18/05/2024  Сенбі

Маңғыстау облыстық маслихаттың IX - сессиясында Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Мұрат Ешанкұлов Облыстық бюджеттің 2016 жылға арналған бюджеттің атқарылуы туралы жергілікті атқарушы органның есебіне қорытынды - есеп берді.

Есепте – бюджеттік  түсімдер және шығыстар, бюджеттік кредиттердің орындалуы, дебиторлық және кредиторлық қарыздардың туындауы туралы талдаудың нәтижелерін атап өтті.

Соңғы 3 жылда облыс бюджетінде болған оң өзгерістерді, яғни  облыс бюджетіне түскен барлық түсімдердің көлемі 137 332,4 млн.теңгені құрағанын, бұл көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда 24,2% ға, 2014 жылмен салыстырғанда 50% ға артқанын, сонымен бірге облыстың нақты меншікті кірісі 67 489,3 млн.теңгені құрап 2015 жылмен салыстырғанда 12,8 % ға, 2014 жылмен салыстырғанда 28% ға артқанын айтып өтті.

Бюджеттің кіріс бөлігін талдау барысында, жыл бойында 4 рет бюджетті нақтылау жүргізілгендігіне қарамастан Облыс бойынша бюджеттің кіріс бөлігі 2 560,8 млн.теңгеге орындалмаған, соның ішінде:

Облыстық бюджет - 2 492,6 млн. теңгеге (Салықтық түсімдер – 2,7 млрд.тенге),
Ақтау қалалық бюджеті - 458,8 млн.теңгеге (913,9 млн.тенге, облыс бюджетінен алатын кредиттердің түспеуі),
 Мунайлы ауданындық бюджеті  -421,0 млн.теңгеге (456,6 млн.тенге берілген бюджет кредиттерінің қайтарылмауы, 50,0 млн.тенге облыс бюджетінен түсетін кредиттер),
Жаңаозен қалалық бюджет - 270,9 млн теңгеге (280,7 млн.тенге салықтық түсімдер),
Қарақия аудандық бюджет - 90,8 млн теңгеге орындалмаған (236,2 млн.теңге берілген бюджет кредиттерінің қайтпауы).
Бірақ, бюджеттің шығыс бөлігі өзгеріссіз қалып, нәтижесінде, қолма қол ақша тапшылығы орын алған.
Бюджеттің шығыс бөлігін талдау нәтижелері.
Облыстық бюджет шығындарының көлемі 139 992,8 млн. теңге, оның орындалысы -  137 241,6 млн. теңге (98%), игерілмеген қаржы көлемі  - 2 751,2 млн.теңге. Соның ішінде:
игерілмеген шығындар көлемі - 1 305,8 млн.теңге;
бюджеттік кредиттер – 1 315,4 млн.теңге;
қаржылық активтерді сатып алуға арналған шығындар-130 млн.тенге.
Игерілмеген 1 305,7 млн. теңгенің басым көпшілігі:
 Құрылыс басқармасына тиесілі  - 781,4 млн.теңге немесе немесе 54,6 %-ы.  
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына тиесілі - 111 682,7 мың теңге;
Облыстың денсаулық сақтау басқармасында - 110 335,1 мың теңге;
Облыстық білім басқармасында  - 68 431,9 мың теңге –
Кәсіпкерлік және сауда басқармасында - 56 525,9 мың теңге
Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына тиесілі - 44 178,9 мың теңге

Есеп беру барысында Төраға игерілмеудің басты себептері – қолма- қол ақшаны бақылау шотында ақша қаражатының жеткіліксіздігі, орындалған жұмыс актілерінің уақтылы ұсынылмауы, сонымен қатар «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорынан шағын және орта бизнес субъектілеріне кредит беруге арналған өтініштердің болмауынан игерілмегендігін атап өтті.
Бюджеттік кредиттердің орындалуына талдау.

Бюджеттік кредиттердің жалпы игерілмеген көлемі 1 315 416,0 мың теңгені құрайды, соның ішінде:

963 958,0 мың теңге қала, аудан бюджеттеріне тұрғын үй құрылыстарын салуға көзделген кредиттер (913 958,0 мың теңге - Ақтау қалалық бюджетіне, 50 000,0 мың теңге  - Мұнайлы аудандық бюджетіне жоспарланған);

351 458,0 мың теңге Каспий су тұшыту зауытының өнімділігін арттыруға қарастырылған кредит.

Қаржы активтерін сатып алуға арналған шығындарды талдау нәтижелері.

Қаржы активтерін сатып алуға арналған шығындардың  130,0 млн теңгесі игерілмеген. Бұл қаражат«НК СПК Каспий» АҚ –ның жарғылық капиталын ұлғайту арқылы 33 мкр АҚҚУ көп пәтерлі тұрғын ұй құрылысын салуға көзделген. Алайда құрылыс жұмыстарының орындалуын растайтын актілердің берілмеуіне байланысты, бөлінген қаражат игерілмей қалған.
2016 жылдың қорытындысы бойынша туындаған дебиторлық және кредиторлық қарыздарды  талдау нәтижелері.

01.01.2017 жыл жағдайына дебиторлық қарыз - 638 797,0 мың теңге, соның ішінде бұрынғы жылдардан өтелмей келе жатқан қарыз -  27,6 млн.теңге.

Ал кредиторлық қарыз -   1 348,1 млн.теңгені құраған, 2015 жылмен салыстырғанда 5,3 есеге өскен. Кредиторлық қарыздың қалыптасуы - бірыңғай қазынашылық шотта қолма-қол ақша тапшылығының туындауы, жасалған жұмыстарды растайтын актілердің уақытылы тапсырылмауы болып отырғанын айтып өтті.

Сонымен бірге,  2016 жылы Тексеру комиссиясымен аудиторлық іс-шаралардың нәтижесінде 4 430, 3 мың теңгеге заң бұзушылықтар анықталғандығын, оның ішінде бюджетке қайтарылғаны және қалпына келтірілгені 1 040,7 мың теңгені құрағандығы айтылды.

Құқық қорғау органдарына процессуалдық шешім кабылдау үшін 8 материал жіберілді.

Аудиторлық іс-шаралар нәтижесінде 15 лауазымдық тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 3 621,2 мың теңгеге айыппұлдар салынғандығы айтылып өтті.

Қорытындылай келе, бюджет қаражатын мақсатты, тиімді пайдалануға және  басқаруға ұсынымдар берілді.

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы