08/05/2024  Среда
Государственное учреждение

Ревизионная комиссия
Мангистауской области

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының 12.11.2019 жылғы №02-02/12

санды қаулысымен бекітілді

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының

төраға міндетін атқарушы Ж.Кошмағамбетоваға

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

I. Кіріспе бөлік

1.1.Аудиторлық іс-шараның атауы:

Мұнайлы ауданының аумақты дамыту бағдарламасының іске асырылуын бағалау.

1.2.Мемлекеттік аудиттің мақсаты:

Мұнайлы ауданының аумақты дамыту бағдарламасының іске асырылу тиімділігі.

1.3.Мемлекеттік аудит объектісі:

«Мұнайлы аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттікмекемесі (бұдан әрі –Мекеме).

1.4.Мемлекеттік аудит тобының құрамы: Маңғыстау облысы бойынша Тексеру комиссиясының бас маман – мемлекеттік аудитор А. Тұрғанбаев(сертификат №1428), бас маман-аудитордың ассистенті – О. Нурмаганбетов жүргізді.

1.5.Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең:2018 жыл.

II.Негізгі (талдамалық) бөлік:

2.1. Аудиттелетін саланың ағымдағы жай-күйін жиынтық талдау.

2018 жылыаудандық бюджетке - 18 153,0 млн. теңгетүсімтүскен, 94,6%-ға орындалған. Орындалмауының негізгі себебі облыстық бюджеттен 1034,5 млн. теңге субвенцияныңберілмеуі салдарынан болған (2017 жыл- 150,0 мың теңге субвенция берілмеген).

2017 жылмен салыстырғанда түсім 8%-ға өскен (2017 жылы - 16 785,3 млн.теңге түскен).

Шығыстар 18 166 953,3 мың теңгені құрап, 94,5%-ға орындалған, қаржының игерілмеуіне қолма қол ақшаның тапшылығы әсерін тигізген.

Шығыстар2017 жылмен (16 758,7млн.теңге) салыстырғанда 8,4%- ға көбейген.

Мұнайлы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының ағымдағы жай-күйі жалпы оң бағытқа өзгерген, яғни халық санының өсуі, жаңа жұмыс орындарынының ашылуы, өнеркәсіптік өндіріс көлемінің өсуі, ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығының дамуы, шағын кәсіпкерліктің белсенді субъектілерінің көбеюі, бөлшек сауда тауар айналымы көлемінің және негізгі капиталға инвестиция көлемініңұлғаюы, балабақша саны көбейген, 5 жеке меншік балабақша салынған.

Ауданда, құны 592 575,0 мың теңгені құрайтын Маңғыстау ауылынан кітапханасымен бірге 500 орындық ауыл клубы құрылысы (2017 жылы -592 575,0 мың теңге; 2018 жылы - 403 105,0 мың теңге), құны 855 021,0 мың теңгені құрайтын (2017 жылы – 642 444,0 мың теңге; 2018 жылы – 212 577,0 мың теңге) отбасылық 100 орынды жатахана құрылысы жеке меншік серіктестік есебінен қаржыландыру арқылы салынған.

Сонымен қатар, проблемалық жағдайлар да орын алған, атап айтқанда, жұмыссыздықтың өсуі,аудандағы жалпы білім беру мектептерінде сыйымдылық нормасының сақталмауы, яғнибала санының артуы салдарынан мектептерде үш ауысымды оқыту және балаларды тасымалдап оқыту проблемасы, балаларға спорттық кешендердің жеткіліксіздігі, медициналық жедел жәрдем бригадаларының тапшылығы шешілмеген.

 

2.2.Аудиттелетін салаға жүргізілген мемлекеттік аудиттің жиынтық нәтижелері.

2016-2020 жылдарға арналған Мұнайлы ауданын дамыту бағдарламасымен 76 іс-шараны жүзеге асыру жоспарланып, 7 бағыт бойынша 16 бағдарламалық мақсат пен 63 нысаналы индикатор жоспарланған.

Мұнайлы ауданының 2018 жылы аумақты дамыту бағдарламасының жүзеге асырылуы 2 базалық көрсеткіш, 3 арнайы көрсеткіш арқылы бағаланды, атап айтқанда:

1- арнайы көрсеткіш«аумақты дамыту бағдарламасының іс-шараларын жүзеге асырылу деңгейі» 90,8%-ды құрады, яғни жоспарланған 76 іс - шараның 69 іс - шарасы іске асырылып, 7 іс -шара орындалмаған.

2- арнайы көрсеткіш«аумақты дамыту бағдарламасының нақты бюджет шығыстарының оның жоспарланған деңгейіне қатынасы - 97,1% құрады, яғни жоспарланған қаржы толық игерілмеген.

3 - арнайы көрсеткіш «аумақты дамыту бағдарламасының мақсаттарына қол жеткізу деңгейі» 95,2%-ды құрады, яғни 63 жоспарланған мақсатты индикатордың 60 – на қол жеткізілген.

Нәтижесінде, базалық көрсеткіштер:

1 –«аумақты дамыту бағдарламасын іске асыруға бөлінген бюджет қаржысының пайдалану тиімділігі» - 93,5%;

2–«аумақты дамыту бағдарламасының әрбір бағыты бойынша белгіленген міндеттердің іске асырылу деңгейі–96,3% - ды құрады, яғни жоспарланған 7 бағыттың 5 бағыты толық іске асырылған, 2 бағыты бойынша іске асырылу деңгейі - 92,6% - ды құрады. (92,6%+100%/2 = 96,3%)

Іс - шараның толық орындалмауы,мақсатты индикаторларға қол жеткізілмеуі, нәтижесінде тиімділік көрсеткішінің 93,5% -ға,нәтижелік көрсеткішінің –96,3% -ға қол жеткізілуі, облыстық бюджеттен субвенцияның толық көлемде берілмеуі, сондай-ақ қолма қол ақшаның тапшылығы әсер еткен.

2.2.1.Бюджет қаражатының, бюджеттік бағдарламалардың нәтижелеріне, сондай-ақ қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге пайдаланылу тиімділігін жиынтық талдау және бағалау,анықталған біртектес бұзушылықтардың, кемшіліктердің жинақтап қорытылған нәтижелері.

Мұнайлы ауданын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 23 желтоқсандағы №40/440 санды шешімімен, Іс-шаралар жоспары аудан әкімінің 2016 жылдың 9 ақпанындағы №16-қ қаулысымен бекітілген.

Аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру барысында, оны жасақтауда тиісті рәсімдік талаптары сақталмаған, атап айтқада,

1 - тармақ.Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 64 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің кейбір мәселелері туралы» бұйрығының 9-тарауы, 57 – тармағы, 7- тарауы, 133, 149 тармақтарыжәне 31- тармағының талаптары бұзылып:

1) аумақты дамыту бағдарламасына өзгеріс,белгіленген мерзімнен кеш,1 қарашадан кейін,яғни 2018 жылдың 24 желтоқсанындаенгізілген;

2)ауданның дамыту бағдарламасына енгізілген өзгерістерді айқындайтын салыстырмалы кесте жасақталмаған;

3) іс шара жоспары уақтылы бекітілмеген;

4) есептілік, бекітілген нысанға сәйкес жасақталмаған, яғни есептілікте «базалық (бастапқы) мәні», «қаржыландыру көзі» және «бюджеттік бағдарлама коды» көрсетілмеген;

5) аумақты дамыту бағдарламасыжергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында орналастырылмаған.

Аумақты дамыту бағдарламаларын іске асырудағы 76 іс-шараның69-ы орындалып, 7 -уі орындалмаған, атап айтқанда,

1. Әлеуметтік саланы дамыту бағыты бойынша жоспарланған 24 іс-шараның 21-і(87,5%) орындалып, 3 -уі (12,5%) орындалмаған:

1)Маңғыстау ауылы, Маңғыстау-5 елді мекенінен 1200 орындық мектеп құрылысының ЖСҚ байламалау;

2)Қызылтөбе ауылдық округі, Қызылтөбе-2 елді мекенінен 1200 орындық мектеп құрылысының ЖСҚ байламалау;

3)Батыр ауылдық округінен 1200 орындық мектептің ЖСҚ байластыру.

2. Аумақтың инфроструктуралық кешенін дамыту бағытыбойынша 12іс-шараның 10–ы (83,33% ) орындалып, 2-уі (16,7%) орындалмаған:

1) Батыр ауылының «Емір» ықшамауданында 24 төрт бөлмелі тұрғын үй құрылысы;

2) Баянды ауылынан 15 шақырым құрайтын ауылішілік авто жолын салу (70 000,0 мың теңге жоспарланып, 20 000,0 мың теңге игеріліп, 50 000,0 мың теңге қолма қол ақша тапшылығы орын алған).

3. Экология және жер ресурстары бағыты бойынша 3 іс-шараның 1 –уі (33,4%) орындалып, 2-уі (66,6%) орындалмаған.

1) Ауыл, ауылдық округ елді мекендерінде тазалық жұмыстарын жүргізу бойынша 7 ауыл, ауылдық округтің тазалық жұмыстары толық жүргізілмеген, 84,1 %-ға орындалған.

2) Ауыл, ауылдық округ елді мекендерінде абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары толық жүргізілмеген, 97,9 %-ға орындалған.

 

2.3. Құжаттың Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған деңгейдегі құжаттарымен декомпозициясын (мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары, көрсеткіштері, қаржыландыру көлемдері бойынша) талдау:

Ауданның дамыту бағдарламасын жоспарлауда жоғары тұрған деңгейдегі құжаттармен, облыстық дамыту бағдарламасымен көзделген мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары, көрсеткіштері, қаржыландыру көлемдері сақталған.

Аумақты дамыту бағдарламасымен2018 жылы 2мемлекеттік бағдарламашеңберінде 3 760 919,0 мың теңгеге 18 жобаның құрылысы жоспарланған, оның 2 518 711,0 мың теңгесі - республикалық бюджеттен, 1 242 208,0 мың теңгесі - жергілікті бюджеттен қарастырылған:

Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту бағдарламасымен 2 мектептің құрылысына барлығы - 474 910,0 мың теңге,

2020 аумақты дамыту бағдарламасымен:

сумен қамтамасыз ету саласында 7 жобаға - 2 276 069,0 мың теңге,

3 жол құрылысы жобасына – 60 000,0 мың теңге,

2 тұрғын-үй құрылысына 835 272,0 мың теңге,

Басқұдық селосында 200 орындық кітапханасымен селолық клуб құрылысына 10 000,0 мың теңге қарастырылған.

Барлық 18 жобаның 17 жобасы бойынша жоспарланған қаржысы игерілген, 1 жоба бойынша құрылысы аяқталмаған, жоспарланған қаржы толық бөлінбеген:

1) Батыр ауылының «Емір» ықшамауданында 24 төрт бөлмелі тұрғын үй құрылысының 73,3%-ы орындалған (26,7%-ы орындалмаған)(101 711 мың теңге жоспарланып, 27 110,0 мың теңге игеріліп, 74 601,0 мың теңге – қолма қол ақша тапшылығы орын алған).

 

2.3.1. Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағаланатын құжатына енгізілген түзетулерді талдау (себептері, бұрын қабылданған шешімдерде сабақтастықтың сақталуы, енгізілген түзетулердің Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарының нысаналы индикаторлары мен көрсеткіштеріне қол жеткізуге әсері)

Жоспарланған мақсатты индикаторлар 2 бағыт бойынша орындалмаған, атап айтқанда,

Әлеуметтік сала бағыты бойынша 26 мақсатты индикатордың 24-і (93,2%) орындалып, мақсатты индикатор орындалған, 2 мақсатты индикаторға (3,4%) қол жеткізілмеген:

1) Денсаулық сақтау саласында «100 мың тірі туылғандарға шаққандағы аналар өлім-жітімін төмендету» көрсеткіші 0%-ға жоспарланған, нақты 22,5 %-ды құрап, көрсеткішке қол жеткізілмеген. 2018 жылы 1 ана өлімі тіркелген.

2) Жұмыссыздық деңгейі жоспарланған 5%-дан асып, 5,2%-ға өсіп, көрсеткішке қол жеткізілмеген.Ауданға көшіп келетін халық санының көбейген, 153 мың халық саны жоспарланып, нақты халық саны – 160,6 мыңға жеткен.

Инфрақұрылым бағыты бойынша 13 мақсатты индикатордың 12 (92,3%) мақсатты индикаторы орындалып, 1 –уі (7,7%) орындалмаған.

1) Құрылыс саласында «Құрылыс жұмыстарының нақты көлемінің индексі» көрсеткіші 101% арттыру жоспарланып, нақты 69,8% құрап, индикатор орындалмаған. Баянды ауылынан 15 шақырым құрайтын ауылішілік авткөлік жолының құрылысының 28,5%-ы жүргізілген, қолма қол ақша тапшылғы орын алған.

2.4. Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжатының іске асырылу тиімділігін талдау:

Аумақты дамыту бағдарламасымен жоспарланған қаржыландыруды талап етпейтінкөрсеткіштердің 93,2%-на қол жеткізіліп, жоғарыда аталған әлеуметтік сала бағыты бойынша 6,8 % -на қол жеткізілмеген (денсаулық сақтау, жұмыссыздық).

Қаржыландыруды талап ететін көрсеткіштерге толық қол жеткізілмеген, басты көрсеткіштердің қол жеткізілмеуі құрылыс саласында қаржының жетіспеушілігінен орын алған.

«Құрылыс жұмыстарының нақты көлемінің индексі» көрсеткіші 101% -ға жоспарланып, нақты 69,8% құрап, индикатор орындалмаған. 2018 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында ауданда 15,1 млрд. теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізілген, бұл көрсеткіш 2017 жылғы деңгейдің 69,8%-ын құраған.

2.4.1 Міндеттердің іске асырылуын бағалау.

Шағын кәсіпкерлікті көбейту, несиелендіру, ауылшаруашылық өнімдерін ұлғайту, үш тілділікті дамыту, қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, мемлекеттің кәсіби жүйесін қалыптастыру саласында жоспарланған міндеттер орындалған.

Әлеуметтік бағыты бойынша білім беру саласында мемлекеттік білім беру ұйымдарында үш кезекті ауысыммен оқыту және тасымалдап оқыту мәселесі бойынша міндеттер тиісті дәрежеде орындалмаған, жоспарланған 1200 орындық 3 мектептің мектеп құрылысының ЖСҚ байламалауға қаржының тапшылығынан жүзеге асырылмаған.

2.6. Мемлекеттік аудит объектілері қызметінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін бағалау (өңірлік және (немесе) елдік бөліністе).

Аудандық бюджетке түсетін түсімдердің уақтылы түсуі қамтамасыз етілген, негізгі түсімдердің орындалысы 100% -дан асқан:

5 752330,3 мың теңге салық түсімдер түсіп - 103,1% -ға;

60483,8 мың теңге салықтық емес түсімдер түсіп - 104,8% -ға;

негізгі капиталды сатудан 1 592630,2 мың теңге түсіп- 104,2%-ға;

бюджеттік кредиттерді өтеуден 146932,8 мың теңге түсіп 107,8% -ға;

қарыз түсімдері –119151,0мың теңге немесе 100% -ға орындалған.

Шығындарының орындалуы 94,9% -ды құраған, орындалмауына қолма қол ақшаның тапшылығы әсер еткен.

Жергілікті мемлекеттік қызметкерлердің кәсібилігін арттыру мақсатында 20 қызметші жоспарға сәйкес біліктілігін арттырған, семинарларға қатысу жұмыстары жүргізілген, мемлекеттік қызметкерлердің таза ауыспалығы 2017 жылмен салыстырғанда 6,2 % -дан 6,1% -ға төмендеген.

 

III. Қорытынды бөлік

3.1.Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар.

Жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесінде анықталған кемшіліктер, оны болдырмау жөнінде пікір алмасулар жүргізілді.

3.2.Мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша тұжырымдар

Мекемеде жүргізілген мемлекеттік аудитпен аумақты дамыту бағдарламасының іске асырылу тиімділігі 93,5%, нәтижелілігі 96,3% -ды құрады. Көрсеткішке толық қол жеткізілуіне облыстық бюджеттен субвенцияның толық көлемде берілмеуі, қолма қол ақшаның тапшылығы әсер еткен.

Аумақты дамыту бағдарлмасын, іс-шара жоспарын іске асыру есептілігін жасақтауда, әзірлеуде,Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 64 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің кейбір мәселелері туралы» бұйрығыныңбірқатар рәсімдік талаптарысақталмаған.

Нәтижесінде, аумақты дамыту бағдарламасының алдыңғы жылдары орындалған іс-шара көлемдерінің деңгейі, жоспарға сәйкестігі, сабақтастығы тиісті дәрежедежүргізілгенін айқындау мүмкіндігі болмады.

Аумақты дамыту бағдарламасымен көзделген іс шаралардың тиісті деңгейде орындалуына облыстық бюджеттен түсетін субвенцияның 89,2%-ы түсіп, 1 034538,0 мың тенгесінің түспеуі өз әсерін берген.

Облыстық бюджеттен субвенцияның жыл сайынтүспеуі (2017 жылы -150 000,0 мың теңге түспеген) жүйелі проблемалардың туындауына әкелген, қолма қол ақшаның жеткіліксіздігі,соның салдарынан жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткілу деңгейінің төмендігі орын алған.

3.3.Мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша ұсынымдар

Жоғарыда айтылғандарды талдай келе төмендегілерді ҰСЫНАМЫН:

1.Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында «Мұнайлы аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысын қарауды.

2.«Мұнайлы аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне 2019 жылдың 15 желтоқсанға дейін (Ш.С.Сұңғат):

1) Мемлекеттік аудит нәтижесімен анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою және алдын-алу бойынша шаралар алуды және аумақты дамыту бағдарламасын, іс-шара жоспарын, іске асыру есептілігін жасақтауда, әзірлеуде, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 64 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің кейбір мәселелері туралы» бұйрығыныңталаптарын қатаң сақтауды;

2) Аумақты дамыту бағдарлмасымен көзделген көрсеткіштерге жоспарланған мерзімде қол жеткізілуін, инвестициялық жобалардың қаржыландырылуы кезінде ауданның әлеуметтік проблемаларын (білім беру, спорттық кешендер және денсаулық сақтау саласы) шешу жағына басымдық беріліп, іріктеліп қаржыландырылуын қамтамасыз етуді және қадағалауды;

3) Аумақты дамыту бағдарлмасын, іс-шара жоспарын, іске асыру есептілігінжергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында өзгерістерімен қоса уақтылы орналастыруды.

 

3.4.Жалғама: жиынтық тізбе 1 бетте

 

Тексеру комиссиясыныңмүшесі Х. Джанаева

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Блог председателя