18/05/2024  Сенбі

«Маңғыстау облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесінде туристік қызметті реттеуге бөлінген бюджет қаражатына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша

Ағымдағы жылдың 18 наурызында өткен Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында «Маңғыстау облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесінде туристік қызметті реттеуге бөлінген бюджет қаражатына жүргізілген мемлекеттік аудиттің нәтижелері қаралды.

Отырыста мемлекеттік аудит объектісімен бюджет заңнамасының және мемлекеттік сатып алулар туралы заңнама талаптарының, сондай-ақ бухгалтерлік есеп жүргізу тәртібінің тиісті дәрежеде сақталмауы себепті жалпы сомасы 237 574,1 мың теңге  заң бұзушылықтарына жол берілгені аталып өтті.

Аудиторлық іс-шаралар нәтижесінде Басқармамен 2014-2016 жылдары жалпы сомасы 17 303,5 мың теңгені құрайтын қаржылық бұзушылықтарына жол берілгені анықталды, оның ішінде: бюджетке өтелуге жататыны – 2303,5 мың теңге; есепте қалпына келтірілуге жататыны – 15000,0 мың теңге. Сонымен бірге, жалпы сомасы 220 270,6 мың теңгені құрайтын рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар орын алғаны да анықталды.

Отырыстың қорытындысы бойынша тиісті қаулы қабылданып, Басқарма басшысы атына тексеру комиссиясының нұсқамасы жолданды.Сондай-ақ, заң бұзушылықтары бойынша тиісті шешім қабылдау үшін аудиторлық іс-шара нәтижесі бойынша материалды Маңғыстау облысының прокуратурасына  жолдау туралы шешім қабылданды.

Сонымен қатар, Басқарманың лауазымды тұлғаларының әкімшілік құқық бұзушылық бойынша жауапкершілігін қарау мақсатында Маңғыстау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне  материал жолданды.

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы