03/05/2024  Пятница
Государственное учреждение

Ревизионная комиссия
Мангистауской области

Маңғыстау облысы бойынша

тексерукомиссиясының 27.06.2019ж.

№02-02/6қаулысымен бекітілген

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

I. Кіріспе бөлік

1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: «Ақтау қалалық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына аудиторлық іс-шара жүргізу.

1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты:«Ақтау қалалық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінебөлінген бюджет қаражатының орындалуының тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізу.

1.3. Мемлекеттік аудиттің объектілері: «Ақтау қалалық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі (одан әрі –Мекеме) .

1.4. Мемлекеттік аудит тобының құрамы:мемлекеттік аудит және қаржылық

бақылаубөлімініңбас маман – бас мемлекеттік аудиторы А.О. Рзамбек (сертификат №0165) пен бас маман - аудитордың ассистенті Д.А. Досмухамбетоважүргізді.

1.5. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2017 жылдың 01 қантар – 2018 жылдың 31 желтоқсан аралығы.

II.Негізгі (талдамалық) бөлік:

2.1. Аудиттелетін саланың ағымдағы жай-күйін жиынтық талдау:

Мемлекеттік аудит жүргізу кезінде қолданылған көрсеткіштер:

Мемлекеттік аудитті жүргізу «Тиімділік» және «Нәтижелілік» көрсеткіштері.

Мемлекеттік аудит «Тиімділік» көрсеткіші:

Нәтижелерге қол жеткізу үшін пайдаланылған ресурстарды ескере отырып, алынған нәтижелердің жоспарланған нәтижелерге арақатынасы.

Арнайы көрсеткіші:Бюджеттік бағдарламалардың орындалу тиімділігі.

Мемлекеттік аудит «Нәтижелілік» көрсеткіші:

Әрбір қызмет бойынша белгіленген міндеттердің іске асырылуы деңгейі және тиісті қызметтің жоспарлы (тікелей, түпкілікті) және нақты нәтижелерінің арақатынасы.

Арнайы көрсеткіші:Белгіленген мерзімде нысандарды пайдалануға тапсыру.

Аталған мемлекеттік аудиттің «Тиімділік» және «Нәтижелілік» көрсеткіштері аудит объектісінің жасасқан шарттар бойынша құрылыс, қайта жаңғырту, ЖСҚ әзірлеу-түзету, әзірленген ЖСҚ-ларға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізужәне шарттық міндеттемелерін орындауда қолданыстағы заң талаптарын сақтай отырып бюджеттік бағдарламаларда көзделген түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуде бюджет қаражатын тиімді және нәтижелі пайдалануы бойынша қызметін ашып көрсету мақсатында қолданылып отыр.

Жүргізіліп отырған мемлекеттік аудиттің нәтижелері туралы мәліметтер:

«Ақтау қалалық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Ақтау қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 04 маусымдағы №1150 қаулысымен бекітілген «Ақтау қалалық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі Ережесіне» сәйкес жүзеге асырады.

Миссиясы: өңірдің құрылыс саласындағы бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз ету, орнықты дамып келе жатқан қала аумағы мен елді мекендер халқының толыққанды тіршілік ету ортасы мен тіршілік қызметін қалыптастыру.

Міндеттері: қала аумағында құрылыс саласында мемлекеттік саясат жүргізу; Маңғыстау облысын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасында белгіленген «Құрылыс жұмыстарының нақты көлемінің индексі» нысаналы индикаторларына қол жеткізу; құрылыс салу талаптары бөлігінде инвестициялық әзірлеме, жобалау, ғылыми зерттеу және іздестіру жұмыстарын үйлестіру; қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамаға қайшы келмейтін өзге де міндеттерді орындау.

Мекеменің штаттық құрамында 7 мемлекеттік қызметкер (1 бөлім басшысы, 1 бөлім басшысының орынбасары, 2 сектор меңгерушісі, 3 бас маман) және 7 инспектор жұмыс жасайды.

2.2. Аудиттелетін салаға жүргізілген мемлекеттік аудиттің жиынтық нәтижелері.

2.2.1. Бюджет қаражатының, бюджеттік бағдарламалардың нәтижелеріне, сондай-ақ қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге жиынтық талдау және бағалау, анықталған біртектес бұзушылықтардың, кемшіліктердің жинақтап қорытылған нәтижелері.

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министірінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы №195 «Бюджеттік бағдарламаларды «кіші бағдарламаларды әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығына сәйкес және қалалық маслихаттың 2016 жылғы 9 желтоқсандағы №6/67 «2017-2019 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешімі негізінде, Ақтау қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Қ. Ақыбаевтың 30.12.2016ж. №03-02/52 бұйрығымен қалалық құрылыс бөлімінің 2017-2019 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалары бекітілген.

1-тармақ. Мекеменің 2017-2019ж. және 2018-2020 жылдарға арналған 003 «Коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау және (немесе) салу, реконструкциялау», 006 «Сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту», 009 «Жылу-энергетикалық жүйені дамыту» және 077 «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде инженерлік инфрақұрылымды дамыту» бюджеттік бағдарламалары Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 30.12.2014 ж. №195 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидалары және олардың мазмұнына қойылатын талаптардың» (бұдан әрі – Бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу және бекіту қағидасы) 15-тармағының талаптарына сай келмейді.

Нәтижесінде, Мекеменің 2017-2018 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларының іске асырылуына талдау жасап, «тиімділік» және «нәтижелілік» көрсеткіштері бойынша бағалау жүргізу мүмкін болмаған.

2-тармақ.ҚР Ұлттық экономика министрлігінің 30.12.2014 ж. №195 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттік бағдарламалары (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидалары және олардың мазмұнына қойылатын талаптардың» 28-тармағының талабына сәйкес, аудитпен қамтылған кезеңде бюджеттік бағдарламалар бекітілгеннен кейін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің веб-сайтында орналастырылмаған.

3-тармақ. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 46-бабының 2-тармағының шартқа қол қойылғаннан кейін 5 жұмыс күнінен кешіктірмей бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшесіне ұсыну жөнінде талабы сақталмай, 2017 жылы 3 жағдайда келісім-шарттар бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшесіне тіркеуге 3 күннен 29 жұмыс күнге дейін кешіктіріліп ұсынылғандығы анықталды.

4-тармақ.Қазақстан Республикасының 04.12.2015 жылғы «Мемлекеттік сатып алу туралы» №434-V Заңының 43-бабының 24-тармағы, 12-бабының 4-тармағының 3-тармақшасы және шарттың 8.3-тармағы сақталмай, мемлекеттік сатып алу туралы шарттарыменкөзделген әрбір кешіктірілген күн үшін келесі өнім берушілерден жалпы сомасы 1 310,0 мың теңге тұрақсыздық айыппұлдары талап етілмеген:

-«ЦУВС-4 қауіпсіз режимін қамтамасыз ету» ЖСҚ әзірлеу бойынша 11.07.2016ж. №14 келісім-шартқа (19.10.2016ж. №1, 03.11.2016ж. №2, 29.06.2017ж. №3 қосымша келісімдер) сәйкес жалпы сомасы 2240,0 мың теңгеге. Келісім-шарт бойынша жұмыстардың орындалу мерзімі 7 /жеті/ ай;

- «ОСЖТ 3-тен 15 шағынауданға дейін Ақтау қаласындағы сумен жабдықтау жүйесін қосу нысандары құрылысына» ЖСҚ жасақтау бойыншажалпы сомасы 6160,0 мың теңгеге 08.07.2016 ж. №16 (07.11.2016 ж. №1, 22.08.2017 ж. № 2 қосымша келісімдер) келісім-шартқа отырған. Келісім-шарт бойынша жұмыстардың орындалу мерзімі 7 /жеті/ ай. Жұмыстың орындалу актісіне сәйкес 1 788,0 мың теңгеге орындалған (4372,0/10%=437,2 мың теңге). «АТК-Жаңаөзен» ЖШС-нен – 437,2 мың теңге;

- «ОСЖТ 3-тің сумен жабдықтау 2 жүйесін қосу құрылысына» ЖСҚ жасақтауға 08.07.2016 ж. жалпы сомасы 2800,0 мың теңгеге №17 (07.11.2016ж. №1, 22.08.2017ж. №2 қосымша келісімдер) келісім-шартқа отырған. Келісім-шарт бойынша жұмыстардың орындалу мерзімі 7 /жеті/ ай. Жұмыстың орындалу актісіне сәйкес 840,0 мың теңгеге орындалған (1 960,0/10%=196,0 мың теңге). «АТК-Жаңаөзен» ЖШС-нен -196,0 мың теңге;

- «29 шағынаудандағы КП13-тен 16-шы шағынаудандағы КП10-ға дейінгі жылу желілерін қайта жаңарту және КП10-нан 16,17,19 шағынаудандарының қиылысына дейін жаңа жылу жүйісінің құрылысына» ЖСҚ жасақтауға жалпы сомасы 10 640,0 мың теңгеге 08.08.2017 ж. №40/17GZ (09.02.2018 ж. № 1, 18.02.2019 ж. №2 қосымша келісімдер) келісім-шартқа отырған. Келісім-шарт бойынша жұмыстардың орындалу мерзімі 2 /екі/ ай. Жұмыстың орындалу актісіне сәйкес 3 999,9 мың теңгеге орындалған(6 640,1/10%=664,0 мың теңге).«Жастар Плюс» ЖШС-нен – 664,0 мың теңге;

- «Ақтау қаласында ГПП-4Г қосалқы станциясынан ХАБ-1, 110/10кВ қосалқы станциясына дейін 2 тізбекті ВЛ 110кВ желісінің құрылысы»бойынша ЖСҚ жасақтау 4 ай мерзімде орындалуы көзделген, жалпы сомасы 2128,0 мың теңгеге 17.08.2018 ж. №80/18 келісім-шартқа отырған. Жұмыстың орындалу актісіне сәйкес 2000,0 мың теңгеге орындалған(128,0/10%=12,8 мың теңге).«Делюкс Дизайн» ЖШС-нен - 12,8 мың теңге.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының 04.12.2015ж. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 12-бабы 4-тармағы 3-тармақшасының талабы сақталмай, Мекеме жоғарыда аталған өнім берушілерді сотқа жосықсыз деп тану үшін жүгінбегендігі анықталды.

5-тармақ.2016 жылы«ОСЖТ-4 қауіпсіз режимін қамтамасыз ету» жобалық сметалық құжаттамаға сараптама жүргізу үшін «АТК-Жаңаөзен» ЖШС-мен жалпы сомасы 2 240,0 мың теңгеге келісім шартқа отырған. Келісім шарт талаптары бойынша жобалау-сметалық құжаттамаға оң қорытынды алмай, жұмыстың орындалысы туралы актіге екі жақты қол қойылып, ақша толық аударылған.

Яғни, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 04.12.2014ж. N540 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету» Ережесінің 215-тармағының 6-тармақшасының талабы сақталмай, растаушы құжаттардың дұрыстығы қамтамасыз етілмегені белгілі болған.

6-тармақ.Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметітуралы» Заңының 17-бабының 1-тармағы 5-тармақшасы және 68-бабының 12-тармағының талаптары бұзылып, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсат-талон алынбай келесі жобалар бойынша жұмыстар басталған:

«Автомобиль және ықшамауданішілік жолдарын жарықтандыру»18.11.2016 жылы №82 келісім шарт сомасы 64 655,4 мың теңге (№20 автомобиль жолы, №9 автомобиль жолының қиылысына дейін);

«Автомобиль және ықшамауданішілік жолдарын жарықтандыру»18.11.2016 жылы №81 келісім шарт сомасы 64 421,4 мың теңге (№21 және 12 автомобиль жолы, №9 автомобиль жолының қиылысы);

«Автомобиль және ықшамауданішілік жолдарын жарықтандыру»жылы №91 келісім шарт сомасы 33 701,4 мың теңге (№19 бен 30ықшамаудан ортасындағы №25 автомобиль жолы).

7-тармақ.Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 санды «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 60-бабының 1-тармағы және ҚР ҚН 8.02.-09.2011 «Уақытша ғимараттар мен құрылыстар салу шығындарының сметалық нормалары жинағының» 4-бөлігі 4.3 тармағының талаптары бұзылып, уақытша ғимараттар мен имараттардан қайтарылатын жалпы сомасы 906,7 мың теңгенімердігерлерден өндіру шаралары жүргізілмеген:

-«Eileen Group» ЖШС-мен –726,9 мың теңге;

-«Айком LTD» ЖШС- мен –179,8 мың теңге.

Аудит жүргізу барысында нақты істелген жұмыстардың көлемі мен атқарылған жұмыстар актілерінің (Ф-№2) сәйкестігіне «Ermaganbet enginering» ЖШС-нің сарапшысы О.Ермағанбеттің тарапынан құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша бақылау өлшемдері жүргізіліп, нәтижесінде анықталған бұзушылықтар:

8-тармақ. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 632-бабы 1-тармағының және Қазақстан Республикасының 16.07.2001 ж. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 70 бабы 3-ші тармағының 3-ші тармақшасының талаптарына сәйкес, «Эра» ЖШС-мен салынған Ақтау қаласының 34 ықшамауданында жерасты паркингісі бар көп пәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғасы қаланған кезде ұлутас аралық қуыс бітелмей, минплита дұрыс бекітілмеген, соған байланысты оң жақ жақтау қабырғасын қаптаған минплита, жылу ұстау қабаты түсіп қалған. Түсіп қалған жылу ұстау қабаты 300шаршы метр, жалпы сомасы 431,7мың теңге (300х657,60=197,3 мың теңгеге жұмыстар және минплита бағасы 21.7057 м3 х 10799,68=234,4 мың теңге.

9-тармақ. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 34, 34-1, 70-баптарының және ҚР ҚНмЕ 1.03-06-2002(СНиП РК) 9.5-тармағында көзделген талаптар сақталмай, «Ақтау+НШ» ЖШС-мен жалпы сомасы 7 635, 7 мың теңгеге «29а ықшамауданындағы жаңа ықшамаудандар жүйелеріне жылу айдайтын станция (ПНС)» құрылысына жасалған жасырын жұмыстарды қарау туралы куәландыру актілері техникалық және авторлық бақылаушылармен рәсімделмеген, атқарылған жұмыстардың орындалу сызбалары және осы құрылысқа пайдаланылған материалдар құжаттары мен сәйкестік сертификаттарының жеткіліксіздігі анықталды.

10-тармақ.Ақтау қаласы құрылыс бөлімімен ҚР Қаржы министрінің 22.08.2011ж. №423 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде түгендеу ережелерінің» 4-тармағының талаптары сақталмай, 2017-2018 жылдар кезеңінде түгендеулер жүргізілмеген.

11-тармақ. Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 17-бабы 11) тармақшасының және 18 бабы, 13) тармақшасының талаптары сақталмай, 2017-2018 жылдары 2 құрылыс нысаны бойынша коммуналдық заңды тұлғаның құқықтық меншігіне коммуналдық мүлік бекітілмеген.

ІІІ. Жиынтық бөлік.

3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар:

Әкімшілік құқық бұзушылық фактілері бойынша бақылау материалы Маңғыстау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне және Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасынажолданды.

3.2.Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар:

«Ақтау қалалық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жергілікті бюджет қаржысының орындалуының тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесінде бір қатар кемшіліктер мен заң бұзушылықтар анықталды.

Мемлекеттік аудит жүргізу барысында аудит обьектілерімен бюджет және қолданыстағы басқа да заңдылықтар нормаларының сақталмауы салдарынан 3 578,4 мың теңге қаржылық бұзушылықтарға жол берілген және орын алған рәсімдік сипаттағы бұзушылықтардың саны 43 бірлікті құрады. Анықталған 906,7 мың теңге қаржылық бұзушылықтар бюджетке өтелуге жатады.

Бюджеттік бағдарламаларды әзірлеуде олардың мазмұнына қойылатын талаптар тиісті деңгейде сақталмауы, тікелей нәтиже көрсеткіштері нақты деректерге сәйкес келмеуі, түпкілікті нәтиже көрсеткіштерін нақты айқындалмауы, жоспарланған көрсеткіштер мен орындалған жұмыстардың сәйкес келмеуі себепті, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуынаталдау жасап, «тиімділік» және «нәтижелілік» көрсеткіштері бойынша бағалау жүргізу мүмкін болмаған.

2017-2018 жылдары 2 құрылыс нысаны бойынша коммуналдық заңды тұлғаның құқықтық меншігіне коммуналдық мүлік бекітілмеген.

Сонымен қатар, жауапты тұлғалармен Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242 санды Заңының талаптарының сақталуын қамтамасыз етпеуі салдарынан бірқатар бұзушылықтар жіберілген:

-уақытылы орындалмаған жұмыстар үшін айыппұл уақытылы талап етілмегені және өнім берушілерді сотқа жосықсыз деп тану үшін жүгінбегендігі анықталды;

- құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсат-талон алынбай, құрылыс жұмыстары жүргізілген;

- Мекемемен құрылыс нысаны бойынша аяқталған жұмыстардың сапасы қамтамасыз етілмеген;

-жобалау-сметалық құжаттамаларға уақтылы мемлекеттік сараптама қорытындылары алынбаған.

Анықталған бұзушылықтардың орын алу себептері, мемлекеттік аудит объектісі қызметкерлерімен Қазақстан Республикасы Заңнамалары талаптарының орындалуын өз деңгейінде сақтамауы салдарынан бюджет қаражатының тиімді пайдалану, жұмсау және нәтижеге қол жеткізілу принциптерінің бұзылуына әкелген.

Жоғарыда көрсетілген бұзушылықтармен қатар,2016-2018 жылдары қолма-қол ақшаны бақылау шотында қаражаттыңжеткіліксіз болуы,2016 жылдың қараша айында басталған үшінші кезектегі Ақтау қаласының №33 «Аққу» ықшамауданында салынып жатырған көп пәтерлі тұрғын үйлер құрылысының уақытылы аяқталмауына әсерін тигізген.

Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар:

Жоғарыда айтылғандарды талдай келе төмендегілерді ҰСЫНАМЫН:

1. Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында«Ақтау қалалық құрылысбөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысын қарауды ұсынамын.

2. Ақтау қаласының Әкіміне 2019 жылдың 29шілдесіне дейін (Ғ.Ниязов):

1)«Ақтау қалалық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінде анықталған бұзушылықтарға назар аударып, мемлекеттік аудит қорытындысы бойыншатиісті лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарауды ұсынамын.

3. «Ақтау қалалық құрылысбөлімі» мемлекеттік мекемесіне 2019 жылдың 9желтоқсанына дейін (М.Қ. Қойшығұлов):

1) Міндеттемелерін тиісінше орындамағаны үшін мердігерден тұрақсыздық айыппұлды талап етуді және жосықсыз қатысушылар деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгiнуді;

2) Бес жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттамалардың жасақталуын қамтамасыз ету шараларын алуды ұсынамын;

3) Мекеменің балансындағы барлық материалдық құндылықтарға толықтай түгендеу жүргізуді;

4) Аудиторлық есепте көрсетілген 2 құрылыс нысаны бойынша коммуналдық заңды тұлғаның құқықтық меншігіне бекіту бойынша шара алуды;

5) Аудиторлық іс-шара нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды алдағы уақытта болдырмау мақсатында, аудит нәтижесін мәжілісте жауапты тұлғалардың қатысуымен қарап, мемлекеттік сатып алуды, құрылыс жұмыстарын және бюджеттік бағдарламаларды жасауды тиісті заңнама талаптарына сәйкес жүргізуді жолға қою бойынша іс-шаралар жоспарын жасауды ұсынамын.

 

Қосымша:( парақ)

 

Тексеру комиссиясының мүшесі Ж. Кошмагамбетова

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Блог председателя