05/05/2024  Воскресенье
Государственное учреждение

Ревизионная комиссия
Мангистауской области

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының

24 сәуір 2019 жылғы №02-02/3 санды қаулысымен бекітілді

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының

төрағасы М.Ешанкуловқа

 

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

 

I. Кіріспе бөлік

1.1.Аудиторлық іс-шараның атауы:

Жергілікті бюджеттенбөлінген бюджет қаражатының және активтердің пайдаланылуының сәйкестігіне және тиімділігіне аудиторлық іс-шара жүргізу.

 

1.2.Мемлекеттік аудиттің мақсаты:

«Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бөлінген бюджет қаражатының және денсаулық сақтау ұйымдарының активтерінің пайдаланылуының сәйкестігіне және тиімділігіне аудиторлық іс-шара жүргізу.

 

1.3.Мемлекеттік аудит объектісі:

«Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі(бұдан әрі –Басқарма), «Маңғыстау облыстық ауруханасы», «Мұнайлы орталық аудандық ауруханасы, «Маңғыстау орталық аудандық ауруханасы», «Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасы», «Бейнеу орталық аудандық ауруханасы», «Түпқараған орталық аудандық ауруханасы», «Қарақия орталық аудандық ауруханасы», «Жаңаөзен қалалық балалар ауруханасы», «Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындары (бұдан әрі – Кәсіпорындар).

 

1.4.Мемлекеттік аудит тобының құрамы: Маңғыстау облысы бойынша Тексеру комиссиясының талдау, жоспарлау және сапаны бақылау бөлімінің басшысы К.А. Куанов (сертификат№1420),мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бөлімнің басшысы А. Таганов (сертификат №1266),мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бөлімінің бас маман- аудиторы – А.С. Тұрғанбаев (сертификат №1428),бас маман-аудитордың ассистенті – Б.Ж.Корбаков.

 

1.5.Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2017 жылдың 01 қаңтар – 2018 жылдың 31 желтоқсаны аралығы.

 

II.Негізгі (талдамалық) бөлік:

2.1. Аудиттелетін саланың ағымдағы жай-күйін жиынтық талдау.

Маңғыстау облысын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасында Маңғыстау облысының денсаулық сақтау саласыныңмықты жақтары ретінде: демографиялық көрсеткіштердің жақсаруы, әлеуметтік мәні бар аурулардың өлім-жітімінің төмендеуі, халықтың орта медициналық қызметкерлермен жеткілікті қамтамасыз етілуі сияқты көрсеткіштер көрсетілсе, негізгі проблемалары ретінде: дәрігер мамандардың өткір тапшылығы, тартылған кадрларды тұрғын үймен қамтамасыз ету, бала табатын жастағы әйелдер денсаулығының төмен индексі, жекелеген аудандарда туберкулезбен сырқаттанушылықтың біршама жоғары болуы атап өтелген.

Облыстың денсаулық сақтау жүйесінің стратегиялық басымдығы халыққа медициналық, оның ішінде жоғары технологиялық көмек көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін көтеру болып табылады.

2018 жылдың қорытындысы бойынша Маңғыстау облысын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасында денсаулық сақтау саласы бойынша жоспарланған 5 мақсатты индикатордың 2-не қол жеткізілмеген:

-аналар өлім-жітімін төмендету 100 мың тірі туылғандарға шаққанда 25,1%-ды құраған (жоспар – 10,2%);

-нәрестелер өлім-жітімін төмендету 8,7%-ды құраған(жоспар – 8%).

 

2.2.Аудиттелетін салаға жүргізілген мемлекеттік аудиттің жиынтық нәтижелері.

«Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бөлінген бюджет қаражатының және денсаулық сақтау ұйымдарының активтерінің пайдаланылуының сәйкестігіне және тиімділігіне баға беру үшін келесі көрсеткіштер қолданылды:

Сәйкестік аудиті бойынша– Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкестігі.

Тиімділік аудиті бойынша-

1.Базалық көрсеткіш: тиімділік – бюджеттік бағдарламаның іске асырылу тиімділігі, жоспарланған және алынған нәтижелердің оларға қол жеткізу үшін пайдаланылған ресурстар ескерілгендегі арақатынасы.

Арнайы көрсеткіш: 2017-2018 жылдарға 033 «Денсаулық сақтау медициналық ұйымдарының күрделі шығыстары»бюджеттік бағдарламасына бөлінген бөджет қаражатының игерілуі.

2.Базалық көрсеткіш – өнімділік – санын, сапасын және мерзімдерін ескере отырып бөлінген ресурстарды пайдалана отырып, денсаулық сақтау саласында барынша пайдалы нәтиже алу.

Арнайы көрсеткіш: медициналық ұйымдардың негізгі құралдарды пайдалану деңгейі (%).

 

2.2.1.Бюджет қаражатының, бюджеттік бағдарламалардың нәтижелеріне, сондай-ақ қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге пайдаланылу тиімділігін жиынтық талдау және бағалау,анықталған біртектес бұзушылықтардың, кемшіліктердің жинақтап қорытылған нәтижелері.

Аудит бағдарламасымен көзделген көрсеткіштер бойынша бюджеттік және басқа да заңнамалардың жауапты тұлғалармен тиісті дәрежеде сақталмауынан, алдыңғы кезеңдерде бюджет қаражатын жоспарлауда сұраныстың жеткілікті дәрежеде зерделенбеуі себебінен бұзушылықтарға жол берілгені анықталды.

2017-2019, 2018-2020 жылдарға арналған 033 бюджеттік бағдарламаның мақсаты «халықтың денсаулығын арттыру» - жалпылама тұжырыммен берілген. 2017 жылы бюджеттік бағдарламаны қайта бекіткен кезде тікелей нәтиже көрсеткіштері өзгеріссіз қалған.

Жүргізілген мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы 152,2 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар, 260 042,4 мың теңгеге мемлекет активтерінің тиімсіз пайдаланылуы және 41 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

1-тармақ.Қазақстан Республикасының 23.11.2015 жылғы №414 санды «Еңбек Кодексінің» 123-бабының 8-тармағының 1-тармақшасының, Қазақстан Республикасының 01.03.2011 жылғы «Мемлекеттік мүлік туралы» 139-бабының 5-тармағының талаптары сақталмай, түгендеу жүргізу барысында негізгі құралдардың жалпы сомасы 152,2 мың теңгеге жетіспеушілігі анықталды. Оның ішінде:

-Қарақия орталық аудандық ауруханасына қарасты Аққұдық селолық медициналық бекетінде 15,0 мың теңге (кереует);

-Маңғыстау орталық аудандық ауруханасына ауруханасына қарасты Шебір ауылдық дәрігерлік амбулаториясында 137,2 мың теңге (стерилизатор УФК-3 - 34,3 мың теңге, термостат ТС-1/2-102,9 мың теңге).

2-тармақ.Қазақстан Республикасының 26.07.2007 жылғы «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңының 4,9,42-баптарының талаптары сақталмай, 4 Кәсіпорында жалпы құны 639 999,4 мың теңгені құрайтын 27 тұрғын үй емес ғимараттарына мемлекеттік меншік құқығы рәсімделмеген. Жалғама №1.

3-тармақ.Қазақстан Республикасының 16.05.2014 жылғы №202-V санды «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 28-бабының 1-тармағының 10-тармақшасының және бірінші санаттағы рұқсаттардың (лицензиялардың) тізбесі 1-қосымшасының 22-тармақшасының және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 27.03.2015 жылғы «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» №261 Бұйрығының 8, 295-тармақтарының талаптары орындалмай:

-Маңғыстау орталық аудандық ауруханасы 28.06.2017-29.10.2018 жылдар аралығында құны 31 792,5 мың теңгені құрайтын радиографиялық рентген аппаратын пайдалануға иондандырушы сәулеленудi генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс iстеуге тиісті лицензиясынсыз;

-Жаңаөзен қалалық балалар ауруханасы 2018 жылы тиісті органнан берілетін санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысыз құны 36 176,0 мың теңге тұратын радиографиялық рентген аппаратымен жұмыс жасағаны анықталды.

4-тармақ.Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы №234 «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік» туралы Заңының 4-бабының, 6-бабының 1-2-тармақтарының, 7-бабының 5-тармағының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 31.03.2015 ж. №241 «Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 17-тармағының талаптары бұзылған:

-Бейнеу орталық аудандық ауруханасында Есеп саясатындағы активтер амортизациясының нормалары өзгертілгендігіне қарамастан, амортизация нормалары артық (өзгертуге дейінгі нормамен) есептеліп, қаржылық есептіліктің бұрмалануына жол берілген;

-Қарақия орталық аудандық ауруханасында қаржылық жағдайындағы өзгерiстер туралы толық және дұрыс ақпаратпен қамтамасыз етілмей, Аққұдық селолық медициналық бекетіндегі 1 дана насос «Курган» (8,0 мың теңге), 1 дана су жылытатын қазандық «Аристон» (31,0 мың теңге), 2 дана«Келет» жылыту қазандығы (0 теңге) уақтылы бухгалтерлік есепке алынбаған;

-Маңғыстау орталық аудандық ауруханасында 2017-2018 жылдары бухгалтерлік есеп тіркелімдері ( бас кітап, журнал-ордерлер) жасақталмаған, бухгалтерлiк есеп жүргiзілмеген.

5-тармақ.Қазақстан Республикасының 01.03.2011 жылғы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 6-бабындакөзделген мемлекеттік мүлікті қоғам игілігі үшін тиімді пайдалану принципі және 71-бабының 1-тармағының және 139-бабының 5-тармағыныңталаптары сақталмаған;

1) 2 Кәсіпорында жалпы құны 66 296,9 мың теңгені құрайтын 4 ғимараттың мақсатына сәйкес пайдаланылмай бос тұрғаны, оның ішінде:

Маңғыстау орталық аудандық ауруханасына қарасты3 ғимарат:

-Қияқты елді мекенінде орналасқан медициналық пункті - 22 467,0 мың теңге (2007 жылғы);

-Басқұдық елді мекенінде орналасқан медициналық пункті -21 904,0 мың теңге (2007 жылғы);

-Жарма елді мекенінде орналасқан медициналық пункті - 21 889,0 мың теңге (2007 жылғы).

Сонымен қатар, Жарма елді мекенінде орналасқан медициналық пункт аумағында жерсеріктік антенна және ғимарат ішінде осы антеннаның сервері негізсіз (шарт жасақталмай) орнатылып, жұмыс жасап тұрғаны белгілі болды.

Қарақия орталық аудандық ауруханасындаҚұланды селосының дәрігерлік амбулаториясының ескі ғимараты (құны 36,9 мың теңге) мақсатына сәйкес пайдаланылмай бос тұрғандығы анықталды.

2) Баланстық құны 137 777,5 мың теңгені құрайтын 33 медициналық техника жұмыс жасамай тұрғандығы анықталды. Атап айтқанда:

Маңғыстау облыстық ауруханасында5 бөлімшеде 32 медициналық техника: операциялық бөлімшеде 4 дана (28 100,7 мың теңге), дезинфекциялық-заласыздандыру бөлімшесінде 6 дана (13 414,0 мың теңге), кардиореанимация бөлімшесінде 14 дана (33 257,0 мың теңге), анестезиология және қарқынды емдеу бөлімшесінде 7 дана (34 604,6 мың теңге), клиникалық-диагностикалық зертхана бөлімшесінде 1 дана (1 559,9 мың теңге).

Бейнеу орталық аудандық ауруханасындарадиографиялық рентген аппараты (26 841,3 мың теңге) пайдаланылмайтыны анықталды (радиографиялық рентген аппаратын пайдалануға иондандырушы сәулеленудi генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс жасауға 30.06.2017 жылы лицензия алған).

3) Маңғыстау облыстық ауруханасындақұны55 968,0 мың теңгені құрайтын «Цифрлы рентгенография/флюрография жүйесі цифрлы бейнелерді басып шығаруға арналған лазерлік принтер жиынтық аппараты» сатып алынғалы бері сәулелік диагностика аппараты орналастырылатын бөлмесінің дайын еместігі және тиісті санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес келуіне қорытындының болмауына байланысты қондырылмай, буылып-түюлі (в упаковке) пайдаланылмай тұрғандығы белгілі болды.

6-тармақ.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 30.10.2009 жылғы №1729 «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтер көрсетуді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қаулысының (одан әрі - Қағида) 93-тармағының талаптары бұзылып, Маңғыстау облыстық ауруханасы, Түпқараған орталық аудандық ауруханасы, Жаңаөзен қалалық балалар ауруханаларында «Pharmalogica» ЖШС-мен жасақталған «Өкпені жасанды желдету аппаратын» сатып алу бойынша шартына жасақталған қосымша келісімдері тауарды жеткізу мерзімі 90 күннен 120 күнге негізсіз созылған.

Сонымен қатар, Жаңаөзен қалалық балалар ауруханасында Қазақстан Республикасының «Азаматтық Кодексінің» 474-бабының және №175 санды 12.10.2018 жылғы тараптар арасында жасақталған келісім-шартының 29,32-тармақтарының талаптары орындалмағандығы анықталып, «Биологиялық ақпаратты және пациенттің жағдайын мониторингілеу үшін қолданылатын аппаратты» сатып алуда «Pharmalogica» ЖШС-мен жалпы сомасы 4 786,0 мың теңгеге 12.10.2018 жылы №175 санды жасақталған келісім-шарты бойынша өнім берушінің тауарларды уақтылы табыс етпей, өз міндеттерін кешіктіріп орындалғаны үшін 43,1 мың теңге тұрақсыздық айыппұлын ұстап қалмаған.

7-тармақ.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 29.05.2015 жылғы № 427 «Қазақстан Республикасында медициналық техникаға сервистік қызмет көрсетуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 2-тармағының және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 07.04.2010 жылғы № 238 «Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгілік штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы» Бұйрығының 7-қосымшасының 20-тармағының талаптары орындалмай, Маңғыстау облыстық ауруханасында 14 бөлімшеде 48 медициналық техника сервистік қызметпен қамтамасыз етілмей пайдаланылып отырғандығы және медициналық техниканы жөндеу және оған қызмет көрсету жөніндегі инженер мамандары жоқтығы анықталды.

8-тармақ.Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі 11.02.2014 жылғы №85 "Медициналық техниканы басқару жүйесі" порталын енгізу туралы Бұйрығының 6-тармағының, Қазақстан Республикасының 01.03.2011 жылғы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 201-бабының 1-тармағының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 15.12.2011 жылғы №636 «Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне есепке алу объектiлерi деректерiн енгiзудің, сондай-ақ мемлекеттiк мүлiкке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргiзудің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы» бұйрығының 5-тармағының талаптары ескерілмеген:

-Мұнайлы орталық аудандық ауруханасында медициналық техникалар туралы деректер медициналық техниканы басқару жүйесі порталына (СУМТ) енгізілмеген;

-Маңғыстау орталық аудандық ауруханасындабаланстық құны 2 256,3 мың теңгені құрайтын5 ғимарат(Сай-Өтес дәрігерлік амбулаториясы (2 ғимарат), Тиген медициналық пункті, Ақшымырау дәрігерлік амбулаториясы, Оңды дәрігерлік амбулаториясы) бойынша тізілімге есепке алу объектісі туралы деректері «Есептілікті тапсырудың бірыңғай жүйесі» (ЕССО-ға) бағдарламалық жүйесіне енгізілмей, мемлекеттік мүліктің тізілімінде тіркелмеген.

9-тармақ.Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексi 272-быбының талабы және Қағиданың 100-тармағының және шарттың 4-тармағының талаптарының бұзылуына жол беріліп, Маңғыстау облыстық ауруханасында медициналық техникаларды сатып алуға жасақталған №96 (17,2 мың теңге), №110 (91,4 мың теңге), №111 (55,9 мың теңге) шарттарының міндеттемелері тиісті түрде орындалмай, шарттарға 1-Қосымшада көзделген тауармен бірге тапсырылатын аппараттардың бағдарламалық лицензиялары және суреттерінсіз тауарлар қабылданғаны, ал Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасында ДШ-08 маркалы шприцтік насосын сатып алуда 18.08.2017 жылы №106 «Альянс-Фарм» ЖШС-мен сомасы 10 200,0 мың тенгеге жасақталған шарты бойынша өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді 5 (бес) жұмыс 8 (сегіз) күнтізбелік күнге кешіктіріліп енгізгені белгілі болды.

10-тармақ.Мұнайлы орталық аудандық ауруханасында «Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингтеу және бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы №249 бұйрығының 1-қосымшасына сәйкес толтырылмай, Кәсіпорынның 2017-2021 жылдарға 27.11.2018ж. №374 бұйрығымен бекітілген даму жоспарында нәтиже көрсеткіштері (тікелей, сапа) айқындалмаған.

11-тармақ.Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасында Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 96-бабының талаптары сақталмай, 033 бюджеттік бағдарламасының 418 ерекшелігі бойынша Маңғыстау облыстық ауруханасына «Рентген түтікшесін ауыстыру жұмысына» 2017 жылы тек 29 911,2 мың теңге жоспарланса да,(бюджеттік өтінімде) аталған жұмыс бойынша 61 248,5 мың теңгеге шарт жасақталып, жоспарланған сомадан 31 337,3 мың теңгеге асыра міндеттемелер қабылданып, кредиторлық берешек қалыптасқан.

12-тармақ.Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасында 7 лот бойынша жүргізілген медициналық техника сатып алудың №1 лоты бойынша Қағиданың 81-тармағының 12-тармағында және бекітілген тендерлік құжаттаманың 46-тармағының 12-тармағында көзделген талаптардың бұзылуына жол беріп, әлеуетті өнім беруші «Pharmalogica» ЖШС-гін тендерлік құжаттаманың және осы Қағиданың талаптарына сәйкес келмейтін техникалық ерекшелікті ұсынғандығына қарамастан, оны тендерге қатысуға негізсіз жіберген.

Сондай-ақ, Қағиданың 81-тармағында және тендерлік құжаттаманың 46-тармағында көзделмеген негіздер бойынша тендерлік комиссия мүшелері «SanMedPlus» ЖШС-гін №1 лот бойынша Қағиданың 81-тармағының 11-ші тармақшасына сәйкес қағида талаптарына сәйкес техникалық ерекшелікті ұсынбауына байланысты деген уәжбен, тендерге қатысуға негізсіз жіберілмеген. Алайда, «SanMedPlus» ЖШС-гімен қағида талаптарына сәйкес техникалық ерекшелік ұсынылған.

Нәтижесінде, Басқарма тарапынан аталған тендер қорытындысының №1 лоты бойынша Қағиданың 83-тармағында көзделген талаптар бойынша тендерлік құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушіден бір көзден сатып алу тәсілін жүзеге асыру мүмкіндігін пайдаланбай, тендерлік құжаттаманың мазмұны мен шарттарын өзгертпей, тендер қайтадан өткізгендігі белгілі болды.

13-тармақ.Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасында «Пациент мониторын» сатып алуда Қағиданың 81-тармағының 12-тармағының, 82-тармағының және бекітілген тендерлік құжаттаманың 46-тармағының 12-тармағының талаптары бұзып, тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушының жауапты тұлғалары тарапынан тендердің мазмұны мен шарттарын өзгертпей, тендерді қайтадан өткізгендігі анықталды және әлеуетті өнім беруші тендерлік құжаттаманың және осы Қағиданың талаптарына сәйкес келмейтін техникалық ерекшелікті ұсынған әлеуетті өнім беруші«Pharmalogica» ЖШС-гін тендерге қатысуға жіберген.

14-тармақ.Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасында 2 лот бойынша өткізілген медициналық техника сатып алу тендерінің №2 лоты «Желілік бригадаларға арналған жылжымалы шұғыл медициналық көмек кешенін сатып алуда»:

-Қағиданың 51-тармағының, 84-тармағының 3-тармақшасының 121-тармағының талаптары бұзылып, 09.11.2018 жылғы ашу хаттамасында комиссия төрағасы К.А.Ахметова және комиссия мүшесі А.А.Шамшиевтің болмау себебі және осы фактіні растайтын актіге қандай да бір нақты сілтемелер көрсетілмеген. Ал, Басқарманың 2018 жылдың қараша айының табеліне сәйкес, К.А.Ахметова мен А.А.Шамшиевтің жұмыста болған;

-тендерлік комиссия мүшелерінің 14.11.2018 жылғы тендер қорытындысының хаттамасына сәйкес, №2 лотты бірде бір әлеуетті өнім беруші жіберілмеуіне байланысты өтпеді деп негізсіз таныған, ал, Қағиданың 84-тармағының 2-тармақшасына сәйкес, екеуден аз тендерлік өтінім ұсынылуына байланысты өтпеді деп тануы тиіс;

-бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды өткізу туралы шешім қабылданбай тұрып, бір көзден сатып алуға шақырту жібергені анықталды.

15-тармақ. Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы 2017 жылы «Электрокардиография» медициналық техникасын сатып алуды Қағидаға сәйкес ұйымдастырмай, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының 39-шы бабының 3-ші тармағының 3-ші тармақшасына негізсіз сілтеме жасап, бір көзден сатып алу тәсілімен тікелей жалпы сомасы 42 860,0 мың теңгеге "Фирма Акмоласвязьинвест" ЖШС-мен шарт жасаған. Алайда, "Фирма Акмоласвязьинвест" ЖШС-гі «Электрокардиография» медициналық техникасын қатысты айрықша құқықтарға ие тұлға болып табылмайды.

 

III. Қорытынды бөлік

3.1.Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар.

Жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесінде анықталған бұзушылықтар бойынша лауазымды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігін қарау үшін Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне5 материал жолданып («Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі,«Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы»,«Бейнеу орталық аудандық ауруханасы»,«Қарақия орталық аудандық ауруханасы»,«Маңғыстау орталық аудандық ауруханасы»шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындары), бүгінгі күнге дейін 4 материал бойынша әкімшілік іс қозғалып, айыппұлдар салынды.

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Маңғыстау облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментіне2 материал жолданып(Маңғыстау аудандық орталық ауруханасы, «Жаңаөзен қалалық балалар ауруханасы») әкімшілік іс қозғалып, айыппұлдар салынды.

Маңғыстау облысының әділет департаментіне4материал жолданды («Маңғыстау орталық аудандық ауруханасы»,«Мұнайлы орталық аудандық ауруханасы, «Бейнеу орталық аудандық ауруханасы», «Қарақия орталық аудандық ауруханасы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындары).

Қарақия орталық аудандық ауруханасында 15,0 мың теңгеге (кереует) жетіспеушілік аудит барысында қалпына келтірілген.

 

3.2.Мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша тұжырымдар

Аудит бағдарламасымен көзделген көрсеткіштер бойынша жүргізілген аудит қорытындысымен бағалау нәтижесі:

Тиімділік көрсеткіші бойынша - 2017, 2018 жылдары 033 бюджеттік бағдарламасының іске асырылу тиімділігі мен жоспарланған және алынған нәтижелердің оларға қол жеткізу үшін пайдаланылған ресурстар ескерілгендегі арақатынасына 2017, 2018 жылдары облыстық бюджеттің қолма-кол ақшаны бақылау шотында қаражаттың болмауы әсерін тигізген.

Бюджеттік бағдарламаны қайта бекіткен кезде қаржы көлемі өзгерсе де, тікелей нәтиже көрсеткіштері өзгеріссіз қалған.

2017 жылы 033 бюджеттік бағдарламасының 418 ерекшелігі бойынша 294 151,0 мың теңге жоспарланып, 220 766,4 мың теңгеге (75%) орындалған, айырмасына кредиторлық берешек қалыптасқан.

Сонымен қатар,Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасында 033 бюджеттік бағдарламасы бойынша 2017 жылы 31 337,3 мың теңгеге асыра міндеттемелер қабылданған.

2018 жылы 033 бюджеттік бағдарламасының 418 ерекшелігі бойынша 808 623,0 мың теңге жоспарланып, 226 520,0 мың теңгеге (28%) орындалған,айырмасына кредиторлық берешек қалыптасқан.

Өнімділік көрсеткіші бойынша –денсаулық сақтау саласында барынша пайдалы нәтиже алу мақсатындағы медициналық ұйымдардың негізгі құралдарды пайдалану деңгейінің жоспарлы көрсеткіштері орындалмаған.

Мемлекеттік кәсіпорындарды материалдық-техникалық жарақтандыру деңгейі 2017 жылы - 72%-ға жетуді көзделіп, 65,4%-ға орындалса, 2018 жылы 79%-ға жетуі көзделіп, 76,4% құрағаны анықталды.

Мемлекеттік аудитпен қамтылған Кәсіпорындарда тұрғын үй емес ғимараттарына мемлекеттік меншік құқығы рәсімделмеген, медициналық техникалар медициналық техниканы басқару жүйесі порталына,мемлекеттік мүліктің тізіліміне уақтылы енгізілмеген, бірқатар медициналық техника пайдалануға тиісті лицензияларсыз жұмыс жасаған.

Сонымен қатар, Кәсіпорындардағимараттардың мақсатына сәйкес пайдаланылмай бос тұрғаны және медициналық техникалардың сатып алынғаннан бері пайдаланылмай тұрғаны, медициналық техниканы жөндеу және оған қызмет көрсету жөніндегі инженер мамандардың жоқтығынанмедициналық техникалардың жұмыс жасамай тұрғандығы,медициналық техниканың сервистік қызметпен қамтамасыз етілмей пайдаланылып отырғандығы -өнімділіктің, нәтижеліліктің төмен дәрежеде екенін көрсетеді.

Аудит нәтижесі денсаулық сақтау саласында материалдық-техникалық жарақтандыруға қаражат жоспарлауда жүйеліліктің жоқтығын көрсетті. Яғни, материалдық-техникалық жарақтандыруға қаражат жоспарлауда талдау, зерделеу жұмыстары өз деңгейінде жасалмаған. Алдын-ала медициналық техниканы орналастыратын орыны, пайдаланылуға қажетті лицензия алу жұмыстары, оған қызмет көрсететін мамандар мәселесі шешілмеген. Халық саны, сұранысы, кадр мәселесі де тиісті деңгейде зерделенбеген. Нәтижесінде, мемлекет мүлігі қоғам игілігі үшін пайдаланылмай отыр.Аталған жағдайлар, өз кезегінде халық денсаулығын жақсарту мәселесіне кері әсерін тигізеді.

 

3.3.Мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша ұсынымдар

Жоғарыда айтылғандарды талдай келе төмендегілерді ҰСЫНАМЫН:

 

1.Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысындаМаңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасына бөлінген бюджет қаражатының және денсаулық сақтау ұйымдарының активтерінің пайдаланылуының сәйкестігі мен тиімділігінежүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысын қарауды ұсынамын.

2.«Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы»мемлекеттік мекемесіне2019 жылдың 01 тамызына дейін:

1)Кеңейтілген отырыста мемлекеттік аудит нәтижесімен анықталған бұзушылықтарды Басқармаға қарасты Кәсіпорындардың лауазымды тұлғаларының қатысуымен талқылап, алдағы уақытта бұзушылықтарды болдырмау мақсатында шара алуды және Кәсіпорындардың лауазымды тұлғаларының тәртіптік жауапкершілігін қарауды;

2)Медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастыру, орындау және бухгалтерлік есепті жүргізу, медициналық техникаларды пайдалануда тиісті органдардан лицензияны уақтылы алумәселелері бойынша жауапты мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында семинар ұйымдастыруды ұсынамын.

3.«Бейнеу орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына2019 жылдың 01 тамызына дейін:

1)Мемлекеттік тіркеуден өтпеген мүліктерді (4) уәкілетті органға мемлекеттік меншік құқығын рәсімдеу үшін ұсынуды;

2)Пайдаланылмай тұрған медициналық техниканы (1) іске қосу бойынша нақты шаралар алуды ұсынамын.

4.«Қарақия орталық аудандық аурухана» шаруашылық жүргізу құқындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына2019 жылдың 01 тамызына дейін:

1)Мемлекеттік тіркеуден өтпеген мүліктерді (10) уәкілетті органға мемлекеттік меншік құқығын рәсімдеу үшін ұсынуды;

2)Пайдаланылмай тұрған ғимаратты (1) қоғам игілігі үшін тиімді пайдалануды қамтамасыз ету бойынша нақты шаралар алуды ұсынамын.

5.«Маңғыстау облыстық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына2019 жылдың 01 тамызына дейін:

1)Қолданылмай тұрған медициналық техникаларды іске қосу және медициналық техниканы сервистік қызметпен қамтамасыз ету бойынша нақты шаралар алуды ұсынамын.

6.«Жаңаөзен қалалық балалар ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына2019 жылдың 01 тамызына дейін:

1)Медициналық техникаларды пайдалануда тиісті органнан санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алуды қамтамасыз етуді үсынамын.

7.«Мұнайлы орталық аудандық аурухана» шаруашылық жүргізу құқындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына2019 жылдың 01 тамызына дейін:

1)Медициналық техника бойынша ақпаратты енгізуді, түзетуді қамтамасыз етуді (СУМТ порталына);

2)Мемлекеттік тіркеуден өтпеген мүліктерді (8) уәкілетті органға мемлекеттік меншік құқығын рәсімдеу үшін ұсынуды;

3)Даму жоспарынтиісті заңнама талаптарына сәйкестендіруді қамтамасыз етуді ұсынамын.

8.«Маңғыстау орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына2019 жылдың 01 тамызына дейін:

1)Мемлекеттік тіркеуден өтпеген мүліктерді (5) уәкілетті органға мемлекеттік меншік құқығын рәсімдеу үшін ұсынуды,есепке алу объектісі туралы деректердің «Есептілікті тапсырудың бірыңғай жүйесіне» (ЕССО-ға)енгізілуін қамтамасыз етуді;

2)Пайдаланылмай тұрған ғимараттарды (3) қоғам игілігі үшін тиімді пайдалануды қамтамасыз ету бойынша нақты шаралар алуды ұсынамын.

 

3.4.Жалғама: жиынтық тізбе - 4 бетте;

жалғама №1 - 1 бетте.

 

 

 

Тексеру комиссиясының

мүшесі А.Нурбосынова

 

 

 

Жалғама №1.

 

Кәсіпорын атауы

 

 

Ғимарат атауы

 

Құны

Бейнеу орталық аудандық ауруханасы

Жангелді ауылдық отбасылық дәрігерлік амбулаториясы

598,5 мың теңге

Төлеп дәрігерлік амбулаториясы

14 429,9 мың теңге

Тұрыш фельдшерлік-акушерлік пункті

14 900,4 мың теңге

Есет фельдшерлік-акушерлік пункті

71 801,9 мың теңге

Қарақия орталық аудандық ауруханасы

Аудандық аурухананың шаруашылық корпусы

122,9 мың теңге

Ералиево станциясының медициналық пункті

10 186,4 мың теңге

Ералиево станциясының медициналық пунктінің жылту қазандығы

3 444,8 мың теңге

Ескі емхана ғимараты

3 204,5 мың теңге

Емхана ғимараты

230 601,3 мың теңге

Бостан селосының дәрігерлік амбулаториясы

18 811,2 мың теңге

Кұланды селосының дәрігерлік амбулаториясы

51 490,5 мың теңге

Сенек селосының дәрігерлік амбулаториясы

5 443,7 мың теңге

Кұланды селосының дәрігерлік амбулаториясы ескі ғимараты

36,9 мың теңге

Аққұдық селосының медициналық пункті

11 361,9 мың теңге

Мұнайлы орталық аудандық ауруханасы

Балалар кеңесі және гараж ғимараты

0 теңге

Стационар ғимараты, балалар мен кір жуатын бөлме ғимараты

0 теңге

Дәулет дәрігерлік амбулатория ғимараты

17 652,2 мың теңге

Қызылтөбе медициналық-санитариялық көмек көрсету ғимараты

6 540,9 мың теңге

Басқұдық медициналық-санитариялық көмек көрсету ғимараты

24 043,7 мың теңге

Атамекен дәрігерлік амбулаториясы

24 206,5 мың теңге

Батыр дәрігерлік амбулаториясы

128 824,2 мың теңге

Туберкулезге қарсы бөлімше ғимараты

0 теңге

Маңғыстау орталық аудандық ауруханасы

Сай-Өтес дәрігерлік амбулаториясы (2 ғимарат )

1 410,2 мың теңге

Тиген медициналық пункті

0 теңге

Ақшымырау дәрігерлік амбулаториясы

846,0 мың теңге

Оңды дәрігерлік амбулаториясы

40,9 мың теңге

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Блог председателя