18/05/2024  Сенбі

«Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижесі

Ағымдағы жылдың  09 желтоқсанында Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Отырыста «Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жүргізілген сәйкестік  аудитінің нәтижесі қаралды.

Мекемеде жергілікті бюджет қаражатының пайдалануына жүргізілген сәйкестікаудитімен жалпы сомасы 14 053,7 мың теңгеге бюджетке қайтарылуға және қалпына келтірілуге жататын қаржылық заң бұзушылықтар анықталды, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтардың  жалпы сомасы – 1 345 821,5 мың теңге.

Жалпы сомасы 13 637,5 мың теңгені құрайтын  активтер балансқа алынбай, нәтижесінде бухгалтерлік есептің бұрмалануына жол берілген.

2015-2106 жылдары жүргізілген жұмыстар бойынша сметалық құжаттамаларда көрсетілген уақытша имараттардан қайтаруға жатқызылатын жалпы сомасы 416,25 мың теңге бюджет қаржысының мердігерлермен қайтарылуы қамтамасыз етілмеген.

2014-2016 жылдар аралығында 1 345 821,5 мың теңгеге жұмыстар мен қызметтер көрсетулер бойынша мемлекеттік сатып алу заңнамасының нормаларының бұзылғаны анықталды. Атап айтқанда:

Мекеме Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның заң нормаларын қолданбай жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу тәсілін негізсіз қолданып, «Қала жолдары» МКК-мен 2014 жылы жалпы сомасы 163 703,0 мың теңгеболатын автокөлік жолдарындағы нөсер кәріздерін жөндеу және күтіп ұстау, жолдың автокөлік жүретін бөліктеріне жол белгілерін салу, автокөлік жолдарындағы шұңқырларды ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 3 шарт, ал 2015 жылы жалпы сомасы 117 314,0 мың теңгеболатынавтокөлік жолдарындағы нөсер кәріздерін жөндеу және күтіп ұстау, автокөлік жолдарындағы шұңқырларды ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 2 шарт жасасқан.

Ведомстволық бағынысты ұйымның меншік түрінің өзгергеніне қарамастан Мекеме Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның заң нормаларын қолданбай жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу тәсілін негізсіз қолданып, «Қала жолдары» ЖШС-мен 2015 жылы жалпы сомасы  359 358,9 мың теңгеге9 шарт жасасқан.

2016 жылы Мекеме «Қала жолдары» ЖШС-мен жалпы сомасы 587 932,2 мың теңгеге бір көзден сатып алу тәсілімен автожолдарды орташа жөндеу, автожолдардағы шұңқырларды ағымдағы жөндеу тағы басқа жұмыстар  үшін 6 шарт жасаған. Мұнда, Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру барысында, Серіктестіктің тиісті өкілеттіктері Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында белгіленбегені ескерілмеген.

Мемлекеттік сатып алу заңнамасының басқа бұзушылықтары бойынша 117513,4 мың теңге.

Отырыста  аталған аудиторлық іс-шара нәтижесі қаралып, аудиторлық қорытынды бекітіліп, қаулы қабылданды. Мемлекеттік аудит нысанына Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының нұсқамасы жолданды.

Жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесінде анықталған бухгалтерлік есеп жүргізу ережесінің талаптарының бұзылуы фактілері бойынша лауазымды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігін қарау үшін аудиторлық іс-шара нәтижесі бойынша материал Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жолданды.

Аудиторлық іс-шара нәтижесімен анықталған мемлекеттік сатып алу заңнамасының нормаларын бұзу факті бойынша материал  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Маңғыстау облысы бойынша департаментіне жолданды.

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы