19/05/2024  Жексенбі

«Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінде бюджет қаражатын және мемлекеттік активтерді пайдаланудың Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкестігіне және есепке алу мен есептіліктің анықтығы мен дұрыстығына жүргізілген бақылау нәтижесі туралы

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының 2015 жылдың  12 қарашасындағы  отырысында «Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінде бюджет қаражатын және мемлекеттік активтерді пайдаланудың Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкестігіне және есепке алу мен есептіліктің анықтығы мен дұрыстығына жүргізілген бақылау нәтижесі қаралды.

Бақылаумен  жалпы сомасы 838636,0 мың теңгені құрайтын бюджет қаржысы және активтері қамтылып,  жалпы сомасы 77431,2 мың теңгеге бюджет қаражатын пайдалануда заңнамалардың бұзушылықтары орын алғаны анықталды, оның ішінде: қалпына келтірілуге жататыны – 17100,0 мың теңге.

«Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінде бюджеттік заңнамалар өз деңгейінде сақталмаған, бухгалтерлік есеп жүргізуде мен есептілік жасақтауда бұзушылықтарға жол берілген.

         Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің уақытылылық принципінің нормалары толық сақталмаған, міндеттемелер бойыншақаржыландырудың жеке жоспарының жылдық сомасын айлар бойынша бөлу  міндеттемелерді  қабылдау мерзіміне, мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық рәсімдерді өткізу мерзімінесәйкес келмейді.Сонымен қатар, төлемдер бойыншақаржыландырудың жеке жоспарының жылдық сомасын айлар бойынша бөлу 2015 қаржы жылы ішінде іс-шараларды іске асыру мерзіміне сәйкес алынатынжұмыстар бойыншатөлемдерді жүзеге асыру мерзімінесәйкес келмейді.

 

Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.«Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінде бюджет қаражатын және мемлекеттік активтерді пайдаланудың Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкестігіне және есепке алу мен есептіліктің анықтығы мен дұрыстығына жүргізілген бақылау нәтижесінің қорытындысы бекітілсін.

         2.«Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы»  мемлекеттік мекемесіне 2015 жылдың 12 желтоқсанына дейін(Жайлау Н.М.)бақылау нәтижесі бойынша:

         1)алдағы уақытта бюджетті жоспарлауда және орындауда сапалылықты, тиісті заңнамалардың сақталуын қамтамасыз ету;

         2)бухгалтерлік есеп пен есептілік туралы заңнамаларды қатаң сақтау, жалпы сомасы 17100,0 мың теңгені құрайтын мердігерлер орындаған жұмыстардың сомасын бухгалтерлік есеп және есептілік бойынша қалпына келтіру;

         3)жіберілген заң бұзушылықтар мен кемшіліктердің алдын-алу, лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту бойынша шаралар алу тапсырылсын.

         3.Бақылау қорытындысы бойынша 2015 жылдың 12 желтоқсанына дейін тиісті шаралар қабылдап, қаулының орындалуы  туралы Маңғыстау облысының тексеру комиссиясына міндетті түрде  хабарлау тапсырылады.

         4.Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 140-бабының 1-бөліміне сәйкес қаулының орындалуы міндетті болып табылады.

         5.«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 462-бабының 3, 4-бөлімдеріне сәйкес мемлекеттiк бақылау мен қадағалау органдары (лауазымды адамдар) өз құзыретi шегiнде берген заңды талаптарын немесе нұсқауларды, қаулыларды орындамау немесе тиiсiнше орындамаған жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

         6.Осы қаулының орындалуын қадағалау тексеру комиссиясының мүшесі А.Қ.Нұрбосыноваға жүктелсін.

 

        

         Төраға                                                               М. Нысанбаев

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы