18/05/2024  Сенбі

«Ақтау қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің уақытылығы мен толықтығына жүргізілген мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың қорытындысы туралы

Ағымдағы жылдың 3 маусымында Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысы болып өтті. Отырыста «Ақтау қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің уақытылығы мен толықтығына жүргізілгенмемлекеттік аудит пен қаржылық бақылаудың нәтижелері қаралды.

Отырыста қалалық жер қатынастары бөлімінің лауазымды тұлғаларының өз міндеттеріне жауапты қарамауы және жер заңдарымен, ережелермен көзделген Бөлімнің функцияларын жүзеге асыру бойынша жұмыстардың тиісті деңгейде болмай отырғандығы аталып өтті.

Аудиторлық іс-шара нәтижесінде жалпы сомасы 3 541,7мың теңге заң бұзушылықтары анықталды.

Бөліммен Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 14-1 бабының 3 тармағының 16 тармақшасына  сәйкес, жер учаскелерін жалдау шарттары талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізілмеген. Шарттарда белгiленген мерзiмде төлемақы жасау жөнiндегi мiндеттемелердi орындамаған жағдайларда шарттарды бұзып,жер учаскелерiн қайтарып беруді талап ету құқылары жүзеге асырылмаған.

Сонымен қатар, Бөліммен тексеру комиссиясының алдыңғы қаулысының ұсынымдары толық және тиісінше орындалмағаны да анықталды.

Отырыстың қорытындысы бойынша тиісті қаулы қабылданып, қалалық жер қатынастары бөліміне заң бұзушылықтарын жою жөнінде нұсқама жолданды. Сонымен бірге, Бөлімнің 2 лауазымды тұлғаларына ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 462-ші бабы бойыншаәкімшілік хаттамалар толтырылып, соттың қарауына жолданды.

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы