05/05/2024  Воскресенье
Государственное учреждение

Ревизионная комиссия
Мангистауской области

Маңғыстау облысы бойынша

тексеру комиссиясының

20.12.2018 жылғы №02-02/14

санды қаулысымен бекітілді

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

I. Кіріспе бөлік

1.1.Аудиторлық іс-шараның атауы:

Жергілікті бюджет қаржысының орындалуының заңнамағасәйкестігіне және тиімділігіне аудиторлық іс-шара жүргізу.

1.2.Мемлекеттік аудиттің мақсаты:

Қарақия аудандық құрылыс бөлімінежергілікті бюджеттен, оның ішінде: жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке нысаналы трансферттер түрінде бөлінгенқаражаттың орындалуының тиімділігіне және сәйкестігіне аудиторлық іс-шара жүргізу.

1.3.Мемлекеттік аудит объектісі:

«Қарақия аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі –Мекеме).

1.4.Мемлекеттік аудит тобының құрамы: Маңғыстау облысы бойынша Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бөлімінің бас маман – мемлекеттік аудиторы Б.Джаумитпаева (сертификат №1418),бас маман-аудитордың ассистенті– Д.Досмухамбетова.

1.5.Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең:2015 жылдың 01 қаңтар – 2018 жылдың 30 қыркүйек аралығы.

 

II.Негізгі (талдамалық) бөлік:

2.1. Аудиттелетін саланың ағымдағы жай-күйін жиынтық талдау.

«Қарақия аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 24 ақпандағы №66 қаулысымен бекітілген Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.

Миссиясы – аудан аймағында мемлекеттік құрылыс саясатын жүргізу болып табылады.Міндеттері:

-Қарақия ауданының бекітілген бас жоспарларын қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын, жоспарлау жобаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жобаларын іске асыру;

-құрылыс, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу) реконструкциялау, қалпына келтіру және құрылысты күрделі жөндеу, ғимараттар, инженерлік және көліктік коммуникациялар туралы, сондай-ақ аумақты и нженерлік дайындау жөнінде және абаттандыру, көгалдандару, құрылысты (объектілерді) консервациялау, объектілерді кадеге жарату бойынша жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдау;

-қала құрылысы жобаларын, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын және аудан құрылысын іске асыру.

Қазіргі таңда Қарақия ауданы толығымен жаңартылған қала құрылысы құжаттамасымен қамтамасыз етілген.Құрылыс саласында 2015-2017 жылдар аралығында негізгі көрсеткіштердің төмендеуі байқалады.Құрылыс жұмыстарының көлемі 2015 жылы 2811,0 млн теңгені құраса, 2016, 2017 жылдары сәйкесінше 557,3 млн теңге және 272,4 млн теңгені құраған. Құрылыс ұйымдарының саны 2015-2017 жылдары 8-ден 6-ға азайған.Тұрғын үй алаңы 2015 жылы 43,9 мың шаршы метрді құраса, 2016, 2017 жылдары сәйкесінше 35,7 шаршы метрді және 0 шаршы метрді құраған.

2.2.Аудиттелетін салаға жүргізілген мемлекеттік аудиттің жиынтық нәтижелері.

«Қарақия аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мемемесінежергілікті бюджеттен бөлінгенқаражаттың орындалуының тиімділігіне бағалау үшін келесі көрсеткіштер қолданылды:

Сәйкестік аудиті бойынша – Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкестігі.

Тиімділік аудиті бойынша-

1) Базалық көрсеткіш - тиімділік – жоспарланған және алынған нәтижелердің оларға қол жеткізу үшін пайдаланылған ресурстар ескерілгендегі арақатынасы;

Арнайы көрсеткіш – перспективалық-жүргізілген шығыстардың белгіленген күтілетін кезеңге қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкестігі.

2) базалық көрсеткіш - нәтижелілік – даму бюджеттік бағдарламалар бойынша белгіленген міндеттердің іске асырылу деңгейі, жоспарланған көрсеткіштердің (тікелей, түпкілікті) және нақты нәтижелерінің арақатынасы.

арнайы көрсеткіш: даму бюджеттік бағдарламаларын бөлінген қаражаттың игерілуі.

2015 жылы 3 даму бюджеттік бағдарламасымемлекеттік аудитпен қамтылған:

467.004 «Инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту, жайластыру және (немесе) сатып алу» бюджеттік бағдарламасы бойынша тікелей нәтижеге қол жеткізілмеген. Тікелей нәтиже көрсеткіші ретінде жоспарланған «Жетібай селосындағы полигонға тоқ желісін тарту құрылысына» ЖСҚ – сы 2018 жылы жасақталған. Бюджеттік бағдарламаның орындалу тиімділігі 90%-ды құрайды.Бюджеттік бағдарламаға уақтылы өзгеріс енгізілмеген.

467.058 «Елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойыншатүпкілікті нәтижеге – «Орталықтандырылған су жүйесіне қол жеткізуді қамтамасыз етуге» толық қол жеткізілмеген, тікелей нәтиже көрсеткіші «Құрық селосында су құбыры тартылмаған тұрғын үйлерге су құбыры желілерін тарту құрылысын бастау жұмыстары» 90 %-ға орындалған. Бюджеттік бағдарламаның орындалу тиімділігі 90,0 %-ды құрайды.Орындалмау себебі: мердігердің борышқор болу себепті жұмыс аяқталмаған.

467.005«Коммуналдық шаруашылығын дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша тікелей нәтижеге қол жеткізілген. Бюджеттік бағдарламаның орындалу тиімділігі 100 % құрайды.

2016жылы 4даму бюджеттік бағдарламасы мемлекеттік аудитпен қамтылған:

467.058«Елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйедерін дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша тікелей нәтижеге толық қол жеткізілген.Бюджеттік бағдарламаның орындалу тиімділігі 100 % құрайды.

467.003«Коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау және салу, реконструкциялау» бюджеттік бағдарламасы бойынша тікелей нәтижеге қол жеткізілмеген, тікелей көрсеткіш ретінде 10 пәтер құрылысы қарастырылған, нақты 6 пәтер салынған.Бюджеттік бағдарламаның орындалу тиімділігі 60 %-ды құрайды. Бюджеттік бағдарламаға уақтылы өзгеріс енгізілмеген.

467.005 «Коммуналдық шаруашылығын дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша тікелей нәтижелерге қол жеткізілген.Бюджеттік бағдарламаның орындалу тиімділігі 100 % құрайды.

467.011 «Мәдениет объектілерін дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша тікелей нәтижеге қол жеткізілген.Бюджеттік бағдарламаның орындалу тиімділігі 100 % құрайды.

2017 жылы 5 даму бюджеттік бағдарламасы мемлекеттік аудитпен қамтылған:

467.058«Елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйедерін дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша түпкілікті нәтижеге – халықты сапалы ауыз сумен жеткілікті деңгейде пайдалануын арттыруға толық қол жеткізілмеген. Бюджеттік бағдарламаның орындалу тиімділігі 83,0 % құрайды.

467.003 «Коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау және салу, реконструкциялау»,647.005 «Коммуналдық шаруашылығын дамыту», 467.004 «Инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту, жайластыру және (немесе) сатып алу»,467.011 «Мәдениет объектілерін дамыту» бюджеттік бағдарламалары бойынша бюджеттік бағдарламалардың орындалу тиімділігі 100 %-ды құраған.

 

2.2.1.Бюджет қаражатының, бюджеттік бағдарламалардың нәтижелеріне, сондай-ақ қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге пайдаланылу тиімділігін жиынтық талдау және бағалау.

Мекемеде жүргізілген мемлекеттік аудитпен аудит бағдарламасымен қаралған көрсеткіштер бойынша жалпы сомасы 489,2 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар, 7 000,0 мың теңгеге мемлекет активінің тиімсіз пайдалануы және 43 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды. Қазақстан Республикасының құрылыс ісі туралы заңнамаларының жауапты тұлғалармен тиісті дәрежеде сақталмауынан қаржылық бұзушылыққа жол берілген:

1-тармақ.Қазақстан Республикасының «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдегі №242 Заңының 60-бабының 1-тармағы бұзылып, 2015-2016 жылдары аяқталған жұмыстар бойынша жалпы сомасы 489,2 мың теңгені құрайтынуақытша ғимараттар мен құрылыстардан жобалау-сметалық құжаттамада көзделген қаражаттың бюджетке өтелуі Мердігерлермен қамтамасыз етілмеген.

Бюджеттік өтінімдердің, бюджеттік бағдарламалардың жасақталу тәртібі сақталмаған, жекелеген жағдайда бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілмеуі себебіненбірқатар бұзушылықтарғажол берілген:

2-тармақ.Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 24.11.2014 ж. № 511 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларының» 9, 10, 14, 24- тармақтарының талаптары сақталмаған. 2015- 2018жылдарға жасақталған Бюджеттік өтінімге мемлекеттік мекеме басшысы немесе ол уәкілеттік берген тұлға, олардың жасалуына жауапты тұлғаның, ол болмаған кезде - тиісті бұйрықтармен міндеттерді атқару жүктелген тұлғалардың қолы қойылмаған. Бюджеттiк өтiнiмнiң мұқаба парағы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес рәсiмделмеген, бюджеттік бағдарламаларға уақтылы өзгерістер енгізілмеген.

3-тармақ.Жалпы құны 7 000,0 мың теңгені құрайтын«Құрық селосында аграрлық аймақтарды орамішілік сумен жабдықтау желілерін салу» жұмысының жобалау-сметалық құжаттамасына «Мемсараптама» РМК-ның Маңғыстау облысы бойынша филиалымен 24.07.2015ж. № 15-0300/5 санды қорытынды берілсе де,аталған жоба бойынша құрылыс басталмаған.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242 санды Заңының 60-бабының, 7-тармағына сәйкес әзiрлеу аяқталғаннан кейiнгi үш және одан да көп жыл iшiнде құрылыс басталмаған жобалау (жобалау-смета) құжаттамасы ескiрген деп саналады және жаңа сараптама өткізiлiп, заңдарда белгiленген тәртiппен қайта бекiтiлгеннен кейiн ғана iске асыру үшiн пайдаланылуы мүмкiн. Яғни, жалпы сомасы 7 000,0 мың теңгені құрайтын мемлекет активі тиімсіз пайдаланылған.

4-тармақ. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 30.12.2014ж. № 195 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттік бағдарламалары (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидалары және олардың мазмұнына қойылатын талаптардың» 9, 15, 28 –тармақтарының талаптары сақталмаған:

-2015-2017 жылдарға арналған 467.004 «Инженерлік –коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және (немесе) жайластыру», 467.005 «Коммуналдық шаруашылығын дамыту», 467.058. «Елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту» даму бюджеттік бағдарламаларының тікелей нәтиже көрсеткіштері пайыздық шамамен көрсетілген.

-2015-2017 жылдарға арналған «Бюджеттiк бағдарламаның коды мен атауы», «Бюджеттік бағдарламаның басшысы» деген жолда бюджеттік бағдарлама басшысының фамилиясы, аты-жөні, лауазымы көрсетілмеген.

-бюджеттік бағдарламалар бекітілгеннен кейін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің веб-сайтында орналастырылмаған.

5-тармақ. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 15.06.2010ж. «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» № 281санды бұйрығының 21-тармағы сақталмай, құрылыс жұмыстарының басталмағанына байланысты 2810 - "Өзге ұзақ мерзімді активтер" ретінде есепке алынуы тиіс, 2015 жылы жасақталған жалпы құны 13 351,0 мың теңгені құрайтын 4 жобалау-сметалық құжаттама, 2016 жылы жасақталған жалпы құны 26 399,0 мың теңгені құрайтын 3 жобалау-сметалық құжаттама, 2017 жылы жасақталған жалпы құны 43 483,4 мың теңгені құрайтын 6 жобалау-сметалық құжаттама 2411-«Аяқталмаған құрылыс» шотына есепке алынғаны белгілі болды.

Нәтижесінде,Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің08.07.2010жылғы №325 санды бұйрығының 3-тармағының талабы бұзылып, 2015, 2016, 2017 жылдарға қаржылық есептілік жасақтау кезінде жүргізілген операциялардың толықтығы мен шынайлығы қамтамасыз етілмеген.

 

III. Қорытынды бөлік

3.1.Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар.

Мемлекеттік аудит барысында «Саламат» ЖШС-мен аяқталған жұмыстар бойынша жалпы сомасы 114,0 мың теңгені құрайтын уақытша ғимараттар мен құрылыстардан жобалау-сметалық құжаттамада көзделген қаражат бюджетке өтелген.

 

3.2.Мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша тұжырымдар

Мекемеде жүргізілген мемлекеттік аудитпен аудит бағдарламасымен қаралған көрсеткіштер бойыншажалпы сомасы 489,2мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар, 7 000,0 мың теңгеге мемлекет активінің тиімсіз пайдалануыжәне43 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

Аудитпен қамтылған даму бюджеттік бағдарламаларының2015 жылы – 3-уінің 2-уі бойынша, 2016 жылы – 4-уінің 1-уі бойынша, 2017 жылы – 5-уінің 1-уі бойынша тікелей нәтижеге қол жеткізілмеуі- жауапты тұлғаларменбюджеттік бағдарламалардың сапалы жасақталуына, уақтылы өзгерістер енгізілуіне және орындалуынажеткілікті назар аударылмағанын көрсетеді.

Сонымен қатар, жауапты тұлғалармен Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242 санды Заңының талаптарының сақталуын қамтамасыз етілмеуі салдарынан бірқатар бұзушылықтар жіберілген:

Атап айтқанда:

-уақытша ғимараттар мен құрылыстардан жобалау-сметалық құжаттамада көзделген қаражаттың бюджетке өтелуі Мердігерлермен қамтамасыз етілмеген.

-бюджет қаражаты есебінен жасақталған жалпы сомасы 7 000,0 мың теңгені құрайтын жобалау-сметалық құжаттамасы ескiрген (мемлекеттік сараптама берілген уақыттан 3 жыл өтіп кеткен), яғни жаңа сараптама өткізiлмесе iске асыру үшiн пайдаланылуға жарамсыз.

Бюджеттік өтінімдер мен бюджеттік бағдарламалардың жасақталу тәртібі сақталмаған.

Жекелеген жағдайларда бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуі және қаржылық есептілік жасақтау кезінде жүргізілген операциялардың толықтығы мен шынайлығы қамтамасыз етілмеген, құрылыс жұмыстары басталмаған жобалау-сметалық құжаттамалар 2411-«Аяқталмаған құрылыс» шотына есепке алынған.

Жоғарыда баяндалған бұзушылықтармен қатар, 2017 жылы аудандық бюджеттің қаражатының шығыстарын қысқартылуы (секвестр)да бюджеттік бағдарламалардың уақтылы орындалмауына әсерін тигізген.

 

3.3.Мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша ұсынымдар

Жоғарыда айтылғандарды талдай келе төмендегілерді ҰСЫНАМЫН:

1.Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында«Қарақия аудандық құрылыс бөлімі»мемлекеттік мекемесіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысын қарауды ұсынамын.

2.«Қарақия аудандық құрылыс бөлімі»мемлекеттік мекемесіне 2019 жылдың 20 наурызына дейін (Г.Қылаубаева):

1)Қазақстан Республикасының бюджеттік құрылыс ісі туралы заңнамаларынтиісті дәрежеде зерделеп,кеңейтілген отырыста талқылап, алдағы уақытта бұзушылықтарды болдырмау және мемлекет активтерін тиімді пайдалану мақсатында шара алуды;

2)Құрық селосында су құбыры тартылмаған тұрғын үйлерге су құбыры желілерін тарту құрылысын аяқтау бойынша тиісті шара қабылдауды;

3)Бухгалтерлік есеп жүргізуге жауапты маманның біліктілігін арттыру бойынша шара алудыұсынамын.

 

3.4.Жалғама: жиынтық тізбе 4 бетте;

қалпына келтірілген және өтеген қаражат бойынша ақпарат 1 бетте.

Тексеру комиссиясының

мүшесі А.Нурбосынова

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Блог председателя