17/05/2024  Жұма

«Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын-үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде және Жаңаөзен қаласы әкімдігінің «Тазалық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына жүргізілген аудиторлық іс-шара қорытындысы бойынша Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысы өткізілді.

Отырыста «Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын-үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде және мекемеге қарасты Жаңаөзен қаласы әкімдігінің «Тазалық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына жүргізілген аудиторлық іс-шаралар нәтижесінде Қазақстан Республикасы шегіндегі іссапарлары шығындары бойынша жалпы сомасы 1 325,7 мың теңге қаржылық бұзушылықтар және жалпы сомасы 4 023 444,6 мың теңге рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

Отырыста аталған аудиторлық іс-шара нәтижесі қаралып, Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының нұсқамасы жолданды.

Жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесінде анықталған мемлекеттік сатып алу туралы бұзушылықтар бойынша лауазымды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігін қарау үшін аудиторлық іс-шара материалы Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жолданды.

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы