18/05/2024  Сенбі

«Құрық ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша жергілікті бюджет қаражатының пайдалануына жүргізілген мемлекеттік аудит

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының 2016 жылдың 7 қазандағы отырысында  «Құрық ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша жергілікті бюджет қаражатының пайдалануына жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесі қаралды.

Мемлекеттік аудит нәтижесінде  жалпы сомасы 7218,6мың теңгеге заң бұзушылықтары анықталды.

         Атап айтқанда:

«Құрық ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен2014-2015 жылдарға арналған 123 006 «Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмыстарын қолдау» бюджеттiк бағдарламасы жасалып, бекітілмеген.

Басқару органымен жыл сайын Кәсіпорын шығыстарының лимиттері бекітілмеген.

Кәсіпорынның 2014-2015 жылдарға арналған Даму жоспарлары уақытылы бекітілмеген.

Кәсіпорын тарапынан 2014-2015 жылдары толық пайдаланылмаған бюджет қаражаты  жоғары тұрған бюджетке қайтарылмаған.

Кәсіпорын қызметкерлеріне 2014-2015 жылдары негізсіз үстемақы төленген.

Кәсіпорын қызметкерлеріне жол жүру шығыстары туралы құжаттарынсызіссапар шығындары артық төленген.

Кәсіпорын есебіндегі село және селолық округтерде орналасқан мәдениет үйлерінің алаңдарын ұйымдардың аудандық коммуналдық мүліктің  басқару органдарымен тұрғын-жайды жалға беру шарттарына отырмай пайдаланып отырғаны анықталды.

            Кәсіпорынмен ГАЗ 322132-288 «ГАЗель-Бизнес» 12 посадочных мест» деп тауар таңбаларын көрсете отырып, жалпы сомасы 4 420,0 мың теңгегебаға ұсыныстарын сұрату тәсілімен автокөлік сатып алынған.

Анықталған заң бұзушылықтар мен кемшіліктер бюджет заңнамасының және  мемлекеттік сатып алулар туралы заңнама талаптарының, сондай-ақ бухгалтерлік есеп жүргізу тәртібінің тиісті дәрежеде сақталмауы себепті орын алып отыр.

Отырыстың қорытындысы бойынша мемлекеттік аудит объектілеріне анықталған бұзушылықтар мен жұмыстағы кемшіліктерді жою бойынша шешім мен ұсыныстардан тұратын және бұдан әрі оларға жол бермеу бойынша шаралар қабылдауға нұсқамалар жолданды.

 

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы