27/04/2024  Суббота
Государственное учреждение

Ревизионная комиссия
Мангистауской области

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының

19 желтоқсан 2019 жылғы №02-02/17санды қаулысымен бекітілді

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының

төрағасы м.а. Ж.Қошмағанбетоваға

 

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

I. Кіріспе бөлік

1.1.Аудиторлық іс-шараның атауы:Жергілікті бюджеттен бөлінген бюджет қаражатының және мемлекет активтерінің пайдаланылуына мемлекеттік аудит жүргізу.

1.2.Мемлекеттік аудиттің мақсаты: «Бейнеу ауылы әкімінің аппараты»

мемлекеттік мекемесіне бөлінген бюджет қаражатының және мемлекет активтерінің пайдаланылуының сәйкестігіне аудиторлық іс-шара жүргізу.

1.3.Мемлекеттік аудит объектісі:«Бейнеу ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (одан әрі – Әкімнің аппараты).

1.4.Мемлекеттік аудит тобының құрамы:Маңғыстау облысы бойынша Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бөлімінің бас маман-мемлекеттік аудитор Б. Мухамединов (сертификат №1267).

1.5.Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2017 жылдың қаңтар айының 01-нен 2019 жылдың 30 маусым аралығы.

II.Негізгі (талдамалық) бөлік:

2.1. Аудиттелетін саланың ағымдағы жай-күйін жиынтық талдау.

«Бейнеу ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Бейнеу аудан әкімдігінің 2018 жылғы 23 сәуірдегі №58 қаулысымен бекітілген «Бейнеу ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Ережесіне сәйкес, жүзеге асырады.

Міндеттері: Әкімнің қызметін аппараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу.

Функциялары: жергілікті қоғамдастық жиынын, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын, жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді; жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын жүзеге асырады; жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оның тиімді пайдалануын қамтамасыз етеді; қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету; Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, облыс, аудан әкімінің және әкімдігінің, ауылдық округ әкімінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау; қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру және т.б.

2.2.Аудиттелетін салаға жүргізілген мемлекеттік аудиттің жиынтық нәтижелері.

«Бейнеу ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша бөлінген бюджет қаражатының және активтерінің пайдаланылуының сәйкестігіне мемлекеттік аудит жүргізуде қолданылған көрсеткіш - Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкестігі.

2.2.1.Бюджет қаражатының, бюджеттік бағдарламалардың нәтижелеріне, сондай-ақ қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге пайдаланылу тиімділігін жиынтық талдау және бағалау, анықталған біртектес бұзушылықтардың, кемшіліктердің жинақтап қорытылған нәтижелері.

Аудит бағдарламасымен көзделген көрсеткіш бойынша бюджеттік және басқа да заңнамалардың жауапты тұлғалармен тиісті дәрежеде сақталмауы, зерделенбеуі себебінен бұзушылықтарға жол берілгені анықталды.

Жүргізілген мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы 79,4мың теңгегеқаржылық бұзушылықтар, 220,0 мың теңгебюджетқаржысының тиімсіз пайдаланылуы және 32 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды

1-тармақ. Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 24.11.2014ж. №511 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларының» (бұдан әрі – Бюджеттік өтінімді жасақтау қағидасы) 36-тармағының талабына сәйкес жасақталмай, 2017-2019 жылдарға бөлінген жалпы сомасы 57 386,8 мың теңгеге 011 «Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2017 жылға көгалдарды суару жұмыстарына, мүлдем жоспарланған шығыстарды негiздеу (сметалар т.б.) құжаттары жасалмаған, ал 2018-2019 жылдарға жоспарланған шығыстарды негiздеу үшін сметалық құжаттама жасалғанымен, көрсетілген талдардың көлемін, мекеме есебіндегі талдар саны мен салыстыру мүмкін емес, себебі есепке талдар санымен емес жалпы сомасымен көрсетілген.

2-тармақ. ҚР Инвестициялар және даму министрінің 17.06.2015 жылғы №711 бұйрығымен бектілген Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың көшелерін, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу мен күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативтері сақталмай, 013 «Аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бюджеттікбағдарламалар бойынша жалпы сомасы 28 167,3 мың теңгенің 2017-2019 жылдарға арналған бюджеттiк өтiнiмде ағымдағы жөндеу жұмыстары қаржыландыру нормативтеріне сәйкес бір километр есебінде көрсетілмей, сметалық есептер бойынша автомобиль жолдары жұмыстарының шығындарыжалпы көшенің шаршы метрі мен жалпы ауыл көшелеріне есептелген.

3-тармақ.Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 195 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» (бұдан әрі – «Бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу және бекіту қағидалары) қағидаларының 13-тармағының талабына сәйкес, мекеменің 2017-2019ж.ж мен 2018-2020 жылдарға арналған 012 «Аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының инфрақұрылымын дамыту» бюджеттiк бағдарламасы жасалғанымен, басқа бюджеттік бағдарламар бойынша бюджеттiк бағдарламалар жоспары жасалмаған.

4-тармақ.«Бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу және бекіту қағидаларының 28 тармағының талабына сәйкес, әкімнің аппаратымен бюджеттік бағдарлама бекітілгеннен кейін 3 күнтізбелік күн ішінде бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің веб-сайтында орналастырылмаған.

5-тармақ.ҚРҚаржы министрінің 03.08.2010 жылғы №393 Бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларының (бұдан әрі – қағидалар) 272-тармағының талаптары сақталмай,2016-2018 жылдары аяқталған және пайдалануға берілген құрылыс объектілеріне кеткен шығындар толық сомада көрсетілмей, жалпы сомасы 109 582,1 мың теңгені құрайтын құрылыс жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеу, сараптамалық қорытындылар, техникалық және авторлық қадағалау мен құрылыс жұмыстары бойынша шығындаробъектілер құнына қосып есепке алынбаған. Оның ішінде: 82 440,2 мың теңгесі 2411 шотта көрсетілген және 27 141,8 мың теңге мекеме шығындар ретінде шығысталған.

Сонымен қатар, 2016-2018 жылдары аяқталған және пайдалануға берілген құрылыс объектілерінің 190 037,8 мың теңгесі аяқталмаған құрылыс ретінде көрсетілген. Оның ішінде 107 597,5 мың теңге бухгалтерлік есеп бойынша екі шоттада (2411 шотта және 2330 шотта) көрсетілген, 82 440,2 мың теңгесі 2411"Аяқталмаған құрылыс" қосалқы шотынан 2330 «Құрылыстар» шотына ауыстыру жазбасы жүргізілмеген.

Қағиданың 183-тармағы басшылыққа алынбай, 2017-2018 жылдары мекеме қызметкерлерінің еңбек ақыны есептеу ведомостымен нақты аударылған еңбек ақыдан 29,0 мың теңге артық аудырлылып, бухгалтерлік есепте дебиторлық берешекте көрсетілмегені және олардың еңбек ақысынан ұсталмағаны анықталды.

Қағиданың 19-тармағы сақталмаған, яғни материалдық құндылықтардың сақталуына жауапты тұлғалармен толық материалдық жауапкершілік туралы жазбаша шарт жасалмаған.

6-тармақ. Нәтижесінде, ҚР Қаржы министінің 2017 жылғы 1 тамыздағы №468 бұйрығымен бекітілген Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларынының(бұдан әрі – Қағидалар) 3-тармағы бұзылып, 2017, 2018 жылдардың қаржылық есептіліктері жалпы сомасы 109 611,1 мың теңге бұрмаланған, яғни 01.01.2018ж., 01.01.2019ж. жасақталған бухгалтерлік баланста ұзақ мерзімді активтер мен дебиторлықберешек көрсетілмеген.

2018 жыл ішіндебухгалтерлік есеп бойыншажалпы сомасы 248 069,7 мың теңгенің негізгі құралдары шығарылған. Алайда, аудитке шығарылған негізгі құралдардың, есептен шығаруға негіз болып табылатын құжаттары ұсынылмаған.

7-тармақ.ҚР Үкіметінің 22.09.2000 жылғы №1428 қаулысымен бекітілген Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ережесі және 11.05.2018 жылғы№ 256 қаулысымен бекітілген Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларының 3,9 тармағының талаптары сақталмай, мекеме тарапынан 2017-2018 жылдары қызметкерлердің іс-сапар кезінде жалпы сомасы 50,4 мың теңге (2017ж 28,0 мың теңге, 2018ж 22,4 мың теңге) тұрғын жайларды жалдау шығындарын негізсіз өтелген.

8-тармақ.Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Бюджет кодексінің 4-бабының 9-тармағының талабы сақталмай, мекемеде дизелді отын пайдаланатын құралдар мен транспортар болмаса да 2017 жылы тамыз айында жалпы сомасы 220,0 мың теңгенің 1571 литр жанар-жағар май (дизел отыны) негізсіз сатып алып шығыстаған.

9-тармақ.ҚР 04.12.2015 жылғы №434 «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының (бұдан әрі - №434 Заң) 43-бабы, 2-тармағы, 1)-тармақшасының талаптары сақталмай,тапсырыс беруші 2016 жылы бір көзден сатып алу тәсілімен 4-өнңм берушімен сараптама қызметтері үшін жалпы сомасы 6 410,1 мың теңгені құрайтын мемлекеттік сатып алу шарттары мерзімінен кешіктіріліп жасалған.

10-тармақ.№434 Заңының 43-бабы, 24-тармағының талабы басшылыққа алынбай, мекеме тарапынан «Тоқабай Құрмаш көшесіне шағылтас-қиыршықтасты-құмды қоспалар жабындысынан автожол құрылысын салу жұмыстарына ЖСҚ жасақтау» жұмыстарына "Транс-Сервис" ЖШС-імен 24.08.2018 жылғы №31 келісім шарт жалпы сомасы 2 688,5 мың теңге орындау мерзімі 07.07.2017 жылға дейін жасалып, 11.10.2018 жылғы №6 жасалған жұмыстарды қабылдау актіне сәйкес кешіктірілген17 күнге 45,7 мың теңге тұрақсыздық айыппұл есептелмей, шарт талаптарына сәйкес өндіру алу жөніндегі шаралар қабылданбаған.

III. Қорытынды бөлік

3.1.Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар.

Жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесінде анықталған бұзушылықтар бойынша лауазымды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігін қарау үшін Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне материалдар жолданды.

Мемлекеттік аудит барысында бюджетке өтелуге тиісті 299,4 мың теңге тиісті бюджетке қайтарылды.

3.2. Мемлекеттік аудит объектісі бойынша жалпы тұжырымдар:

«Бейнеу ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне бөлінген бюджет қаражатының және мемлекет активтерінің пайдаланылуының сәйкестігіне жүргізілген мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы 79,4 мың тенгеге қаржылық бұзушылықтар, 220,0 мың теңге бюджет қаржысының тиімсіз пайдаланылуыжәне 32 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

Әкімнің аппаратында бюджеттік өтінімдерді,бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу кезінде тиісті заңнамалар сақталмаған.Атап айтқанда, бюджеттік бағдарламаларды бекіту қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы талаптары басшылыққа алынбаған.

Бұзушылықтың басым бөлігі бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамалардың сақталмауынан жіберілген, себебі мекемеде есепші-мамандардың өз міндеттерін тиісті түрде орындамауы және нормативтік құқықтық актілерді жетік түрде меңгермеуі.

Бухгалтерлік және қаржылық есептіліктің анық, шынайы жүргізілмеуі салдарынан оның бұрмалануына әкеп соқтырған, материалды жауапкершілік тұлғалармен келісімшарт жасақталмаған, мүлікке толық түгендеу жүргізілмеген, аяқталған және пайдалануға берілген құрылыс объектілерінің құны бойынша толық көлемде есепке алынбауынан бухгалтерлік есептегіактивтер құны дұрыс көрсетілмеген. Қызметкерлерге жалақы төлеуде, іссапар шығындарымен есеп айырысуларда негізсіз артық төлемдерге жол берілген.

Мемлекеттік сатып алуларда Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасы мен ережесіне сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шарттар уақытылы жасалмаужәне өнім берушіден тұрақсыздық айыбын өндіріп алу жөніндегі шараларды қабылдау қамтамасыз етілмеген.

3.3.Мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша ұсынымдар.

Жоғарыда айтылғандарды талдай келе төмендегілерді ҰСЫНАМЫН:

1.«Бейнеу ауылыәкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінебөлінген бюджет қаражатының және мемлекет активтерінің пайдаланылуының сәйкестігіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысын қарауды ұсынамын.

2.Бейнеу ауданы Әкіміне 2020 жылдың 01 мамырға дейін (Б. Абилов):

«Бейнеу ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде анықталған бұзушылықтарға назар аударып,мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау мәселелерін реттеу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті уәкілетті органмен жасыл екпелер тізілімін және оларды есепке алу бойынша тиісті шаралардың алынуын қамтамасыз етуді ұсынамын.

3. Бейнеу ауданының экономика және қаржы бөліміне 2020 жылдың 01 мамырға дейін:

Бюджеттік бағдарламалар әкімшісініңбюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімдегі ақпарат пен есеп-қисаптардың толықтығына және дұрыстығынабюджет заңнамасының талаптарын, автомобил жолдарын күтіп-ұстауды қаржыландыру Нормативін сақтауды, одан әрі жолға қою шараларды қабылдауды, сондай-ақ,аудит қорытындысы бойынша мемлекет активтерінің сақталуымен есебінің шынайылығын қамтамасыз етуді ұсынамын.

4.«Бейнеу ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне:

1)Қазақстан республикасы бюджеттік заңнамаларын, бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы, мемлекеттік сатып алу заңнамаларын тиісті дәрежеде зерделеп, мемлекеттік аудит нәтижесімен анықталған бұзушылықтарды талқылап, алдағы уақытта бұзушылықтардың алдын-алу мақсатына шара алуды(2020 жылдың 20 қаңтарға дейін);

2)Өнім берушіден 45,7 мың теңге көлемінде тұрақсыздық айыбын өндіріп алу жөніндегі шараларды қабылдауды (2020 жылдың 20 қаңтарға дейін);

3)Мекеме балансындағы активтерге толық түгендеу жүргізуді және бухгалтерлік есептің шынайылығын қамтамасыз етуді ұсынамын(2020 жылдың 20 наурызға дейін).

3.4.Қосымша:жиынтық тізбе 2-бетте.

 

Тексеру комиссиясының мүшесі Ж.Утегенова

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Блог председателя