17/05/2024  Жұма

Ағымдағы жылдың  12 желтоқсанында  өткізілген Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында  «Түпқараған аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – Мекеме) жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесі қаралды.

Мекемеде жүргізілген аудитпен жалпы сомасы 316 435,4 мың теңгеге бюджетке қайтарылуға және қалпына келтірілуге жататын қаржылық заң бұзушылықтар анықталды, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар – 4 бірлік, жалпы сомасы 9 984,7 мың теңге.

Жалпы сомасы 312 625,0 мың теңгені құрайтын  актілермен қабылданған құрылыс жұмыстарына қатысты шығындар мен негізгі құралдар бухгалтерлік есепте көрсетілмеген.

2015-2016 жылдары құрылысы аяқталған нысандардың жобалау сметалық құжаттарында бюджетке қайтарылуы  көзделген барлығы 3 010,7 мың теңгенің (уақытша имараттарға жоспарланған) қайтарылуы қамтамасыз етілмеген.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарттарымен көзделген әрбір кешіктірілген күн үшін өнім берушілерден жалпы сомасы 799,7 мың теңге тұрақсыздық айыппұлдары талап етілмеген және мердігерлерді өз міндеттемелерін тиісінше орындамағаны үшін жосықсыз қатысушы деп тану үшін Мекеме сотқа жүгінбеген.

Мекемемен 2015, 2016 және 2017 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалары жасалмаған.

Бюджет жүйесінің уақтылылық қағидатының нормалары сақталмай 5985,0 мың теңге уақтылы игерілмеген.

Жобалық сметалық құжаттамалар тиісті шоттарда көрсетілмеген және құрылыс аяқталғаннан кейін  2330 «Құрылыстар» шотында көрсетілмеген.

Отырыста  аталған аудиторлық іс-шара нәтижесі қаралып, аудиторлық қорытынды бекітіліп, қаулы қабылданды. Мемлекеттік аудит нысанына Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының нұсқамасы жолданды.

Жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесінде бұзушылықтар бойынша лауазымды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігін қарау үшін аудиторлық іс-шара нәтижесі бойынша материал Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жолданды.

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы