03/05/2024  Пятница
Государственное учреждение

Ревизионная комиссия
Мангистауской области

Маңғыстау облысы бойынша

тексеру комиссиясының 27.06.2019 жылғы №02-02/5

санды қаулысымен бекітілді

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының

төрағасы М.Ешанкуловқа

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

I. Кіріспе бөлік

1.1.Аудиторлық іс-шараның атауы:

Бюджет қаржысының және мемлекет активтерін пайдаланылуыныңсәйкестігіне, тиімділігіне аудиторлық іс-шара жүргізу.

1.2.Мемлекеттік аудиттің мақсаты:

«Маңғыстау аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бөлінген бюджет қаражатын және мемлекеттік активтердің пайдаланылуына сәйкестік және тиімділік аудитін жүргізу.

1.3.Мемлекеттік аудит объектісі:

«Маңғыстау аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі –Мекеме).

1.4.Мемлекеттік аудит тобының құрамы: Маңғыстау облысы бойынша Тексеру комиссиясының бас маман – мемлекеттік аудитор А. Тұрғанбаев(сертификат №1428), бас маман-аудитордың ассистенті – О. Нурмаганбетов жүргізді.

Аудитке құрылыс объектілері бойыншаорындалған жұмыстардың сметалық жобаға сәйкестігін анықтауға«Ermaganbet engneering» ЖШС-нен сарапшы Т. Едігеев қатысты.

1.5.Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2017 жылдың 01 қаңтар – 2018 жылдың 31 желтоқсан аралығы.

II.Негізгі (талдамалық) бөлік:

2.1. Аудиттелетін саланың ағымдағы жай-күйін жиынтық талдау.

«Маңғыстау аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Маңғыстау аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 14 шілдедегі №238 қаулысымен бекітілген «Маңғыстау аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.

Миссиясы: аудан аумағында мемлекеттік құрылыс саясатын жүргізу.

Міндеттері: ауданның бекітілген бас жоспарларын дамыту үшін әзірленетін құрылыс жоспарларын іске асыру; құрылыс, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтіру және құрылысты күрделі жөндеу, ғимараттар, инженерлік және көлік коммуникациялар туралы, сондай-ақ аумақты инженерлік дайындаужөнінде және абаттандыру, көгалдандыру, құрылысты консервациялау, объектілерді кәдеге жарату бойынша жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдау; құрылысы жобаларын, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын және аудан құрылысын іске асыру.

Аудан бойынша құрылыс саласында 2017-2018 жылдар аралығында пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 2018 жылы 51,7 мың шаршы метрді құраған, 2017 жылмен (46,7мың шаршы метр) салыстырғанда 5 мың шаршы метрге өскен.

2.2.Аудиттелетін салаға жүргізілген мемлекеттік аудиттің жиынтық нәтижелері.

«Маңғыстау аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мемемесіне бюджеттен бөлінген қаражатты пайдалану тиімділігіне бағалау үшін келесі көрсеткіштер қолданылды:

Сәйкестік аудиті бойынша– Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкестігі.

1) базалық көрсеткіш - тиімділік – жоспарланған және алынған нәтижелердің оларға қол жеткізу үшін пайдаланылған ресурстар ескерілгендегі арақатынасы;

арнайы көрсеткіш: ауданда инвестициялық жобаларды іске асыру нәтижесінде қол жеткізілген әлеуметтік әсер көрсеткіштері:

- халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету деңгейін арттыру;

- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында тұрғындарды электр қуатымен, ауыз сумен қамтамасыз етудің қолжетімділігін арттыру.

2) базалық көрсеткіш - нәтижелілік – даму бюджеттік бағдарламалар бойынша белгіленген міндеттердің іске асырылу деңгейі, жоспарланған көрсеткіштердің (тікелей, түпкілікті) және нақты нәтижелерінің арақатынасы.

арнайы көрсеткіш: даму бюджеттік бағдарламаларына бөлінген қаражаттың игерілуі.

2017 жылы:

003 015 «Коммуналдық тұрғын-үй қорының түрғын үйін жобалау және(немесе) салу, реконструкциялау» бюджеттік бағдарламасымен «Қолжетімді тұрғын үй құрылысын әрі қарай көтермелеу үшін халық қамсыздандыратын кешенді шешім мәселесін дамыту» мақсатымен 96 001,0 мың теңге бөлініп, игерілгені – 87 439,4мың теңге.

004 015 «Инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және (немесе) жайластыру» бюджеттік бағдарламасы «инженерлік коммуникацияларымен, тұрғын үйді сауықтыру деңгейімен әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін қамтамасыз етуді арттыру» мақсатымен 447 115,0 мың теңге, игерілгені – 440 154,3 мың теңге, қамтылғаны – 85 250,2 мың теңге (361 864,8 мың теңге алдыңғы бақылаумен қамтылған):

040 000«Мемлекеттік органдардың объектілерін дамыту» бюджеттік бағдарламасымен 128 726,0 мың теңге бөлініп, игерілген.

2018 жылы:

003 015 «Коммуналдық тұрғын-үй қорының түрғын үйін жобалау және (немесе) салу, реконструкциялау» бюджеттік бағдарламасы 4 615,0 мың теңге, игерілген.

004 015 «Инженерліккоммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және (немесе) жайластыру» бюджеттік бағдарламасымен 23 786,0 мың теңге, игерілгені – 17 715,4 мың теңге.

011 000 «Мәдениет объектілерін дамыту» бюджеттік бағдарламасымен

20 000,0 мың теңге бөлініп, игерілген.

006 015 «Сумен жабдықтау және су ағызу жүйесін дамыту» бюджеттік бағдарламасы 462 068,1 мың теңге, игерілгені – 163 066,0 мың теңге, игерілмегені – 46 297,4 мың теңге (257 704,7 мың теңгесі бұрынғы бақылаумен қамтылған).

2.2.1.Бюджет қаражатының, бюджеттік бағдарламалардың нәтижелеріне, сондай-ақ қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге пайдаланылу тиімділігін жиынтық талдау және бағалау,анықталған біртектес бұзушылықтардың, кемшіліктердің жинақтап қорытылған нәтижелері.

Мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы 13 261,7 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар, 89121,1 мың теңгеге мемлекет активтерінің тиімсіз пайдаланылуы және 10 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды. 1- тармақ. Қазақтан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 30 желтоқсандағы №195 «Бюджеттік бағдарламаларды «кіші бағдарламаларды әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығының 9-тармағы 11) бөлімі, 15-тармағы 8) бөлімінің талаптары сақталмай, бюджетттік бағдарламалардың тікелей және түпкілікті нәтижелері көрсетілмеген,айқындалмаған.

2-тармақ.Қазақстан Республикасының 16.07.2001 жылғы №242 санды «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 60-бабының 7-тармағының және ҚР ҚНмЕ 1.02.03-2011 (СНиП РК) сақталуы қадағаланбай, жалпы сомасы 89 121,1 мың теңгені құрайтын12 жобалау-сметалық құжаттамаларынының3 жылпайдалану мерзімдері өтіп, мемлекет активінің тиімсіз пайдалануына жол берілген.

Нәтижесінде, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» N 413-IV Заңының 6- бабы 4) тармағының мемлекеттік мүлікті тиімді пайдалану принципі сақталмаған.

3-тармақ.Бюджет Кодесінің 97-бабы 6-тармағы, Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 04.12.2014 жылғы «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» №540бұйрығының 215-тармағының талаптары бұзылып, 5 құрылыс объектісі бойынша барлығы 10 025,7 мың теңгеге орындалмаған жұмыстар анықталды:

1)Тұщыбек селосында төрт пәтерлі муниципалдық тұрғын үй құрылысы бойынша - 2 555,4 мың теңге;(құрылысы көзделген мерзімде - 18.12.2017 жылы аяқталған,алайда кемшіліктер қалпына келтірілмеген, 5% - 828,8 мың теңгесі төленбеген (келісім шарт №38 19.06.2017ж.);

2) Ұштаған ауылында төрт пәтерлі муниципалдық тұрғын үй құрылысы бойынша - 2 859,7 мың теңге;(құрылысы көзделген мерзімде - 20.12.2017 жылы аяқталған, қабылданған. келісім шарт №24 19.06.2017ж.);

3) Қызан ауылында төрт пәтерлі муниципалдық тұрғын үй құрылысы - 3 054,5 мың теңге;(құрылысы көзделген мерзімде - 20.12.2017 жылы аяқталған, алайда кемшіліктер қалпына келтірілмеген, 5% - 1 008,0 мың теңгесі төленбеген (келісім шарт №37 от 19.06.2017ж.);

