18/05/2024  Сенбі

Ағымдағы жылдың 20 шілдесінде Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына және оның ведомстволық бағыныстағы ұйымдарына жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудиттің нәтижелері қаралды.

Отырыста мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша қалпына келтіруге жататыны – 78,7 мың теңге қаржылық бұзушылықтары анықталды. Сонымен бірге, 7 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар орын алғаны анықталды.

Бюджеттік бағдарламаларды жасақтауда «Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 30.12.2014 ж. №195 бұйрығымен бекітілген   «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» ережесінің талаптары толық сақталмаған.

Отырыстың қорытындысы бойынша мемлекеттік аудит объектілеріне анықталған бұзушылықтар мен жұмыстағы кемшіліктерді жою бойынша шешім мен ұсыныстардан тұратын және бұдан әрі оларға жол бермеу бойынша шаралар қабылдауға нұсқама жолданды.

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы