18/05/2024  Сенбі

Ағымдағы жылдың 2 маусымында өткен Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында «Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудиттің нәтижелері қаралды.

Отырыста мемлекеттік аудит объектісімен бюджет заңнамасының және мемлекеттік сатып алулар туралы заңнама талаптарының, сондай-ақ бухгалтерлік есеп жүргізу тәртібінің тиісті дәрежеде сақталмауы себепті жалпы сомасы 218 207,2 мың теңге заң бұзушылықтарына жол берілгені аталып өтті.

Аудиторлық іс-шаралар нәтижесінде Басқармамен 2014-2016 жылдары жалпы сомасы 9 113,7 мың теңгені құрайтын қаржылық бұзушылықтар, оның ішінде: бюджетке өтелуге жататыны – 1 225,1 мың теңге; есепте қалпына келтірілуге жататыны – 7 888,6 мың теңге.

Сонымен бірге, жалпы сомасы 209 093,5 мың теңгені құрайтын рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар орын алғаны да анықталды.

Отырыстың қорытындысы бойынша тиісті қаулы қабылданып, Басқарма басшысы атына тексеру комиссиясының нұсқамасыжолданды.

Сонымен қатар, Басқарманың лауазымды тұлғаларының әкімшілік құқық бұзушылық бойынша жауапкершілігін қарау мақсатында Маңғыстау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне материал жолданды.

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы