17/05/2024  Жұма

Ағымдағы жылдың  10 қарашада өткізілген Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында «Мұнайлы аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – Мекеме) жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесі қаралды.

Мекемеде жүргізілген сәйкестік аудитімен жалпы сомасы 1 644,8 мың  теңгеге қаржылық заң бұзушылықтар анықталған, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар –58 601,2 мың теңге.

2017-2019 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалардың жасақталуы заңнама талаптарына сай келмейді және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру мониторингінің нәтижелері туралы есептері жасалмаған.

Жобалық-сметалық құжаттамада көрсетілген уақытша имараттардан қайтаруға жатқызылатын бюджет қаржысының мердігерлермен қайтарылуы қамтамасыз етілмеген.

 Басқұдық селосындағы «Самал» тұрғын алаңына газ құбырларын тарту жұмыстары бекітілген жобадан 70-80% өзгертілген. Жалпы сомасы 34 676,4 мың теңгеге Басқұдық селосындағы «Самал» тұрғын алаңына тартылған газ құбырларының жобалық-сметалық құжаттамаларына енгізілген өзгерістер белгіленген тәртіппен қайтадан (жаңа) сараптама жүргізілмеген.

Мекемемен құрылыс объектілері бойынша аяқталған жұмыстардың сапалы орындалуы  қамтамасыз етілмеген.

Уақтылы орындалмаған жұмыстар үшін айыппұл уақтылы талап етілмегені және өнім берушілерді сотқа жосықсыз деп тану үшін жүгіну шаралары қабылданбаған.

Отырыста  аталған аудиторлық іс-шара нәтижесі қаралып, аудиторлық қорытынды бекітіліп, қаулы қабылданды. Мемлекеттік аудит нысанына Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының нұсқамасы жолданды.

Жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесінде бұзушылықтар бойынша лауазымды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігін қарау үшін аудиторлық іс-шара нәтижесі бойынша материал Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне және Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына жолданды.

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы