19/05/2024  Жексенбі

«Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі мен бағынышты мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарында  бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға бөлінген бюджет қаражаттарының және мемлекеттік активтердің тиімділігіне жүргізілген бақылау қорытындысы бойынша 2015 жылдың 04 мамырында қабылданған №02-02/4 санды  қаулысының орындалу нәтижесі туралы

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының  2016 жылдың  11 ақпанындағы отырысында «Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі мен бағынышты мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарында  бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға бөлінген бюджет қаражаттарының және мемлекеттік активтердің тиімділігіне жүргізілген бақылау қорытындысы бойынша шығарылған қаулының орындалу нәтижесі қаралды.

         «Каспий» кәсіптік футбол клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  іс-сапар шығындарын өтеуде артық есептелген және  шетел валютасының курсын дұрыс қолданбауы салдарынан артық төленген қаржыны қалпына келтіру бойынша сотқа талап арыз түсірген.

         Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Қаулының: шетел валютасының курсын дұрыс қолданбауы салдарынан артық төленген жалпы сомасы 3507,9 мың теңгені құрайтын қаржыны қалпына келтіру бойынша тармағының күшін жоюды, жалпы сомасы 5162,4 мың теңгені құрайтын іс-сапар шығындарын өтеуде артық есептелген қаржыны қалпына келтіру бойынша тармағын күшінде қалдыру  туралы 2015 жылдың 14 қыркүйегінде №2-2110/2015 санды шешім қабылдаған.

         Аталған шешім бойынша  Маңғыстау облысы бойынша Тексеру комиссиясымен де, «Каспий» кәсіптік футбол клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнымен де Маңғыстау облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істері бойынша аппеляциялық сот алқасына  аппеляциялық арыз түсірілген болатын.

          Маңғыстау облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істері бойынша аппеляциялық сот алқасының  2015 жылдың 12 қарашадағы №2а-988-15 санды қаулысымен   2015 жылдың 14 қыркүйегіндегі №2-2110/2015 санды шешімі өзгеріссіз қалдырылды.

         Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

         1. Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының 2015 жылдың  04 мамырындағы қаулысының 5-тармағының 2-бөліміндегі қалпына келтірілуге тиісті  4021,8 мың теңге сома 3507,9 мың теңгеге азайтылып, 513,9 мың теңге қалпына келтірілуге жататын сома болып өзгеріс енгізілсін.

         2.Қаулының көшірмесі «Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесімен«Каспий» кәсіптік футбол клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына, сот орындаушыларына жіберілсін.

         3.«Каспий» кәсіптік футбол клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына жалпы сомасы 5162,4 мың теңгені құрайтын іс-сапар шығындарын өтеуде артық есептелген қаржыны қалпына келтіру бойынша 2016 жылдың 15 сәуіріне дейін тиісті шаралар қабылдап, Маңғыстау облысының тексеру комиссиясына міндетті түрде  хабарлау тапсырылады.

         4.«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 462-бабының 3, 4-бөлімдеріне сәйкес мемлекеттiк бақылау мен қадағалау органдары (лауазымды адамдар) өз құзыретi шегiнде берген заңды талаптарын немесе нұсқауларды, қаулыларды орындамау немесе тиiсiнше орындамаған жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

         5.Осы қаулының орындалуын қадағалау тексеру комиссиясының мүшесі А.Қ.Нұрбосыноваға жүктелсін.

 

        

         Төрағаның м.а                                                          Е.Гапуов

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы