19/05/2024  Жексенбі

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы

М.Ө. Нысанбаевқа

Жергілікті бюджеттен бөлінген қаражатты, соның ішінде жоғары бюджеттен төменгі бюджетке берілген нысаналы трансферттерді, пайдаланудың Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкестігін бақылау нәтижелері бойынша

ҚОРЫТЫНДЫ

1. Бақылаудың мақсаты:

Жергілікті бюджеттен бөлінген қаражатты, соның ішінде жоғары бюджеттен төменгі бюджетке берілген нысаналы трансферттерді, пайдаланудың Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкестігіне тақырыптық  бақылау жүргізу.

 

2. Бақылау объектісі:

«Баутин ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

 

3. Бақылаудың мәні:

Бюджеттік бағдарламалар; бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану процессі; жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке бөлiнген нысаналы трансферттер; есеп пен есептілік; мемлекеттік сатып алуды жүргізудің рәсімдері.

 

4. Негізгі (талдамалық) бөлік

Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылаудың қорытындысы бойынша  жалпы сомасы 49 905,6 мың теңгеге бюджеттік және басқа да заңнамалардың бұзушылықтары орын алды.

Атап айтқанда:

            1.     Қазақстан Республикасының 04.12.2008 жылғы № 95 IV Бюджет

кодексінің (одан әрі - Бюджет кодексі) 67-бабының 12-тармағының талабына сәйкес, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы 13.03.2013 жылғы «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидалары» №73 бұйрығының  31-тармағына сәйкес байланыс қызметтеріне ақы төлеуге арналған шығыстарды бақылауда, 2013 жылы сәуір-тамыз айларында ұялы телефон байланысының шығыстарына шығын жоспарланбай жалпы сомасы 10,8 мың теңге қаражат шығындалғандығы анықталды.  

2.Қазақстан Республикасы экономика және бюджеттік  жоспарлау министрiнiң 13.03.2013ж. №72 бұйрығымен бекiтiлген «Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын жасау ережесінің» 50, 53 тармақтарының талаптарына сәйкес, стратегиялық жоспарлар әзiрлемейтiн бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерімен жоспарлы кезеңге арналған бюджет қаражатын жоспарлау көлемi, нәтижелiлiк және тиiмдiлiк көрсеткiштерi бар бюджеттiк бағдарлама әзірленбегендігі анықталды.

3.Мекеме мектеп-гимназиясының оқушыларын тегін тасымалдауға көліктік қызмет көрсетуге «Үш тұра» ЖШС-гі мен 03.02.2014 жылы жалпы сомасы 3 556,9 мың теңгеге №31  келісім шарт жасақтаған.

Алайда, мекеме тарапынан мемлекеттік сатып алу туралы Заңының 33-бабының 1, 2 тармақтары  және 34-бабының 1 тармағының талаптары сақталмаған. Яғни, ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге шақыру хаты жолданбаған және әлеуетті өнім берушінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға жазбаша келісімі жолданбаған. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тарапынан тиісті хаттама жасақталмаған.

Сонымен қатар, аталған заңның 40-бабының 2 тармағы басшылыққа алынбай, тiркелуге жататын мемлекеттiк сатып алу туралы шартты тапсырыс беруші оны жасағаннан кейiн не өнім беруші конкурстық құжаттамада не аукциондық құжаттамада көзделген шарттың орындалуын қамтамасыз етудi толық енгiзгеннен кейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей мемлекеттiк сатып алу туралы шарттарды тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi органға ұсынылмаған.

Сондай-ақ, аталған серіктестікпен 03.02.2014 жылғы №31 келісім-шартқа 10.10.2014 жылы жалпы сомасы 10 000,0 мың теңгеге №1 санды қосымша келісім  және 26.10.2014 жылы жалпы сомасы 6 884,9 мың теңгеге №2 санды қосымша келісім шарттар жасақталған.  

03.02.2014 жылғы №31 санды келісім шартқа 30.01.2015 жылы жалпы сомасы 3 556,9 мың теңгеге №3 санды қосымша келісім жасақталған. 09.02.2015 жылы жалпы сомасы 4 077,1 мың теңгеге №40 санды келісім шарт және 10.04.2015 жылы жалпы сомасы 21 819,0 мың теңгеге №66 санды келісім шарт жасақталған.

Мекеме тарапынан 11.02.2015 жылы №89/1 санды хатпен «Үш тұра» ЖШС-не шақыру жолданған. Алайда, Заңның 33-бабының 2 тармағы және 34-бабының 1-тармағы сақталмаған.

Нәтижесінде бақылау қамтыған аралықта жалпы сомасы 49 894,8 мың теңгегемемлекеттік сатып алу заңбұзушылығы анықталды.

 

5. Бақылау барысында қабылданған шаралар

Бақылау барысында жіберілген кемшіліктер жөнінде пікір алмасулар мен түсініктер жүргізілді.

        

6. Бақылаудың нәтижелері бойынша тұжырымдар

Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылаудың қорытындысы бойынша  жалпы сомасы 49 905,6 мың теңгеге бюджеттік және басқа да заңнамалардың бұзушылықтары орын алды.

         Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 67-бабының 12-тармағының талабына және Қазақстан Республикасы Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидалары туралы бұйрығының  31-тармағына сәйкес байланыс қызметтеріне ақы төлеуге арналған шығыстарды бақылауда, ұялы телефон байланысының шығыстарына шығын жоспарланбай жалпы сомасы 10,8 мың теңге қаражат шығындалғандығы анықталды. 

Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын жасау ережесінің 50, 53 тармақтарының талаптарына сәйкес, стратегиялық жоспарлар әзiрлемейтiн бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерімен жоспарлы кезеңге арналған бюджет қаражатын жоспарлау көлемi, нәтижелiлiк және тиiмдiлiк көрсеткiштерi бар бюджеттiк бағдарлама әзірленбеген. 

Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының 33-бабының 1, 2 тармақтары  және 34-бабының 1 тармағының талаптары сақталмаған. Яғни, ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге шақыру хаты жолданбаған және әлеуетті өнім берушінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға жазбаша келісімі жолданбаған. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тарапынан тиісті хаттама жасақталмаған.

Аталған заңның 40-бабының 2 тармағы басшылыққа алынбай, тiркелуге жататын мемлекеттiк сатып алу туралы шартты тапсырыс беруші оны жасағаннан кейiн не өнім беруші конкурстық құжаттамада не аукциондық құжаттамада көзделген шарттың орындалуын қамтамасыз етудi толық енгiзгеннен кейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей мемлекеттiк сатып алу туралы шарттарды тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi органға ұсынылмаған.

Сондай-ақ, аталған серіктестікпен 03.02.2014 жылғы №31 келісім-шартқа 10.10.2014 жылы жалпы сомасы 10 000,0 мың теңгеге №1 санды қосымша келісім  және 26.10.2014 жылы жалпы сомасы 6 884,9 мың теңгеге №2 санды қосымша келісім шарттар жасақталған.  

Сонымен қатар, 2015 жылы мекеме тарапынан мектеп-гимназиясының оқушыларын тегін тасымалдауға көліктік қызмет көрсетуге келісім шарт мемлекеттік сатып алу туралы заңының 33-бабының 2 тармағы және 34-бабының 1-тармағының бұзылуына жол берген.  

Нәтижесінде бақылау қамтыған аралықта жалпы сомасы 49 894,8 мың теңгеге мемлекеттік сатып алу заңбұзушылығы анықталды.

 

7. Бақылаудың нәтижелері бойынша ұсыныстар

         Жоғарыда айтылғандарды талдай келе төмендегілерді ҰСЫНАМЫН:

1. «Баутин ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 2015 жылдың 6 қарашасына дейін:

1) Бақылау нәтижесі бойынша анықталған кемшіліктерді қалпына келтіруді, кемшіліктер жіберген лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігін қарауды және алдағы уақытта бұндай кемшіліктердің алдын алу шараларын қарастыруды;

2)  Осы бақылау қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар бойынша уақытында Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясына хабарлауды.

        

         Тексеру комиссиясының

         мүшесі                                                                         А.И. Аменов

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы