18/05/2024  Сенбі

«Ақтау қалалық құрылыс бөлімі»мемлекеттік мекемесінде жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижесі

Ағымдағы жылдың  07 сәуірінде  Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Отырыста «Ақтау қалалық құрылыс бөлімі»мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – Мекеме) жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесі қаралды.

«Мекемеде жергілікті бюджет қаражатын, оның ішінде жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке нысаналы трансферттердің, бюджеттік инвестициялардың пайдалануына жүргізілген сәйкестік және тиімділік аудитімен жалпы сомасы 81 648,8 мың  теңгеге қаржылық заң бұзушылықтар анықталды, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар – 10 бірлік, жалпы сомасы  273 236,2 мың теңге.

Кейбір бюджеттiк бағдарламалардың түпкілікті нәтижелерінде бюджеттік бағдарламаның мақсатына сандық өлшенетін қол жеткізуі көрсеткіштері, мемлекеттік органның қол жеткізуі шартталған тікелей нәтижелер көрсетілмеген.

Мекемеде есеп қызметкерлері ауысқан кезде істерді тапсыру жүргізілмеген және бастапқы құжаттарды және бухгалтерлiк есепке алу тiркелiмдерiн электрондық тасымалдағыштарда жасау кезiнде осындай құжаттардың көшiрмесiн қағаз тасығыштарда дайындалмаған, яғни, ішкі бақылау жүйесі жеткілікті  дәрежеде ұйымдастырылмаған. Нәтижесінде, кейбір шығындар ұзақ мерзімді активтерді есепке алу шотында, яғни  бухгалтерлік есепте көрсетілмеген, бухгалтерлік есептің бұрмалануына жол берілген, бухгалтерлік есеп сапалы жүргізілмеген.

Құрылыс нысанының келесі қаржы жылына өтпелілігіне  және қаржы жылында толық қаржыландыру жүргізілгеніне қарамастан жұмыстың орындалысы туралы әрбір актіден жалпы сомадан бес пайыздық ұстау жүргізілген.

Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамалармен көзделген қаржыны ұтымды және тиімді жұмсалу принципі бұзылған, мемлекеттік сатып алудың іске асырылуы және тиімді жүргізілуі қамтамасыз етілмей, бюджеттік бағдарламаның жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізілмеген.

Авторлық қадағалаусыз  құрылыс жұмысы жүргізілген. Құрылысы аяқталған нысандардың жобалау сметалық құжаттарында бюджетке қайтарылуы  көзделген қаражаттың қайтарылуы қамтамасыз етілмеген.

Орындалған жұмыстың төлемі ақша алушы пайдасына  уақтылы және толық жүргізілуі қамтамасыз етілмеген.

Бюджет жүйесінің нәтижелілік принципінің нормалары сақталмаған - бюджеттік бағдарламаларда көзделген  нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізілмеген. Атап айтқанда, 2016 жылдың қорытындысымен аудитпен қамтылған 9 даму бюджеттік бағдарламасының 2 даму бюджеттік бағдарламасының  түпкілікті нәтижесіне толық қол жеткізілмеген және 4 даму бюджеттік бағдарламасының  тікелей нәтижесінің 8 көрсеткішіне қаржыландырудың толық жүргізілмеуіне, мердігердің өз міндеттемесін уақтылы орындамауына,  мемлекеттік сатып алудың уақтылы жүргізілмеуіне  байланысты  қол жеткізілмеген.

Отырыста  аталған аудиторлық іс-шара нәтижесі қаралып, аудиторлық қорытынды бекітіліп, қаулы қабылданды. Мемлекеттік аудит нысанына Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының нұсқамасы жолданды.

Жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесінде анықталған бухгалтерлік есеп жүргізу ережесінің талаптарының бұзылуы фактілері бойынша лауазымды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігін қарау үшін аудиторлық іс-шара нәтижесі бойынша материал Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жолданды.

Аудит нәтижелері бойынша материал Ақтау қалалық прокуратурасына жолданды.

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы