18/05/2024  Сенбі

Ағымдағы жылдың  25 қыркүйегінде Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті. Отырыста «Қарақия аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жергілікті бюджет қаражатының пайдалануына жүргізілген сәйкестік аудитінің нәтижесі қаралды.

«Қарақия аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша жалпы сомасы 356 924,3 мың теңгеге бюджетке қайтарылуға және қалпына келтірілуге жататын қаржылық заң бұзушылықтар анықталды. Сонымен бірге, жалпы сомасы 839 183,7  мың теңге рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

Соныңішінде, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңының талабы өрескел бұзылып, өнім берушігеконкурстық процедуралар өткізілместен сомасы 98 907,9 мың теңге қосымша келісім-шарт жасақталып жол құрылыс жұмыстарын жасау тапсырылған.

Отырыста  аталған аудиторлық іс-шара нәтижесі қаралып, аудиторлық қорытынды бекітіліп, қаулы қабылданды. Мемлекеттік аудит нысанына Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының нұсқамасы жолданды.

Жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесінде анықталған бухгалтерлік есеп жүргізу ережесінің талаптарының бұзылу фактілері бойынша лауазымды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігін қарау үшін аудиторлық іс-шара нәтижесі бойынша материал Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне және Маңғыстау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының департаментіне жолданды.

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы