18/05/2024  Сенбі

«Басқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижесі

Ағымдағы жылдың  06 желтоқсанында Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Отырыста «Басқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде жүргізілген сәйкестік  аудитінің нәтижесі қаралды.

Мекемеде жергілікті бюджет қаражатының пайдалануы, бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасақтау анықтығы және дұрыстығына жүргізілген сәйкестікаудитімен жалпы сомасы 1072,2 мың теңгеге бюджетке қайтарылуға және қалпына келтірілуге жататын қаржылық заң бұзушылықтар анықталды, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтардың  жалпы сомасы – 149255,7 мың теңге.

Жалпы сомасы 227,3 мың теңгені құрайтын  активтер балансқа алынбай, нәтижесінде бухгалтерлік есептің бұрмалануына жол берілген.

2014-2016 жыл аралығында, жұмыстың орындалысы туралы жасақталған акті мен табель бойынша көрсетілген балалар санының арасында ауытқушылық  анықталды, яғни баланың себепсіз болмаған уақытына 844,9 мың теңге негізсіз қаражат төленген.

         Отырыста  аталған аудиторлық іс-шара нәтижесі қаралып, аудиторлық қорытынды бекітіліп, қаулы қабылданды. Мемлекеттік аудит нысанына Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының нұсқамасы жолданды.

         Жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесінде анықталған бухгалтерлік есеп жүргізу ережесінің талаптарының бұзылуы фактілері бойынша лауазымды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігін қарау үшін аудиторлық іс-шара нәтижесі бойынша материал Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жолданды.

         Аудиторлық іс-шара нәтижесімен анықталған негізсіз қаражат төлену факті бойынша материал  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Маңғыстау облысы бойынша департаментіне жолданды.

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы