19/05/2024  Жексенбі

«Баутин ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінебюджеттік бағдарламалар, бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану процессі, жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке бөлiнген нысаналы трансферттер, мемлекеттік сатып алуды жүргізудің, есеп пен есептілік рәсімдерінің анықтығы мен дұрыстығына жүргізілген бақылау нәтижелері туралы

        Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының 2015 жылдың 09 қазанындағы отырысында «Баутин ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне бюджеттік бағдарламалар, бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану процессі, жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке бөлiнген нысаналы трансферттер, мемлекеттік сатып алуды жүргізудің, есеп пен есептілік рәсімдерінің анықтығы мен дұрыстығына жүргізілген бақылау нәтижесі қаралды.

         Бақылау қорытындысы бойынша жалпы сомасы 49 905,6 мың теңгеге заң бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды. 

            Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 67-бабының 12-тармағының талабына және Қазақстан Республикасы Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидалары туралы бұйрығының  31-тармағына сәйкес байланыс қызметтеріне ақы төлеуге арналған шығыстарды бақылауда, ұялы телефон байланысының шығыстарына шығын жоспарланбай жалпы сомасы 10,8 мың теңге қаражат шығындалғандығы анықталды. 

Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын жасау ережесінің 50, 53 тармақтарының талаптарына сәйкес, стратегиялық жоспарлар әзiрлемейтiн бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерімен жоспарлы кезеңге арналған бюджет қаражатын жоспарлау көлемi, нәтижелiлiк және тиiмдiлiк көрсеткiштерi бар бюджеттiк бағдарлама әзірленбеген. 

Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының 33-бабының 1, 2 тармақтары  және 34-бабының 1 тармағының талаптары сақталмаған. Яғни, ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге шақыру хаты жолданбаған және әлеуетті өнім берушінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға жазбаша келісімі жолданбаған. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тарапынан тиісті хаттама жасақталмаған.

Аталған заңның 40-бабының 2 тармағы басшылыққа алынбай, тiркелуге жататын мемлекеттiк сатып алу туралы шартты тапсырыс беруші оны жасағаннан кейiн не өнім беруші конкурстық құжаттамада не аукциондық құжаттамада көзделген шарттың орындалуын қамтамасыз етудi толық енгiзгеннен кейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей мемлекеттiк сатып алу туралы шарттарды тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi органға ұсынылмаған.

Сондай-ақ, аталған серіктестікпен 03.02.2014 жылғы №31 келісім-шартқа 10.10.2014 жылы жалпы сомасы 10 000,0 мың теңгеге №1 санды қосымша келісім  және 26.10.2014 жылы жалпы сомасы 6 884,9 мың теңгеге №2 санды қосымша келісім шарттар жасақталған.  

Сонымен қатар, 2015 жылы мекеме тарапынан мектеп-гимназиясының оқушыларын тегін тасымалдауға көліктік қызмет көрсетуге келісім шарт мемлекеттік сатып алу туралы заңының 33-бабының 2 тармағы және 34-бабының 1-тармағының бұзылуына жол берген.  

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы