19/05/2024  Жексенбі

«Рахат ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде жүргізілген жергілікті бюджеттен бөлінген қаражатты, соның ішінде жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке бөлінген нысаналы трансферттерді, пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін бақылаудың қорытындысы бойынша

Ағымдағы жылдың 30 қазанында болып өткен тексеру комиссиясының отырысында «Рахат ауылы әкімінің аппараты»мемлекеттік мекемесінде жергілікті бюджеттен бөлінген қаражатты, соның ішінде жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке бөлінген нысаналы трансферттерді, пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін бақылаудың нәтижелері қаралды. Отырыста бақылау объектісімен бюджет заңнамасының және мемлекеттік сатып алулар туралы заңнама талаптарының тиісті дәрежеде сақталмауы себепті жалпы сомасы 17 739,8 мың теңге  заң бұзушылықтарына жол берілгені аталып өтті.

Отырыстың қорытындысы бойынша тиісті қаулы қабылданып, Рахат ауылы әкімінің атына жолданды.

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы