18/05/2024  Сенбі

«Маңғыстау аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы туралы

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясы «Маңғыстау аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысын қарап шығып, аудиторлық іс-шара нәтижелері мемлекеттік аудит объектісімен бюджет заңнамасының және мемлекеттік сатып алулар туралы заңнама талаптарының, сондай-ақ бухгалтерлік есеп жүргізу тәртібінің тиісті дәрежеде сақталмай отырғандығын көрсететінін атап өтеді.

Аудиторлық іс-шара нәтижесінде жалпы сомасы 89 393,1 мың теңге қаржылық бұзушылықтары анықталған, оның ішінде: қалпына келтірілуге (өтелуге) жататыны – 10 257,8 мың теңге.

Сонымен бірге, жалпы сомасы 1 006 730,6 мың теңге рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар орын алғаны да анықталды.

 

Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясы

 

ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Маңғыстау аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудиттің нәтижелері бойынша дайындалған Аудиторлық қорытынды бекітілсін.

2.«Маңғыстау аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»ММ-не мемлекеттік аудит нәтижесінде анықталған заң бұзушылықтар бойынша нұсқама жолдансын.

3. Маңғыстауаудандық мәслихатынаМаңғыстау аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін сақтамау фактілері бойынша ұсыным дайындалып, жолдансын.

4. Мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша отырыс өткізілгенге дейін Мекеменің лауазымды тұлғаларының әкімшілік құқық бұзушылық жауапкершілігін қарау мақсатында Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментіне және Маңғыстау облысы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясына материалдар жолданғаны ескерілсін.

5. Осы қаулының орындалуын қадағалау мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бөлімінің басшысы А.Тағановқа жүктелсін.

 

 

Тексеру комиссиясы

төрағасының м.а.                                                      Е. Гапуов

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы