08/05/2024  Среда
Государственное учреждение

Ревизионная комиссия
Мангистауской области

Маңғыстау облысы бойынша

тексеру комиссиясының 02.10.2019ж.

№02-02/11 қаулысымен бекітілген

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

I. Кіріспе бөлік

1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: «Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»мемлекеттік мекемесіне автомобиль жолдарының құрылысына, жөндеуге және күтіп ұстауға бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына аудиторлық іс-шара жүргізу.

1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты:«Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»мемлекеттік мекемесіне автомобиль жолдарының құрылысына, жөндеуге және күтіп ұстауға бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуының тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізу.

1.3. Мемлекеттік аудиттің объектілері: «Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі(одан әрі –Мекеме).

1.4. Мемлекеттік аудит тобының құрамы:талдау, жоспарлау және сапаны бақылау бөлімінің басшысы Т.Сүлейменова (сертификат №0164) жүргізді.

1.5. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2017 жылдың 01 қантар - 2018 жылдың 31 желтоқсан аралығы.

II. Негізгі (талдамалық) бөлік:

2.1. Аудиттелетін саланың ағымдағы жай-күйін жиынтық талдау:

Мемлекеттік аудит жүргізу кезінде қолданылатын көрсеткіштер:

базалық көрсеткіш: тиімділік – бюджеттік бағдарламалардың қол жеткізілген нәтиже көрсеткіштерінің жоспарланған нәтижелердің жалпы санына қатынасы;

арнайы көрсеткіш: перспективалық – бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға бөлінген бюджет қаражатын тиімді пайдалану.

базалық көрсеткіш: нәтижелілік – жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарының жаңару үлесі (%).

арнайы көрсеткіш: автомобиль жолдарын салу, жөндеу және күтіп ұстау жұмыстарының уақытылы жүзеге асырылуы.

Жергілікті маңыздағы автомобиль жолдары 2017 жылдың басына 159,8 км. құраған, 2017-2018 жылдар аралығында 12,2 км. автомобиль жолы қосылып, жаңарған. Барлығы 200 км. жол. Жалпы жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарының жаңарған көлемінің үлесі 6,1%-ды құрап отыр.

Олардың барлығы қанағаттанарлық жағдайда және ІV санаттағы автомобиль жолдарына жатады.

Жүргізіліп отырған мемлекеттік аудиттің нәтижелері туралы мәліметтер: «Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Ақтау қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 11 қарашадағы №1455 қаулысымен бекітілген «Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Ережесіне сәйкес, жүзеге асырады.

Миссиясы: Жолаушылар көлігі және автомомбиль жолдары және жол қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

Міндеттері: Қазақстан Республикасының бірыңғай көлік жүйесі жұмыс істеуінің келісімділігі, жергілікті деңгейде жолаушылар көлігінің жұмысын ұйымдастыру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізудегі реттеу және бақылау, тасымалдаудың барлық қатысушылары үшін құқықтық және экономикалық кепілдіктердің бірыңғай стандарттарын қолдану, автомобиль жолдары саласында бірыңғай мемлекеттік саясаттың жұмыс істеуін қамтамасыз ету, экономиканың және қала халықының автомобиль тасымалдарына және өзге де жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге деген қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау, жеке және заңды тұлғалардың заңды құқықтары мен мүдделерін, сондай-ақ мемлекеттің ұлттық мүдделерін қорғау болып табылады.

2.2. Аудиттелетін салаға жүргізілген мемлекеттік аудиттің жиынтық нәтижелері.

2.2.1. Бюджет қаражатының, бюджеттік бағдарламалардың нәтижелеріне, сондай-ақ қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге жиынтық талдау және бағалау, анықталған біртектес бұзушылықтардың, кемшіліктердің жинақтап қорытылған нәтижелері.

Мемлекеттік аудит жүргізу барысында бюджет және қолданыстағы басқа да заңдылықтар нормаларының сақталмауынан 1 746 056,2 мың теңгенің жалпы бұзушылықтары анықталды: оның ішінде, қаржылық бұзушылықтар 5 910,4 мың теңге, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар саны 2 бірлік және тиімсіз жоспарланған қаражат көлемі 1 740 145,8 мың теңге. Анықталған қаржылық бұзушылықтардың 2 533,4 мың теңгесі бюджетке өтелген.

1-тармақ. «Шығыс-2,3» тұрғын-үй массивтерінің ықшамауданішілік автомобиль жолдарының құрылысы» жобасы бойынша қорытынды алынған, құрылыс жұмыстарына «Алтынқұрық» ЖШС-мен сомасы 779 520,0 мың теңгеге келісім шарт жасалған /құрылыс ұзақтығы 7 ай/. 2017 жылы - 95,0 мың теңге, 2018 жылы – 389,7 мың теңге игерілген, бөлінген қаражатқа жерге орналастыру жұмыстары жүргізілген. Қазіргі кезде инженерлік желілердің болмауына байланысты құрылыс тоқтатылған. Мекеменің бухгалтерлік есеп және есеп беру бас маманының мәліметіне сәйкес, инженерлік желілер құрылысының жобалау-сметалық құжаттамасымемлекеттік сараптамада екені анықталды.

Нәтижесінде, Қазақстан Республикасы Бюджет Кодесінің 4-бабында көрсетілген бюджет жүйесінің тиімділік қағидаты мен сабақтастық принципі сақталмай жоспарланғандықтан бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижесіне қол жеткізілмеген.

Яғни, замануи стандарттарға сәйкес, жаңа автомобиль жолдарының құрылысы аяқталмай, жол қозғалысының жүйесін дамыту орын алмаған.

2-тармақ. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 санды «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 60-бабының 1-тармағы және ҚР ҚН 8.02.-09.2011 «Уақытша ғимараттар мен құрылыстар салу шығындарының сметалық нормалары жинағының» 4-бөлігі 4.3 тармағының талаптары бұзылып, уақытша ғимараттар мен имараттардан қайтарылатын жалпы сомасы 5 910,4 мың теңгені мердігерлерден өндіру шаралары жүргізілмеген:

- «Алтынқұрық» ЖШС- 1 437,1 мың теңге;

- «Ақ жол құрылыс» ЖШС - 1 213,1 мың теңге;

- «Байбол» ЖШС - 1 109,1 мың теңге;

- «Ынта» ЖШС – 477,2 мың теңге;

- «МКДСМ» АҚ - 1 673,9 мың теңге.

3-тармақ. «Шығыс-2,3» тұрғын-үй массивтерінің ықшамауданішілік автомобиль жолдарының құрылысы» жобасы бойынша «Алтынқұрық» ЖШС-мен сомасы 779 520,0 мың теңгеге келісім шарт жасалған. Орындалған жұмыс акттеріне сәйкес, 2017 жылы қараша айы - 95,0 мың теңге, 2018 жылы қараша айы – 389,7 мың теңге төленген. Алайда құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсат алынбаған.

Нәтижесінде, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 17-бабы, 1-тармағы, 5-тармақшасында және осы Заңның 68-бабы, 12-тармағында көзделген талаптары бұзылып, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңына сәйкес, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсат – талон алынбай жұмыс басталған.

4-тармақ. 023 «Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстау» бюджеттік бағдарламасы бойынша күтіп ұстау жұмыстары Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 17 маусымдағы №711 бұйрығымен бекітілген «Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың көшелерін, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу мен күтіп-ұстауды қаржыландыру» нормативтеріне сәйкес жүргізілмеген.

2017-2018 жылдары автомобиль жолдарын күтіп ұстау жұмыстарына 960 625,9мың теңге бюджеттен артық қаржы есептелініп, жұмсалуына жол берілген. Соның ішінде:

2017 жылы - «Қала жолдары» ЖШС-гі 537 267,1 мың теңгеге 159,8 км автомобиль жолдарын күтіп ұстау жұмысын жүргізген. Нормативке сәйкес, 72 284,8 мың теңге қаржыландырылуы тиіс (159,8 км. х 0,89 х 155,0 мың теңге х 2,928 х 1,12 ндс), нәтижесінде 464 982,3 мың теңге бюджеттен артық қаржы есептелініп, жұмсалуына жол берілген.

2018 жылы - «Қала жолдары» ЖШС-гі 578 104,8 мың теңгеге 172 км автомобиль жолдарын күтіп ұстау жұмысын жүргізген. Нормативке сәйкес, 82 461,3 мың теңге қаржыландырылуы тиіс (172 км. х 0,89 х 155,0 мың теңге х 3,108 х 1,12 ндс), нәтижесінде 495 643,5 мың теңге бюджеттен артық қаржы есептелініп, жұмсалуына жол берілген.

5-тармақ. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 санды бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларының» 14-тармағы сақталмай, аудит кезеңінде Мекеменің бухгалтерлік есеп және есеп беру мамандары ауысқан кезде олардың арасында алу-беру актісі жасалмаған.

ІІІ. Жиынтық бөлік.

3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар:

Жүргізілген құрылыс жұмыстар бойынша сметалық құжаттамада көрсетілген уақытша имараттардан қайтаруға жатқызылатын жалпы сомасы 2533,5мың теңге («Ақ жол құрылыс» ЖШС-мен – 1 213,1 мың теңге; «Алтынқұрық» ЖШС-мен – 1 320,35 мың теңге) бюджетке қайтарылды.

Әкімшілік құқық бұзушылық фактілері бойынша бақылау материалы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасынажолданды.

3.2.Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар:

Жергілікті маңыздағы автомобиль жолдары 2017 жылдың басына 159,8 км. құраған, 2017-2018 жылдар аралығында 12,2 км. автомобиль жолы қосылып, жаңарған. Барлығы 200 км. жол. Жалпы жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарының жаңарған көлемінің үлесі 6,1%-ды құрап отыр.

Олардың барлығы қанағаттанарлық жағдайда және ІV санаттағы автомобиль жолдарына жатады.

Қаржы жеткіліксіздігіне байланысты 2018 жылы 022 «Көлік инфрақұрылымын дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша тікелей нәтиже көрсеткіштері 81,3%-ға, 023 «Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстау» бюджеттік бағдарламасы бойынша 83,3%-ғаорындалған, түпкілікті нәтижеге толық қол жеткізілмеген.

Мемлекеттік аудит жүргізу барысында бюджет және қолданыстағы басқа да заңдылықтар нормаларының сақталмауынан1 746 056,2мың теңгенің жалпы бұзушылықтары анықталды: оның ішінде, қаржылық бұзушылықтар 5 910,4 мың теңге, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар саны 2 бірлік және тиімсіз жоспарланған қаражат көлемі 1 740 145,8 мың теңге. Анықталған қаржылық бұзушылықтардың 2 533,4 мың теңгесі бюджетке өтелген.

Атап айтқанда, автомобиль жолдарының құрылысын жоспарлау кезінде бюджет жүйесінің тиімділік қағидаты мен сабақтастық принципі сақталмаған, сметалық құжаттамаларда көрсетілген уақытша имараттардан қайтаруға жатқызылатын бюджет қаржысының мердігерлермен қайтарылуы қамтамасыз етілмеген, бухгалтерлік және қаржылық есептілікте бас бухгалтер атқаратын лауазымынан босатылған (жұмыстан шығарылған, басқа жұмысқа тағайындалған, ауыстырылған) алу-беру актісі жасалмаған.

Мемлекеттік аудит объектісі жауапты тұлғалармен Қазақстан Республикасы Заңнамалары талаптарының орындалуы өз деңгейінде сақтамауы - бюджет қаражатының тиімсізжоспарланып, пайдаланылуна әкелген.

Жоғарыда баяндалған бұзушылықтармен қатар, қалалық бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотында (ҚБШ) қаржының жеткiлiксiздік жағдайлары орын алуы да бірқатар бюджеттік бағдарламалардың орындалунәтижелеріне әсер еткен.

Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар:

Жоғарыда айтылғандарды талдай келе төмендегілерді ҰСЫНАМЫН:

1. Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында «Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысын қарауды ұсынамын.

2.«Ақтау қалалық экономикалық және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесіне 2019 жылдың 02 желтоқсанына дейін (Ж. Түркменбаева):

1) Автомобиль жолдарын күтіп-ұстауды қаржыландыру Нормативін (17.06.2015ж. №711) сақтау және одан әрі жолға қою шараларын қабылдауды ұсынамын.

3.«Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне 2019 жылдың 02 желтоқсанына дейін (Ж. Кубашев):

1) Мемлекеттік аудит нәтижесімен анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою және алдын-алу бойынша шаралар алуды ұсынамын.

Қосымша:( парақ)

Тексеру комиссиясының мүшесі Ж. Кошмагамбетова

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Блог председателя