19/05/2024  Жексенбі

ПРЕСС- РЕЛИЗ

Қарақия ауданында жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақытылылығын және жергілікті бюджет қаражатының пайдаланылуына жүргізілген бақылаудың нәтижесі туралы

Жалпы сомасы 11 587 779,1 мың теңге қаржы қамтылып, бақылаудың қорытындысы бойынша 942696,2мың теңгеге заң бұзушылықтар анықталды, оның ішінде қалпына келтірілуге (өтелуге) жататыны – 9845,6 мың теңге. Процедуралық бұзушылықтар  4874093,8 мың теңгені құрайды.

Бюджетке түскен түсімдер бойынша анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 18 412 532,0 мың теңге.

Аумақты дамыту бағдарламасын жасауға негіз болатын 2015-2019 жылдарға әлеуметтік-экономикалық даму болжамы әзірленбеген.

Қарақия ауданының аумағын дамыту бағдарламасының 2013-2014 жылдарға мониторингтеу есебі жасалмаған.

Жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді болжау, жоспарлау және орындау бюджет және басқа да Қазақстан Республикасының заңнамаларының талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы қамтамасыз етілмеген.

Бюджет шығыстарын жоспарлауда және бюджетті орындауда бюджет жүйесінің тиімділік және негізділік принциптері толық сақталмаған.

Жекелеген бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларында тікелей нәтиже көрсеткіштері, сапа және тиімділік көрсеткіштері көрсетілмеген.

«Жол картасы – 2020» бағдарламасында көзделген нәтижелерге қол жеткізілмеген.

«Тұрмыс-Сервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жарғылық капиталын ұлғайтуға жасалған қаржы-экономикалық негіздемеге жергілікті уәкілетті жоспарлау органы дайындауы тиіс «оң» экономикалық қорытынды берілмесе де, Кәсіпорынның жарғылық қорын ұлғайтуға 28 000,0 мың теңге қаражат бөлінген.

Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру кезінде алу-беру актілерінің қолданыстағы заңнамаға сәйкес уақытылы жасалмағаны анықталды.

2015 жылы жалпы сомасы 9500,0 мың теңгеге Құрық селосындағы М.Жолболдин саябағын көгалдандыру қызметіне белгіленген тәртіппен жобалау сметасы жасалмаған және көгалдандыру қызметін іске асырған шаруашылық жүргізу құқығындағы «Тұрмыс-Сервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жарғысында аталған қызмет түрі көзделмеген. 

Тапсырыс берушілермен сметалық құжаттамаларда көрсетілген уақытша имараттардан қайтаруға жатқызылатын бюджет қаржысының мердігерлермен қайтарылуы қамтамасыз етілмеген.

Уақытылы орындалмаған жұмыстар үшін айыппұлдар уақытылы есептеліп, талап етілмеген және шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісті түрде орындамаған өнім берушілерді жосықсыз қатысушылар деп тану үшін сотқа жүгінбеген.

Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарлары әзірленіп, бекітілмеген және мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарларымен көзделмеген тауарлар, қызметтер мен жұмыстардың сатып алынуына жол берілген.

Аудан бойынша бухгалтерлік, бюджеттік есептің жүргізілуі және есептіліктің жасалуы тиісті деңгейде жүргізілмеген.

Бақылаумен қамтылған кезеңде Қашаған Күржіманұлы атындағы орта мектебінің 4 (төрт) қызметкеріне жалпы сомасы 2 991,0мың теңге қаражаттыңнегізсіз артық аударылып отырғандығы анықталды.

Сонымен қатар, ұялы телефон байланысына шығындар жоспарланбағанымен, нақты түрде оған қаражат шығындалған; іссапаршығыстары негізсіз өтелген; бекітілген нормативтен артық телефон нүктелері бары және нормадан артық жұмсалған жанар-жағармайлар анықталған.

Орын алған заң бұзушылықтарының басты себептерілауазымды тұлғалардың өз міндеттеріне жауапты қарамауы, бюджет заңнамасының және мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарының тиісті дәрежеде сақталмауы болып табылады.

Отырыстың қорытындысы бойынша бақылау объектілеріне  анықталған бұзушылықтар мен жұмыстағы кемшіліктерді жою бойынша шешім мен ұсыныстардан тұратын және бұдан әрі оларға жол бермеу бойынша шаралар қабылдауға қаулы мен ұсынымдар жолданды.

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы