04/05/2024  Суббота
Государственное учреждение

Ревизионная комиссия
Мангистауской области

Маңғыстау облысы бойынша

Тексеру комиссиясының 29.03.2019ж. №02-02/1

қаулысымен бекітілген

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

I. Кіріспе бөлік

1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: Спорт саласына бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына аудиторлық іс-шара жүргізу.

1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты: «Ақтау қалалық дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесіне және оған қарасты мекемелерге жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойыншабөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуының сәйкестігіне мемлекеттік аудит жүргізу.

1.3. Мемлекеттік аудиттің объектілері:

1) «Ақтау қалалық дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі (одан әрі – Мекеме);

2) «Теннис бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (одан әрі – Теннис мектебі);

3) «Маңғыстау-Арена» спорттық клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (одан әрі – Маңғыстау -Арена);

1.4. Мемлекеттік аудит тобының құрамы: мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бөлімініңбас маман – бас мемлекеттік аудиторы А.О. Рзамбек (сертификат №0165) пен бас маман - аудитордың ассистенті Д.А. Досмухамбетова жүргізді.

1.5. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2017 жылдың 01 қантар – 2018 жылдың 31 желтоқсан аралығы.

II. Негізгі (талдамалық) бөлік:

2.1. Аудиттелетін саланың ағымдағы жай-күйін жиынтық талдау:

Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және тұрғындарды бұқаралық спорпен айналасуға жаппай тартумен қатар тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамыту.

Қазірге таңда, Ақтау қаласында дене шынықтыру және спортпен шұғылдану 2017 жылы 78 306 адамнан 2018 жылы 83 856 адамға артқан, яғни, жалпы өсім 2018 жылы 2017 жылмен салыстырғанда 7,1% - ға артып отыр. Олардың сандарының өсімін жаңа спорт нысандарының ашылып, жұмыс істей бастауымен байланыстыруға болады. Мысалы, 2017 жылы «Маңғыстау-Арена» спорт кешені және Теннис бойынша балалар және жасөспірімдер спорт мектебі және де №2,10,28 мектептердің жанынан мемлекеттік-жекеменшік әріптестікпен 3 ангар типтес спорт залдар салынып, 2018 жылы 26 ш/а «Отар» спорт кешені , 13 ш/а №21 орта мектептегі тозығы жеткен алаңның орнына, заманауи үлгідегі 8х8 форматында жасыл алаң салынды. Мектеп жанынан мамандандырылған футбол сыныбы ашылып, 100 аса бала тәрбиеленуде.

Оларға тоқтала кетсек:

6-13 жас аралығында – 20 693 адам.

14-29 жас аралығында – 40 901 адам.

30 жастан жоғары – 20 409 адам.

Зейнеткерлік жастағы – 1853 адам.

2017 жылы мүгедектер саны 186 адам. 2018 жылы бұл көрсеткіш спортпен шұғылданушы мүгедектер саны – 292.

Өткізілген спорттық іс – шараларға тоқтала кетсек:

2017 жылы 265 спорттық іс – шаралар өткізілсе, 2018 жылы 287 спорттық іс-шара өткізілген.

2018 жылы «Маңғыстау Арена» спорт кешенінде 40-қа жуық халықаралық және республикалық турнирлер, чемпионаттар өткізілді. «Маңғыстау Арена» спорт кешенінде өткізілген ірі халықаралық, республикалық турнирлер мен чемпионаттарға тоқтала кетсек:

Тұрар Жолдыбаев атындағы ересектер арасында дзюдодан ашық Азия Кубогі; Ашихара каратэден Әлем чемпионаты; Джиу-Джитсудан Азия чемпионаты; Бокстан ҚР Чемпионаты; Республикалық Халық ойындарының 13 спорт түрлері өткізілген.

Теннис бойынша балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде үстел теннисі, көркем гимнастика және т.б. қалалық дәрежедегі шаралар ұйымдастырылады.

Қала бойынша спорт түрлерімен шұғылдануға арналған 246 нысандар бар.

2.2. Аудиттелетін салаға жүргізілген мемлекеттік аудиттің жиынтық нәтижелері.

2.2.1. Бюджет қаражатының, бюджеттік бағдарламалардың нәтижелеріне, сондай-ақ қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге жиынтық талдау және бағалау, анықталған біртектес бұзушылықтардың, кемшіліктердің жинақтап қорытылған нәтижелері.

«Ақтау қалалық дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесіне және оған қарасты мекемелерге жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойыншабөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуынажүргізілген мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы 1774,9 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар, тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты – 460,0 мың теңге және 20 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

Базалық көрсеткіш – Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкестігі.

Бюджет шығыстарын жоспарлаудың заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы бойынша:

1-тармақ.бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен ҚР Бюджет кодексінің 67-бабының 12-тармағына сәйкес, бюджеттік өтінімдерінде шығыстардың экономикалық жiктемесiнiң жекелеген ерекшелiктері бойынша шығыстарға қатысты ақпарат пен есептердің дұрыстығы қамтамасыз етілмей, 2017-2018 жылдары «Теннис бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» және «Маңғыстау-Арена» спорттық клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемелері тарапынан өздері орналасқан ғимараттардың ауыз су жүйесімен қамтамасыз етілгеніне және оған шығындар жоспарланып, жүргізілетіндігіне қарамастан, 169 «Өзге де ағымдағы шығындар» ерекшелігі бойынша бюджет қаржысы есебінен ауыз суға қосымша шығындар қаралып, жалпы сомасы 583,3 мың теңгеге құтыдағы ауыз сулар сатып алынуына жол берілген.

Бюджеттік бағдарламалардың әзірленуі және іске асырылуы:

2-тармақ.ҚР Ұлттық экономика министрлігінің 30.12.2014 ж. №195 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттік бағдарламалары (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидалары және олардың мазмұнына қойылатын талаптардың» (бұдан әрі – Бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу және бекіту қағидасы) 28-тармағының талабына сәйкес, аудитпен қамтылған кезеңде бюджеттік бағдарламалар бекітілгеннен кейін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің веб-сайтында орналастырылмаған.

3-тармақ. Бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу және бекіту қағидасының 9-тармағының 4-тармақшасының және 15-тармағының 4-тармақшасының талаптарына сәйкес, бюджеттік бағдарламалардың басшылары тиісті бұйрықтармен айқындалмаған.

Төлемдер жүргізу және есеп айырысу операцияларына аудит жүргізу:

4-тармақ.2017-2018 жылдары ҚР Үкіметінің 22.09.2000 ж. № 1428 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етілетін мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасы шегіндегі іссапарлары жөніндегі ереженің» (бұдан әрі – Ереже) 9-тармағының талаптары бұзылып, жалпы сомасы 185,0 мың теңгетәулікақы және тұрғын үй-жайды жалдау бойынша іссапар шығындары негізсіз артық төленгені анықталды.

5-тармақ. Ереженің 9-тармағының талаптары сақталмай, 2017 жылы Мекеменің іссапарда болған қызметкерлеріне жалпы сомасы 446,2 мың теңге жолақы шығыстары мен тәулікақылардың кем өтелгендігі анықталды;

6-тармақ. Мекеменің қызметкерлеріне еңбекақыны есептеп, төленуіне ішінара іріктемелі түрде аудит жүргізу барысында, ҚР Қаржы министрінің 03.08.2010 ж. № 393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидасының» 18,187-тармақтарының талаптары сақталмай, 2017 жылдың шілде, тамыз, қыркүйек айларында есептеуге негіз болатын құжаттар болмаса да, бас маман Р.Шамшадиноваға лауазымдық жалақысының 30 пайыз көлемінде сома артық есептеліп, жалпы сомасы 84,6 мың теңге қаржы артық төленгендігі анықталды.

Тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алулардың мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес жүргізілуі, мемлекеттік сатып алу шарттарының орындалуы:

7-тармақ. Аудит жүргізу барысында есептен шығарылған негізгі құралдарды жою қызметін көрсетуге «Ландфил» ЖШС-мен жалпы сомасы 15,0 мың теңгеге жасалғаншарттың орындалмағаны және Мекеме тарапынан Қазақстан Республикасының 04.12.2015 ж. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының (бұдан әрі - Мемлекеттік сатып алу туралы Заң)43-бабы 24-тармағына сәйкес шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін Орындаушыдан тұрақсыздық айыбы талап етілмегендігі анықталды.

Аудит жүргізілген 06.03.2019 ж.жағдайына кешіктірілген әрбір күніне 0,1 % мөлшерінде есептелген шарт бойынша тұрақсыздық айыбы 975,0 теңгені құрады.

3-тармақ. Мемлекеттік сатып алу туралыЗаңның 5-бабы 2-тармағының талаптары сақталмай, Мекеме 2018 жылға арналған бюджеттік өтінімі бойынша автокөлікқызметіне 1856,0 мың теңге қаржы қаралғанына қарамастан, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында автокөлік қызметін сатып алуға 2995,0 мың теңге мөлшерінде қаржы бөліп, бекіткен.

«Теннис бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бюджет шығыстарының заңнама талаптарына сәйкес жоспарлануы:

1-тармақ.Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 18.09.2014 ж.№403 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымына» сәйкес коммуналдық қызметтерге (суға, газға және оны тасымалдау, электр энергиясы және жылытуға) төлеуге арналған шығындар 151 ерекшелік бойынша жүргізіледі.

Алайда, Бюджет кодексінің 4-бабында көрсетілген бюджет жүйесінің негізділік принципі сақталмай, ғимарат ауыз су жүйесімен қамтамасыз етілгеніне және оған шығындар жоспарланып, жүргізілетіндігіне қарамастан, Мекеме тарапынан 169 «Өзге де ағымдағы шығындар» ерекшелігі бойынша бюджет қаржысы есебінен ауыз суға қосымша шығындар қаралып, жалпы сомасы 424,3 мың теңгеге құтыдағы ауыз сулар сатып алынған.

Әкімшілік шығындар, мүліктер, автокөліктер және т.б. шығындар бойынша лимиттердің және нормалардың сақталуы

2-тармақ.Ереженің 9-тармағының талаптары бұзылып, 2017-2018 жылдары жалпы сомасы 365,6 мың теңгетәулікақы және тұрғын үй-жайды жалдау бойынша іссапар шығындары негізсіз артық төленгені анықталды.

3-тармақ. Ереженің 9-тармағының талаптары сақталмай, 2017 жылы Мекеменің іссапарда болған қызметкерлеріне жалпы сомасы 45,6 мың теңге жолақы шығыстары мен тәулікақылардың кем өтелгендігі анықталды.

4-тармақ. Еңбекақылардың есептеліп, төленуіне ішінара іріктемелі түрде аудит жүргізу барысында, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 22.12.2016ж. №342 бұйрығымен бекітілген «Азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, әлеуметтік қамсыздандыру қазыналық кәсіпорындары қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу қағидасының» 9-тармағының талаптары сақталмай, 2017 жылы шаруашылық жұмыс жөніндегі директордың орынбасары С.Пахомовтың, бас есепші Э.Жумаеваның, оқу-спорттық жұмыс жөніндегі директордың орынбасары А.Суюндыкованың және директорА.Мангубаевтың мамандықтары бойынша жұмыс өтілдерінің дұрыс есептелмеуі салдарынан жалпы сомасы 278,1 мың теңге жалақы артық төленгендігі анықталды.

5-тармақ.Еңбек Кодексінің 32-бабының 1-тармағының3-тармақшасы сақталмай, 3 қызметкерді (жаттықтырушы М.Дегениязова, жаттықтырушы К.Абиев және жаттықтырушыА.Абдулаев) жұмысқа қабылдау кезінде еңбек шартын жасау үшін қажетті білімдерін растайтын құжаттары талап етілмеген. Ол қызметкерлерге есептеліп, төленген жалақының жалпы сомасы 1 988,5 мың теңгені құрайды.

Негізгі құралдар мен қорлардың алынуы, сақталуы және шығысталуының заңнама талаптарына сәйкестігі

6-тармақ.Қазақстан Республикасының 01.03.2011 ж. «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 200-бабының 6-тармағының талаптары сақталмай, жалпы сомасы 1 067 398,2 мың теңге Мекемеге бекітілген «Теннис орталығы» ғимараты осы уақытқа дейін мемлекеттік мүлік тізіліміне енгізілмеген.

Тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алулардың мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес жүргізілуі, мемлекеттік сатып алушарттарының орындалуы

7-тармақ. Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңның 39-бабы 3-тармағының 50-тармақшасына сүйене отырып, 2018 жылға бекітілген мемлекеттік сатып алу жоспарында «Шағын автобусты жүргізушісімен бірге жалға алу қызметін» бір көзден сатып алу қарастырылған және осы қызметті көрсетуге ЖК «JAA»-мен бір көзден сатып алу тәсілімен жалпы сомасы 300,0 мың теңгеге 09.01.2018ж. №3 шарт жасалған.

Алайда, ҚР Қаржы министрінің 11.12.2015 ж. № 648 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының» 378-1 тармағының талаптары бұзылып, Заңның 39-бабы 3-тармағының 6), 7), 15), 28), 46), 50), 51), 53) және 54) тармақшалары негізінде мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушіні айқындау үшін Тапсырыс берушімен кемінде үш әлеуетті өнім берушілерге коммерциялық ұсыныстар беру туралы сұрау салулар жіберілмегені анықталды.

Сол сияқты бұзушылықтар келесі жалпы сомасы 8730,7 мың теңгені құрайтын мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша орын алғаны да анықталды.

8-тармақ.2018 жылға бекітілген мемлекеттік сатып алу жоспары бойынша күзет қызметін бір көзден сатып алуға жалпы сомасы 4 340,6 мың теңге қарастырылған.

Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңның 39-бабы 3-тармағының 50-тармақшасы бұзылып, Мекеменің мемлекеттік сатып алуды өткізу кезеңінде тапсырыс берушінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін «Алдаспан security» ЖШС-мен күзет қызметін көрсетуге жалпы сомасы 769,2 мың теңгеге жасаған 11.01.2018 ж. № 4 келісім-шарт сомасы қажетті көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу көлемінен 45,8 мың теңгеге асып түскен.

«Маңғыстау-Арена»коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бюджет шығыстарының заңнама талаптарына сәйкес жоспарлануы

1-тармақ. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 18.09.2014 ж. №403 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымына» сәйкес коммуналдық қызметтерге (суға, газға және оны тасымалдау, электр энергиясы және жылытуға) төлеуге арналған шығындар 151 ерекшелік бойынша жүргізіледі.

Алайда, Бюджет кодексінің 4-бабында көрсетілген бюджет жүйесінің негізділік принципі сақталмай, ғимарат ауыз су жүйесімен қамтамасыз етілгеніне және оған шығындар жоспарланып, жүргізілетіндігіне қарамастан, Мекеме тарапынан 169 «Өзге де ағымдағы шығындар» ерекшелігі бойынша бюджет қаржысы есебінен ауыз суға қосымша шығындар қаралып, жалпы сомасы 159,0 мың теңгеге құтыдағы ауыз сулар сатып алынған.

2-тармақ. Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 24.11.2014 ж. № 511 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларының» 7 -тармағы сақталмай, 017«Балалар мен жасөспірімдерге спорт бойынша қосымша білім беру» бюджеттік бағдарламасының 159 «Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу» ерекшелігі бойынша жоспарланған жалпы сомасы 220,0 мың теңге2017 жылға бекітілген бюджеттік өтінімде қаржылық (мемлекеттік сатып алу) кеңес беру қызметері көзделмегені анықталды.

Әкімшілік шығындар, мүліктер, автокөліктер және т.б. шығындар бойынша лимиттердің және нормалардың сақталуы

3-тармақ.Ереженің 9-тармағының талаптары бұзылып, 2018 жылы жалпы сомасы 82,3 мың теңгетұрғын үй-жайды жалдау бойынша іссапар шығындары негізсіз артық төленгені анықталды.

4-тармақ. Ереженің 9-тармағының талаптары сақталмай, 2017 жылы Мекеменің іссапарда болған қызметкерлеріне жалпы сомасы 566,3 мың теңге жолақы шығыстары мен тәулікақылардың кем өтелгендігі анықталды.

5-тармақ. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 22.12.2016ж. №342 бұйрығымен бекітілген «Азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, әлеуметтік қамсыздандыру қазыналық кәсіпорындары қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу қағидасының» 9-тармағының талаптары сақталмай, 2017-2018 жылдары мамандықтары бойынша жұмыс өтілдерінің дұрыс есептелмеуі салдарынан жалпы сомасы 149,1 мың теңге жалақы артық төленгендігі анықталды.

Тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алулардың мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес жүргізілуі, мемлекеттік сатып алушарттарының орындалуы

6-тармақ. Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңның 39-бабы 3-тармағының 50-тармақшасына сүйене отырып, Мекеме күзету қызметтерін көрсету бойынша «Охранное Агентство «Нур-Семсер» ЖШС-мен жасалған 28.08.2017 ж. № 64 шартты 03.01.2018 ж. № 1 қосымша келісім-шарт жасау арқылы 2018 жылдың қаңтар-ақпан айларына ұзартқан.

Одан соң Мекеме тарапынан Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңның 39-бабы 3-тармағының 50-тармақшасының талабы бұзылып, «Охранное Агентство «Нур-Семсер» ЖШС-мен 2018 жылдың наурыз айына жалпы 683,2 мың теңгеге 01.03.2018ж. №12 шарт жасалған.

7-тармақ. Сонымен бірге, жоғарыда көрсетілген күзету қызметтерін сатып алу кезінде ҚР Қаржы министрінің 11.12.2015 ж. № 648 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының» 378-1 тармағының талаптары бұзылып, Заңның 39-бабы 3-тармағының 6), 7), 15), 28), 46), 50), 51), 53) және 54) тармақшалары негізінде мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушіні айқындау үшін Тапсырыс берушімен кемінде үш әлеуетті өнім берушілерге коммерциялық ұсыныстар беру туралы сұрау салулар жіберілмегені анықталды.

8-тармақ. Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңның 39-бабының 3-тармағының 1-тармақшасы негізсіз қолданылып, байланыс қызметі табиғи монополия ретінде айқындалмаса да, 2017 жылы «Қазақтелеком» АҚ-ның филиалы – Маңғыстау облыстық телекоммуникациялар дирекциясымен «Байланыс қызметін» көрсетуге жалпы сомасы 225,0 мың теңгеге бір көзден сатып алу тәсілімен шартты тікелей жасаған.

9-тармақ.«Маңғыстау-Арена спорттық клубы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 39-бабы 3-тармағы 42-тармақшасына сәйкес, «БейМер» ЖШС-мен «Қаржылық кеңес беру және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру» қызметін сатып алуға келісім шартқа отырған.

Маңғыстау-Арена тарапынан Қазақстан Республикасының 28.02.2007 ж. №234 «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңының 11-бабының талаптары бұзылып, 22.06.2017ж. №52 келісім-шарт бойынша «БейМер» ЖШС-мен жалпы сомасы 220,0 мың теңгеге орындалған қызметі бойынша актілер (наряд-тапсырмалары) электрондық немесе қағаз түрінде алынбағаны анықталды.

10-тармақ. Бюджет кодексінің 4-бабында көрсетілген бюджет жүйесінің негізділік принципі сақталмай, Мекеменің бекіткен мемлекеттік сатып алу бойынша маман лауазымдық нұсқаулығында көрсетілген «мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу» қызметі сатып алынғаны анықталды.

11-тармақ. Сонымен қатар, Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 6-бабы 1-тармағы 1-тармақшасының талабы сақталмай, Мекеменің уәкілетті өкілі мемлекеттік сатып алу бойынша маман Тағыбергенов А. П. «БейМер» ЖШС-нің өкілі болғанына қарамастан, 2018 жылы жалпы сомасы 240,0 мың теңгеге «қаржылық кеңес беру» қызметі бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырған.

III. Қорытынды бөлік

3.1.Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар.

Әкімшілік құқық бұзушылық фактілері бойынша бақылау материалы Маңғыстау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жолданды.

3.2.Мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша тұжырымдар

Мемлекеттік аудитпен 2017-2018 жылдар кезеңі және 3 мемлекеттік аудит объектілері қамтылды.

Базалық көрсеткіш – Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкестігі.

Мемлекеттік аудит жүргізу барысында аудит обьектілерімен бюджет және қолданыстағы басқа да заңдылықтар нормаларының сақталмауы салдарынан 1 774,8 мың теңге қаржылық бұзушылықтарға жол берілген, тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты – 460,0 мың теңгежәне орын алған рәсімдік сипаттағы бұзушылықтардың саны 20 бірлікті құрады. Анықталған 1 774,9 мың теңге қаржылық бұзушылықтар бюджетке өтелуге жатады.

Аудит объектілері бұзушылықтарға негізінен шығыстарды жоспарлау, іссапар шығындарын өтеу, жалақыны есептеу және төлеу, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу кезінде жол берген. Аудиторлық іс-шара барысында анықталған кемшіліктер мен бұзушылықтар жүйелі түрде қайталанады.

Жоғарыда көрсетілген заң бұзушылықтар фактілері мекемелердің лауазымды тұлғаларының өз міндеттеріне жауапты қарамағанын, қаржылық тәртіптің сақталуының тиісті дәрежеде болмауын, сондай-ақ, мамандардың Қазақстан Республикасы заңнамаларын жетік түрде меңгермегенін көрсетеді және нәтижесінде бюджет заңнамасы, мемлекеттік сатып алу туралы заңнама және өзге де заңнама талаптары бойынша бұзушылықтар мен кемшіліктердің орын алуына әкеліп соқтырған.

3.3.Мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша ұсынымдар

Жоғарыда айтылғандарды талдай келе төмендегілерді ҰСЫНАМЫН: 1. Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында«Ақтау қалалық дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесіне және оған қарасты мекемелерге жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойыншабөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысын қарауды ұсынамын.

2.Ақтау қалалық дене шынықтыру, спорт және туризм бөліміне (К.К.Жумабаев) 2019 жылдың 02 мамырына дейін:

1) жалпы сомасы 1 067 398,2 мың теңге Мекемеге бекітілген «Теннис орталығы» ғимаратын мемлекеттік мүлік тізіліміне енгізуді;

2) бұзушылықтарды болдырмау және біліктілігін арттыру мақсатында аудитпен қамтылған мекемелердің бухгалтерлік есепті жүргізуге және мемлекеттік сатып алуға жауапты қызметкерлерінің қатысуымен семинар өткізуді ұсынамын.

3. «Теннис бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (А.У.Мангубаев) 2019 жылдың 02 мамырына дейін:

1) Аудитпен анықталған 3 қызметкердің (жаттықтырушы М.Дегениязова, жаттықтырушы К.Абиев және жаттықтырушы А.Абдулаев) қажетті білімдерін растайтын құжаттарының болмауына байланысты тиісті заңнамаларға сәйкес шара алуды ұсынамын;

4.«Маңғыстау-Арена» спорттық клубы»коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (З.И. Оңайбаев) 2019 жылдың 02 мамырына дейін:

1) Алдағы уақытта бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол берілмеуі бойынша шара алуды;

2) 2017 жылғы жалпы сомасы 220,0 мың теңгеге орындалған қызметі бойынша актілердің (наряд-тапсырмалары) қалпына келтірілуін қамтамасыз етуді ұсынамын.

3.4.Жалғама: жиынтық тізбе 4 бетте;

Тексеру комиссиясының

мүшесі Ж.Кошмагамбетова

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Блог председателя