4) Шетпе селосындағы аудан әкімшілігінің ғимаратын қайта құрылымдау және жапсарсай салуда – 640,1 мың теңге (құрылысы көзделген мерзімде - 12.12.2017 жылы аяқталған, қабылданған. келісім шарт №19 25.05.2017ж.);

5) Шетпе селосында кәріз жүйесін салу - 2 кезек құрылысы бойынша –916,0 мың теңге. (объекті 2019 жылға өтпелі келісім шарт № 20 08 .08.2018 ж.).

Сонымен қатар, сарапшының қорытындысымен 2 объектінің: Тұщыбек, Қызан селосындағы тұрғын үй құрылысында іс жүзінде пайдаланылған құрылыс материалдарының жобалық сметалық құжаттамада көзделген құрылыс материалдармен сәйкес келмеуі анықталды. (150х150 мм ағаш бағандары орнына 110х110мм ағаш бағандары орнатылған; 150х150мм белағаш орнына 150х40мм белағаш орнатылған,т.б. толығымен сарапшы қорытындысында көрсетілген).

4-тармақ. Қазақстан Республикасының 16.07.2011 жылғы №242 санды «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 75- бабы, 2,3 – тармағы, сондай-ақ, мердігер -"ABACom" ЖШС-мен жасақталған келісім шарттарының 6.2 және 6,5 – тармақтарының талаптары сақталмай, Тұщыбек және Қызан селосында төрт пәтерлі муниципалдық тұрғын үй құрылысының толық аяқталғанымен, тұрғын -үйлер пайдалануға қабылданбаған (екі үйдің құрылысы мердігер -"ABACom" ЖШС-мен жүргізілген).

Мердігерденобъектінің дайын екені және оны қабылдау туралы хабарлама келмеген, техникалық және авторлық қадағалаушылармен «Сәйкестік декларациясы» немесе «Сәйкес емес декларациясы» берілмеген.

Мердігерге құрылыс объектілерінің кемшіліктерін қалыпқа келтіруге ауызша ескертулер жүргізілген,жазбаша хат 2019 жылы мамыр айында жіберілген.

5- тармақ. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 16.07.2001 жылғы №242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 73-бабы, 7-тармағының талабы сақталмай, объектіні пайдалануға қабылдау актiсiз Тұщыбек  және Қызан селосында төрт пәтерлі муниципалдық тұрғын үйлер пайдалануға тұрғындарға берілген.

6-тармақ. Қазақстан Республикасының 16.07.2011 жылғы «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» №242 Заңының 17-бабы 1-тармағы 5,6) тармақшалары, 34-1-бабының және 68- бабы 12- тармағының талаптары бұзылып, «Шетпе селосындағы кәріз тазалау иммаратын салу» құрылысын бастау туралы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын жергілікті органды уақытында хабардар етпей, құрылысты жүргізуге уақтылы рұқсат алмаған, оған қоса 105 053,2мың теңгеге орындалған жұмыстар көлемі техникалық қадағалаусыз қабылданған.

7-тармақ. Сонымен қатар, «Азаматтық Кодексiнің» 660-шы бабында, Қазақстан Республикасының 16.07.2011 жылғы №242 санды «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 34-2 бабының 1- тармағын талаптары бұзылып, құрылыс жұмысының кестеге сай жүргізілуіне бақылау жасалмаған.

Атап айтқанда, жобалау сметалық құжаттамаға сәйкес № 5-1-1, №5-1-2 локальдық ресурстық сметасы мен жұмыстарды орындау кестесінде «2018 жылдың қыркүйек айынан - желтоқсан айының аралығындаэлектрмен жабдықтау және автомобиль жолын салу» жұмысы көзделген.

Алайда мердігердің жұмысты орындау актілеріне сәйкес материалдар сатып алынған, жоғарыда көрсетілген электрмен жабдықтау және автомобиль жолын салу жұмыстары жүргізілмеген(жұмысты орындау актілері 18.09.2018 ж. №14 және 21.11.2018 ж. №17).

8-тармақ. Мекеменің активтерін түгендеу барысында,Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» №393 бұйрығының27-тармағы, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің 2017 жылдың 1 тамызындағы «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» №468 бұйрығының 7-қосымшасы, 3- тармағының талаптары сақталмаған. Атап айтқанда, 2017 жыл соңынабухгалтерлік баланста аяқталмаған құрылыс және күрделі салымдардаресебінде948 712,2 мың теңгеге активтер көрсетілген.

Алайда, 2018 жыл басына бухгалтерлік баланста активтер 1 335 338,9 мың теңгеге көрсетілген, 386 626,7 мың теңгеге ауытқыған. Бас есепші Г. Жанзакованың түсіндіруінше, 2017 жылы барлығы 386 626,7 мың теңгеге құрылыс объектілеріне кеткен шығындар кезінде есепке алынбаған, нәтижесінде, қаржылық есептіліктің шынайылығы қамтамасыз етілмеген, бұрмаланған.

9-тармақ Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» N 234 Заңының 6- тармағы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу» қағидасының 142-тармағының талаптары сақталмай, құны 3 236,0 мың теңге тұратын «Маңғыстау ауданы Жыңғылды селосынан 200 орындық клуб құрылысының» жобалау-сметалық құжаттамасыіс жүзінде алынбаған. Алайда,алынбағаны үшін дебиторлық қарыз ретінде көрсетілмей, актив ретінде есепке алынған.

БұлЖСҚ алынбаған, оған кеткен қаржыны «Маңғыстауагропромпроект» ЖШС-нен өндіру туралы соттың шешімі шыққан.

10-тармақ.Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» N 234 Заңының 6- тармағы, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 қарашасындағы «Мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен объектілер құрылысының құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы» № 707 бұйрығының 16-тармағының 4) тармақшасының талабы сақталмай,жобалау-сметалық құжаттамаға жұмсалған шығындарсалынған құрылыс объектілерінің құнына кезінде енгізілмеген.

Соның салдарынан құрылысы аяқталып, тапсырылғанобъектілердің 165 956,4 мың теңгені құрайтын36 жобалау сметалық құжаттамалары баланс ұстаушы - ұйымдарғақоса тапсырылмай, мекеменің есебінде қалған.

III. Қорытынды бөлік

3.1.Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар.

Жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесінде анықталған бұзушылықтар бойынша аудиторлық іс-шара қорытындысы бойынша материал Мекеменің лауазымды тұлғаларының әкімшілік жауапкершілігін қарау үшін Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне 23.06.2019 жылы №01-08/382, Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына 23.06.2019 жылы №01-08/383 санды хатпен жіберілді.

3.2.Мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша тұжырымдар

Мекемеде жүргізілген мемлекеттік аудитпен аудит бағдарламасымен көзделген көрсеткіштер бойынша жалпы сомасы 13 261,7 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар, 89 121,1 мың теңгеге мемлекет активтерінің тиімсіз пайдаланылуы және 10 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

Тиімділік көрсеткіші бойынша бағалау, аудитпен қамтылған уақытта құрылысы аяқталған объектілер бойынша баға берілді.

1) «халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету деңгейін арттыру көрсеткіші» бойынша тиімділік көрсеткішінің орындалысы 60%- ды құрап отыр.

Атап айтқанда, жоспарланған 5 төрт пәтерлі муниципалдық тұрғын үйлердің жоспарланған мерзімде, жоспарланған қаржы толық пайдаланылып аяқталғанымен, 2 жылдан бері Тұщыбек және Қызан селосында төрт пәтерлі муниципалдық тұрғын үйлер қолданысқа қабылданбаған, бүгінгі күнге дейін (12.06.2019 ж. аудит жүргізілген мерзімде) қабылданбаған.

2) «тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында тұрғындарды электр қуатымен, ауыз сумен қамтамасыз етудің қолжетімділігін арттыру» көрсеткішінің орындалысы 100%, атап айтқанда:

«Маңғыстау ауданының 15 разъезд елді мекенін электрмен қамту құрылысы» (2018 жылы ;

«Маңғыстау ауданының Тұщыбек селосындағы жеке тұрғын үйлерді электрмен жабдықтау құрылысы»;

«Шетпе селосындағы аудан әкімшілігінің ғимаратын қайта құрылымдау және жапсаржай салу»;

«Маңғыстау ауданының Жыңғылды селолық округіндегі елді мекендерді ауыз сумен жабдықтау, Жыңғылды селосына су есептегіш құралдарын орнату. 2- кезек» құрылыстарына қаржы толық пайдаланылған, құрылыс мерзімінде аяқталған, қабылданған.

Нәтижеліліккөрсеткіші бойынша жоспарланған көрсеткіштерге мерзімінде қол жеткізілмеген, қаржы мерзімінде игерілмеген.

Қолма қол қаржының тапшылығы орын алуына байланысты 2017 жыл соңына орындалған жұмыстар үшін 12 977,3 мың теңге, 2018 жыл соңына 54 173,4 мың теңге кредиторлық қарыз қалыптасқан.

Жауапты тұлғалармен Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242 санды Заңының талаптарының сақталуын қамтамасыз етпеуі салдарынан бірқатар бұзушылықтар жіберілген:

-бюджет қаражаты есебінен жасақталған 12 жобалау-сметалық құжаттамасы ескiрген (мемлекеттік сараптама берілген уақыттан 3 жыл өтіп кеткен), iске асыру үшiн пайдаланылуға жарамсыз;

-құрылыс жұмыстарын бастауға дер кезінде рұқсат алынуы, техникалық қадағалаудың уақтылы жүргізілуі қамтамасыз етілмеген.

- тұрғын үйлердің құрылысында анықталған кемшіліктер 2 жыл бойы қалпына келтірілмеген, соның салдарынан қолданысқа үйлер қабылданбаған, оған қоса қабылдау комиссиясының шешімінсіз тұрғындарға пайдалануға берілген.

- жұмыстардың қабылдау актілеріне сәйкес келуі, жұмыстардың орындалуының дер кезінде талап етілуі қамтамасыз етілмеген.

Қаржылық есептілік жасақтау кезінде жүргізілген операциялардың толықтығы мен шынайлығы қамтамасыз етілмеген.

3.3.Мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша ұсынымдар

Жоғарыда айтылғандарды талдай келе төмендегілерді ҰСЫНАМЫН:

1.Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында «Маңғыстау аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысын қарауды ұсынамын.

2. Маңғыстау ауданы Әкіміне 2019 жылдың 01 қыркүйегіне дейін (Т. Қошмағанбетов):

1)«Маңғыстау аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінде құрылысы аяқталып, бүгінгі күнге дейін2 жылдан бері қабылданбай тұрған Тұщыбек және Қызан селосында төрт пәтерлі муниципалдық тұрғын үй құрылысы бойынша кемшіліктерді «Қазақстан Республикасы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңнамасына сәйкес қалпына келтіруді,тиісті түрде қолданысқа қабылдауды ұсынамын.

3.«Маңғыстау аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне 2019 жылдың 01 қыркүйегінедейін (Н. Жаңбуршиев):

1)Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамаларын, құрылыс ісі туралы заңнамаларды тиісті дәрежеде зерделеп, кеңейтілген отырыста мемлекеттік аудит нәтижесімен анықталған бұзушылықтарды талқылап, алдағы уақытта бұзушылықтарды болдырмау мақсатында шара алуды(ұсыныс);

2) Тұщыбек және Қызан селосында төрт пәтерлі муниципалдық тұрғын үй құрылысы бойынша анықталған кемшіліктерді(150х150 мм ағаш бағандары орнына 110х110ммағаш бағандары орнатылған; 150х150мм белағаш орнына 150х40мм белағаш орнатылған,т.б.) жобалық сметалық құжаттамаға сәйкесқалпына келтіру және қабылдаубойынша шараларды толық алуды(тапсырма);

3) Құрылыс объектілері бойынша барлығы - 9 109,7мың теңгеге орындалмаған жұмыстарды қалпына келтіруді(тапсырма);

4) Бухгалтерлік есеп бойынша анықталған кемшіліктердібухгалтерлік есеп жүргізу Заңнамасына сәйкес қалпына келтіруді(тапсырма).

2019 жылдың 01 желтоқсанына дейін:

5)«Шетпе селосында кәріз жүйесін салу - 2 кезек» құрылысы бойынша 916,0 мың теңге орындалмаған жұмыстарды қалпына келтіруді

3.4.Жалғама: жиынтық тізбе 1 бетте

 

Тексеру комиссиясының мүшесі Х. Джанаева

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Блог председателя