26/04/2024  Пятница
Государственное учреждение

Ревизионная комиссия
Мангистауской области

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының

05 тамыз 2019 жылғы №02-02/7 санды қаулысымен бекітілді

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының

төрағасы М.Ешанкуловқа

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

I. Кіріспе бөлік

1.1.Аудиторлық іс-шараның атауы:

Жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдаланудың сәйкестігіне аудиторлық іс-шара жүргізу.

1.2.Мемлекеттік аудиттің мақсаты:

«Жаңаөзен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бөлінген бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдаланудың сәйкестігі.

1.3.Мемлекеттік аудит объектісі:

«Жаңаөзен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі –Мекеме).

1.4.Мемлекеттік аудит тобының құрамы: Маңғыстау облысы бойынша Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бөлімнің басшысы Б.Ж.Корбаков (сертификат №1626).

1.5.Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2018 жылдың 01 қаңтар – 2018 жылдың 31 желтоқсаны аралығы.

II.Негізгі (талдамалық) бөлік:

2.1. Аудиттелетін саланың ағымдағы жай-күйін жиынтық талдау.

«Жаңаөзен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 28 қаңтар №60 қаулысымен бекітілген «Жаңаөзен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Ережесіне сәйкес, жүзеге асырады.

Миссиясы: Жаңаөзен қаласы бойынша энергетика, жылу және сумен қамтамасыз ету инфрақұрылымдарын дамыту үшін бағытталған тиімді іс – шаралар, коммуникациялар, тұрғын үй қатынастары саласында мемлекеттік саясатты, қала аумағындағы тұрғын үй саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

Міндеттері: Қаланың тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы салаларын басқару мен реттеуде біртұтас мемлекеттік саясатты жүргізу, бюджеттік саланың мекемелері мен тұрғындар алатын коммуналдық қызметтер сапасының деңгейін тұрақтандыру және одан әрі өсіру мәселелерінде коммуналдық саладағы кәсіпорындармен өзара әрекет ету, тұрғын үй қорын сақтау және тиісті пайдалану бойынша іс-шараларды ұйымдастыру, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету болып табылады.

2.2.Аудиттелетін салаға жүргізілген мемлекеттік аудиттің жиынтық нәтижелері.

«Жаңаөзен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша бөлінген бюджет қаражатының және активтерінің пайдаланылуының сәйкестігіне мемлекеттік аудит жүргізуде қолданылған көрсеткіш - Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкестігі.

2.2.1.Бюджет қаражатының, бюджеттік бағдарламалардың нәтижелеріне, сондай-ақ қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге пайдаланылу тиімділігін жиынтық талдау және бағалау,анықталған біртектес бұзушылықтардың, кемшіліктердің жинақтап қорытылған нәтижелері.

Аудит бағдарламасымен көзделген көрсеткіш бойынша бюджеттік және басқа да заңнамалардың жауапты тұлғалармен тиісті дәрежеде сақталмауы, зерделенбеуі себебінен бұзушылықтарға жол берілгені анықталды.

Жүргізілген мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы 1 960,0мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар, өнім берушілермен жалпы сомасы 1 032,3мың теңге құрайтын конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету сомасы тиісті бюджет кірісіне өндірілмеуі, 39 037,4 мың теңгеге мемлекет активтерінің тиімсіз пайдаланылуы және 22 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

1-тармақ.«Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы N 234 Заңының 6-бабының 3,4-тармақтары және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы N 393 санды Бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларының» 12,142-тармақтарының талаптары бұзылып,2018 жылы 2 жағдайда 15 970,0 мың теңгеге бірқатар активтерді құруға аударылған қаражат тікелей 7140 «Өзге операциялық шығыстар» шотына шығысталған, нәтижесінде пайда болған активтер (лайтбокстар мен мүсіндер) бухгалтерлік есепте танылмаған, баланста көрсетілмеген. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы N 393 Бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларының» 243-тармағының талаптары бұзылып, активтердің сақталуын бақылау қамтамасыз етілмей, жалпы құны 1 960,0 мың теңгені құрайтын 7 дана лайтбокс (бірлік құны 280,0 мың теңге) белгіленген орында болмағандығы анықталды.

2-тармақ.«Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы N 281 Бұйрығының20-бөлімі сақталмай, 27 дана жалпы құны90 185,4 мың теңгені құрайтын жобалау-сметалық құжаттар 2716 «Материалдық емес активтер» және 2330 «Құрылыстар» шоттарына есепке алынған.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 6-бабында көзделген мемлекеттік мүлікті қоғам игілігі үшін тиімді пайдалану принципі сақталмай, жалпы құны 39 037,4 мың теңгені құрайтын20 дана жобалау-сметалық құжаттамаларының пайдалану мерзімдері өтіп, мемлекет активтерінің тиімсіз пайдаланылуына жол берілген.

3-тармақ.Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 24.11.2014жылғы № 511бұйрығымен бекітілген «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларының» 36-тармағының талабына сәйкес жасақталмай, бюджеттiк өтiнiмдi жасау кезінде 159-ерекшелік бойынша негiзгi құралдарды ұстау бойынша шығыстар есебiнде:өлшем бiрлiгi, саны, 1 шаршы метрге айына шығыстар сомасы, алып отырған алаңдары көрсетілмеген және жоспарланған шығыстарды негiздеу үшiн сатып алынатын қызметтер мен жұмыстардың әрбір түрі бойынша кем дегенде үш прайс-парақтары қоса берілмеген, мекеме балансына кірістелмеген 32,0 мың дана ағаштарды күтіп ұстауға қаржы жоспарланған.

4-тармақ.016 "Сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің жұмыс істеуі" және 035 "Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру"бюджеттік бағдарламаларын әзірлеуде,Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 30.12.2014жылғы №195 «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы»бұйрығының 15-тармағының 14-тармақшасы сақталмай, тікелей нәтиже көрсеткіштері бюджеттік бағдарламаның мақсатымен өзара байланыстырылмаған. Яғни:

-016 "Сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің жұмыс істеуі" бюджеттік бағдарламасы бойынша 97 571,7 мың теңгеге сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің жұмыс істеужұмыстары жоспарланбай, «Қолданыстағы кәріздік сорғы станциясын ағымдағы жөндеуге», Жаңаөзен қаласы, «Бостандық» шағын ауданы жерасты суларын соруға арналған сорғы станциясын монтаждауға;

-035 "Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру"бойынша 70 305,6мың теңгеге абаттандыру жұмыстары жоспарланбай, «Жаңаөзен қаласы және оған іргелес елді мекендерді көркем безендіру, көркейту (билбордтар)», «Жаңаөзен қаласы Өркен шағын ауданындағы әлеуметтік жарнамаға арналған қаңқа металлын ағымдағы жөндеу және абаттандыру», «Қаланың ескі стеласын абаттандыру және ағымдағы жөндеу», «Жаңаөзен қаласының "Мұнайшы" мәдениет үйі аумағын жаңа жыл мерекесіне орай безендіру» жұмыстарына жоспарланып, жұмсалған.

5-тармақ.«Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы №234 Заңының 6-бабының 3-тармағы бұзылып, операциялар мен оқиғалар бухгалтерлiк есеп жүйесiнде толық көрсетiлмеген. Бастапқы құны 344 989,6 мың теңгені құрайтын жеке адамдармен жекешелендірілген және басқа заңды тұлғалардың балансына берілген 14 тұрғын үй мен ғимарат мекеме балансында көрсетілген. Атап айтқанда:

-13 дана тұрғын үй (бастапқы құны 99 081,7 мың теңге);

-«Нефтебанк» ғимараты (бастапқы құны 245 907,8 мың теңге).

Нәтижесінде, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 бұйрығымен бекітілген«Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларының» 3-тармағы бұзылып, 2018 жылдың қаржылық есептілігі бұрмаланған.

6-тармақ.Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 22 тамыздағы № 423 санды бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидаларының» 1-бөлімінің 3-тармағы және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы N 393 санды Бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларының» 14-тармағы сақталмай, жылдық қаржылық есептілікті жасау алдында да, материалдық-жауапты адамдарды ауыстыру кезінде де, мемлекеттік мекемені заңды тұлға ретінде қайта ұйымдастырған кезде де мүлікке толық түгендеу және бас бухгалтер атқаратын лауазымынан босатылған кезде істерді тапсыру жүргізілмеген.

7-тармақ."Рахат ауылы бойынша санитарлық тазалау жұмыстары" бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 11.12.2015 жылғы № 648 бұйрығымен бектілген «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру» Қағидасының 378-1-тармағы сақталмай, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 39-бабының 3-тармағының 50-тармақшасы негізсіз қолданылып, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 23.12.2015 жылғы №677 санды «Конкурс немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы қажеттіліктегі тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Бұйрығында қарастырылмаған "Санитарлық тазалау жұмыстарын" жүзеге асырған және сатып алу жүзеге асырылу кезінде тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушіні айқындау үшін кемінде үш әлеуетті өнім берушіге коммерциялық ұсыныстар беру туралы сұрау салулар жібермеген.

8-тармақ.«Жаңаөзен қаласын және оған іргелес елді-мекендерді безендіру», «Техникалық ерекшелікке сәйкес 26 дана мүсін жасақтау және орналастыру»,«Техникалық ерекшелікке сәйкес 20 дана лайтбокстарды дайындау және орналастыру, абаттандыру» және "Рахат ауылы бойынша санитарлық тазалау"жұмыстарын сатып алуда «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 12-бабының 4-тармағының 2-тармағында, 25-бабының 4-тармағының 2-тармағында, 43-бабының 7,9-тармағында жәнежасақталған келісім шартының 3.1-тармағында көзделген талаптар орындалмай, конкурс жеңімпазы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді уақтылы енгізбегені үшін конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің жалпы сомасы 1 031,8 тиісті бюджет кірісіне өндірмеген, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді уақытылы енгізбегені үшін екінші орын алған әлеуетті өнім берушіге шарт жобасын жібермеген және шарт жасасудан жалтарған жосықсыз қатысушысы деп тану жөнінде шешімдер қабылдамаған.

9-тармақ."Жаңаөзен қаласының және Теңге, Қызылсай ауылдарын санитарлық тазалау жұмыстары" мен «Теңге, Рахат, Қызылсай ауылдары және Жаңаөзен қаласын көгалдандыру» жұмыстарын сатып алуда "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 20-бабының және «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру» Қағидасының 47-тармағының талаптары бұзылып, біртекті және жұмыстарды конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада орындалу орны бойынша лоттарға бөлмегені анықталды.

10-тармақ.«Жаңаөзен қаласын және оған іргелес елді-мекендерді безендіру», «Техникалық ерекшелікке сәйкес 26 дана мүсін жасақтау және орналастыру»жұмыстарын сатып алубойынша "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 10-бабының және «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру» Қағидасының 155-тармағының талаптары бұзылып, біліктілік және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушіні конкурсқа қатысуға жіберіп, оны жеңімпаз деп таныған.

Атап айтқанда:

-"ӨзенДизайнСервис" ЖШС-нің біліктілік туралы мәліметінде техникалық өзіндік ерекшелікте қарастырылған 1 дана автокран мен 1 дана автокөлікке растайтын құжат ретінде «арнайы техникаға қызмет көрсетушарты»ұсынылған, бұл материалдық ресурстарды жалға алу құқығын растайтын құжат болып табылмайды.

-"ArtDala" ЖШС-нің біліктілік туралы мәліметінде техникалық өзіндік ерекшелікте қарастырылған қажет растаушы құжаттардың электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, материалдық ресурстардың бар болуы туралы мәліметтерін көрсетпеген: 1 дана- Суретші, 1 дана- Мүсінші мамандарының және өз өнімдерін сақтауға арналған қойма немесе үй-жайлардың растайтын құжаттарының жоқ екендігі белгілі болды.

11-тармақ.Жалпы сомасы 37 489,6 мың теңгені құрайтын:«Жаңаөзен қаласындағы ескі стелланы абаттандыру және ағымдағы жөндеу», «Жаңаөзен қаласы "Мұнайшы" мәдениет үйі аумағын жаңа жыл мерекесіне сәндеу», «Жаңаөзен қаласы Өркен шағын ауданындағы метал каркасты әлеуметтік жарнамаға арналған нысанды абаттандыру ағымдағы жөндеу» жұмыстар «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 39-бабының 3-тармағының 27-тармақшасы негізсіз қолданылып, «Өзенэнергосервис» ШЖҚ МКК-нан шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден сатып алынған.

Алайда, Жаңаөзен қаласы әкімдігінің №152 санды 14.03.2018 жылғы Қаулысымен бекітілген «Өзенэнергосервис» ШЖҚ МКК-ның жарғысында абаттандыру және сәндеужұмыстарымен айналысу қызметі көрсетілмеген.

12-тармақ.«Жаңаөзен қаласы Өркен шағын ауданындағы метал каркасты әлеуметтік жарнамаға арналған нысанды абаттандыру ағымдағы жөндеу» бойынша «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 45-бабының 2-тармағының 3-тармағы негізсіз қолданылып, қосымша шарттар жасақталған.

III. Қорытынды бөлік

3.1.Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар.

Жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесінде анықталған бұзушылықтар бойынша лауазымды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігін қарау үшін материал Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жолданды.

Өнім берушілермен жалпы сомасы 562,4 мың теңге құрайтын конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету сомасы тиісті бюджет кірісіне өндірілді.

3.2.Мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша тұжырымдар

Аудит бағдарламасымен көзделген көрсеткіш бойынша жүргізілген аудит қорытындысымен бағалау нәтижесі:

Жүргізілген мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы 1 960,0мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар, өнім берушілермен жалпы сомасы 1 032,3 мың теңге құрайтын конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету сомасы тиісті бюджет кірісіне өндірілмеуі, 39 037,4 мың теңгеге мемлекет активтерінің тиімсіз пайдаланылуы және 22 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

Мекемеде бюджеттiк өтiнiмдерді, бюджеттік бағдарламалардыәзірлеу кезінде тиісті заңнамалар сақталмаған.

Бұзушылықтардың басым бөлігі бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамалардың сақталмауынан жіберілген.

Материалдық-жауапты адамдарды ауыстыру кезінде де, мемлекеттік мекемені заңды тұлға ретінде қайта ұйымдастырған кезде де мүлікке толық түгендеу және бас бухгалтер атқаратын лауазымынан босатылған кезде істерді тапсыру жүргізілмеуі, Мекемемен мемлекеттік активтердің есебін жүргізуде, сақталуын қамтамасыз етуде және тиімді пайдалануда өрескел бұзушылықтар жіберілуіне әкелген.

Бірқатар активтерді құруға аударылған қаражат тікелей шығысталып, нәтижесінде пайда болған активтер (лайтбокстар мен мүсіндер) бухгалтерлік есепте танылмаған, баланста көрсетілмеген. Сонымен қатар, активтердің сақталуын бақылау қамтамасыз етілмей, жалпы құны 1 960,0мың теңгені құрайтын 7 дана лайтбокс белгіленген орында болмағандығы анықталды.

Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамалар сақталмаған:біліктілік және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушіні конкурсқа қатысуға жіберілген,конкурстық құжаттамада орындалу орны бойынша лоттарға бөлмеген,негізсіз бір көзден тікелей шарттар, қосымша шарттар жасалған және т.б.

3.3.Мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша ұсынымдар

Жоғарыда айтылғандарды талдай келе төмендегілерді ҰСЫНАМЫН:

1.Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында«Жаңаөзен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі»мемлекеттік мекемесінежүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысын қарауды ұсынамын.

2.Жаңаөзен қаласының Әкіміне 2019 жылдың 15 қазанына дейін (Ә.Дауылбаев):

1)«Жаңаөзен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде анықталған бұзушылықтарға назар аударып, мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша мемлекеттік мүлікті басқаруды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органмен мемлекет активтерінің сақталуы, тиімді пайдаланылуы мен есебінің шынайылығын қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралардың алынуын қамтамасыз етуді ұсынамын.

3.«Жаңаөзен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі»мемлекеттік мекемесіне 2019 жылдың 15 қазанына дейін:

1)«Жаңаөзен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі»мемлекеттік мекемесінің балансындағы активтерге толық түгендеу жүргізуді және бухгалтерлік есептің шынайылығын қамтамасыз етуді ұсынамын.

3.4.Жалғама: жиынтық тізбе - 4 бетте.

Тексеру комиссиясының мүшесі               А.Нурбосынова

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Блог председателя