17/05/2024  Жұма

«Мұнайлы аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – Мекеме) жүргізілген сәйкестік аудитімен жалпы сомасы 693 113,6 мың теңгеге қаржылық заң бұзушылықтар, 334 837,3 мың теңгеге рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

023 «Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бойынша және 067 «Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасы бойынша 40 655,6 мың теңгеге шығындар көлемі «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларының» талаптарына сәйкес негізделіп, айқындалмаған.

018 «Елдi мекендердi абаттандыру және көгалдандыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша елдi мекендердi абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілмей, бөлінген 48 220,9 мың теңге сыртқы жарнамалар мен билбордтарды орналастыру, баннерді құрастыру, дайындау, кермелер орналастыру жұмыстарына жұмсалған.

Жалпы сомасы 506 117,3 мың теңгені құрайтын 6 аяқталмаған, өтпелі құрылыс нысандарының шығындары, сондай-ақ, құны 64 898,4 мың теңгені құрайтын 6 құрылыс нысандарын жүргізуге жасалған жобалық сметалық құжаттамалар «Аяқталмаған құрылыс» қосалқы шотына бухгалтерлік есепке алынбай, шығысталған, сонымен қатар 2016 жылы «Ақтау-Мангистау, Гранит-Ақтау» автокөлік жолына 91 005,3 мың теңгеге жүргізілген реконструкциялау жұмысының шығыны жолдың баланстық құнын өсірмей, бөлек құрылыс объектісі ретінде есепке алынған.

Deluxe Design» ЖШС және «Engineering Design Consulting Group» ЖШС - нен уақтылы жұмысты орындалмаған үшін айыппұл талап етпеген және жосықсыз деп тану үшін сотқа жүгінбеген.

2015 жылы «Атамекен селосындағы автомобиль жолына ағымдағы жөндеу» жұмысына 12 151,0мың теңгеге 3800 шаршы метрлік аумағын жөндеуге келісім шартқа отырған. Жұмыстың орындалысы туралы акті екі жақты қол қойылып, ақша толық аударылған. Алайда, жөндеу жұмыстары 2016 жылдың 1 жарты жылдығында бітіріп беретіндігі туралы кепілдік хат ұсынылған, жұмыстың орындалғаны толық расталмаған.

Кредиторлық қарызға екі жақты салыстыру актілері жасалғанымен, 2016 жыл соңында жалпы сомасы 212 319,8 мың теңге кредиторлық берешек бухгалтерлік баланста көрсетілмеген.

Жалпы сомасы 188 963,0 мың теңгеге жүргізілген автокөлік жолына 3 жағдайда орташа жөндеу жұмысына, оның көлемін айқындайтын техникалық құжаттамасына ведомстволық сараптама жүргізілмеген.

Кызылтобе-2 селосында 4,3 км аудан маңызындағы автокөлік жолына 88 201,0 мың теңгеге ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізілген. Нормативке сәйкес 4,3 км ағымдағы жөндеу жұмыстарына 5 831,3 мың теңге қаржыландырылуы тиіс бола тұра, нормативтен артық 82 369,6 мың теңге бюджеттен артық қаржы есептелініп, жұмсалған.

067 «Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары»бюджеттік бағдарламасы бойынша конкурс тәсілімен (өзінің басқару мекемесі болып табылатын) «Маңғыстау Жылу» МКК-нан барлығы 4 655,8 мың теңгеге құрал -жабдықтар сатып алынып, қайта берілген, МКК- де қажетті құрал-жабдықтардың бар екені ескерілмеген. Сондай-ақ, жалпы сомасы 35 999,8 мың теңгеге 067 «Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасы бойынша алынған 820 дана қоқыс жәшігі мен кран манипулятор бүгінге күнге дейін Мекеменің балансында тұрғаны анықталды.

Жобалық сметалық құжаттамада көрсетілген уақытша имараттардан қайтаруға жатқызылатын 3 120,9 мың теңгебюджет қаржысының мердігермен қайтарылуы қамтамасыз етілмеген.

Отырыста аталған аудиторлық іс-шара нәтижесі қаралып, аудиторлық қорытынды бекітіліп, қаулы қабылданды, аудит нысанына нұсқама жолданды.

Жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесінде бұзушылықтар бойынша лауазымды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігін қарау үшін аудиторлық іс-шара нәтижесі бойынша Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Маңғыстау облысы бойынша Департаментіне жолданды.

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы