18/05/2024  Сенбі

«Бейнеу аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жүргізген аудиторлық іс-шара нәтижесі

Ағымдағы жылдың 18 наурызында Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Отырыста «Бейнеу аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жүргізілген мемлекеттік аудиттің нәтижесі қаралды.

«Бейнеу аудандық бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша жалпы сомасы 32 927,2 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар және жалпы сомасы 901 693,2 мың теңгеге рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

Отырыста аталған аудиторлық іс-шара нәтижесі қаралып, аудиторлық қорытынды бекітіліп, қаулы қабылданды. Мемлекеттік аудит нысанына Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының нұсқамасы жолданды. Лауазымды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігін қарау үшін аудиторлық іс-шара нәтижесі бойынша материал Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жолданды.

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы