05/05/2024  Воскресенье
Государственное учреждение

Ревизионная комиссия
Мангистауской области

Маңғыстау облысы бойынша

тексеру комиссиясының 26.12.2018ж. №02-02/16

қаулысымен бекітілген

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

I. Кіріспе бөлік

1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: «Жаңаөзен қалалық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бюджеттік бағдарламалар бойынша бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына мемлекеттік аудит жүргізу.

1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты:«Жаңаөзен қалалық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бюджеттік бағдарламалар бойынша бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына мемлекеттік аудит жүргізу.

1.3. Мемлекеттік аудиттің объектілері:

1.«Жаңаөзен қалалық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі(одан әрі – Мекеме);

2. «№1 Кешкі сменалық орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі(одан әрі – Кешкі мектеп).

1.4. Мемлекеттік аудит тобының құрамы:Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаубөлімініңбасшысы А. Таганов (сертификат №1266)пенмемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бөлімінің бас маман - бас мемлекеттік аудиторы С.А. Ордабаев(сертификат №1421) жүргізді.

1.5. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2016 жылдың 01 қаңтардан – 2018 жылдың 30 қыркүйегі аралығы.

II. Негізгі (талдамалық) бөлік:

2.1. Өңірлік бөліністе аудиттелетін саланың, соның ішінде мемлекеттік басқарудың және (немесе) экономика саласының, әлеуметтік-экономикалық дамудың ағымдағы жай-күйін жиынтық талдау:

Қазіргі таңда Жаңаөзен қалалық білім бөліміне бағынысты 18 орта мектеп, 1 бастауыш мектеп, 2 мектеп-лицей, 1 мектеп-гимназия, 1 кешкі жалпы білім беру орта мектебі, 1 балалар саз мектебі, 1 балалар шығармашылық үйі және 18 мемлекеттік балабақша қызмет етеді. Барлық мектептер бойынша 30 679 бала білім алады.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша Жаңаөзен қаласындағы 34 балабақшада мемлекеттік тапсырыс негізінде 4960 бала тәрбиеленеді. Оның ішінде: 18 мемлекеттік балабақшада 3820 бала және 16 жекеменшік балабақшада 1140 бала тәрбиеленеді.

Жаңаөзен қаласындағы №1 кешкі сменалық орта мектеп алғаш рет 1964 жылы Қызылсай ауылында ашылған. 1986 жылы кешкі мектеп Жаңаөзен қаласына көшірілген. Кешкі мектепке қабылданатын оқушылар контингенті – уақытында оқуды жалғастыра алмаған, жанұя жағдайы төмен отбасының балалары, сәтсіз жанұя балалары және колледжде оқуын жалғастыра алмаған оқушылар, ерте тұрмысқа шыққан жасөспірімдер оқиды.

Оқушылардың көбі заманға сай Республикалық қашықтық олимпиадасына қатынасып сертификаттарын алған. Орыс тілі, қазақ әдебиеті, биология және Қазақстан тарихы пәндерінен қатысып, Республикалық Ұлттық Интернет Олимпиадасының жүлдегері атанған.

2.2. Өңірлік бөліністе аудиттелетін салаға, соның ішінде мемлекеттік басқаруға және (немесе) экономика саласына, әлеуметтік-экономикалық дамуға жүргізілген мемлекеттік аудиттің жиынтық нәтижелері:

Мемлекеттік аудитпен «Жаңаөзен қалалық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен «№1 Кешкі сменалық орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіқамтылды.

Мемлекеттік аудит объектілерінде сәйкестік аудиті «Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының сақтауын тексеру» базалық көрсеткіші негізінде жүргізілді.

Мемлекеттік аудит объектілерінің қызметіндегі негізгі бұзушылықтар мен кемшіліктер бюджет қаражатын пайдалану кезінде және басқа да Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарынжүзеге асыру барысында орын алған.

«Жаңаөзен қалалық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бюджеттік бағдарламалар бойынша бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуынажүргізілгенмемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша жалпы сомасы

2 595,0 мың теңге бюджетке қайтарылуға жататын қаржылық бұзушылықтар жәнесаны 6рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

Аудиторлық іс-шарамен қамтылған мемлекеттік аудит объектілерінде келесідей бұзушылықтар мен кемшіліктер орын алған:

1-тармақ.Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 195 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу және бекіту қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптардың»19-тармағының талабы сақталмай, 2016-2018, 2017-2019 және 2018-2020 жылдарға арналған мемлекеттік аудит объектісінің мемлекеттік аудитпен қамтылған 009 және 040 бюджеттік бағдарламалары тиісті әкімші басшысының бұйрығымен ағымдағы қаржы жылының 30 желтоқсанына дейін бекітілмеген.

2-тармақ. 2017 жылы Жаңаөзен қалалық білім бөлімі 040 «Мектепке дейінгі білім беру тапсырысын іске асыруға» бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының 27.07.2007ж. №319 «Білім туралы» Заңының 62-бабы 4-тармағына сәйкес мемлекеттік білім беру кәсіпорындарын, басқа да ұйымдық-құқықтық нысандардағы білім беру ұйымдарын қаржыландыру мемлекеттік білім беру тапсырысының негізінде жүзеге асырылады.

Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 08.02.2017ж. №77 қаулысымен мемлекеттік білім беру тапсырысы және жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі бекітілген. Алайда, қаржы игеру барысында №19 «Алтын кун» балабақшасы» МКҚК-на мемлекеттік тапсырыс көлемінен 2 512,6 мың теңге артық төленген.

3-тармақ. Мекеме тарапынан 2016-2017ж.ж. мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орындауға келісім шарт жасақтауда Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылдың 21 тамызындағы №387 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқытуды жоспарлау мен қаржыландыру тәртібіне әдістемелік» нұсқаулығына сәйкес қабылданған Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 26.02.2016 ж. №129 және 08.02.2017 ж. №77 қаулыларымен бекітілген тәрбиеленушілер саны және жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі сақталмаған. Атап айтқанда, жыл соңында кейбір мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында коммуналдық қызмет үшін кредиторлық берешек қалыптасқан.

Осыған байланысты, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының кредиторлық берешегін өтеу үшін Мекемеден мемлекеттік білім беру тапсырысына тиесілі қаражат есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысына жатпайтын қосымша жалпы сомасы 26 556,1 мың теңге қаражат негізсіз бөлінген.

 

«№1 Кешкі сменалық орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

1-тармақ.Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы №202-V «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 28-бабына сәйкес «білім беру» қызметі лицензиялануы тиіс.

Кешкі мектеп өз қызметін бұрынғы «Жаңаөзен қаласы №1 Кешкі сменалық орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына берілген жалпы орта білім беру қызметімен айналысуға берілген 04.07.2007 жылғы №0062669 лицензиясы негізінде жүзеге асырып келеді.

Алайда, Кешкі мектеп Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 3 шілдедегі №412 қаулысына сәйкес «Жаңаөзен қаласы №1 Кешкі сменалық орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнын қайта құру жолымен ұйымдастырылғаннан кейін осы Заңның 34-бабы 2-тармағының талабы сақталмай, заңды тұлға-лицензиатты қайта құру нысанында қайта ұйымдастыру кезінде онда бар лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, қайта құру нәтижесінде жаңадан пайда болған заңды тұлғаға осы Заңда айқындалған тәртіппен қайта ресімдемеген.

2-тармақ.Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы N 281 бұйрығымен бекітілген«Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» Ережесінің 16-тармағының талабы сақталмай, мемлекеттік аудитпен қамтылған кезеңде жалпы сомасы 924,5 мың теңгеніқұрайтын негізгі құралдар (орындықтар, үстелдер және т.б.) Кешкі мектептің бухгалтерлік балансындағы негізгі құралдарды есепке алу үшін арналған 2300 «Негізгі құралдар» кіші бөлімнің шоттарында есепке алынбаған.

Нәтижесінде, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы №234 «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Заңының 4 бабының талабы бұзылып, Кәсіпорын қызметiнiң нәтижелерi және қаржылық жағдайындағы өзгерiстер туралы толық және дұрыс ақпаратпен қамтамасыз етілмеген.

3-тармақ. Сонымен қатар, аудит барысында Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 бұйрығымен бекітілген «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларының» 7-қосымшасының 27-тармағының талабы сақталмай, Кешкі мектептің бухгалтерлік балансында негізгі құралдар баланстық құны бойынша есепке алынбағаны анықталды.

Нәтижесінде, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы №234 «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Заңының 4 бабының талабы бұзылып, Кешкі мектеп қызметiнiң нәтижелерi және қаржылық жағдайындағы өзгерiстер туралы толық және дұрыс ақпаратпен қамтамасыз етілмеген.

4-тармақ. Кешкі мектептің қайта ұйымдастырылғаннан кейінгі кірістері 01.01.2018 жыл жағдайына жасалған "Қаржылық қызмет нәтижелері туралы есеп" (ҚЕ-2-нысан) нысанына сәйкес «Ағымдағы қызметті қаржыландыру» бағанында 4 552,3 мың теңге және «Өзге кірістер» бағанында 3 805, 9 мың теңге деп көрсетілген.

Алайда, аудит барысында Кешкі мектептің 31.12.2017 жылғы 4-20 нысанындағы жиындық есебіне сәйкес 4 552, 3 мың теңгеден басқа кіріс болмағандығы анықталды. Яғни, Мекеменің бас бухгалтерінің қателесу себебінен кірістер сомасы артық көрсетілген.

Нәтижесінде, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы №234 «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Заңының 4 бабының талабы бұзылып, Кәсіпорын қызметiнiң нәтижелерi және қаржылық жағдайындағы өзгерiстер туралы толық және дұрыс ақпаратпен қамтамасыз етілмеген.

5-тармақ.Кешкі мектеп орналасқан Жаңаөзен қаласының Шаңырақ шағын ауданындағы №52 ғимарат ауыз су құбырымен қамтылған.

Алайда, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 4-ші бабында көзделген бюджет жүйесінің негізділік принципі сақталмай, Мекеме тарапынан 169 «Өзге де ағымдағы шығындар» ерекшелігі бойынша бюджет қаржысы есебінен ауыз суға қосымша шығындар қаралып, жалпы сомасы 82,4 мың теңгеге құтыдағы ауыз сулар сатып алынған.

 

III. Жиынтық бөлік

3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар:

Маңғыстау облысының Білім саласындағы бақылау департаментінен білім беру қызметімен айналысуға берілген 07.11.2018 жылғы №KZ88LA00013167 лицензиясы алынды.

15.11.2018 жылғы бухгалтерлік анықтама берілді.

Жалпы сомасы 82,4 мың теңге қалпына келтірілді.

Тексеру комиссиясының отырысына дейін жалпы сомасы 2 512,6 мың теңгебюджетке өтелді.

 

3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар: Мемлекеттік аудит объектілерінде сәйкестік аудиті «Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының сақтауын тексеру» базалық көрсеткіші негізінде жүргізілді.

Мемлекеттік аудит объектілерінің қызметіндегі негізгі бұзушылықтар мен кемшіліктер бюджет қаражатын пайдалану кезінде және басқа да Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарынжүзеге асыру барысында орын алған.

«Жаңаөзен қалалық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бюджеттік бағдарламалар бойынша бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуынажүргізілгенмемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша жалпы сомасы 2595,0 мың теңге бюджетке қайтарылуға жататын қаржылық бұзушылықтар жәнесаны 6 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

Аудиторлық іс-шарамен қамтылған мемлекеттік аудит объектілерінде келесідей бұзушылықтар анықталды:

- Мекеменің 2016-2018 және 2017-2019 жылдарға арналған 009 және 040 бюджеттік бағдарламалары тиісті әкімші басшысының бұйрығымен ағымдағы қаржы жылының 30 желтоқсанына дейін бекітілмеген;

- Мекемемен қаржы игеру барысында «Алтын кун» балабақшасы» МКҚК-на мемлекеттік тапсырыс көлемінен 2 512,6 мың теңге артық төленген.

- мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының кредиторлық берешегін өтеу үшін Мекемеден мемлекеттік білім беру тапсырысына тиесілі қаражат есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысына жатпайтын қосымша 26556,1 мың теңге қаражат негізсіз бөлінген.

-бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуі және қаржылық есептілікті жасау кезінде жүргізілген операциялардың толықтығы қамтамасыз етілмеген, яғни Кешкі мектептің924,5мың теңгені құрайтын жиһаздары «Негізгі құралдар» шотына есепке алынбаған;

- Кешкі мектептің бухгалтерлік балансында негізгі құралдар баланстық құны бойынша есепке алынбағаны анықталды;

- сонымен қатар, Кешкі мектептің2017 жылға арналған бухгалтерлік балансында «Ағымдағы қызметті қаржыландыру» бағанында 4 552,3 мың теңге және «Өзге кірістер» бағанында 3 805, 9 мың теңге деп көрсетілген.

Алайда, 4-20 нысанындағы жиындық есебіне сәйкес 4 552, 3 мың теңгеден басқа кіріс болмағандығы анықталды. Яғни, Мекеменің бас бухгалтерінің қателесу себебінен кірістер сомасы артық көрсетілген.

Жоғарыда көрсетілген бұзушылықтар фактілері Мекеменің қаржы сұрақтарына жауапты қызметкерлерінің бухгалтерлік есеп жүргізуге қатысты Қазақстан Республикасы заңнама талаптарын жетік түрде меңгермегенін көрсетеді.

3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар:

 

Жоғарыда айтылғандарды талдай келе төмендегілерді ҰСЫНАМЫН:

1. Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында«Жаңаөзен қалалық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бюджеттік бағдарламалар бойынша бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуынажүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысын қарауды ұсынамын.

2.«Жаңаөзен қалалық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (Т.Жұмалиев)2019 жылдың 4 ақпанына дейін:

1) алдағы уақытта мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында орналастырылатын мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қаржыландыру көлемін тек мемлекеттік тапсырыстан туындайтын шығындарды оңтайландыра отырып, қолданыстағы заңнама талаптарына және жергілікті атқарушы органмен қабылданған қаулымен белгіленген нормаларға сәйкес жоспарлануын қамтамасыз ету бойынша нақты шаралар алуды ұсынамын.

2) Кешкі мектептің қаржы сұрақтарына жауапты қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдау ұсынылады;

3) Тексеру комиссиясының 07.12.2018ж. аудиторлық есебінде көрсетілген бұзушылықтар мен кемшіліктерді талқылау үшін және бұдан әрі оларды болдырмау мақсатында аудитпен қамтылған кәсіпорын қызметкерлерінің қатысуымен жиналыс өткізіп, тиісті шаралар қабылдауды ұсынамын.

3. Осы Аудиторлық қорытындымен берілген ұсынымдардың орындалуы туралы ақпаратты 2019 жылдың 04 ақпанына дейін Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясына хабарлау тапсырылады.

 

 

3.4. Қосымша: ( парақ)

 

Тексеру комиссиясының мүшесі Ж. Кошмагамбетова

 

 

 

 
Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Блог председателя