19/05/2024  Жексенбі

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы М.Ө. Нысанбаевқа

Бақылау нәтижелері бойынша
ҚОРЫТЫНДЫ

Бақылаудың мақсаты:

Жергілікті бюджеттің орындалуын бақылау.

 

Бақылау объектісі:

«Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

 

Бақылаудың мәні: 

Бюджеттік бағдарламалар, бюджет қаражаты, мемлекет активтері, жоғарғы тұрған бюджеттен бөлінген мақсатты трансферттер, есеп пен есептілік және мемлекеттік сатып алуды жүргізу мәселелері.

 

Бақылаубюджет және активтерді бақылау бөлімінің бас маманы Г.Ш.Кабдышевамен жүргізілді.

 

Бақылаумен қамтылған кезең: 2013 жылдың 1 қазаны - 2015 жылдың 1 қазаны аралығы

 

Негізгі (талдамалық) бөлік:

 

«Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінде жүргізілген бақылаумен  жалпы сомасы 838636,0 мың теңгені құрайтын бюджет қаржысы және активтері қамтылып,  жалпы сомасы 77431,2 мың теңгеге бюджет қаражатын пайдалануда заңнамалардың бұзушылықтары орын алғаны анықталды, оның ішінде: қалпына келтірілуге жататыны – 17100,0 мың теңге.

Атап айтқанда:

 

         1-тармақ. Қазақстан Рспубликасының бюджет жүйесінің уақытылылық принципінің нормалары толық сақталмаған.Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің» 2-параграфының 6-тармағы бұзылған. Атап айтқанда, 2015 жылы: 002 «Қала құрылысын дамытудың кешенді схемаларын  және елді мекендердің бас жоспарларынәзірлеу» бюджеттік бағдарламасы бойынша - 23198,0 мың теңге, 108 «Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін  және концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, концессиялық жобаларды консультативтік  сүйемелдеу» бюджеттік бағдарламасы бойынша - 28821,0 мың теңге экономикалық сыныптама ерекшеліктері  тұрғысынан міндеттемелер бойыншақаржыландырудың жеке жоспарының жылдық сомасын айлар бойынша бөлу  міндеттемелерді  қабылдау мерзіміне, мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық рәсімдерді өткізу мерзімінесәйкес келмейді.Сонымен қатар, төлемдер бойыншақаржыландырудың жеке жоспарының жылдық сомасын айлар бойынша бөлу 2015 қаржы жылы ішінде іс-шаралардыіске асыру мерзіміне сәйкес алынатынжұмыстар бойыншатөлемдерді жүзеге асыру мерзімінесәйкес келмейді.

2-тармақ.  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 санды қаулысымен бекітілген   «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесінің» 13-тармағы сақталмай, 2013 жылы 168 «Қосымша құнға салық» ерекшелігі бойынша үнемделген 197,0 мың теңге қаржы сыйақы төлеуге жұмсалған.

3-тармақ. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы N 393 санды бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесінің» 4,34,142- тармақтарының талаптары сақталмай, 2014 жылы жалпы сомасы 17100,0 мың теңгені құрайтын мердігерлер орындаған жұмыстардың сомасына 2411 «Аяқталмаған құрылыс» қосалқы шотының дебетіне жазба жүргізілмеген және 2015 жылдың 01 қазан жағдайына бухгалтерлік тіркелімдерде, 2015 жылдың 01 қаңтар жағдайына, 2015 жылдың 01 шілде жағдайына бухгалтерлік баланста көрсетілмеген. Яғни, негізсіз шығысталған.

4-тармақ.Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы N 393 санды бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесінің» 4,34- тармақтарының талаптары сақталмай, 2014 жылдың 01 шілде жағдайына бухгалтерлік тіркелімде - №6 мемориалдық ордерде есепте тұрған жалпы сомасы 8115,2 мың теңгені құрайтын мердігерлерге кредиторлық берешек  (5% ұсталым) бухгалтерлік баланста көрсетілмеген.

 

 

Бақылау барысында қабылданған шаралар

         Бақылау барысында шаралар қабылданбаған.

 

Бақылау нәтижелері бойынша тұжырымдар

 

 «Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінде бюджеттік заңнамалар өз деңгейінде сақталмаған, бухгалтерлік есеп жүргізуде мен есептілік жасақтауда бұзушылықтарға жол берілген.

         Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің уақытылылық принципінің нормалары толық сақталмаған, міндеттемелер бойыншақаржыландырудың жеке жоспарының жылдық сомасын айлар бойынша бөлу  міндеттемелерді  қабылдау мерзіміне, мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық рәсімдерді өткізу мерзімінесәйкес келмейді.Сонымен қатар, төлемдер бойыншақаржыландырудың жеке жоспарының жылдық сомасын айлар бойынша бөлу 2015 қаржы жылы ішінде іс-шаралардыіске асыру мерзіміне сәйкес алынатынжұмыстар бойыншатөлемдерді жүзеге асыру мерзімінесәйкес келмейді.

Қызметкерлерге сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу тәртібі сақталмай, 2013 жылы 168 «Қосымша құнға салық» ерекшелігі бойынша үнемделген қаржы сыйақы төлеуге жұмсалған.

 

Бақылаудың нәтижелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар

         Жоғарыда айтылғандарды талдай келе төмендегілерді ҰСЫНАМЫН:

1.Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында  «Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүргізілген сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау нәтижесін қарауды ұсынамын.

         2«Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне 2015 жылдың 12 желтоқсанына дейін(Жайлау Н.М.)бақылау нәтижесі бойынша:

         1)алдағы уақытта бюджетті жоспарлауда және орындауда сапалылықты, тиісті заңнамалардың сақталуын қамтамасыз етуді;

         2)бухгалтерлік есеп пен есептілік туралы заңнамаларды қатаң сақтауды, жалпы сомасы 17100,0 мың теңгені құрайтын мердігерлер орындаған жұмыстардың сомасын бухгалтерлік есеп және есептілік бойынша қалпына келтіруді;

         3)жіберілген заң бұзушылықтар мен кемшіліктердің алдын-алу, лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту бойынша шаралар алуды тапсыруды ұсынамын.

                                    

         Жалғама: жиынтық тізбе   2  бетте.

 

 

         Тексеру комиссиясының 

         мүшесі                                                                         А.Нурбосынова

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы