27/04/2024  Суббота
Государственное учреждение

Ревизионная комиссия
Мангистауской области

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының

26 ақпан 2020 жылғы №02-02/1 санды қаулысымен бекітілді

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының

Төрағасының м.а. Ж.Кошмагамбетоваға

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

I. Кіріспе бөлік

1.1.Аудиторлық іс-шараның атауы:

Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес жергілікті бюджетті жоспарлау мен атқарудың тиімділігіне аудиторлық іс-шара жүргізу.

 

1.2.Мемлекеттік аудиттің мақсаты:

Қарақия ауданының жергіліктібюджетінің жоспарлануы мен атқарылу тиімділігін бағалау.

 

1.3.Мемлекеттік аудит объектісі:

«Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі –Мекеме).

 

1.4.Мемлекеттік аудит тобының құрамы: Маңғыстау облысы бойынша Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бөлімнің басшысы Б.Ж.Корбаков (сертификат №1626).

 

1.5.Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең:2019 жылдың 01 қаңтар – 2019 жылдың 31 желтоқсаны аралығы.

 

II.Негізгі (талдамалық) бөлік:

2.1. Аудиттелетін саланың ағымдағы жай-күйін жиынтық талдау.

Қарақия ауданының әкімшілік аумақтық бөлінісі Құрық, Жетібай, Сенек, Мұнайшы ауылынан және Құланды, Бостан, Болашақ ауылдық округтерінен тұрады.

Аудан бюджетініңкірістер бойынша орындалысы 2019 жылдың қорытындысымен 101,1% құраған. Даму бюджетінің көлемі трансферттерді қоса алғанда – 1 990 333,0 мың теңгені құрады, орындалысы 100%. Бюджеттік алымдар бойынша есепті жылда 3 722 275,0 мың теңге облыстық бюджетке аударылған.

2019 жылы халық саны 2 мыңнан асатын ауылдардың дербес бюджеті бекітіліп, жаңа есептілік бюджет жүйесі қалыптастырылған. 4 ауыл бойынша есепті жылы дербес бюджеті 1 200 000,0 мың теңгені құрады.

Ауданның 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері алдыңғы 2018 жылмен салыстырғанда жақсарған.

Аудан тұрғындарының саны 38,1 мың адамды құрап, 2018 жылмен салыстырғанда 1,0%-ға өскен.

Қолданыстағы бағадағы өнеркәсіптік өнім көлемі өткен 2018 жылмен салыстырғанда (1 084 713,6 мың теңге) көбейіп, 1 090 061,4 мың теңгені құраған.

Өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексінің 2018 жылға қарағанда, 2019 жылы өсу тенденциясы байқалады. Өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі 2018 жылы – 100%-ды құраса, 2019 жылы – 101,5%-ды құраған.

Ауыл, орман және балық шаруашылықтарында жалпы өнімнің
(қызметтердің) өсуі жоғарылады. 2019 жылы ауыл, орман және балық шаруашылықтарында жалпы өнімнің (қызметтердің) көлемі 2 996,7 млн.теңгені құрап, 2018 жылмен салыстырғанда 315,8 млн.теңгеге өскен (2018 жылы 2 650,9 млн. теңге).

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 161 млрд.теңге
немесе 2018 жылдың сәйкес кезеңінің (2018 жылы 147 млрд. теңге) 91,2%-ын құрайды.

2019 жылы жалпы көлемі 46,3 мың шаршы метр тұрғын үйлер пайдалануға берілген, өткен жылмен салыстырғанда тұрғын үйлер көлемі 110,5% өскен (2018 жылы – 41,9 мың шаршы метр).

2019 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі жалпы сомасы 38,6 млрд.
теңгеге орындалған, сәйкесінше 2018 жылмен салыстарғанда жұмыстарының көлемі 62,9% төмендеген (2018 жылы – 61 376,9 мың шаршы метр).

Еңбек нарығында 2019 жылы қызметкерлерге есептелген орташа айлық жалақы 240,4 мың теңгені құрап, 2018 жылмен салыстырғанда, айлық жалақы 41,1 мың теңгеге немесе 1,2% -ға көбейген.

Алайда, жалпы жұмыссыздар деңгейі көбейген, 2019 жылы- 703 адам, бұл өткен жылмен салыстырғанда 200,8%-ға өскен (2018 жылы- 350 адам).

 

2.2.Аудиттелетін салаға жүргізілген мемлекеттік аудиттің жиынтық нәтижелері.

Қарақия ауданының жергілікті бюджетінің жоспарлануы мен атқарылу тиімділігін бағалау бойынша мемлекеттік аудит жүргізуде қолданылған көрсеткіштер:

1.«Тиімділік» бойынша базалық көрсеткіштер:

1) Жергілікті бюджеттің түсімдер бойынша жоспарлы көрсеткіштердің орындалуы (%).

Жергілікті бюджеттің түсімдері 12 599849,9 мың теңге, түзетілгені 13 459 601,2 мың теңге, орындалғаны 13 578 953,4 мың теңге, айырмашылық 119 352,2 мың теңге немесе 100,9% орындалған.

2)Жергілікті бюджеттің шығыстары бойынша жоспарлы көрсеткіштердің орындалуы, тиімділігі (жергілікті бюджеттік бағдарламалардың түпкілікті нәтижелерге қол жеткізілуінің қамтамасыз етілуі (%)).

Жергілікті бюджеттің шығыстары 12 599849,9 мың теңге, түзетілгені 13 514 190,1 мың теңге, орындалғаны 13 489 303,1 мың теңге, айырмашылық -24 887,0 мың теңге немесе 99,8% орындалған.

Аудан бойынша 19 мекемеде бюджеттік бағдарламалар бойынша 116түпкілікті нәтиже көрсеткіштерінің, 114-іорындалған, 2-уі орындалмаған.

Арнайы көрсеткіш:

1)Жергілікті бюджетті бекітуде, өзгерістер, толықтырулар, нақтылаулар мен түзетулер енгізу бойынша жүргізілген есептеулердің негізділігі (жоспарлы көрсеткіштер мен жергілікті бюджеттің нақты атқарылу көрсеткіштері арасындағы алшақтығы (%).

Аудандық бюджет 2019 жылы 4 рет түзетіліп, 6 рет нақтыланғандығына қарамастан, түсімдер бойынша аудандық мәслихатының шешімімен бекітілген жоспарлы көрсеткіштердің орындалуында ауытқушылықтар байқалды.

Түсімдер аудандық бюджет бойынша 100,9%-ға орындалған. Негізгі себебі: салықтық түсімдердің артық орындалуы.

Төртінші деңгейдегі бюджеттер түсімдерін талдау барысында, Құрық селосының бюджетінің 75%-ын, Жетібай селосының бюджетінің 87,4%-ын, Сенек селосының бюджетінің 85,9%-ын, Мұнайшы селосының бюджетінің 92,3%-ын жоғары тұрған бюджеттен түсетін трансферттер құрайтыны белгілі болды.

2.«Нәтижелілік» бойынша базалық көрсеткіш - Ауданның дамыту бағдарламасының болжамды көрсеткіштері мен нақты көрсеткіштері арасындағы алшақтық (%).

Қарақия ауданының аумақтарды дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) «Қарақия аудандық мәслихатының 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №31/333 шешімімен бекітілген.

Бағдарламаға 25.12.2019 жылы №37/382 аудандық мәслихатының шешімі мен аудан әкімдігінің 09.12.2019 жылғы №266 қаулыларымен өзгерістер енгізілген.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 29.11.2017 жылғы №790 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» Қаулысының 128-тармағының және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 19.12.2018 жылғы 19 желтоқсандағы № 104 «Көрсеткіштердің базалық тізбесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, аумақты дамыту бағдарламасындағы бағыттар қайта қаралмаған, өзгерістер енгізілмеген.

Есептілікке сәйкес ауданның дамыту бағдарламасының 49 мақсатты индикаторларының, нақты 45-і орындалған немесе 91,8%.

Экономика бағыты бойынша 17мақсатты индикатордың 1-уі орындалмаған. Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексінің орындалмауы - «Oil Cоnstracion Company» ЖШС-і және «КТЖ» АҚ, «Дженгиз Иншаат», «Кен-Құрылыс-Сервис» ЖШС, «Қараойқұрылыс» ЖШС, «Нұр- Барыс.Н» ЖШС сынды ірі мекемелер арқылы аудан аумағындағы көрсетілетін құрылыс жұмыстары көлемінің өткен жылмен салыстырғанда аудан аумағында азаюы салдарынан болып отыр.

Әлеуметтік саланы дамыту бағыты бойынша 16мақсатты индикатор жоспарланып, толық орындалған.

Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп бағыты бойынша4 мақсатты индикатордың 1-уі орындалмаған. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол - көлік оқиғаларын азайту мақсатында елді мекендер бойынша бейнебақылау орнату жоспарланып, қаражаттың тапшылығына байланысты индикатор толық орындалмаған.

Инфраструктура бағыты бойынша 7мақсатты индикатордың 2-уі орындалмаған.Жолаушылар автокөлігі қатынасымен қамтылмаған елді мекендер үлесі индикаторы орындалмаған, себебі облысішілік, ауданаралық "Ақтау-Құрық-Ақтау", Ақтау-Жетібай-Ақтау" тұрақты маршруттарында жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауға қызмет көрсету құқығына өткен конкурс бойынша облыстық комиссия отырысының 2018 жылдың 29 қазанында №70 хаттамасы негізінде өтпеген деп танылған. Құрылыс жұмыстарының көлемі - 2019 жылға 38,6 млрд. теңгені құрап, нақты индекс көлемі 60,7 пайызды құраған.

Экология және жер ресурстар бағыты бойынша дамыту бағдарламасының мониторингілеу бойынша жедел есептілігінде жұмыстар жүргізілгені туралы мәлімет көрсетілмеген.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бағыты бойынша 5 мақсатты индикатор көрсеткіш ұсынылып, толық орындалған.

Қарақия ауданының дамыту бағдарламасының болжамды көрсеткіштері мен нақты көрсеткіштері арасындағы алшақтық орын алған, ауданды дамыту бағдарламасы кешіктіріліп бекітілген, бағдарламаны іске асыру үшін іс-шаралар жоспары әзірленбеген, есептілікке сәйкес дамыту бағдарламасында қарастырылған бағыттар бойынша 4 мақсатты индикаторлар орындалмаған.

Арнайы көрсеткіш:

1)Аумақты дамыту бағдарламасын іске асыруда бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру тиімділігі (жобалардың түпкілікті нәтижелерге қол жеткізілуінің қамтамасыз етілуі (%)).

2019 жылы 25 инвестициялық жоба қарастырылған, олардың 22 жобасы (88,0%) аяқталған, 3 жоба (12,0%) аяқталмаған, түпкілікті нәтижелерге қол жеткізілмеген, орындалмау себебі: жобалау сметалық құжаттамалар сараптамадан өткізу кезінде ескертумен кері қайтарылған.

2.2.1.Жиынтық талдау,анықталған біртектес бұзушылықтардың, кемшіліктердің жинақтап қорытылған нәтижелері.

Аудит бағдарламасымен көзделген көрсеткіштер бойынша бюджеттік және басқа да заңнамалардың жауапты тұлғалармен тиісті дәрежеде сақталмауы, зерделенбеуі себебінен бұзушылықтарға жол берілгені анықталды.

Жүргізілген мемлекеттік аудитпен 10 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

1-тармақ.Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 19.02.2018 жылғы №64 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің кейбір мәселелері туралы» бұйрығының 14,57-тармақтары бұзылып, аумақтарды дамыту бағдарламасын іске асыру үшін іс-шараларжоспары әзірленбеген және аумақты дамыту бағдарламасына түзетулер ағымдағы жылдың 1 қарашасынан кейін кешіктіріліп бекітілген.

2-тармақ. Қазақстан Республикасының04.12.2008 жылғы №95-ІVсанды Бюджет Кодексінің (бұдан әрі-Бюджет кодексі) 4-бабымен көзделген нәтижелілік қағидаты сақталмай, аумақты дамытудың бағдарламасында қарастырылған 1 бағыт (экология және жер ресурстар) бойыншадамыту бағдарламасының мониторингілеу бойынша жедел есептілігінде жұмыстар жүргізілгені туралы мәлімет көрсетілмеген,экономика, инфраструктура, қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп бағыттары бойынша 5 мақсатты индикаторлар орындалмаған.

3-тармақ.Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексiнің 620-шы бабында және ҚР ҚНмЕ 1.04.03-2008 (СНиП РК) 3.1-ші тармағында көзделген жұмыстарды аяқтаудың нормативтік ұзақтығының бұзылуына жол берілген, яғни жобалардың құрылыс монтаж жұмыстарына қаржы толық көлемде қарастырылмай, 4 инвестициялық жобалар бойынша құрылыстың нормативтік ұзақтығы 3-7 ай аралығы көзделсе де, нақты жұмыстар бүгінгі күнге дейін әлі аяқталмаған. («Құрық ауылының Ералиев станциясындағы № 2 бастауыш мектебінің жапсаржай құрылысы» жобасы 2018 жылы басталған, құрылыстың нормативтік ұзақтығы 5 ай, «Қарақия ауданы Құрық ауылындағы 4 қабатты жалға берілетін бес тұрғын үйдің құрылысы. 2 кезек. Сыртқы инженерлік желілер, қосалқы құрылыстар (жылу желілері, сумен жабдықтау және кәріз, автомобиль жолдары, абаттандыру)» жобасы 2018 жылы басталған, құрылыстың нормативтік ұзақтығы 3 ай, «Мұнайшы ауылындағы әлеуметтік нысандар үшін кәріз желілерін салу» жобасы 2019 жылы басталған, құрылыстың нормативтік ұзақтығы 3,5 ай, «Құрық селосында жұмыс істеп тұрған және жаңадан салынған шағын аудандар үшін ауылішілік кәріз желілерін салу» жобасы 2018 жылы басталған, құрылыстың нормативтік ұзақтығы 7 ай).

4-тармақ.Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 60-бабының 7-тармағының талаптары бұзылып, 31.12.2019 жыл жағдайы бойынша жалпы сомасы 160 616,0 мың теңгегенің 16 жобалау сметалық құжаттамалары бекітілгеннен кейін, 3 жыл ішінде құрылыстары басталмаған, яғни мемлекеттік сараптама қорытындысын алған күннен бастап 3 жыл өтіп, жобалау сметалық құжттамалардың пайдалану уақыты өтіп кеткен, нәтижесіндеБюджет Кодексінің 4-бабының 6,8-тармақтарыменкөзделгенбюджет жүйесінің нәтижелілік пен сабақтастық қағидаттарының бұзылуына жәнеҚазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 6-бабында көзделген мемлекеттік мүлікті қоғам игілігі үшін тиімді пайдалану қағидатының сақталмауынажол берілген.

5-тармақ.Қазақстан Республикасының 01.03.2011 жылғы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 6-бабында көзделген мемлекеттік мүлікті қоғам игілігі үшін тиімді пайдалану принципі сақталмай, 2019 жылы аудан бойынша 8 нысанның құрылысы аяқталып қабылданып алынған, алайда оның 2-і нысаны іске қосылмай, пайдалануға берілмеген.

6-тармақ.Бюджет Кодексінің 4-бабымен көзделген негізділік принципі сақталмай, бірқатар түсімдер бойынша 2019 жылға арналған бюджет (аудан және ауылдық округтер бірге алынғанда) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 21 қаңтардағы №34 бұйрығымен бекітілген«Бюджет түсімдерін болжау әдістемесіне» сәйкес жасақталған есептемелермен анықталған көлемнен артық немесе кем көлемде бекітілген:

-төлем көзiнен салық салынатын жеке табыс салығы болжам есептемелеріне сәйкес 681 662,8 мың теңгені құраса, 758 771,0 мың теңге болып бекітілген, яғни 77 108,2 мың теңгеге артық бекітілген;

-заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүлік салығы болжам есептемелеріне сәйкес 8 100 000,0 мың теңгені құраса, 8 494 276,0 мың теңге болып бекітілген, яғни 394 276,0 мың теңгеге негізсіз артық бекітілген және осы 104101 коды бойынша 2016 жылдан бері "ММГ" АҚ-нан 221 000,2 мың теңге артық төленгені анықталды, бұл 2020 жылдың түсімінің орындалуына кері әсерін тигізуі мүмкін.

7-тармақ. Бюджет Кодексінің 65-бабының талаптары сақталмай, бюджет түсімдерін болжау әдістемесіне сәйкес есептемелер жүргізілмей негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер 368 384,0 мың теңгеге бекітілген. 2019 жылы наурыз айында 133 392,0 мың теңге болып азайтылып, мамыр айында 168 243,0 мың теңге болып көбейтіліп, шілде айында 166 704,0 мың теңге болып азайтылған. 2019 жылдың аяғына 63 980,0 мың теңгеге нақтыланған. Яғни, Бюджет Кодексінің 106-бабының талаптары сақталмай, 5 рет негізсіз нақтыланып, нәтижесінде 2019 жыл қорытындысы бойынша негізгі капиталды сатудан түскен түсім 60 175,2 мың теңгеге немесе 94,1%-ға орындалған.

8-тармақ.Бюджет кодексінің 75-бабының 2-тармағының талабы бұзылып, аудандық, ауыл, ауылдық округтер бюджеттері мерзімінде, яғни облыстық және аудандық бюджетті бекіту туралы шешімнен кейін екі апта мерзімінен кешіктірмей бекітілу тиіс бола тұра, аудандық бюджет төрт аптадан кейін (облыстық бюджет 12 желтоқсан 2018 жылы бекітілген, аудандық бюджет 08 қаңтар 2019 жылы бекітілген), ал ауыл, , ауылдық округтер бюджеттері(аудандық бюджет 08 қаңтар 2019 жылы бекітілген, ауыл, ауылдық округ бюджеттері 25 қаңтар 2019 жылы) бекітілген.

9-тармақ. Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 24.11.2014ж. №511 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларының» (бұдан әрі – Бюджеттік өтінімді жасақтау қағидасы) 32,33,36,37- тармағының талабына сәйкес жасақталмай, мемлекеттік бюджеттің атқарылуы туралы есептілікті жасау және ұсыну тәртібі бұзылған, яғни 19 бюджеттік бағдарлама әкімшілерімен бюджеттiк өтiнiмдi жасау шығыстарды негiздеу кезінде коммуналдық қызмет көрсетулердi тұтыну мен телефон байланысын пайдалану үшін тиесілілік нормаларын, сатып алынатын қызметтер мен жұмыстардың әрбір түрі бойынша кем дегенде, үш прайс-парақтары, қызмет тарифтерінбасшылыққа алмаған.

Сондай-ақ, ауданға қарасты бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бюджеттік өтінімдері бойынша бюджет шығыстары әр түрлі жоспарланған.

Атап айтқанда:

-149 «Шығыс материалдарын сатып алу»ерекшелігінің шығындары А4 қағазын сатып алуда(теңгеге) шаққанда, аудандық білім бөлімі- 900 теңгеден жоспарласа, басқа бөлімдер 1,3-1,5 мың теңге аралығында жоспарлаған.

-151 «Коммунальдық қызметтер»ерекшелігінің шығындары 1 ш/м жылу құны (теңгеге) шаққанда, аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі- 22 теңгеден жоспарласа, басқа бөлімдер 11,4 мың теңгеге дейінгі аралықта жоспарлаған (жылу тарататын Тұрмыс Сервис мекемесінің 1 ш/м жылу тарифы 3,4 мың теңге).

-152 «Байланыс қызметі»ерекшелігінің шығындары1 бірлікке (теңгемен) шаққанда, аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі - 7 теңгеден жоспарласа, басқа бөлімдер 4,5 мың теңгеге дейінгі аралықтажоспарлаған.

-161 «Техникалық персоналдың ел ішіндегі іссапарлары мен қызметтік сапарлары»ерекшелігінің шығындары 2 бағытқа іссапар шығыны (теңгеге) шаққанда, аудандық білім бөлімі- 1,6 мың теңгеден жоспарласа, басқабөлімдер 2,0 мың теңгеге дейінгі аралықтажоспарлаған.

10-тармақ.Бюджет Кодексінің 67-бабының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 04.12.2014 жылғы №540 «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» бұйрығының 178-ші тармағының талаптары сақталмай, шығыстардың экономикалық сыныптамасының 151 «Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу» ерекшелігі үшін аванстық (алдын ала) төлемге рұқсат етілмейтініне қарамастан, 6 бөліммен жалпы сомасы 876,4 мың теңгеге алдын ала аванстық төлем жүргізілген.

Атап айтқанда, Құланды ауылдық округі әкімінің аппараты- 95,5 мың теңге, аудандық білім бөлімі- 625,2 мың теңге, аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі- 9,7 мың теңге, аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі- 67,2 мың теңге, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі- 65,9 мың теңге, аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі-12,9 мың теңге.

 

 

III. Қорытынды бөлік

3.1.Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар.

 

3.2.Мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша тұжырымдар

Аудит бағдарламасымен көзделген көрсеткіштер бойынша жүргізілген аудит қорытындысымен бағалау нәтижесі:

Аудандық бюджет 2019 жылы 4 рет түзетіліп, 6 рет нақтыланғандығына қарамастан, аудандық маслихатының шешімімен бекітілген жоспарлы көрсеткіштердің орындалуында ауытқушылықтар байқалды.

Жергілікті бюджеттің түсімдері 12 599849,9 мың теңге, түзетілгені 13 459 601,2 мың теңге, орындалғаны 13 578 953,4 мың теңге, айырмашылық 119 352,2 мың теңге немесе 100,9% орындалған.

Жергілікті бюджеттің шығыстары 12 599849,9 мың теңге, түзетілгені 13 514 190,1 мың теңге, орындалғаны 13 489 303,1 мың теңге, айырмашылық -24 887,0 мың теңге немесе 99,8% орындалған.

Аудан бойынша 19 мекемеде барлығы 116 бюджеттік бағдарламалар бойынша түпкілікті нәтиже көрсеткіштерінің, 114-і орындалған, 2-уі орындалмаған.

Төртінші деңгейдегі бюджеттер түсімдерін талдау барысында, Құрық селосының бюджетінің 75%-ын, Жетібай селосының бюджетінің 87,4%-ын, Сенек селосының бюджетінің 85,9%-ын, Мұнайшы селосының бюджетінің 92,3%-ын жоғары тұрған бюджеттен түсетін трансферттер құрайтыны белгілі болды.

2019 жылы 25 инвестициялық жоба қарастырылған, олардың 22 жобасы (88,0%) аяқталған, 3 жоба (12,0%) аяқталмаған.

Қарақия ауданының дамыту бағдарламасының болжамды көрсеткіштері мен нақты көрсеткіштері арасындағы алшақтық, заңнамадағы өзгерістерге сәйкестендірілмеуі,ауданды дамыту бағдарламасының кешіктіріліп бекітілуі, бағдарламаны іске асыру үшін іс-шаралар жоспары әзірленбеуі, дамыту бағдарламасында қарастырылған бағыттар бойынша 4 мақсатты индикаторларының орындалмауы –ауданның дамыту бағдарламасын жасақтауда және орындаудажауапты тұлғалармен тиісті заңнамалар басшылыққа алынбайтынын көрсетеді. Аудандық бюджетті жоспарлау барысында ауданды дамыту бағдарламасының кейбір көрсеткіштерін іске асыру үшін қаражат қарастырылмаған. Мысалы: елді мекендерге бейнебақылау орнатуға қаржы бөлінбеген.

Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде жобалау сметалық құжаттамада көзделген құрылыстың нормативтік ұзақтығы мерзімі сақталмаған және 16 дана жобалау сметалық құжаттамалары бекітілгеннен кейін үш жыл ішінде құрылыстары басталмай, жобалау сметалық құжаттамалардың пайдалану уақыты өткен, сондай-ақ, қабылданып алынған 2 құрылыс нысаны қоғам игілігіне пайдалануға берілмеген.

Бюджет түсімдерін болжауда бірқатар түсімдер жасақталған есептемелер мен анықталған көлемнен артық немесе кем көлемде бекітілген және негізгі капиталдан сатудан түскен түсімдер 5 рет нақтыланса да, 94,1%-ға орындалып, жоспарлы көрсеткіштер орындалмаған.

Жергілікті бюджеттің жобасын қарау және бекітуде аудандық, ауыл, ауылдық округтер бюджеттері заңда көзделген мерзімінде бекітілмеген, ал бюджеттік өтінімді жасау мен ұсынуда бюджеттік бағдарлама әкімшілерімен шығыстарды негiздеу кезінде тиесілі нормаларды, бекітілген қызмет тарифтерін басшылыққа алмай, тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді әр түрлі бағада сатып алуды жоспарлаған.

Шығыстардың экономикалық сыныптамасының 151 «Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу» ерекшелігі бойынша 6 бөліммен алдын ала төлем жүргізілгені белгілі болды.

 

3.3.Мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша ұсынымдар

Жоғарыда айтылғандарды талдай келе төмендегілерді ҰСЫНАМЫН:

 

1.Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында«Қарақия аудандық экономика және қаржыбөлімі» мемлекеттік мекемесінежүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысын қарауды ұсынамын.

2.Қарақия ауданының Әкіміне 2020 жылдың 26 сәуіріне дейін (Беков Қ.):

1)«Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде анықталған бұзушылықтарға назар аударып, мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша жауапты лауазымды тұлғалардың жауапкершіліктерін қарауды;

2) Іске қосылмаған 2 нысанды қоғам игілігіне пайдалануды іске асыру бойынша тиісті шаралар алудыұсынамын.

3.«Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне 2020 жылдың 26 наурызына дейін:

1)Дамыту бағдарламасын іске асыру үшін іс-шаралар жоспарын әзірлеуді;

2)Мемлекеттік аудит қорытындысымен анықталған бұзушылықтарды алдағы уақытта болдырмау үшін, жауапты тұлғаларды белгілей отырып, іс-шаралар жоспарын жасақтауды ұсынамын.

 

3.4.Жалғама: жиынтық тізбе - 4 бетте.

 

Тексеру комиссиясының

мүшесі А.Нурбосынова

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Блог председателя