09/05/2024  Бейсенбі

«Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы»  мемлекеттік мекемесінде бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалау және мемлекеттік активтерге жүргізілген бақылау нәтижесі

Ағымдағы жылдың  18 желтоқсанында  Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Отырыста  «Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы»  мемлекеттік мекемесінде бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалау және мемлекеттік активтерге жүргізілген бақылау нәтижесі қаралды.

Бақылау нәтижесі бойынша келесі заң бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды:

Бақылау нәтижесі бойынша  жалпы сомасы 1 454 836,5 мың теңгеге бюджет қаражатын пайдалануда, 7 919 934,3 мың теңгеге активтерді пайдалануда заңнамалардың талаптары өз дәрежесінде сақталмағаны анықталды.

Мекемемен 2013-2014 жылдары бюджеттік  бағдарламаларды іске асыруда Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесінің уақытылылық, негізділік, нәтижелілік принциптерінің нормалары  тиісті деңгейде  сақталмаған.

Бюджеттік бағдарламаларды жасақтауда  формальдық тәсіл қолданылған, көзделген тікелей және түпкілікті көрсеткіштері, сапа, тиімділік көрсеткіштері нақты, өлшемді емес, кейбір жағдайларда көзделген тиімділік көрсеткіштері іс жүзінде жүзеге асырылмаған. Атап айтқанда, бақылаумен қамтылған 27 бюджеттік бағдарламалардың 15-і бойынша көзделген тікелей және түпкілікті көрсеткіштері, сапа, тиімділік көрсеткіштері нақты, өлшемді емес, 3-і бойынша қол жеткізілмеген, 1-і бойынша тиімділік көрсеткіші іс жүзінде жүзеге асырылмаған. Ал, 1 бюджеттік бағдарлама бойынша бюджет шығыстарының бағытын айқындайтын және нәтиже көрсеткіштері мен бюджет шығыстарын қаржыландыру көлемдерін қамтитын Бюджеттік бағдарламасы тіптен жасақталмаған.

Сонымен қатар, Мекеменің Ережесінде көзделмеген, яғни міндетіне кірмейтін автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Бюджет шығындарын жоспарлаудабюджеттік бағдарламаларқажетті ресурстардың сандық және қаржылық ақпараттары негiзiнде қамтамасыз етілмеген.

Бюджет шығыстарын орындауда мерзімі төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына сәйкес орындалмай, Бюджет жүйесінің уақытылылық принципінің нормалары өз дәрежесінде сақталмаған.

Мекемеменкөрсетiлген қызметтiң жеткiзiлуiнің растығы және дұрыстығы қамтамасыз етілмегендігі анықталды. Оның ішінде,стихиялы қоқыстарды жою бойынша  жалпы сомасы 1 596,0 мың теңгеге қызмет көрсетілмей, негізсіз  қаржы аударылған.

Мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысын және басқа да төлемақыларын есептеуде жалпы сомасы 325,4 мың теңгеге бюджет шығындары артық жоспарланған.

Мекемеде кейбір негізгі құралдар лауазымды жауапты тұлғалардың сақталуына берілмеген және олардың сақталуы мен бақылауы қамтамасыз етілмеген.

Бақылау нәтижесі бойынша аталған заң бұзушылықтарды  алдағы уақытта болдырмау мақсатындағы ұсынымдар мен тапсырмалардан тұратын қаулы қабылданды.

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы