15/05/2024  Среда
Государственное учреждение

Ревизионная комиссия
Мангистауской области

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы М.Ө. Нысанбаевқа

Бақылау нәтижелері бойынша
ҚОРЫТЫНДЫ

Бақылаудың мақсаты:

Бюджет қаражатын және мемлекеттік активтерді пайдаланудың Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкестігіне және есепке алу мен есептіліктің анықтығы мен дұрыстығына бақылау.

Бақылау объектісі:

Маңғыстау облысының білім басқармасының «Маңғыстау политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны.

 

Бақылаудың мәні: 

Бюджет қаражаты, мемлекет активтері, есеп пен есептілік және мемлекеттік сатып алуды жүргізу мәселелері.

 

Негізгі (талдамалық) бөлік:

 

Кәсіпорынның басты міндеті – кәсіби орта білім берудің бағдарламасын оқытуды жүзеге асыру, ол үшін ұлттық және жалпы адами құндылықтар, ғылым мен тәжірибе негізінде жеке тұлғаның дамуымен кәсіби қалыптасуына қажетті жағдайлар туғызу болып табылады.

Кәсіпорын – мемлекеттік тапсырыспен, сондай-ақ, ақылы түрде күндізгі және сырттай бөлімдерді оқытумен жүзеге асырады.

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясымен Маңғыстау облысының білім басқармасының «Маңғыстау политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынында (бұдан әрі – Кәсіпорын) бюджет қаражатын және мемлекеттік активтерді пайдаланудың Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкестігіне және есепке алу мен есептіліктің анықтығы мен дұрыстығына жүргізілген сыртқы мемлекеттік қаржылық  бақылаудың қорытындысы бойынша жалпы сомасы 1 341 789,7 мың теңгеге бюджет қаражатын пайдалануда заңнамалардың бұзушылықтары орын алғаны анықталды.

 

1-тармақ Қазақстан Республикасының 27.07.2007жылғы №319 «Білім туралы» Заңының  62-бабы 5-тармағы сақталмаған, яғни Білім басқармасымен жалпы сомасы 1 226 694,0 мың теңгеге мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орындау бойынша келісім шарттарда мамандарды даярлау бағыттары және бір маманды оқытуға жұмсалатын шығыстардың орташа құны қамтылмаған.

2014жылы  Кәсіпорын мен Маңғыстау облысының білім басқармасы (бұдан әрі – Басқарма)  арасында жалпы сомасы 417 832,0мың теңгеге жалпы саны 2090 оқушы болатын ауыспалы оқушылар контингентіне өндірістен тыс білімді ұйымдастыру үшін  келісім шарт жасақталып, қаржы толықтай аударылған. Алайда, нақты оқушылар саны 2055-ті құрады, яғни Кәсіпорынға Басқармадан 35 оқушы үшін 6 997,1мың теңгеқаражат артық түскен.

2-тармақ Басқарма тарапынан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 04.05.2012жылғы №198 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 14-1-тармағының 3-тармақшасындағы «еңбекпен қамтылған және жұмысқа орналасқан бітірушілер үлесі - жалпы бітірушілер санынан кемінде 78%» - делінген көрсеткіші ескерілмей, нақты көрсеткіш бойынша 2013жылы - 42,7%, оның ішінде: мемлекеттік білім тапсырысы бойынша - 48,3%, 2014жылы - 49,4%, оның ішінде: мемлекеттік білім тапсырысы бойынша - 58% құраса да,  жалпы сомасы 827 363,0мың теңгеге орта білімнен кейінгі техникалық және кәсіптік мамандарды дайындауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырылған.

3-тармақ Кәсіпорын мен Басқарма арасында жасақталған 052 «Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыру шеңберінде кадрлардың біліктілігін арттыру, даярлау және қайта даярлау» 011 «Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен» бюджеттік бағдарламасы бойынша келісім-шартта оқудан шығарылған  3 оқушы артық көрсетіліп, 08.01.2013жылы №35 келісім шарттың 2.1.1-тарапының талабы сақталмаған, нәтижесінде Басқармадан орындалмаған жұмыс үшін 710,9мың теңге түскен.

         4-тармақ Кәсіпорынмен 2013-2014жылдарға және 2015жылдың қаңтар-мамыр айларына жалпы сомасы 1 074 664,5мың теңгеге орындалған жұмыстар актілері Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 20.12.2012жылғы №562 «Бастапқы есеп құжаттарының нысандарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген Ж-1 нысанына сәйкес келмейді.

5-тармақ Кәсіпорын мен оқушылар арасында жасақталғанкелісім шарттың 4-тармағының 1-тармақшасындағы «оқуы үшін төлемеген жағдайда «білім алушы» тиісті сессияға жіберілмейді және «білім беру ұйымынан» шығарылады. Төленбеген оқу ақысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өндіріледі»-делінген талабы сақталмай оқу ақысы бойынша дебиторлық қарыздар 2011жылдан бері қалыптасқанымен,бүгінгі күнге дейін төленбеген оқу ақысы бойынша жалпы сомасы 8916,4 мың теңгеніқұрайтын  дебиторлық қарызды уақытылы қайтару және өндіру бойынша  Кәсіпорын тарапынан жұмыстар жүргізілмеген.

6-тармақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 14.10.2011жылғы №1172 «Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қаулысының 26-тармағының талабы және Кәсіпорын Есеп саясатының 14.4.2-тармағы сақталмай, жалпы сомасы 9 260,1 мың теңгені құрайтын «видеоқадағалау және кіруге рұқсат жүйесі» қондырғысына қабылдау актісі жасақталмаған және Кәсіпорын балансына есепке алынбаған. Сонымен қатар,  Кәсіпорынмен жалпы сомасы 3120,0мың теңгегебасқару жүйесінің аймақтарына кіруге рұқсат смарт-карточкалары  материалдық құндылықтар шотына есепке алынбай шығысталған.

7-тармақ Қазақстан Республикасының 28.02.2007жылғы №234 «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Заңының  6-бабының 1- және 2-тармақтары бұзылған, яғни бухгалтерлік есепті жүргізу барысында Есеп саясатының ережелері сақталмай жалпы сомасы  953,2 мың теңгеніқұрайтынекі бірлік компьютерлік бағдарлама  1317 «Шаруашылық құрылыс материалдары мен материалдар және басқалары» баланстық шотына кірістелген.    

8-тармақЕсеп саясатының 9.1-тармағымен көзделгендей, көрсетілген қызмет қай кезеңде жүргізілсе, сол есепті кезеңде жүзеге асырылған деп танылады. Алайда, Кәсіпорын Білім басқармасына жалпы сомасы 52 372,8 мың теңгеге 20.11.2014жылы желтоқсан айы үшін білім беруді ұйымдастыру қызметінің орындалған жұмыс актісін жасақтап, ұсынған. Білім басқармасынан Кәсіпорынның есеп шотына 24.11.2014жылы бюджет қаражаты түскен.

9-тармақҚазақстан Республикасының 01.03.2011жылғы №413-IV «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 156-бабы 2-тармағы бұзылған, яғни жергiлiктi атқарушы орган болып табылатын Маңғыстау облысының әкімдігімен оқытуды ұйымдастырудың бағалары белгіленбеген.

         10-тармақ Қазақстан Республикасының 21.07.2007жылғы №303-III «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 11-бабының 4-тармағының 4-тармақшасы сақталмаған, яғни ЖК «Қ.А.Бурибаева» жалпы сомасы 135,0 мың теңгеніқұрайтын келісім шарт бойынша міндеттерін толық орындамаса да, Кәсіпорын әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген.

         11-тармақ «Маңғыстау политехникалық колледжі» МКҚК-нің №5 жатақхана ғимаратын жөндеуден өткізу жұмысын сатып алу» бойынша жасақталған келісім-шарт конкурстық өтінімінде ең төменгі баға (9 417,7мың теңге) ұсынып жеңімпаз атанған  мердігер «Жыңғылды құрылыс»  ЖШС-імен конкурсқа бөлінген сомаға (10 825,0мың теңге) жасақталған. Ал, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 27.12.2007жылғы №1301 санды  Қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесінің» 5-қосымшасындағы  «Жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шартта» "Шарттың құны" - Шарттың Мердігер өзінің конкурстық өтінімінде көрсеткен және Тапсырыс беруші қабылдаған жалпы сомасын білдіретіні көрсетілген. Нәтижесінде, жасақталған келісім шарттың бағасы конкурстық өтінімінде көрсеткен бағадан артық жасақталып, мердігерге қосымша құн салығымен қоса жалпы сомасы 1 576,2 мың теңгеқаражат негізсіз аударылған.

         12-тармақ Қазақстан Республикасының 21.07.2007жылғы №303-III «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының39-бабының 1- және 2-тармақтарының талаптары сақталмай, күрделі жөндеу жұмысына техникалық қадағалау қызметін жүргізу шарт сомасы 311,6 мың теңгеге ұлғайтылған.

 

 

Бақылау барысында қабылданған шаралар

         Бақылау барысында шаралар қабылданбаған.

 

Бақылау нәтижелері бойынша тұжырымдар

        

        

1.Қазақстан Республикасының  тиісті заңдарының талаптары сақталмай, мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орындау бойынша келісім шарттарда мамандарды даярлау бағыттары мен бір маманды оқытуға жұмсалатын шығыстардың орташа құны қамтылмаған және жергiлiктi атқарушы орган болып табылатын Маңғыстау облысының әкімдігімен оқытуды ұйымдастырудың бағалары белгіленбеген.

2.Қазақстан Республикасының  бухгалтерлік есеп және есептілік туралы заңнамалары бұзылып, жалпы сомасы 12380,1 мың теңгені құрайтын негізгі құралдар мен материалдық құндылықтар есепке алынбаған,  жалпы сомасы  953,2 мың теңгені құрайтын негізгі құралдар басқа баланстық шотқа кірістелген және жалпы сомасы 52 372,8 мың теңгеге қызмет көрсету кезеңі дұрыс көрсетілмеген, яғни қараша айында желтоқсан айы үшін білім беруді ұйымдастыру қызметінің орындалған жұмыс актісі жасақталып ұсынылған.

3.Кәсіпорынмен жалпы сомасы 1 074 664,5 мың теңгеге жасақталған орындалған жұмыстар актілері заңнамаға сәйкес бекітілген нысанға сәйкес келмейді.

4.Кәсіпорын тарапынан оқу ақысы бойынша жалпы сомасы 8 916,4 мың теңгені құрайтын  дебиторлық қарызды уақытылы қайтару және өндіру бойынша  жұмыстар жүргізілмеген.

5.Кәсіпорын мен  Басқарма  арасында жасақталған ауыспалы оқушылар контингентіне өндірістен тыс білімді ұйымдастыру  үшін  келісім шарт бойынша 2090 оқушы көрсетілгенмен, нақты оқушылар саны 2055-ті құрап, Кәсіпорынға Басқармадан 35 оқушы үшін 6 997,1мың теңгеқаражат артық түскен.

6.Кәсіпорын мен Басқарма арасында 052 «Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыру шеңберінде кадрлардың біліктілігін арттыру, даярлау және қайта даярлау» 011 «Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен» бюджеттік бағдарламасы бойынша келісім-шартта оқудан шығарылған  3 оқушы артық көрсетіліп, нәтижесінде Басқармадан орындалмаған жұмыс үшін 710,9 мың теңгеартық түскен.

7.Басқарма тарапынан мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруда, тиісті заңнама талаптары ескерілмеген, яғни нақты еңбекпен қамтылған және жұмысқа орналасқан бітірушілер үлесі (48%-58%)- жалпы бітірушілер санынан заңнамада көрсетілген мөлшерден (кемінде 78%) кем болса да,  орта білімнен кейінгі техникалық және кәсіптік мамандарды дайындауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырылған.

8.Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы өз дәрежесінде сақталмай, 2 мемлекеттік сатып алуда 1887,8 мың теңге артық қаражат жұмсалған жәнежалпы сомасы 135,0 мың теңгеніқұрайтын 1 мемлекеттік сатып алу бойынша міндеттерін толық орындамаса да, әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген.

 

        

          

          

                  

         Жалғама: жиынтық тізбе   3   бетте.

 

 

         Тексеру комиссиясының 

         мүшесі                                                                         А.Нурбосынова

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Блог председателя