18/05/2024  Сенбі

Ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінде Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті. Отырыста «Облыстық стоматологиялық орталығы» МКК-да бюджет қаражаты мен мемлекеттік активтерінің пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудиттің нәтижелері қаралды.

«Облыстық стоматологиялық орталығы» МКК-да бюджет қаражаты мен мемлекет активтерінің пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша жалпы сомасы 104,5 мың теңге қаржылық бұзушылықтары анықталды, оның ішінде: бюджетке өтелуге жататыны – 60,7 мың теңге. Сонымен бірге, жалпы сомасы 975,2 мың теңге рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар орын алғаны да анықталды.

Аудитпен қамтылған кезеңде Кәсіпорынның даму жоспарында сапа және тиімділік көрсеткiштерін қамтитын санмен өлшенетін түйiндi көрсеткiштер көрсетілмегені анықталды.

Сондай-ақ, аудиторлық іс-шарамен бюджет заңнамасының және мемлекеттік сатып алулар туралы заңнама талаптарының сақталмауы себепті орын алған бірқатар қаржылық және рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

Атап айтқанда, кәсіпорынның даму жоспарын бекіту кезінде 2014 және 2015 жылдарға Кәсіпорынның әкімшілік шығыстарының лимиттері белгіленіп, бекітілмегені анықталды.

Сонымен бірге жалпы сомасы 975,2 мың теңгені құрайтын тауарлар Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдарыболып табылмайтын өнім берушілерден сатып алынған.

Отырыстың қорытындысы бойынша мемлекеттік аудит объектісінеанықталған бұзушылықтарды жою туралы және оларға жол берген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау туралы нұсқама және анықталған кемшіліктерді бұдан әрі болдырмау мақсатында бірқатар ұсынымдар жіберілді.

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы