18/05/2024  Сенбі

2017 жылдың 23 маусымында «Абай» атындағы мәдениет үйінде Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ильмуханбетова Шолпан Лазаревна Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілер күні мерекесімен мемлекеттік қызметшілерді құттықтады.

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Айгүл Қадырғалиқызы Нұрбосынова мемлекеттік қызмет беделін көтеруге қосып жүрген үлесі және адал еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен марапатталды.

Аталған шарада Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бөлімінің жетекші маманы Бектұрғанов Ғибрат Алиұлы өзінің биік жауапкершілігін сезіне отырып, Отанына адал да біліктілікпен қызмет етуге салтанатты түрде ант қабылдады.

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы