18/05/2024  Сенбі

Ағымдағы жылдың 8 тамызында Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында «Ақтау қалалық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудиттің нәтижелері қаралды.

Отырыста Мекемеде жүргізілген мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы 24201,3 мың теңгеге қаржылық заң бұзушылықтар анықталды, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар –36 бірлік, жалпы сомасы 5 606 642,3 мың теңге.

Мекемеде2016 жылы республикалық бюджеттен бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен сыйақылар берілген, есепті жылдың аяғында қызметкерлердің пайдаланылмаған демалыстары бойынша резерв қалыптастырмаған.

Келісім шарттарды жасақтауда мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында орналастырылатын мемлекеттік білім беру тапсырысының тәрбиеленушілер саны және бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстарының орташа құныкөрсетілмей жасалған, сондай-ақ, қосымша білім беру жұмыстары білім беру мемлекеттік білім беру тапсырысына кірмесе де, мемлекеттік білім беру тапсырмасы ретінде шартты тікелей жасасу арқылы сатып алынған.

Бюджеттік бағдарламалар (001, 006, 009, 067) нәтижелерінің сандық көрсеткішін және оған қол жеткізудің нақты уақытын анықтау жолымен және абсолюттік, салыстырмалы, пайыздық шамада көрсетілмей бекітілген.

Кәсіпорындармен балабақшаға себепсіз келмеген балалар үшін, қызметтер көрсетілмесе де, жасалған жұмыстар акттері беріліп, Мекемемен негізсіз қаржыландырылған.

«№17 «Күншуақ» балабақшасында»бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік заңнамалары сақталмай, күрделі жұмыстар барысында орнатылған құрал-жабдықтар, авторлық қадағалау, техникалық қадағалау бойынша жұмыстар құны есепке алынбаған, жүргізілген жұмыстар бойынша сметалық құжаттамада көрсетілген уақытша имараттардан қайтарылуға тиісті қаржының мердігермен қайтарылуы қамтамасыз етілмеген, қаржылық есепте кредиторлық берешек көрсетілмеген.

«№17 «Күншуақ» балабақшасында» ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуі кезінде қаржыландырылу балалардың мектепке дейінгі білімі мен тәрбиесі саласындағы мемлекеттік тапсырысты орындау туралы жасалған жұмыстар актілері негізінде жүргізілген.

«№56 «Жұлдыз» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынында мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтін нормалар қолданылмай бір дана моноблок сатып алынған.

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы