18/05/2024  Сенбі

«Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесіндежүргізілген аудитрлық іс-шара нәтижесі

Ағымдағы жылдың  15 маусымында Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

«Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінде (одан әрі – Мекеме) жергілікті бюджет қаражатын, оның ішінде жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке нысаналы трансферттердің пайдаланылуы мен бухгалтерлік есепті жүргізу, қаржылық есептілікті жасау анықтығына және дұрыстығына жүргізілген сәйкестік  аудитімен бюджет шығыстары бойынша жалпы сомасы 349379,6 мың теңгеге заң бұзушылықтар анықталды, оның ішінде: қалпына келтірілуге жататыны –   134489,0 мың теңге, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар – 13 бірлік, жалпы сомасы - 41004,6 мың теңге.

Мекемемен 2014-2015 жылдарға арналған бюджеттік бағдарлама жасақталмаған. Жоспарлаудың сапасыздығынан жалпы сомасы 1000,0мың теңгеге негіздеуші құжаттарсыз қаржы жоспарланып сыйақы төлеуге жұмсалған, бос жұмыс орындары болмаса да, үш қызметкерге жалпы сомасы 1730,7 мың теңгеге жұмыстарды қатар жүргізгені  үшін  қосымша ақы шығыстар көлеміне қосылып, қызметкерлерге қосымша ақы жоспарланған.

Бухгалтерлік есеп жүргізу және бастапқы есеп құжаттарын  тиісті дәрежеде рәсімдеу жолға койылмай, жалпы сомасы 202159,0 мың теңгеге  жасалған жұмыстар актілері заңнама талаптарына сәйкес жасақталмаған, жалпы сомасы 9732,1 мың теңгені құрайтын операцияларуақытылы бухгалтерлік есепте көрсетілмеген, жалпы сомасы 134489,0 мың теңгені құрайтын активтер бухгалтерлік есепке алынбаған.

Мемлекеттік сатып алу өтпей қалған 2 жағдайда, жалпы сомасы 30500,0 мың теңгеге бір көзден мемлекеттік сатып алу  барысында тиісті рәсімдер іске асырылмаған. Мемлекеттік сатып алу заңнамасының талаптары қолданылмай 268,8 мың теңгеге 1 мемлекеттік сатып алу негізсіз жүргізілген және 4 жағдайда жалпы сомасы 10387,5 мың теңгеқұрайтынмемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етулер мерзімдерінен кешіктіріліп төленген.

Сонымен қатар, іс-сапар бойынша 117,1 мың теңгеге аванстық есеп уақытылы тапсырылмағаны және Мекеме 36,6 ш.м. алаңды бекітілген нормадан артық  пайдаланып отырғандығы анықталды.

Отырыста  аталған аудиторлық іс-шара нәтижесі қаралып, аудиторлық қорытынды бекітіліп, қаулы қабылданды. Мемлекеттік аудит нысандарына Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының нұсқамалары жолданды.

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы