18/05/2024  Сенбі

«Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне бөлінген бюджет қаражатының, оның ішінде жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке нысаналы трансферттер түрінде бөлінген қаражаттың, пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысы

«Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне бөлінген бюджет қаражатының, оның ішінде жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке нысаналы трансферттер түрінде бөлінген қаражаттың, пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесінде жалпы сомасы 34,3 мың теңге қаржылық бұзушылықтары және жалпы сомасы 197 371,6 мың теңгеге рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

Анықталған заң бұзушылықтар мен кемшіліктер мемлекеттік аудит объектісімен бюджет заңнамасының және мемлекеттік сатып алулар туралы заңнама талаптарының, сондай-ақ бухгалтерлік есеп жүргізу тәртібінің тиісті дәрежеде сақталмауы себепті орын алып отыр. Жоғарыда көрсетілген заң бұзушылықтар фактілері Мекеменің лауазымды тұлғаларының өз міндеттеріне жауапты қарамағанын, қаржылық тәртіптің сақталуының тиісті дәрежеде болмауын және мамандардың Қазақстан Республикасы заңнамаларын жетік түрде меңгермегенін көрсетеді.

Әкімшілік құқық бұзушылық фактілері бойынша бақылау материалы Маңғыстау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жолданды.

Отырыстың қорытындысы бойынша мемлекеттік аудит объектілеріне анықталған бұзушылықтар мен жұмыстағы кемшіліктерді жою бойынша шешім мен ұсыныстардан тұратын және бұдан әрі оларға жол бермеу бойынша шаралар қабылдауға нұсқама жолданды.

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы