жалақы есептеу және төлеу кезінде жалпы сомасы 13,5 мың теңге қаржылық бұзушылықтарына жол берілген;

- мемлекеттік білім беру тапсырысының қаржыландыру көлемі 649,0 мың тенгеге негізсіз артық төленген;

Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган тарапынан тиісті дәрежеде бақылаудыңболмауы салдарынан аудитпен қамтылған кезеңде бюджеттік өтімдер мен бюджеттік бағдарламалар жасалып, бекітілмеген.

Бюджет шығыстарын жоспарлауда және бюджетті орындауда бюджет жүйесінің тиімділік принципі толық сақталмаған.

Орын алған заң бұзушылықтарының басты себептерібілім беру туралы заңнаманың,бухгалтерлік есеп жүргізутәртібінің және бюджет заңнамасының талаптарының тиісті дәрежеде сақталмауы болып табылады.

Жоғарыда көрсетілген заң бұзушылықтар фактілері Мекеменің бухгалтерлік есеп жүргізуге жауапты мамандардың жие ауысу салдарынан орын алып отыр.

3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар

Жоғарыда айтылғандарды талдай келе төмендегілерді ҰСЫНАМЫН:

«Маңғыстау ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінебюджеттік бағдарламалар бойынша бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуынажүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысын қарауды ұсынамын.

1. Мұнайлы ауданының Әкіміне 2018 жылдың8 қазанына дейін (Н.Тажибаев):

1)мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына бейне бақылау орнату үшін мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемінен артық қаражат бөлінуіне қатысты анықталған бұзушылықтар бойынша Аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының тәртіптік жауапкершілігінқарауды;

2) бюджет қаражатының пайдаланылуынажүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесінде анықталған бұзушылықтар бойынша Маңғыстау ауылы әкімініңтәртіптік жауапкершілігінқарауды ұсынамын.

2. «Маңғыстау ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне(Қ.Утемуратов) 2018 жылдың 8 қазанына дейін:

1) Мекеменің бюджеттік өтінімдер мен бюджеттік бағдарламаларыныңзаңнама талаптарына сәйкес уақытылы жасалуын қамтамасыз етуді;

2) 2017 жыл қорытындысы бойынша қалыптасқан кредиторлық берешектерді жою үшін тиісті шаралар алуды;

3) Мекемені бухгалтерлік есеп жүргізугежәне қаржылық есептілікті жүргізуге жауапты маманменқамтамасыз ету бойынша шара алуды ұсынамын.

3. Осы Аудиторлық қорытындымен берілген ұсынымдардың орындалуы туралы ақпаратты 2018 жылдың 8 қазанына дейін Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясына хабарлау тапсырылады.

3.4. Қосымша: ( парақ)

Тексеру комиссиясының мүшесі Ж. Кошмагамбетова

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Блог председателя