08/05/2024  Сәрсенбі

Аудандық (қалалық) жер қатынастары бөлімдерінің

жер қатынастары саласындағы қызметінің тиімділігіне және

жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақытылылығына жүргізілген бақылау нәтижесі туралы

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының 2014 жылдың 26 желтоқсанындағы отырысында аудандық (қалалық) жер қатынастары бөлімдерінің жер қатынастары саласындағы қызметінің тиімділігіне және жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақытылылығына жүргізілген бақылау нәтижесі қаралды.

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясымен жүргізілген бақылау нәтижесінде жалпы сомасы 149 353,9 мың теңге заң бұзушылықтары анықталды, оның ішінде бюджет кірісіне өтелуге жататын түсімдер – 80 424,1 мың теңге.

Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясы

 

ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Аудандық (қалалық) жер қатынастары бөлімдерінің жер қатынастары саласындағы қызметінің тиімділігін және жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақытылылығын бақылаудың нәтижелері бойынша дайындалған Қорытынды бекітілсін.

2.Бейнеу, Маңғыстау, Мұнайлы, Қарақия аудандарының, Ақтау және Жаңаөзен қалаларының әкімдері:

1) аудандық (қалалық) жер қатынастары бөлімінің өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамалары талаптарын қатаң сақтау және өзге мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылдарын жүргізу бойынша жұмыстарының жеткілікті деңгейде болмауына назар аударсын;

2) анықталған кемшіліктерге жауапты лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігін қарау ұсынылады.

3.Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасына жер учаскелерін сатып алу-сату немесе жер пайдалану шарттарын жасау кезінде аудандық (қалалық) жер қатынастары бөлімдерімен басшылыққа алу мақсатында Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын ескеретін Үлгі шарттар жасау мүмкіндігін қарау ұсынылады.

4.Бейнеу аудандық жер қатынастары бөлімі 2015 жылдың 1 наурызына дейін:

1) ауыл, ауылдық округ әкімдерімен біріге отырып, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін алуға кезектілік тізімінің заңнамада көрсетілген мерзімдерде қолжетімділігінқамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдасын;

2) бақылаумен анықталған бұзушылықтардың алдын алу бойынша шаралар қабылдансын және жауапты лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігін қарау ұсынылады.

5.Маңғыстау аудандық жер қатынастары бөлімі 2015 жылдың 1 наурызына дейін:

1) 2014 жылдың 31 желтоқсанына дейін бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес 2015 жылға арналған бюджеттік бағдарлама әзірлеп, бекітілсін;

2) ауыл, ауылдық округ әкімдерімен біріге отырып, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін алуға кезектілік тізімінің заңнамада көрсетілген мерзімдерде қолжетімділігінқамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдасын;

3) Қазақстан Республикасының Жер және Салық кодекстерінің талаптарын ескере отырып, жер учаскелерін сатып алу-сату немесе жер пайдалану шарттарының жобалары жасалсын, оның ішіне шарттарда төлемақы жасау мерзімін белгілеуге және төлемақы жасау жөніндегі міндеттемелер шартта белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда тұрақсыздық айыбын төлеуге қатысты талаптар енгізілсін;

4) бюджет кірісіне өтелуге жататын жалпы сомасы 1 060,9 мың теңге түсімдердің бюджетке төленуін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдасын (оның ішінде: жер учаскелерін жалдау шарттарында белгіленген төлемақылар – 112,3 мың теңге және ауыл шаруашылығы өндірісіндегі шығасылар – 948,6 мың теңге);

5) бақылаумен анықталған бұзушылықтардың алдын алу бойынша шаралар қабылдансын және жауапты лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігін қарау ұсынылады.

6.Жаңаөзен қалалық жер қатынастары бөлімі 2015 жылдың 1 наурызына дейін:

1) ауыл, ауылдық округ әкімдерімен біріге отырып, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін алуға кезектілік тізімінің заңнамада көрсетілген мерзімдерде қолжетімділігінқамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдасын;

2) Қазақстан Республикасының Жер кодексінің талаптарын ескере отырып, жер учаскелерін сатып алу-сату шартының жобасы жасалсын, оның ішіне төлемақы жасау жөніндегі міндеттемелер шартта белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда тұрақсыздық айыбын төлеуге қатысты талаптар енгізілсін;

3) бюджет кірісіне өтелуге жататын жалпы сомасы 7 948,4 мың теңге түсімдердің бюджетке төленуін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдасын (оның ішінде: жер учаскелерін сатып алу-сату шарттарында белгіленген төлемақылар – 6 279,1 мың теңге, жер учаскелерін жалдау шарттарында белгіленген төлемақылар – 1 669,3 мың теңге);

4) бақылаумен анықталған бұзушылықтардың алдын алу бойынша шаралар қабылдансын және жауапты лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігін қарау ұсынылады.

7.Қарақия аудандық жер қатынастары бөлімі 2015 жылдың 1 наурызына дейін:

1) бюджет кірісіне өтелуге жататын жалпы сомасы 943,5 мың теңге түсімдердің бюджетке төленуін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдасын (оның ішінде: жер учаскелерін жалдау шарттарында белгіленген төлемақылар – 571,1 мың теңге, тұрақсыздық айыбы – 123,5 мың теңге және ауыл шаруашылығы өндірісіндегі шығасылар – 248,9 мың теңге);

2) бақылаумен анықталған бұзушылықтардың алдын алу бойынша шаралар қабылдансын және жауапты лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігін қарау ұсынылады.

8.Ақтау қалалық жер қатынастары бөлімі 2015 жылдың 1 наурызына дейін:

1) бюджет кірісіне өтелуге жататын жалпы сомасы 41 393,9 мың теңге түсімдердің бюджетке төленуін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдасын (оның ішінде: жер учаскелерін жалдау шарттарында белгіленген төлемақылар – 33 310,8 мың теңге, тұрақсыздық айыбы – 8 122,6 мың теңге және ауыл шаруашылығы өндірісіндегі шығасы – 3 060,0 мың теңге);

2) бақылаумен анықталған бұзушылықтардың алдын алу бойынша шаралар қабылдансын және жауапты лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігін қарау ұсынылады.

            9.Мұнайлы аудандық жер қатынастары бөлімі 2015 жылдың 1 наурызына дейін:

1) 2014 жылдың 31 желтоқсанына дейін бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес 2015 жылға арналған бюджеттік бағдарлама әзірлеп, бекітілсін;

2) ауыл, ауылдық округ әкімдерімен біріге отырып, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін алуға кезектілік тізімінің заңнамада көрсетілген мерзімдерде қолжетімділігінқамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдасын;

3) бюджет кірісіне өтелуге жататын жалпы сомасы 3 756,5 мың теңге түсімдердің бюджетке төленуін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдасын (оның ішінде: жер учаскелерін сатып алу-сату шарттарында белгіленген төлемақылар – 3 171,8 мың теңге, жер учаскелерін жалдау шарттарында белгіленген төлемақылар – 454,8 мың теңге және тұрақсыздық айыбы – 129,9 мың теңге);

4) бақылаумен анықталған бұзушылықтардың алдын алу бойынша шаралар қабылдансын және жауапты лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігін қарау ұсынылады.

10. Қаулыда көрсетілген аудандық (қалалық) жер қатынастары бөлімдерінің басшылары Қаулының орындалуы туралы ақпаратты 2015 жылдың 1 наурызына дейінМаңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясына ұсынулары тиіс.

11. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 140-бабының 1) тармақшасы мен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 16.04.2013 ж. № 3-НП нормативтік қаулысымен бекітілген «Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссияларының сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу қағидасының» 3-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, тексеру комиссиясының қаулысы орындалуға міндетті.

12. Бақылау барысында Бейнеу аудандық жер қатынастары бөлімімен жалпы сомасы 2 506,0 мың теңге, Мұнайлы аудандық жер қатынастары бөлімімен жалпы сомасы 2 103,2 мың теңге және Жаңаөзен қалалық жер қатынастары бөлімімен жалпы сомасы 1 592,2 мың теңге қаражаттың бюджет кірісіне өтелуі қамтамасыз етілгендігі ескерілсін.

13. Бақылаудың қорытындысы бойынша отырыс өткізілгенге дейін 16 020,0 мың теңге соманың 303101 жергілікті бюджет кодына түсірілгендігітуралы Қарақия аудандық жер қатынастары бөлімінің 15.12.2014 ж. № 01-26-3/2569 хатымен берілген ақпаратыназарға алынсын.

14. «Ақтау қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойыншабақылау материалдары іс жүргізу шараларын қабылдау үшін Ақтау қаласының прокуратурасына жолдансын.

15. Аудандық (қалалық) жер қатынастары бөлімдерінің жер қатынастары саласындағы қызметінің тиімділігін және жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақытылылығын бақылаудыңнәтижесінде анықталған фактілер бойынша тиісті аудандық (қалалық) мәслихаттарғаұсынымдар дайындалып, жолдансын.

16. Осы қаулының орындалуын қадағалау тексеру комиссиясының мүшесі Е.Гапуовқа жүктелсін.

 

Төраға                                                                      М.Нысанбаев

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы