05/05/2024  Воскресенье
Государственное учреждение

Ревизионная комиссия
Мангистауской области

Маңғыстау облысы бойынша

тексеру комиссиясының

28.12.2018 жылғы №02-02/17

санды қаулысымен бекітілді

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының

төрағасы М.Ешанкуловқа

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

I. Кіріспе бөлік

1.1.Аудиторлық іс-шараның атауы:

Жергілікті бюджет қаржысының орындалуының заңнамағасәйкестігіне және тиімділігіне аудиторлық іс-шара жүргізу.

1.2.Мемлекеттік аудиттің мақсаты:

Жаңаөзен қалалық құрылыс бөлімінежергілікті бюджеттен, оның ішінде: жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке нысаналы трансферттер түрінде бөлінгенқаражаттың орындалуының тиімділігіне және сәйкестігіне аудиторлық іс-шара жүргізу.

1.3.Мемлекеттік аудит объектісі:

«Жаңаөзен қалалық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі –Мекеме).

1.4.Мемлекеттік аудит тобының құрамы: Маңғыстау облысы бойынша Тексеру комиссиясының аппарат басшысы – мемлекеттік аудитор Х.А. Джанаева (сертификат№0161), бас маман-аудитордың ассистенті – Б.Ж.Корбаков жүргізді.

1.5.Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең:2015 жылдың 01 қаңтар – 2018 жылдың 30 қыркүйек аралығы.

II.Негізгі (талдамалық) бөлік:

2.1. Аудиттелетін саланың ағымдағы жай-күйін жиынтық талдау.

«Жаңаөзен қалалық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 04 маусымдағы №354 қаулысымен бекітілген Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Миссиясы: Қаланың бас жоспарын, белгіленген тәртіппен бекітілген қала ықпал ететін аймаққа жатқызылған жапсарлас аумақтардағы қала құрылысының құрылыс қызметін іске асыру және инфрақұрылымды дамыту қызметін үйлестіреді.

Міндеттері: Қала құрылысын игеруде Заң нормаларын, нормативтерді сақтауды, бақылауды қамтамасыз ету, құрылыс жобаларының іске асырылуын қадағалау.

Құрылыс саласында 2015-2017 жылдар аралығында негізгі көрсеткіштердің өсуі байқалады.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 2015 жылы – 24 839,7 млн.теңге, 2016 жылы – 20792,4 млн.теңге, 2017 жылы – 24 155,5 млн.теңгені құраған.

Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 2015 жылы 92,4 мың шаршы метр, 2016 жылы 100,4 мың шаршы метр, 2017 жылы 109,4 мың шаршы метрді құраған.

Моноқалаларды дамыту бағдарламасының шеңберінде жасақталған «Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын дамытудың 2015-2017 жылдарға арналған Кешенді Жоспарының» іс шарасында қала әкімдігінде кезекте тұрған азаматтар үшін коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салу мәселесі бойынша 2016-2017 жылдары Жаңаөзен қаласында 180 пәтерлік 5 қабатты тұрғын үйдің құрылысы (жалпы ауданы 13,755 мың шаршы метр, сметалық құны 1266,6 млн.теңге); Теңге мен Қызылсай ауылдарындағы муниципиалдық (коммуналдық) әрқайсысы 4 пәтерлік екі тұрғын үйдің құрылысы (жалпы ауданы 1,221 мың шаршы метр, сметалық құны 100,7 млн.теңге) жоспарланған.

2.2.Аудиттелетін салаға жүргізілген мемлекеттік аудиттің жиынтық нәтижелері.

«Жаңаөзен қалалық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мемемесіне жергілікті бюджеттен бөлінген қаражаттың орындалуының тиімділігіне бағалау үшін келесі көрсеткіштер қолданылды:

Сәйкестік аудиті бойынша– Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкестігі.

Тиімділік аудиті бойынша-

1)базалық көрсеткіш - тиімділік – жоспарланған және алынған нәтижелердің оларға қол жеткізу үшін пайдаланылған ресурстар ескерілгендегі арақатынасы;

арнайы көрсеткіш: перспективалық – жүргізілген шығыстардың белгіленген күтілетін кезеңге қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкестігі.

2)базалық көрсеткіш - нәтижелілік – даму бюджеттік бағдарламалары бойынша белгіленген міндеттердің іске асырылу деңгейі, жоспарланған көрсеткіштердің (тікелей, түпкілікті) және нақты нәтижелерінің арақатынасы.

арнайы көрсеткіш: даму бюджеттік бағдарламаларына бөлінген қаражаттың игерілуі.

2015 жылы қамтылған 4 бюджеттік бағдарлама бойынша бөлінген қаражат тиімді пайдаланылған, жоспарланған көрсеткіштер орындалған:

003015 «Коммуналдық тұрғын-үй қорының түрғын үйін жобалау және (немесе) салу, реконструкциялау» бюджеттік бағдарламасынның тиімділігі - 99,2% - ды құраған, 4 құрылыс нысаны жоспарланып, 3–уіне қаржы бөлініп жұмсалған, аяқталған.

040015 «Мемлекеттік органдардың объектілерін дамыту» бюджеттік бағдарламасынның тиімділігі – 99 %-ды құраған, жоспарланған 1 құрылыс нысаны жоспарланып аяқталған.

005015 «Коммуналдық шаруашылықты дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша тиімділігі 100 %, жоспарланған 2 нысан аяқталған.

040015 «Мемлекеттік органдардың объектілерін дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша тиімділігі 100 %, 1 (бір) объект, аяқталған.

2016 жылы қамтылған 5 бюджеттік бағдарлама бойынша бөлінген қаржаттың тиімділігі төмендегідей:

003015 «Коммуналдық тұрғын-үй қорының түрғын үйін жобалау және (немесе) салу, реконструкциялау», 005 015 «Коммуналдық шаруашылықты дамыту», 006 015 "Сумен жабдықтау және суағызу жүйесін дамыту" бюджеттік бағдарламасы бойынша жоспар мен есептілікте көрсетілген сәйкессіздікке байланысты тиімділігін айқындау мүмкіндігі жоқ.

023015 «Туризм объектілерін дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша бөлінген қаржы 100 % тиімді жоспарланған, объектің құрылысы 2 жылға бөлініп жоспарланған, жоспарға сәйкес бөлінген жылы жұмысы аяқталған.

024015 «Бастауыш, негізгі орта және жалпы білім беру объектілерінің құрылысын салу және реконструкциялау» бюджеттік бағдарламасы бойынша қаржы тиімсіз жоспарланған, толық қаражат бөлініп, нысанның құрылысын 100%-ға аяқтау жоспарланғанымен, іс жүзінде құрылыстың орындалысы 87,6%-ды құраған, қалған 12,3%-ы пайдаланылмай, қосымша келісім жасақталып келесі жылға шегерілген.

2017 жылғы қамтылған 6 бюджеттік бағдарлама бойынша бөлінген қаржаттың тиімділігі төмендегідей:

003 015 «Коммуналдық тұрғын-үй қорының түрғын үйін жобалау және (немесе) салу, реконструкциялау», 004 015 «Инженерліккоммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және (немесе) жайластыру», 005 015 «Коммуналдық шаруашылықты дамыту», 006 015 "Сумен жабдықтау және суағызу жүйесін дамыту" бюджеттік бағдарламасы бойынша бағалау мүмкіндігі жоқ.006 015 "Сумен жабдықтау және суағызу жүйесін дамыту" бюджеттік бағдарламасы бойынша «Жаңаөзен қаласы Еділ суын тәулігіне 30 мың куб метрге дейін ауыз су сапасына жеткізіп дайындау үшін су тазарту құрылыстарын салу» жобасы аяқталғанмен, іске қосылмаған, іске қосу жұмыстарын жүргізуге арнайы мамандардың келуі 04.12.2018 жылға жоспарланған.

023015 «Туризм объектілерін дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша «Қала тұрғындарына арналған Кендірлі аумағындағы ашық жағалау құрылысы» нысанына бөлінген қаржы толық жұмсалып аяқталған, тиімді жоспарланған.

024015 «Бастауыш, негізгі орта және жалпы білім беру объектілерінің құрылысын салу және реконструкциялау» бюджеттік бағдарламасы бойынша 1нысан құрылысы мердігердің жұмысты уақтылы аяқтамауына байланыстыкелесі жылға жалғасып, 2018 жылы аяқталған.

Бюджеттік бағдарламаларды әзірлеуде олардың мазмұнына қойылатын талаптар тиісті деңгейде сақталмаған, атап айтқанда: тікелей нәтиже көрсеткіштері нақты деректерге сәйкес келмейді, пайыздық шамалармен көрсетілген, түпкілікті нәтиже көрсеткіштері нақты айқындалмаған, жоспарланған көрсеткіштер мен орындалған жұмыстар сәйкес келмеуі орын алған.

2.2.1.Бюджет қаражатының, бюджеттік бағдарламалардың нәтижелеріне, сондай-ақ қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге пайдаланылу тиімділігін жиынтық талдау және бағалау,анықталған біртектес бұзушылықтардың, кемшіліктердің жинақтап қорытылған нәтижелері.

Мекемеде жүргізілген мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы 68 205,2 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар, 58 900,0 мың теңгеге мемлекет активтерінің тиімсіз пайдаланылуы және 25 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

1-тармақ.Қазақтан Республикасы Ұлттық экономика министрінің №195 санды 30.12.2014 жылғы «Бюджеттік бағдарламаларды «кіші бағдарламаларды әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» 3,9,15,24-тармақтарының талаптары сақталмаған, бюджеттік бағдарламалардың мақсаттары мен бюджет шығыстарының бағыттары өзара байланыстырылмағандықтан бюджеттік бағдарламалардың жоспары мен есептілігі сәйкес келмеуі салдарынан бірқатар бюджеттік бағдарламаларға баға беру мүмкіндігі болмаған.

2-тармақ.Қазақстан Республикасының 16.07.2001 жылғы №242 санды «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 60-бабының 7-тармағының және ҚР ҚНмЕ 1.02.03-2011 (СНиП РК) сақталуы қадағаланбай, жоспарланған 5 нысанның құрылысы қаржының бөлінбеуі салдарынан басталмай, оларға жасақталған жобалау-сметалық құжаттамаларының (бұдан әрі – ЖСҚ) пайдалану мерзімдері өтіп, жалпы сомасы 58 900,0 мың теңгені құрайтын мемлекет активінің тиімсіз пайдалануына жол берілген. Сонымен қатар, 5 нысанның 1-нің «Жаңаөзен қаласы, 180 пәтерлі 5 қабатты тұрғын-үй құрылысы» ЖСҚ-на түзету жүргізуге 2017 жылы 5 080,0 мың теңге қаржы бөлінген.

3-тармақ.Жобалардың мерзімінде аяқталмайтыны, сонымен қатар аяқталу мерзімі келген кезде Қазақстан Республикасының 04.12.2015 жылғы «Мемлекеттік сатып алу туралы» №434-V Заңының 43,45-баптарында көзделмеген негіздер бойынша қосымша келісімдер жасақталу нәтижесінде Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексiнің 620-бабында және ҚР ҚНмЕ 1.04.03-2008 (СНиП РК) 3.1-тармағында көзделген жұмыстарды аяқтаудың нормативтік ұзақтығының бұзылуына жол беріліп, жобалар уақтылы аяқталмаған, атап айтқанда:

-«Жаңаөзен қаласы 180 пәтерлі 5 қабатты тұрғын-үй" құрылысының ЖСҚ-сын түзету»;

-«Аудандарға арналған ауысымына 50 келуге арналған дәрігерлік амбулаторияның типтік жобасын Жаңаөзен қаласы "Мерей" ш/а-да байластыруға ЖСҚ жасақтау»;

-«ЖСҚ жасақтау " Жаңаөзен қ-сы су тазарту ғимаратынан Мерей ш/а на дейін су құбырын салу құрылысы»;

-«Жаңаөзен қалалық "Рауан"ш/а Өзен станциясындағы қолданыстағы кәріз-насостық станциясын кеңейту және қайта жаңарту бойынша ЖСҚ жасақтау»;

-«Жаңаөзен қаласы су тазалау ғимаратының сыртқы инженерлік жүйесін кеңейту және қайта жаңартуға ЖСҚ жасақтау»;

-«Жаңаөзен қаласы су тазарту ғимаратынан Теңге селосына дейін су құбырының құрылысының ЖСҚ-н жасақтау»;

-«Жаңаөзен қаласы №15 орта мектеп кеңейтілім құрылысы»;

-«Жаңаөзен қаласында қалалық аурухананың терапевтік корпус ғимараты үшін сыртқы инженерлік жүйесінің құрылысы».

4-тармақ. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 санды «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 34-1, 73-баптары сақталмай келесі жобалар бойынша бұзушылықтар жіберілген:

-«Жаңаөзен қаласында қалалық аурухананың терапевтік корпус ғимараты үшін сыртқы инженерлік жүйесінің құрылысы» бойынша «АскоСервисШетпе» ЖШС-мен техникалық қадағалау тиісті түрде жүзеге асырылмаған, яғни мердігермен жүргізілген құрылыстың күнтізбелік жоспарының, нысандарды пайдалануға берудің нормативтік мерзімдерінің сақталуы қадағаланбаған;

-«Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының су тазарту ғимаратынан Мерей шағынауданына дейін су құбырын салу құрылысы» бойынша орындалып жатқан жұмыстың жұмыстарды орындау кестесіне сәйкес жүргізіліп жатқандығына бақылау мен қадағалау жүргізілмеген;

-«Жаңаөзен қаласының Бостандық шағын ауданындағы және Рахат, Ақсу, Мерей, Жұлдыз ауылдарындағы дренаждық жүйесінің және нөсерлік кәріз құрылысы» бойынша техникалық қадағалау жүзеге асырылмаған;

-«Жаңаөзен қаласындағы өндірістік алаңға алаңішілік инженерлік және ангар салу құрылысы» бойынша жұмыстарды орындау актілеріне техникалық қадағалаушы "Batys Holding Co" ЖШС-нің өкілі қол қоймаған, техникалық қадағалау құрылыс басталуымен қатар жүргізілмеген.

5-тармақ. «Жаңаөзен қаласындағы өндірістік алаңға алаңішілік инженерлік және ангар салу құрылысы» бойынша Қазақстан Республикасының 04.12.2015 жылғы «Мемлекеттік сатып алу туралы» №434-V Заңының 43-бабының 24-тармағы, 12-бабының 4-тармағының 3-тармақшасы және шарттың 8.3,8.4,8.5-тармақтары сақталмай, міндеттемелерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін 23 025,6 мың теңге тұрақсыздық айыппұлы талап етілмеген және жосықсыз қатысушылар деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгiнбеген.

6-тармақ.«Жаңаөзен қаласындағы өндірістік алаңға алаңішілік инженерлік және ангар салу құрылысы» бойынша Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 санды «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 60–бабының 1-тармағының, Қазақстан Республикасының 04.12.2015 жылғы «Мемлекеттік сатып алу туралы» №434-V Заңының 4-бабының 1-тармағының талаптары сақталмай, техникалық қадағалауға жобалау–сметалық құжаттамасында көзделген 3271,4 мың теңгенің барлығына мемлекеттік сатып алу жүргізіліп, конкурс қорытындысымен "Batys Holding Co" ЖШС-мен жалпы сомасы 2 600,0 мың теңгеге келісім шарт жасақталып, толық төленген. Жобалау –сметалық құжаттамада көзделген 3271,4 мың теңге 2016-2017 жылдарға жоспарланған аталған жұмыстың толық көлеміне қаралғаны және техникалық қадағалау туралы шарт жасағанға дейін жұмыстың 78% көлемі орындалып кеткені ескерілмеген.

Аталған құрылыстың негізгі құрылыс монтаждық жұмыстары 2016 жылдың маусым айында басталған, ал оның техникалық қадағалауына шарт 2017 жылы қыркүйек айында жасақталған. Яғни, техникалық қадағалауға мемлекеттік сатып алу орындалуға жататын жұмыстың көлеміне- 833,5 мың теңгеге (22%) жүргізілуі тиіс бола тұра, 1766,5 мың теңге негізсіз шығындалған.

Сонымен қатар, техникалық қадағалаушымен құрылыс нысанының аяқталғандығы жөнінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытынды берілмей тұрып, салынған нысан пайдалануға қабылданбай тұрып, техникалық қадағалаушыға қаржы (2 600,0 мың теңге) толықтай аударылып жіберілген.

7-тармақ.«Жаңаөзен қаласындағы өндірістік алаңға алаңішілік инженерлік және ангар салу құрылысы» бойынша Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 санды «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 34-бабының 2-тармағының,Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» №540 санды бұйрығының 215-тармағының 6-тармақшасыныңталаптары сақталмай, авторлық қадағалаушымен орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытындысы берілмей, салынған нысан пайдалануға қабылданбай тұрып, авторлық қадағалаушыға 542,4 мың теңге толықтай аударылып жіберілген.

8-тармақ.Орындалған жұмыстардың көлемінің нақты орындалғанын тексеріп қарау нәтижесінде, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 623-бабының 1-тармағының, Бюджет Кодесінің 97-бабы 6-тармағының, Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 04.12.2014 жылғы № 540 санды «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» бұйрығының 215-тармағының талаптары бұзылып, орындалған жұмыстар көлемі расталмай келесі жұмыстар бойынша жалпы сомасы 58 522,1 мың теңге қаржы орындалмаған жұмыстар үшін аударылғаны анықталды:

-«Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының су тазарту ғимаратынан Мерей шағынауданына дейін су құбырын салу құрылысы» бойынша - 35 562,5 мың теңге;

-«Жаңаөзен қаласының Бостандық шағын ауданындағы және Рахат, Ақсу, Мерей, Жұлдыз ауылдарындағы дренаждық жүйесінің және нөсерлік кәріз құрылысы бойынша - 12 974,0 мың теңге;

-«Жаңаөзен қаласындағы өндірістік алаңға алаңішілік инженерлік және ангар салу құрылысы» бойынша - 9 985,6 мың теңге.

9-тармақ.Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 санды «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 68-бабының 12-тармағында көзделген талаптар бұзылып, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсат – талон алынбай келесі жобалар бойынша жұмыстар басталған (құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсат кеш алынған):

-«Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының су тазарту ғимаратынан Мерей шағынауданына дейін су құбырын салу құрылысы»;

-«Жаңаөзен қаласының Бостандық шағын ауданындағы және Рахат, Ақсу, Мерей, Жұлдыз ауылдарындағы дренаждық жүйесінің және нөсерлік кәріз құрылысы»;

-«Кендірлі учаскесіндегі қала тұрғындары мен қонақтары үшін ашық жағажай құрылысы».

10-тармақ.«Жаңаөзен қаласы су тазарту ғимаратынан Мерей ш/а-на дейін су құбырын салу құрылысы» бойынша жұмыс жобасында сметалық жиынтық есептілік бойынша сараптамалық қорытындының құны 1 465,0 мың теңгеге айқындалған, іс жүзінде 2017 жылы осы сараптама қорытындысын жасақтауға 2 рет шарт жасақталып, 2 рет қаражат жұмсалған: (1-рет -1426,2 мың теңгеге жасақталып, жұмыстың орындалысы туралы актіге сәйкес 1 098,2 мың теңге шығысталған. 2-рет – 1436,3 мың теңгеге). Нәтижесінде, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» №540 санды бұйрығының 215-тармағының 6-тармақшасының талабы бұзылып, орындалған жұмыстар расталмай, сараптама жүргізуге көзделген қаржыдан артық 1 098,2 мың теңге қаржы негізсіз жұмсалған.

11-тармақ.«Жаңаөзен қалалық "Рауан"ш/а Өзен станциясындағы қолданыстағы кәріз-насостық станциясын кеңейту және қайта жаңарту бойынша ЖСҚ жасақтау» жұмысы бойынша сараптама жүргізуге «Жобаларды мемлекеттік ведомостводан тыс сараптау» ШЖҚ РМК (Мемсараптама РМК) Батыс өңірі бойынша филиалына қаражат алдын ала, жұмыс орындалмай (сараптама қорытындысы алынбай) төленген.

Яғни, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» №540 санды бұйрығының 215-тармағының 6-тармақшасының талабы бұзылған, яғни орындалған жұмыс расталмай, алдын ала 1 268,3 мың теңге аударылған, 06.11.2018 жыл жағдайына сараптама қорытындысы берілмеген.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі «Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» № 299 санды бұйрығының 13-тармағы бұзылып, ұсынылатын құжаттар құрамы толық табыс етілмеуі себепті, ЖСҚ құжаттамасына сараптама берілмеген.

12-тармақ.«Кендірлі учаскесіндегі қала тұрғындары мен қонақтары үшін ашық жағажай құрылысы» бойынша Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 санды «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 60-бабының 1-тармағының талаптары сақталмай, техникалық қадағалауға 3 479,3 мың теңге қарастырылса да, мемлекеттік сатып алуды жалпы сомасы 4 970,5 мың теңге жүзеге асырған ("Аско Сервис Шетпе" ЖШС-гі 4 473,5 мың теңгеге жеңімпаз деп танылған), яғни Қазақстан Республикасының 04.12.2015 жылғы «Мемлекеттік сатып алу туралы» №434-V Заңының 4-бабының 1-тармағын бұзып, сметалық есептің жиынтығында көзделген сомадан жоғары сомаға мемлекеттік сатып алу ұйымдастырылып, жеңімпаз анықталған, нәтижесінде 994,2 мың теңге негізсіз шығындалған.

13-тармақ.Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 санды «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 60-бабының 1-тармағы бұзылып, жалпы сомасы 4013,5 мың теңгені құрайтын уақытша ғимараттар мен құрылыстардың құнының қайтарылуға тиісті қаражаты қайтарылмаған:

-«Хазармұнайгаз құрылыс» ЖШС-мен - 58,4 мың теңге;

-«Еврострой» ЖШС- мен - 3 580,2 мың теңге;

-«Алон- Ақтау» ЖШС-мен - 374,9 мың теңге.

14-тармақ.Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234 санды «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Заңының 5-бабының 1-тармағының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің қағидалары, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» №468 санды бұйрығының 7-қосымшасының 3-тармағының талабы бұзылып, 2017 есепті жылы жүргізілген операциялардың толықтығы мен шынайылығы қамтамасыз етілмей, қаржылық есептілік бұрмаланған, яғни құрылысы аяқталған құрылыс нысаны үшін 2 564,7 мың теңге кредиторлық қарыз көрсетілмеген.

III. Қорытынды бөлік

3.1.Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар.

Мемлекеттік аудит барысында "Хазармұнайгаз құрылыс " ЖШС-нің №312 санды 15.11.2018 жылғы және №316 санды 22.11.2018 жылғы төлем тапсырмаларымен 58,4 мың теңге тиісті бюджетке қайтарылған.

Жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесінде анықталған бұзушылықтар бойынша аудиторлық іс-шара қорытындысы бойынша материал Мекеменіңлауазымды тұлғаларының әкімшілік жауапкершілігін қарау үшін Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне 25.12.2018 жылғы №01-08/878 санды хатпен, Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына25.12.2018 жылғы №01-08/877 санды хатпен жіберілді.

3.2.Мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша тұжырымдар

Мекемеде жүргізілген мемлекеттік аудитпен аудит бағдарламасымен қаралған көрсеткіштер бойынша жалпы сомасы 68205,2 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар, 58 900,0 мың теңгеге мемлекет активтерінің тиімсіз пайдаланылуы және 25 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

2016 жылы5даму бюджеттік бағдарламаның 3-уі бойынша бағалау беру мүмкіндігінің болмауы, 2-уі бойынша тікелей нәтижеге қол жеткізілмеуі, 2017 жылы6даму бюджеттік бағдарламаның1-уі бойынша тікелей нәтижеге қол жеткізілмеуі,4-уі бойынша бағалау беру мүмкіндігінің болмауы, оларға қол жеткізу үшін жоспарланған ресурстардың уақтылы пайдаланылмауы - жауапты тұлғалармен бюджеттік бағдарламалардың сапалы жасақталуына және орындалуына жеткілікті назар аударылмағанын көрсетеді.

Бюджеттік бағдарламалардың жасақталу тәртібі сақталмаған. Атап айтқанда, бюджеттік бағдарламаларды әзірлеуде олардың мазмұнына қойылатын талаптар сақталмаған, бюджеттік бағдарламалардың мақсаттары мен бюджет шығыстарының бағыты өзара байланыстырылмаған, орындалған тікелей және түпкілікті нәтиже көрсеткіштері нақты айқындалмаған, бюджеттік бағдарламалардың орындалысы жоспарланған көрсеткіштерге сәйкес келмеуі, түпкілікті нәтиженің орындалуы қамтамасыз етілмеуі орын алған.

Сонымен қатар, жауапты тұлғалармен Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242 санды Заңының талаптарының сақталуын қамтамасыз етпеуі салдарынан бірқатар бұзушылықтар жіберілген:

-уақытша ғимараттар мен құрылыстардан жобалау-сметалық құжаттамада көзделген қаражаттың бюджетке өтелуі мердігерлермен қамтамасыз етілмеген;

-бюджет қаражаты есебінен жасақталған 5 жобалау-сметалық құжаттамасы ескiрген (мемлекеттік сараптама берілген уақыттан 3 жыл өтіп кеткен), яғни жаңа сараптама өткізiлмесе iске асыру үшiн пайдаланылуға жарамсыз;

-техникалық қадағалаудың уақтылы жүргізілуі қамтамасыз етілмеген.

Жобалау-сметалық құжаттамалар уақтылы әзірленбеген, оған Мекемемен жобалаушыға жергілікті биліктің жерді беру туралы шешімі, топографиялық сурет, техникалық тексеру актілері сияқты бірқатар қажетті құжаттардың уақтылы дайындап берілмеуі әсер еткен.

Мердігерлермен жұмыстың уақтылы орындалмауы -бюджет қаражатының жыл соңында игерілмеуіне, шарттарға негізсіз өзгерістер енгізіліп ұзартылуына, жоспарланған құрылыс нысандарының уақтылы салынбауына, жобалау-сметалық құжаттамалардың қолдану мерзімдерінің өтуіне, жоспарланған нәтижелерге қол жеткізілмей, бюджет шығындарынның тиімсіз пайдалануына әкелген.Мемлекеттік сатып алу шарттарына негізсіз өзгеріс енгізілу салдарынан құрылыс нысандарының аяқталуының нормативтік ұзақтығы сақталмаған.

Техникалық қадағалауға, мемлекеттік сараптамаға бөлінген қаражаттың артық шығындалуы орын алған.

Тапсырылған жұмыстардың қабылдау актілеріне сәйкес келуі, жұмыстардың орындалуын дер кезінде талап етілуі қамтамасыз етілмеген.

Жекелеген жағдайларда қаржылық есептілік жасақтау кезінде жүргізілген операциялардың толықтығы мен шынайлығы қамтамасыз етілмеген.

Жоғарыда баяндалған бұзушылықтармен қатар, 2017 жылы қалалық бюджеттің қаражатының шығыстарын қысқартылуы (секвестр)да бюджеттік бағдарламалардың уақтылы орындалмауына әсерін тигізген.

3.3.Мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша ұсынымдар

Жоғарыда айтылғандарды талдай келе төмендегілерді ҰСЫНАМЫН:

1.Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында«Жаңаөзен қалалық құрылыс бөлімі»мемлекеттік мекемесіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысын қарауды ұсынамын.

2.Жаңаөзен қаласының Әкіміне 2019 жылдың 01 сәуіріне дейін (Ә.Дауылбаев):

1)«Жаңаөзен қалалық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінде анықталған бұзушылықтарға назар аударып, мемлекеттік аудит қорытындысы бойыншатиісті лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарауды ұсынамын.

3.«Жаңаөзен қалалық құрылыс бөлімі»мемлекеттік мекемесіне 2019 жылдың 01 сәуіріне дейін (Қ.Гафаров):

1)Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамаларын, құрылыс ісі туралы заңнамаларды тиісті дәрежеде зерделеп,кеңейтілген отырыста мемлекеттік аудит нәтижесімен анықталған бұзушылықтарды талқылап, алдағы уақытта бұзушылықтарды болдырмау мақсатында шара алуды;

2)«Жаңаөзен қаласы Еділ суын тәулігіне 30 мың куб метрге дейін ауыз су сапасына жеткізіп дайындау үшін су тазарту құрылыстарын салу» жобасын іске қосу бойынша шараларды толық алуды;

3)«Жаңаөзен қаласындағы өндірістік алаңға алаңішілік инженерлік және ангар салу құрылысы» бойынша міндеттемелерін тиісінше орындамағаны үшін мердігерден тұрақсыздық айыппұлды талап етуді және жосықсыз қатысушылар деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгiнуді;

4)Мекемені бухгалтерлік есеп жүргізуге жауапты білікті маманмен қамтамасыз етуді ұсынамын.

3.4.Жалғама: жиынтық тізбе 4 бетте;

қалпына келтірілген және өтеген қаражат бойынша ақпарат 1 бетте.

Тексеру комиссиясының

мүшесі А.Нурбосынова

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Блог председателя