19/05/2024  Жексенбі

                                                        Келісілді__________

Маңғыстау облысы бойынша тексеру

комиссиясының төрағасы М.Нысанбаев

ПРЕСС- РЕЛИЗ

 «Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінде жүргізілген бақылау нәтижесі туралы

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының 2015 жылдың  12 қарашасындағы  отырысында «Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінде бюджет қаражатын және мемлекеттік активтерді пайдаланудың Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкестігіне және есепке алу мен есептіліктің анықтығы мен дұрыстығына жүргізілген бақылау нәтижесі қаралды.

Бақылаумен  жалпы сомасы 838636,0 мың теңгені құрайтын бюджет қаржысы және активтері қамтылып,  жалпы сомасы 77431,2 мың теңгеге бюджет қаражатын пайдалануда заңнамалардың бұзушылықтары орын алғаны анықталды, оның ішінде: қалпына келтірілуге жататыны – 17100,0 мың теңге.

«Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінде бюджеттік заңнамалар өз деңгейінде сақталмаған, бухгалтерлік есеп жүргізуде мен есептілік жасақтауда бұзушылықтарға жол берілген.

         Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің уақытылылық принципінің нормалары толық сақталмаған, міндеттемелер бойыншақаржыландырудың жеке жоспарының жылдық сомасын айлар бойынша бөлу  міндеттемелерді  қабылдау мерзіміне, мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық рәсімдерді өткізу мерзімінесәйкес келмейді.Сонымен қатар, төлемдер бойыншақаржыландырудың жеке жоспарының жылдық сомасын айлар бойынша бөлу 2015 қаржы жылы ішінде іс-шараларды іске асыру мерзіміне сәйкес алынатынжұмыстар бойыншатөлемдерді жүзеге асыру мерзімінесәйкес келмейді.

Қызметкерлерге сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу тәртібі сақталмай, 2013 жылы 168 «Қосымша құнға салық» ерекшелігі бойынша үнемделген қаржы сыйақы төлеуге жұмсалған.

         Бақылау нәтижесі бойынша аталған заң бұзушылықтарды  алдағы уақытта болдырмау мақсатындағы ұсынымдар мен тапсырмалардан тұратын қаулы қабылданды.

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы