17/05/2024  Жұма

Ағымдағы жылдың 04 қазанында өткізілген Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында «Түпқараған аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – Мекеме) жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесі қаралды.

Мекемеде жүргізілген сәйкестік аудитімен жалпы сомасы 1 171 027,9 мың теңгеге қаржылық заң бұзушылықтар анықталған, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар –1 009 936,3 мың теңге.

Жобалық сметалық құжаттамада көрсетілген уақытша имараттардан қайтаруға жатқызылатын бюджет қаржысының мердігермен қайтарылуы қамтамасыз етілмеген.

Қабылдау және пайдалануға беру актісі бойынша қабылданған нысандар бухгалтерлік есепте көрсетілмеген.

2015 жылы Мекеме бюджеттік бағдарламалар әзірлемеген.

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95 Бюджет кодексінің 4-бабының 6-тармағында көзделген нәтижелілік қағидаты өз деңгейінде сақталмай, 2016 жылы дайын болуға тиісті «Сайын-Шапағатов кентінде Ақтау-Форт-Шевченко және Ақтау-Әуежай газ құбырлары арасындағы газ құбырын салу үшін жобалық-сметалық құжаттамасы (6-орам)» қазіргі уақытта әлі әзірленуде.

Құрылыс жұмыстары техникалық және авторлық қадағалауларсыз жүргізілген.

Аудит барысында 2015 жылдың жылдық есебінде жеткізушілер мен мердігерлерге берешек ретінде көрсетілмеген қарыз анықталды.

5 жағдайда келесi қаржы жылындағы келiсiмшартты орындау үшiн өнім берушілер мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етпеген.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434 «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 39-бабын бұза отырып, 3 жағдайда Мекеме тікелей негізде бір көзден шарттарды негізсіз жасаған.

Отырыста аталған аудиторлық іс-шара нәтижесі қаралып, аудиторлық қорытынды бекітіліп, қаулы қабылданды. Мемлекеттік аудит нысанына Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының нұсқамасы жолданды.

Жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесінде бұзушылықтар бойынша лауазымды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігін қарау үшін аудиторлық іс-шара нәтижесі бойынша материал Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жолданды.

Аудит нәтижелері бойынша материал Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Маңғыстау облысы бойынша Департаментіне жолданды.

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы