08/05/2024  Сәрсенбі

Бюджеттен бөлінген қаражаттың, мемлекет активтерінің пайдаланылуының сәйкестігіне және қаржылық есептілігіне бақылау

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының 2014 жылдың 25 желтоқсандағы отырысында Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық онкологиялық диспансері» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына бюджеттенбөлінген қаражаттың және активтерінің пайдалануының сәйкестігіне және қаржылық есептілігіне жүргізілген бақылаудың нәтижесі қаралды.

Бақылау барысында жалпы сомасы 106917,3 мың теңгені құрайтын бюджеттік және басқа да заңнамаларды бұзушылықтар анықталды.

Атап айтқанда:

1. 01.01.2014 ж. жағдайына Кәсіпорын қоймасында қалған дәрі-дәрмектердің («Бонефос»,«Иммутин»,«Тасигна») жалпы сомасы 84 303,9 мың теңге құраған.

2013 жыл ішінде пайдаланылған дәрі-дәрмектердің нақты түрде тұтыну мөлшеріне жасалған талдамалық есеп бойынша 01.01.2014 ж. жағдайына қоймада қалған дәрі-дәрмектер: «Бонефос» шамамен - 54 айға, «Иммутин» - 11 айға және «Тасигна» - 30 айға дейін жететіндігін көрсетеді.

Соған қарамастан, Кәсіпорынмен жалпы сомасы 95 597,1 мың теңгегеқоймада жеткілікті көлемде болғандәрі-дәрмектерді, артығымен сатып алынғаны анықталды.

01.10.2014 жылға жағдай бойынша Кәсіпорын қоймасында жалпы сомасы 129 503,5 мың теңге құрайтын тұтыну мөлшеріне жасалған талдамалық есеп бойынша шамамен 3 жылға жететін дәрі-дәрмектердің қалдықтары бар.

Қоймада қалған дәрі-дәрмектер көлемін және дәрі-дәрмектердің нақты түрде тұтыну мөлшерін ескермеу, Кәсіпорынның 01.01.2014 ж. есебі бойынша бірыңғай дистрибьюторға дәрі-дәрмектер үшін жалпы сомасы 97 467,0 мың теңгеге кредиторлық берешегінің пайда болуына әсерін тигізген.

2. Маңғыстау облысы әкімдігінің 23.08.2012 жылғы №203 Қаулысымен Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық онкологиялық диспансері» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері 20 028,0 мың теңге болып Жарғысы бекітілген, ал 01.01.2014 жылғы жылдық бухгалтерлік балансында жарғылық капиталының мөлшері 20 087,0 мың теңге болып көрсетілген, яғни ауытқушылық 59,0 мың теңгені құрайды.

3. Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 44-бабының 7-тармағының талабын сақтамай, Кәсіпорын 2013 жылы Республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің қаржы жылы ішінде толық пайдаланылмаған 3226,8мың теңгені осы уақытқа дейін жоғары тұрған бюджетке қайтармаған.

4. Іс-сапар шығындарының дұрыстығын ішінара тексеру барысында жалпы сомасы 474,4 мың теңге тәулік ақы артық төленгені анықталған.

5. Байланыс қызметтеріне ақы төлеуге арналған шығыстарды есептеуде ұялы телефон байланысының шығыстарына шығындар жоспарланбағанымен, бақылаумен қамтылған кезеңде нақты түрде ұялы телефон байланыс қызметі үшін жалпы сомасы 235,6 мың теңге қаражат шығысталған.

6.  Денсаулық сақтау басқармасының 11.12.2013жылғы №1021-К басшысының бұйрығында кредиторлық берешек болмаған жағдайда сыйақы беру қарастырылған. Алайда, Кәсіпорынның 01.01.2014 жыл жағдайынажасақталған салыстырмалы актілеріне сәйкес жалпы сомасы 103921,0 мың теңге кредиторлық берешектері бола тұра, кәсіпорын қызметкерлеріне 2 156,5 мың теңге көлемінде сыйақы берілгендігі анықталды.

7.  «Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының облыстық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының балансынан жалпы сомасы 355,9 мың теңгеге келіп түскен негізгі құралдар алу-беру актісінсіз Кәсіпорын балансына есепке алынған.

8. Кәсіпорын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 28.09.2011 жылғы №1103 «Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы» Қаулысының 2-тармағының талаптары сақталмай, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның шешімінсіз жеке тұлғадан жалпы сомасы 2 755,2мың теңгеніқұрайтын 2 дана кондиционерлерді және принтерлерді негізгі құралдар есебінде балансқа қабылдаған.

9. Қазақстан Республикасының 21.07.2007жылғы №303-III«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 31-бабының 1-тармағына сәйкес, мемлекеттiк сатып алуларды баға ұсыныстарын беруге көзделген бес жұмыс күнiн сақтамай, 2014 жылы жалпы сомасы 1700,4 мың теңгеге мемлекеттік сатып алулар өткізілген.

10. Кәсіпорын 22.09.2014 жылы жалпы сомасы 1188,0 мың теңгеге «Диас» ЖК-мен ғимаратқа пандус салу үшін №47 санды мемлекеттік сатып алу туралы келісім шарт жасасады. Келісім шартта көрсетілетін жұмысқа 30% алдын ала төлем қарастырылмағандығымен, кәсіпорынмен «Диас» ЖК-дің есеп шотына жалпы сомасы 356,4 мың теңге алдын ала төлем жасалған.

Отырыстың қорытындысы бойынша бақылау объектісіне анықталған бұзушылықтар мен жұмыстағы кемшіліктерді жою бойынша шешім мен ұсыныстардан тұратын және бұдан әрі оларға жол бермеу бойынша шаралар қабылдауға қаулы мен ұсынымдар жолданды.

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы