18/05/2024  Сенбі

Ағымдағы жылдың  07 қазанында Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Отырыста «Мұнайлы аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде  жергілікті бюджетке түсетін  кірістің толықтығы мен уақтылығына жүргізілген сәйкестік  аудитінің нәтижесі қаралды.

Жүргізілген мемлекеттік аудит мәселелері бойынша Мекемеде жергілікті бюджетке түсетін  кірістің толықтығы мен уақтылығына жүргізілген сәйкестікаудитімен жалпы сомасы 135,7 мың теңгеге қалпына келтірілуге жататын заң бұзушылықтар анықталған, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар – 6 бірлік, жалпы сомасы – 18232,2 мың теңге.

 Мекемеде жалдау ақысының коэффициент мөлшерлемелері дұрыс қолданылмай, 2015 жылы 3 келісім – шарт бойынша барлығы 135,7 мың теңге жалдау ақысы кем есептелген,  яғни «Ауданның коммуналдық меншігіндегі мүлікті жалға беруден  түскен кіріс» (201508) коды бойынша түсім кем түскен.  Аталған түсімдер бойынша бюджетті нақтылауда тиісті талаптар сақталмаған, нақтылау қажетттілігі болса да, нақтылау жүргізілмеген.

 «Тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жалдаудан түсетін кіріс» (201509) коды бойынша жоспарлау барысында ағымдағы жыл бойынша  салықтық емес түсімдердің бағалау коэфициенттері арқылы анықтау формулалары қолданылып, инфляцияның болжамды деңгейі ескеріле отырып, есептеулер жүргізілмеген.

Тендер өткізілмей  мүліктер жалға беріліп, барлығы 6572,6 мың теңге жалдау ақысы түскен.

Объектілерді, мүлікті  жалға беру қабылдау-беру актілеріне 3  жағдайда қабылдау-беру тараптарының қолдары қойылмаған және мөрмен бекітілмеген.

         Отырыста  аталған аудиторлық іс-шара нәтижесі қаралып, аудиторлық қорытынды бекітіліп, қаулы қабылданды. Мемлекеттік аудит нысанына Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының нұсқамасы жолданды.

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы